«Қазіргі заманғы түркологияның Ғылыми даму миссиясы және ғҰбайдолла айдаров феномені»



Pdf көрінісі
бет25/85
Дата19.11.2022
өлшемі2,21 Mb.
#158914
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   85
Байланысты:
Ғұбайдулла Айдаров. Конференция

 
 


45 
1-СЕКЦИЯ. БҮГІНГІ ТІЛ БІЛІМІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
ӘЛЕМДІК ТҮРКОЛОГИЯ АРЕНАСЫНАН ОРЫН АЛҒАН ТҮРКОЛОГ-
ҒАЛЫМ 
 
Қаржаубай Сартқожаұлы 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 
Нұр-Сұлтан, Қазақстан 
 
ХХІ ғасырда бір тамшы сұйықтықпен бүкіл әлемді төңкеріп тастауға болады. Бір 
тамшы сұйықтықпен бүкіл әлемді гүлдендіруге болады. Сол сұйықтықты жасаушы адам 
атты пенде тууы керек. Екінің бірінен ондай пенде туа бермейді. Ол үшін ұлтын, халқын 
әлемді сүйюші ұлы жүрек керек. Ондай жүректі болу үшін тектілік қажет. Солардың бірі 
ұлтын сүйген, ұлты үшін жаны күйген текті әулетің текті ұлдың бірі Ғұбайдолла Айдаров 
ағамыз болды.
Неге текті әулет деп отырмын. Оның сүйегі Адай. Қытай деректерінде «Аде» деп ж.с. 
VІІ ғ-нан бері тарихи түпнұсқаларда аты сақталған (Малявкин А.Г. 1981 с. 82-88; Бичурин 
Н.Я. 1951). Ж.с. 795-805 жж аралығында Ұйғұр қағанатының қаған тағына отырып « Ай 
Тәңірде үлік болмыш Алп Құтлұғ Ұлық Білге қаған» деген атақпен ұлықталды. Оның 
ұрпақтары қаған тағына 824 жылға дейін отырды. (Бичурин Н.Я. 1951. С. 330-333; Ошан Ж. 
2006.-355-361 бб). Мәне сол әулеттің 1200 жылдан кейін өмірге келген бір ұлы Ғұба-екең. 
Атом жоғалмайды деген қағиданың бір дәлелі осы-ау деймін.
Оның өмір сүрген дәуірі қаны тамшылап тұрған жартылай фашистік коммуно-
социализм заманы еді.
Билік басындағы коммуно-фашистлер билеуші ұлттың күйін күйттеп, қоластына 
күшпен енгізген басқа ұлттарды «бұратана» деп көріп, олардың мәдениетін, адами құқығын 
шектеп ұлттық құндылықтарын насихаттауға, тұтынуға, келешекпен сабақтастыруға 
мүмкіндік бермей-шектеумен келді. Қия басқанын қоғамда кәдірсіз ету, шетке қағу, адами 
құқынан айырып тұрмеге тоғыту, қинау, қауіпті деп көрсе атып тастап тұрды.
Ұлтының тарихи құндылықтарын ұрпақтан ұрпаққа жалғастыру мақсаты осы 
қиыншылықтардан қорықпай ойға алған ісіп алға жылжытты.
Ол Қазақстан Республикасында, қазақ халқының ортасынан жарып шыққан алғашқы 
медиавист-түрколог болды.
Ғұба-екеңе дейін ондай ғалым болған жоқ па? Деген сұрақ туындайды.
Ол үшін мына мәселеге көңіл аударуымыз қажет. Ежелгі дәуірден бастап ж.с. ХV-ХVІ 
ғасырдан дейін түркі текті халықтар әр қайсысы өз мемлекеттерін құрып, рухани және 
материалдық құндылықтарны дамытып бір неше мемлекеттікке , ұлтқа бөлініп кетті. Рухани 
мұраларын ұлттық ерекшеліктеріне сай дамытып алып кетті. Сондықтан, ғылымда оларды 
ұлт 
атауымен 
татартанушы, 
башқұрттанушы, 
қырғызтанушы, 
қазақтанушы, 
азербайжантанушы, түркиялық түркі танушы болып аталады.
Өкініштісі, біздің қазақ құндылығын зерттеушілер өздерін «түрколог» деп атап жүр. 
Олар түрколог емес қазақтанушылар.
Өйтсе, Ғұба-екеңе дейін ертеорта ғасыр , орта ғасыр мұраларымен арнайы айналысқан 
ғалымдар болған жоқ. Олар әрине байырғы түрік құндылықтарды жақсы білді. Заман 
қаһарынан қорқып бұл саламен айналыса алмады. Тек қана уақытын күтіп , тәтті қиялмен 
армандаумен өмірден өтті. Ал Ғұба –екең оның бәрін ысырып қойып, белшеше ат салысып, 
қазақ топырағына түркологияның ұрығын шашты. Соның нәтижесі Сіздер мен біздер.
Ғұба-екең осы батырлығының зардабын да тартты. Ескіге еліктеуші, қияли адам , 
коммунизмге жаны қас адам аталды. Көзінің тірісінде Ғұба-екеңе бірде бір шәкірт 
дайындатпады. Керісінше, шекараның арғы жағында Өтүкен мен Алтайда жатқан біздерді 
оның байырғы түрік әліпбиіне байланысты бір ғана мақаласы орнымыздан тік тұрғызды.


46 
Ғұба –екең бүкіл саналы ғұмырын Көк түріктердің тілін зерттеуге арнады. Делсұл 
идеологияға көңіл бөлместен ерінбей еңбек еткенінің нәтижесіне әлемдік түркология 
аренасынан ойып, өз орынын иеленді. Бүгінгі күні әлемнің қай елінде де байрығы түрік тілі 
қақында сөз қозғалса Ғұбайдолла Айдаров деген ғалымды ешкім аттап өте алмайды.
Ғұба-екеңнің түркология бойынша алғашқы іргелі еңбегі «Тоньюкук ескерткіші және 
басқа түркі тілдермен байланысы» атты монографиясын 1959 жылы жазып, осы еңбегімен 
ғылым кандидаты атаған алды.
Осы еңбегінде Тұй-ұқұқ (Тоньюкук) мәтінінің зерттелу тарихы, фонетикасы, 
морфологиясы, лексикасы, синтаксисін шемішкедей шағып сараптап берген. Онымен қатар 
морфологиялық тұлғаларын жіктап көрсеткен Тұй-ұқұқ түпнұсқа мәтінін , оның 
транскрипциясын және сөздігін қамтыған (Айдаров Ғ. 1959. Автореферат ). Көп кешікпей 
«Қазақстан ҒА-ның хабаршысы» журналына «Морфологическая характеристика именных 
основ в языке памятника Тоньюкука» мақаласы жарық көрді (Айдаров Ғ.1960. Вып. 3).
Осыдан кейін Орхон мәтіндерін жеке-жеке зерттеп , ғылыми цикл мақаларын шығара 
бастады.
1963 жылы Онгин мәтінінің тілі және оның түпнұсқа, аудармасымен қоса берілген « 
О языке Кутлуг кагана VІІ в. « мақаласы (Известия АН КазССР. 1963. Вып. 6) жарық көрді. 
1963 жылы «VІІ ғасырдағы Могилян ескерткіші жөніндегі» атты мақаласы (Қазақ ССР ҒА 
хабаршысы . 1963 . №5) қазақ оқырмандарын әсіресе ізденуші жастарды дүр сілкіндірді. Бұл 
мақаласын кеңейтіп , тереңдете зерттеп 1966 жылы «Язык Орхонского памятника Бильге –
кагана» деген атпен жеке монография етіп шығарды. 1964 жылы « Күүли-чор мәтінінің тілі» 
атты ғылыми мақаласы КазССР хабаршысы (1964. №11) журналында жарық көрді.
Ғұба-екең жоғардағы мақалаларында осыдан 1200-1300 жыл бүрынғы байырғы түрік 
тілінің ерекшелігін ғылыми тұрғыда сараптаумен қатар қазіргі қазақ, түркімен тілімен 
салыстыра сабақтастыра зертеді.
Ғұба-екеңнің біраз жылғы өмірі түркімендер ішінде өтті. Сонда өмір сүрді. Дос тапты, 
дәмін татты. Онымен қатар керейдің қарқын тайпасы кейін түркімендердің белді тайпасына 
айналған. Олар қазір «Гаркин» деп аталады (Сартқожаұлы Қ. 2021-17 бет). Солардың тілінің 
ерекшелігін Ғұба-екең сезген болар.
Сондай бір мақаласының бірі « Некоторые сходные слова памятника Тоньюкука и 
современного туркменского языка» атты мақаласы (Известия АН ТуркССР. 1961. вып. 4) 
жарық көрді. Қазақ тілімен салыстыра зерттеген еңбектерді: 1965 жылы «Тоньюкук 
ескерткішінің қазақ тілімен қатысты материалдар (1965), «Орхон ескерткіштеріндегі сөз 
тіркестері» (1962.№3 (22)), «Имя прилагательное в языке Орхонской письменности» (1965), 
«Орхон –Енисей жазу нұсқаларының фонетикасынан мағлумат» (1965), «Талас жазба 
ескерткіштері» («Білім және еңбек». 1963.№10), «Орхон ескерткіштері және оның алфавиті» 
(«Білім және еңбек» 1965. №3) мақалалары мен қатар көпшілікке арналған 1960-1980 жылдар 
аралығында танымдық мақалалары үнемі жарық көріп тұрды.
Орхон құндылықтарына оннан астам жылын арнап қыр-сырына қаныққаннан кейін 
«Язык Орхонских памятников древнетюркской письменности VІІІ» атты іргелі еңбегін 
жазып 1966-жылы аяқтады. Ғұбадолла Айдаровтың осы еңбегінің деңгейінде бұған дейін 
әлемде, және Кеңестер Одағының түркітанушыларының бірде бірі байырғы түрік тілінің 
құпиясын жайып салған іргелі еңбек шықпаған еді. Сондықтан да Республикада да, Москва, 
Ленинградта да көреалмаушылық күшті болды. Сөйтіп 1966 жылы аяқтаған еңбекті 
бақандай бес жыл күттіріп барып 1971 жылы Алматыдағы ғылым баспасынан шығарды.
Соның өзінде Американың Индиана университетінде жұмыс жасап жүрген Түркиялық ғалым 
Талат Текіннің «А Grammar at Orkhon Turkic» ( Орхон түріктерінің грамматикасы) атты 
еңбегі 1969 жылы жарық көргеннен кейін ғана Москва Ғұба-екеңе рұқсатын берді.
Сөйткен Москва, Лениградтың ғалымдары жабыла бірігіп бұрын Орхон-енисей 
руникалық мәтіндермен шұғылданып көрмеген академик А.Н. Кононовтың атымен 
«Грамматика языка тюркских рунических памятников (ХІІ-ІХ вв)» еңбекті 1980 жылы 
Лениградтың ғылым баспасынан шығарды.


47 
Ғ. Айдаров пен А.Н. Кононовтың бұл «грамматикасы» салыстырып қарасыңыз көп
айырмашылық жоқ. Мұндағы басқаның қытығына тиіп тұрған мәселенің бірі қазақ та, екінші 
орыс. Бірі олардың түсінігі бойынша провинцияда өмір сүрсе , екіншісі ұлы Петрдің 
қаласында биіктеп қарап тұр.
Зерттеу нысаны байырғы түрік тілінің грамматикасы, алфавиттің шығу тегінен бастап, 
фонетика, морфология, лексика, синтаксис.
Байырғы түрік тілі қақында оған дейін қай елдің кім деген ғалымы не деді, қандай 
қортындыға келді?
Басқаларға кезінде ұнамаған бір мәселе қазақ топырағына көне түрік рухани ұрыған 
сепкізбеу мәселесі тұрды.
Қанша қысса да, Ғұбайдолла Айдаров деген қазақ ғалымы байырғы түрік тілінің 
құпиясын ұлттық дүниетаным арқылы ашқан ұлы ғалым болып түркология тарихына аты 
алтын әріппен жазылып қала берді.
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
Айдаров Г. О языке памятника Тоньюкука и его отношение к некоторым 
тюркским языкам. Автореф. Канд. Дисс. , Алма-Ата, 1959.
2.
Айдаров Г. Күлтегін ескерткіші , А. 1996.
3.
Айдаров Г. Язык Орхонских памятников древнетюркской письменности VIIІ в. 
А-Л. Наука. 1971 
4.
Айдаров Г. Көне түркі ескерткіштерінің тілі, А. 1986.
5.
Айдаров Г. Тоникук ескерткішінің тілі. А. 1980.
6.
Айдаров Г. Морфологическая характеристика именных основ в языке 
памятника Тоньюкука. – Известия АН КазССр, серия филология и искусствоведения, 1960, 
вып.3 
7.
Айдаров Г. О языке памятника Кутлуг-кагана VII в. Известия АН КазССр , 
серия общественных наук, 1963, вып.6
8.
Айдаров Г. О языке памятника Кули-чор. «Вестник АН КазССр, 1964. Вып.11 
9.
Айдаров Г. Некоторые сходные слова памятника Тоньюкука и современного 
туркменского языка. Известия АН ТуркССР. 1961. вып. 4 
10.
Айдаров Г.. VIIІ ғасырдағы Могилян ескерткіші жөнінде. Қазақ ССР ҒА 
Хабаршысы, 1963, №5. 
11.
Айдаров Г. Талас жазба ескерткіштері. Білім және еңбек. 1963.№10 
12.
Г. Айдаров. Қазақ тілі мен диалектологиясының мәселері. Мақалалар жинағы. 
Алматы. 1965, шығуы 5 
13.
Айдаров Г. Орхон ескерткіштеріндегі сөз тіркестері. Қазақ ССР ҒА хабарлары, 
филология мен өнер тану сериясы, 1962.№3 (22) 
14.
Айдаров Г. Имя прилагательное в языке Орхонской письменности. Известия 
АН КазССр» , серия общественных наук , 1965, вып. 1 
15.
Айдаров Г. Қазақ тілінің тарихы туралы зерттеулер. Мақалалар жинағы . 
Алматы. 1965 
16.
Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах обитавших в Средней Азии в 
древние времена.Т. І. М-Л.1951. 
17.
Малявкин А.Г. Историческая география Центральной Азии. Новосибирск. 
Наука. 1981.
18.
Talat Tekin. A Grammar of Orkhon Turkic. Indiana University, Bloominoton, 1969.
19.
Сартқожаұлы Қ. Күйіс –толғой мәтінінің байырғы түрікше оқылымы. Нұр-
Сұлтан, 2021.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет