Ќазтђтынуодаѓы Ќараѓанды экономикалыќ универститеті


Банк тәуекелдерін басқару және оларды



бет48/72
Дата30.12.2021
өлшемі1,33 Mb.
#106723
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   72
6.5. Банк тәуекелдерін басқару және оларды

азайту тәсілдері
Қандай да тәуекелдің қолдануға болатын дәрежесін анықтау және тәуекел ахуалын пайдалануға бағытталған іс жүзінде тез арада шешім қабылдау немесе қандай да бір операцияларды жүргізуден пайда болуы мүмкін шығын­дар­ды төмендететін шаралар жүйесін (құралдар мен әдіс­тер­ді таңдау) жасау банктің тәуекел операцияларын ғы­лыми басқарудың басты міндеті болып саналады.

Тәуекелдерді басқарудың негізгі құралдарына (әдіс­те­ріне) келесілерді жатқызуға болады:



  • тәуекелдерді салмақтай білу қағидасын пай­да­ла­н­у;

  • сыртқы тәуекелдерді есепке алу (салалық, ай­мақ­тық, сақтандыру);

  • банк клиентінің қаржылық жағдайын, оның төлем­қа­білеттілігін, рейтингін және т.б. жүйелі тал­дау­ды жүзеге асыру; тәуекелдердің бөліну қағидасын қолдану, несиелерді қайта қаржыландыру;

  • несиелерді көбейту саясатын жүргізу банк опе­ра­цияларының жалпы көлемін сақтау жағдайында клиенттердің үлкен санына берілген несиелерді шағын сомалармен кеңірек қайта бөлу;

  • ірі несиелерді тек консорциалды негізде ғана беру (банкаралық келісімдер бойынша тәуекелдерді бөлу);

  • өзгермелі пайыздық ставканы пайдалану;

  • депозиттік сертификатты енгізу;

  • банктің қайта есептеу операцияларын кеңейту;

  • несиелер мен депозиттерді сақтандыру;

  • кепіл құқығын енгізу;

  • нақты жеке кепілдерді қолдану.

Тәуекелдерді танып білу үшін несие салымдарын орналастыруды бақылайтын (оларды өтеу мерзімдері мен тәуекел дәрежесі, ссудаларды қайтару формалары, кіріс келтірушілік деңгейі бойынша) арнайы жүйе құру талап етіледі. Осы мақсатта соның негізінде банк саясаты қалыптасатын аналитикалық жұмыстарды жүргізу үшін қажетті бүкіл ақпараттарды жедел алуға мүмкіндік беретін деректер базасы жасалады. Әдетте, жасалған және жасалатын несие және депозиттік шарттар, басқа банктерден алатын қарыздар туралы шарттар, төлеу мерзімі келмеген тиелетін тауарларға жұмсалатын несие алу жоспарлы қажеттіліктері туралы мәліметтер, баланстық есептер бойынша қалдықтар айналымының күнделікті мәліметі, балансқа кірмейтін есептер бойынша мәліметтер, несиелердің айналымдылығы туралы мәлі­мет­тер деректер базасын құру көздері түрінде қаралады.

Банктің несиелік салымын: сенімділігі жоғары, сенім­ді, сенімділігі аз, жоғары тәуекелді төрт топқа жіктеуге болады. Коммерциялық банктің несие салымдарының жалпы сомасы несиелердің әрбір тобы мен оның өзгеруі үшін өтімдік коэффициентінің деңгейін болжаудың негізі болып қызмет етеді және бұрынғы саясатын жалғастыру немесе оны өзгертудің қажетті мүмкіндіктерін көрсетеді.

Деректер базасы негізінде күнсайын төлемқабі­лет­ті­лік пен өтімдік көрсеткіштерінің маңызы ашып көрсетіледі жә­не төлем қабілеттілік пен өтімдік қалыптары (норма­ла­ры) ескеріле отырып, банк операцияларын дамытудың болашағына талдаулар жүргізіледі. Бұл – банк қаржыларын орналастыру, банктің басқа кәсіпорындар мен банктердегі қатысуын кеңейту, қосымша кіріс көздерін іздеу мен оның өтімдігі мен төлем қабілеттілігінің сақталуын талап ете отырып, коммерциялық банк операцияларын дамыту мәселелерін өзара байланыста шешуге мүмкіндік береді. Мұндай талдау негізінде банктің өтімдігі мен төлемқабілеттілігі деңгейінің өзгеруін көре білуге және оларды тұрақтындыру бойынша қажетті шараларды уақытылы жүзеге асыруға болады.

Коммерциялық банктің төлем қабілетсіздігі мен баланстың теңгерілмеген өтімдігі бойынша тәуекелдерді азайтуға, жасалған талдау мен жүргізілген маркетингтің нәтижелерін ескеретін саясат арқылы қол жеткізуге болады. Банк өзінің өтімдік шегінде тұрған жағдайда (бұл оның қате саясатынан, нарықты жете бағаламауынан, аналитикалық жұмыстардың жетімсіздігінен және өзге де себептер болуы мүмкін) шұғыл шаралар қолдануға еріксіз барады. Мұндай шараларға келесілер жатады:



  • мерзімдері бойынша пассивтерді қайта топтас­ты­ру көмегімен талап еткенге дейін міндет­те­ме­лер­ді қысқарту;

  • өтімді активтерді, оның ішінде несиелерді жеткілікті түрде өтеу есебінен көбейту;

  • қызметтің жекелеген түрлерін дербес баланстарға бөлу жолымен балансты «тазарту»;

  • меншікті қаржыларды көбейту;

  • басқа банктерден қарыздар алу және т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет