Ќазтђтынуодаѓы Ќараѓанды экономикалыќ универститеті


Несие құжаттамасы және несие беру процедурасы



бет38/72
Дата30.12.2021
өлшемі1,33 Mb.
#106723
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   72
5.3. Несие құжаттамасы және несие беру процедурасы
Қарыз алушы ссуда алу үшін негізді жазбаша түрдегі өтінішпен банкке жүгінеді, онда ссуданың мақсатты бағыты, оның сомасы, қайтару мерзімдері, сондай-ақ несие берілетін шараның қысқаша сипаттамасы атап көрсетіледі. Өтініш үш дана етіп толтырылады: бірінші және екінші дана (проводка) үшін негіз болып қызмет етеді, үшінші данасы несие қызметкерінің ісінде қалады. Ссудалық есеп шоты банкте, негізінен, банктің есеп шоты ашылған жерде ашылады. Клиентке басқа банк қызмет көрсететін болған жағдайда, соңғы банк-несие берушінің сұратқан бүкіл қажетті құжаттарын тапсыруға міндетті.

Қарыз алушы төмендегідей құжаттар пакетін тап­сыр­ған жағдайда несие беру жүзеге асырылады:



  1. Несие берілетін шараның техникалық-эконо­м­и­ка­лық негіздері:

  • өтініш білдірушінің қызметіне және оның өнді­ре­тін өніміне сипаттама;

  • несие есебінен өндірілетін өнімдердің (қызмет­тер­дің) тізімдемесі, оның экспорттық мүмкіндіктері, ішкі және әлемдік нарықта шығарылатын ұқсас өнімдермен салыстырмалы сипаттамасы;

  • экспортқа шығарылады деп болжанған өнімдер­дің өткізу нарықтарына талдау жасау, соған сәй­кес өнімдер үрдісі мен оған сұраныс, бәсекелестік, ха­лықаралық нарыққа шығу стратегиясы, өнім­дер­ді экспортқа шығару туралы (контрактылар, шарт­тар) шетелдік фирмалармен келісімдердің болуы;

  • қарыз алушының өнімдер экспортына меншік құқығын бекітетін құжаттар, ссудаға берешекті қайтаруға бағытталған түсімдер;

  • өнімдерді экспортқа шығаратын лицензияның бо­л­у­ы;

  • жобаны жүзеге асыру мерзімдері (құрылыс салу және алаңдарды абаттандыру, жабдықтар жасау және оларды жеткізу, құрастыру, оны пайдалануға беру және жобалық құнына қосылу мерзімдері бойынша);

  • импорт төлемдерінің балансы мен экспорттан түсетін түсімдерді қоса алғандағы өзін-өзі ақтау есептері;

  • қажет болған жағдайда жоғарыда келтірілген де­рек­терді бекітетін басқа ұйымдардың ақпарат­та­р­ы­.

2. Барлық қосымшылармен контрактылардың, шарт­тар­дың, келісімдердің көшірмелері (сыртқы сауда конт­рак­ты­сына – орыс тіліне аударылуы).

3. Бухгалтерлік есеп, пайдалар мен шығындар туралы есеп, кірістер туралы декларациялар және белгілі бір кезеңдегі қарыз алушының қаржылық жағдайы мен несие төлеу қабілетін анықтау үшін өзге де мәліметтер.

4. Қажетті деңгейде ресімделген, ссуда беруге тапсырыс.

5. Қарыз алушы туралы ақпарат.

6. Тауар-материалдық құндылықтардың қозғалысы туралы мәлімет.

7. Шұғыл міндеттемелер.

8. Несие шарты.

9. Қамтамасыз ету туралы ақпарат, сондай-ақ бизнес-жоспар.

Банкпен тұрақты несие қатынасын орнатқан, жақсы беделге ие қарыз алушыларға несие алу үшін тапсыруға тиіс құжаттардың тізімін банк қысқартуы мүмкін. Қа­жет­тілік болған жағдайда банк қарыз алушының қаржылық-шаруашылық қызметі туралы аудиторлық ұйымдардың қорытындысын, қарыз алушының есеп айырысу, ссудалық және валюталық есеп шоттары ашылған банктердің ата­уын, олардың ссудалық қоржынындағы қарыздардың жік­теуі көрсетілуімен ссудаға берешектерінің көлемін, сондай-ақ банк тәжірибесінде қабылданған үлгілер бойынша не­си­е­ні уақытында қайтаруды қамтамасыз ету жөніндегі мін­деттемелерді: кепілдік міндеттемесін, кепілдік беру ха­тын, қарсыкепілдікті, кепілдік берушілікті талап етуі мүмкін.

Банктің несие бөлімі несие беру мәселелері бойынша құжаттарды дайындау және өткізумен байланысты бүкіл жұмысты басқарады, несие берумен байланысты өзге де қызметтердің жұмысын үйлестіреді және қарыз алушылар тапсыратын мәліметтердің жеделдігі мен сенімділігіне жауап береді.

Несие беру кезінде несие бөлімі мамандарының құзырына несие ресурстарының болуын, несие алу үшін қажетті тапсырылған құжаттардың толықтығын қарау, тапсырылған техникалық-экономикалық негіздеу есеп­те­рінің шынайылығын анықтау мен қарыз алушының несие төлеу қабілетін талдау, сондай-ақ ссуданы қайтармауға әкелуі мүмкін факторларды зерттеу кіреді.

Несие бөлімінің қызметкерлері заң бөлімінің заңгер мамандарымен бірлесе отырып, олардың құқықтық мәрте­бе­сі мен өкілеттіктерін айқындау үшін клиенттердің заң­дық істерін зерттейді. Контрактылар мұқият зерттеледі жә­не оған жеткізудің базистік жағдайлары, мерзімдері, төлем валюталары, төлем (есеп айырысу) формалары бойынша құқықтық баға беріледі және ол бойынша қажетті заң талаптарының сақталған, сақталмағандығы анық­та­лады. Сол арқылы қарызды кепілге берушінің немесе мүлкі арқылы кепілдік берушінің меншік құқығы белгіленеді. Банктің заң қызметі несие алу өтініштерін қарау, несие келісімдерін, кепілдік шартын жасау, қойылған мүлікті өткізу кезінде құқықтық қолдау көрсетеді.

Қандай бір себептермен ссуданы беру мүмкін бол­ма­ған жағдайларда, бұл туралы жазбаша түрде дәлелді қо­ры­тынды беріледі және ол банк жетекшісінің немесе банктің алқалы органы – несие комитетінің қарауына беріледі.

Несие бөлімінің және банктің басқа қызметтерінің қорытындысы несие беру туралы мәселені несие коми­с­си­я­сы­на немесе банк басқармасына ұсыну үшін негіз болып сана­лады. Несие комиссиясы немесе банк басқармасы, жекелеген жағдайларда банктің жетекшісі оң шешім шы­ғар­ған кезде, заң қызметкерлері кепілдік туралы шартты, ал несие бөлімі – содан кейін банк жететкшісі қол қоятын несие келісімін (шартты) дайындайды.

Клиенттерге ссудалар беру ссуданың (несие шарты) мақсатты бағытталушылығына қатысты ашылатын жеке ссудалық есеп шоттар арқылы жүзеге асырылады. Осыған орай өнімдерді өткізуден түскен түсімдер мен ақша қаражаттарының бүкіл басқа түсімдерін банк қарыз алушының ағымдағы есеп шотына жазады.

Ссуда, негізінен тауар-материалдық құндылықтар мен көрсетілген қызметтерге төлеуге қарыз алушының есеп шотында қаржысы жоқ болған кезде, аккредитивтер ашуға және несие шартында айқындалған қарыз алушы­ның өзге де қажеттіліктеріне беріледі. Қажет болған жағ­дай­ларда ссуда банк жетекшісінің өнімі бойынша тауар-ма­те­риалдық құндылықтар және көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеуге берілуі мүмкін. Ссудаларды беру несие шартында айқындалған біржолғы, күнделікті және өзге де мерзімдерде жүргізіледі. Бір жолғы ссуда сондай-ақ бір рет­тік контрактылар мен шарттар бойынша есептерді (счет­тарды) төлеуге беріледі.

Несие шартында қаралған несиені беру және оны қайтарудың тәртібі мен жағдайларына сәйкес банктің несие бөлімі оны беруге үкім дайындайды.

Ссуданы беру кезінде банкке бірінші рет өтініш білдірген қарыз алушы өзін куәландыруы тиіс, өйткен аталмыш қарыз алушының Жарғысында оның шаруашылық жүргізуші субъекті атынан шаруашылық шарттарын жасауға басшылық жасау құқығы қаралған.

Ссудалар негізінен аудару тәртібі түрінде беріледі. Дегенмен, қажет болған жағдайда, банк шешімі бойынша азаматтармен есеп айырысу үшін, сондай-ақ тұтыну несие­лерін беру кезінде ссудалар қол ақшамен берілуі мүмкін.

Несие берудің қазіргі тәжірибесінде банк несиесін ссудалық есеп шоттардың әртүрлі үлгілерінен (типтерінен) беру мүмкіндігіне рұқсат етіледі. Мұндай жағдайлар ке­зін­де түсімдер арнайы ссудалық есеп шотқа қабылданып, содан кейін өткізілген тауарлар мен өнімдердің жалпы кірістерінің үлесі шаруашылық органдарының банктік есеп шоттарына аударылады. Тауар-материалдық құн­ды­лық­тардың айналым жасаушылығын баяулатуға жол бер­мей­тін және өтпейтін, жатып қалған материалдық құн­ды­лықтарды жинақтайтын сауда, дайындау, жабдықтау және өткізу ұйымдарына несие осындай тәртіпте берілуі мүмкін.

Тұтастай алғанда клиенттің иелігіне түсетін несиенің мөлшері көптеген жағдайларға қатысты болады. Мынаны еске сала кетейік: несиенің мөлшері несие келісімімен белгіленген. Осы келісімде белгіленген сома, әдетте клиент есепке алатын ең жоғары сома болып саналады. Аталмыш сома негізі бойынша несие беру лимиті болып табылады. Оны: несие бағыты, бақылау цифры деп те атайды. Тұтастай алғанда несие беру (несие бағыты) лимитін отандық және шетелдік банк тәжірибесінен туындайтын жағдайларға сүйене отырып, келесі түрде жіктеуге болады:

Тағайындалуына байланысты (от назначения) төлен­бе­ген қарыз лимитіне, берілетін лимитке бөлінеді. Бірінші ссу­далық төленбеген қарызды белгілі бір күнге лимит­тей­ді, ал екінші (қалдықты емес) жолы берілетін ссуданың кө­ле­­мін (ссудалық есеп шоттың дебеті бойынша) белгілейді.

Қолдану мерзімдері бойынша шығатын және жыл­ішін­дегі (тоқсан ішіндегі, ай ішіндегі) лимиттерге бөлінеді. Шығатын лимиттер – бұл клиенттер сол арқылы белгілі бір кезең шегінен шығу құқығына ие лимиттер (мысалы, жыл­дың немесе тоқсанның басында). Лимиттердің екінші түрі қарыз алушының тиісті кезең шегінде (жыл ішінде ссуданы пайдалану құқығы, клиент жоспарлы кезеңнің шегінен шығып кететін шекті сомадан жоғары болуы мүмкін) ссуданы пайдалану құқығын белгілейді.

Қарыз алушыға берілетін несие көлемінің өзгеру дә­ре­жесі бойынша азая түсетін (өзгермелі) және өсе түсетін лимиттерге бөлінеді. Бұл лимиттер ссудаға қажеттіліктің төмендеуі немесе көбеюіне қарай анықталады, қарызды қайтарудың нақты кестесін белгілеуге мүмкіндік береді.

Несиені пайдалану (жұмсау) мүмкіндіктері бойынша тұ­рақты лимит, қосымша лимит, оның мөлшерін арттыру құқығына ие лимит, еркін лимит ара жіктері ажыратылады. Тұ­рақты лимит ссуданы алудың жоғары құқығын белгі­лей­ді, оны банктің айрықша өкімінсіз арттыруға мүмкін емес жасайды. Тұрақты лимитте белгіленгеннен жоғары қосым­ша ссудалар алу қосымша лимитпен белгіленеді. Тұтастай алғанда бірқатар жағдайларда несие беру лимиті қатаң болып саналмайды, оны көбейту үшін клиентке мүмкіндік береді. Әрине мұндай мүмкіндіктер мүлде шексіз емес (ірі несиелер үшін белгіленген, бір қарыз алушыға берілетін нормативтер шектеу болып қызмет етуі мүмкін). Әрбір же­ке­леген жағдайда ссуданы пайдалану құқығы коммер­ция­лық банктің ережелерімен реттеледі және несие келісі­мін­де белгіленеді.

Несие шартынан туындайтын, беруге жататын несие мөлшерін анықтау – бұл мәселенің заңды жағы ғана. Клиентке берілетін несие көлемі клиенттің өз өтінішіне қатысты болады. Сонымен бірге клиенттің белгілі мөлшерде ссуда беру туралы өтініші несиені қайтарудың нақты мүмкіндіктерімен, банктің нақты есептеулерімен сәйкес келмеуі мүмкін.

Несие мөлшері экономикалық жағдайларға, оның ішін­­де:


  • қарыз алушының төлем айналымындағы айырма­шы­лық көлеміне;

  • несиені қамтамасыз етуге түсетін тауар-ма­те­риал­дық құндылықтардың нақты жиынына және оның өтімдік дәрежесіне;

  • маржалар деңгейіне;

  • ресурстардың белгілі бір көлемінің банкте болуына қатысты болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   72




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет