Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет39/386
Дата14.11.2022
өлшемі7,25 Mb.
#158059
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

 
ерекшелінеді.
 
Олар жиі бетте, мойында, кеудеде 
байқалатын
 
үлкен қосылған қызғылттау-көкшіл аймақтармен 


білінеді және ашу, ұялшақтық немесе қысылу эритемасы деп 
аталады.
Геморрагиялық тамырлық дақтар 
күрделі генезді 
бөртпелер болып келеді, себебі қабынулы да, сонымен қатар 
қабынулы емес те болуы мүмкін. Көбіне эпидермиске немесе 
дерманың емізікше қабатына қан құюлу салдарынан пайда 
болатын. Тамыр эндотелиясының қабынулы геморрагиялық
зақымдалуында некроз немесе өткізгіштігінің артуы байқалады.
Тамырлардың бүтіндігінің қабынулы емес зақымдалуы соғып 
алған жерлерде, токсикалық немесе механикалық әсерлерде пайда 
болады. Қан қоршаған тінге шыққанда геморрагиялық дақтардың 
пішіні мен мөлшері әртүрлі болады. Нүкте тіріздес, бірең-сараң 
ұсақ (диаметрі 1см-ге дейін) қанқұюлар
петехиялар, 
үлкендеу 
келетін, жолақ сияқты дұрыс емес пішінді – 
vibices
, ал үлкен 
«алаң» тәрізді (тіндерге сорылып құйылатын) қан кетулер
 
экхимоздар, 
үлкен тінді ығыстырып қуыс жасап немесе дайын 
қуыстарға құйылатын 
гематомалар
деп аталады. Геморрагиялық 
дақтар 
әдеттегі, 
қабынулы 
дақтардан 
гемосидеринмен 
боялынуына байланысты тот басқан тәрізіденіп, ісінуімен, 
сонымен қатар басқанда бозғылтануының байқалмауымен 
ажыратылады. Геморрагиялық дақтардың (мөлшері мен пішініне 
қарамастан) 
байқалуымен 
сипатталатын 
аурулар 
немесе 
синдромдарды пурпура деп атайды, ал олар васкулитпен, 
токсидермиямен, 
С 
гиповитаминозымен, 
инфекциялық 
аурулармен (бөртпе сүзекпен, іш сүзегімен, жәншаумен)
ауыратын адамдарда байқалады. 
Көптеген тері аурулары қабынулық қасиетке ие. Бұл 
реакцияның айқындылығы мен ұзақтығына қарай шартты түрде, 
түрлі ішкі және сыртқы тітіркендіргіштер әсерінен туатын жедел, 
жеделдеу және созылмалы қабыну деп бөлінеді. Тітіркендіргіш 
әсеріне ағза мен терінің реакциясы рецепторлық аппараттың 
жағдайына, сол адамның жоғарғы жүйке қызметіне, ағза 
реактивтілігіне, т.б. факторларға байланысты. 
Әрбір қабынудың микроскопиялық көрінісінде түрлі 
айқындылық дәрежеде альтерация, экссудация, пролиферация 
байқалады. 
Альтерация 
– 
тіннің 
зақымдалуы 
(тіндік 


элементтердің дистрофиясы мен некрозы), экссудация – жоғары 
қан тамыр өткізгіштігіне байланысты қан тамырының сыртына 
сұйықтық пен пішінді элементтердің шығуы, пролиферация – 
тіндік элементтердің көбеюі. Жедел қабыну жағдайында 
тамырлық-экссудативті көрініс басым болып, қабыну процессі 
айқынырақ өтеді. Ал, созылмалы қабыну кезінде пролиферативті 
басым болады және тамырлық-экссудативті компонент әлсіз 
көрінеді, қабыну процессі айқын емес. Қабыну процессінің 
интенсивтілігіне байланысты жеделдеу қабыну созылмалы мен 
жеделдің ортасындағы аралық орынға ие.
Анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты эпидермисте 
патологиялық процесс өзгеше өтеді. Эпидермистегі қабынулық 
өзгерістер мына түрде көрінеді: клеткаішілік ісік немесе 
вакуольдық дегенерация түрінде, яғни мальпигиев қабатының 
клеткаларының протоплазмасында, ядроның жанында вакуольдер 
түзіліп, ядроны шеткі ығыстырады. Ядро деформацияланып, 
пикноздың барлық белгілеріне ие болады. Ісіктік сұйықтық 
жәймендеп клетканы ерітіп, оны өлтіреді. Егер вакуоль клетка 
ядросында орналасса, ол ісініп, ішінде ядрошығы бар, 
сұйықтыққа толтырылған, домалақ көпіршікке айналады. 
Вакуольдық 
дегенерация 
жалпақ 
қызыл 
теміреткіде, 
склероатрофиялық 
лихенада, 
тамырлық 
атрофиялық 
пойкилодермияда кездеседі; спонгиоз немесе клеткааралық ісік 
түрінде, яғни мальпигиев қабатының клетка аралығы ісіктік 
сұйықтыққа толып, клетка арасындағы байланыс, көпіршелер
түзіліп, клеткалардың өзі де ісініп, эпителиальды көпіршіктер 
түзіле бастайды. Спонгиоз экзема мен дерматитке тән; 
баллонирленген дегенерация түрінде, яғни мальпигиев қабаты 
клеткаларының некробиоздық және дегенеративті өзгеріске 
ұшырауы. Эпителий қабатындағы терең өзгерістерден басқа 
клетка аралық көпіршелер де түзіледі. Бұл клеткалардың өзара 
байланысын бұзып, көпіршіктің ішіндегі серозды-фибринозды 
сұйықтықта шар тәрізді пішінде еркін жүзіп жүреді. Мұндай 
өзгерістер вирустық аурулар, мысалы, герпесте болады. 
Қабынумен жүретін тері ауруларында жиі серозды ісік 
нұсқаларының түр-түрі бірге кездесуі мүмкін. 


Жедел қабынуда инфильтрат құрамында полиморфты 
лейкоциттер кездессе, созылмалы қабынуда көбіне тамыр 
айналасында немесе диффузды орналасқан лимфоциттер болады. 
Инфильтраттан көптеген гистиоциттер табылады. 
Плазматикалық клеткаларда базофильді цитоплазма жақсы 
дамыған, ядросы лимфоциттерге қарағанда үлкен және ортасында 
орналасады. Эпителиоидты клеткалары сопақша пішінді, ірі 
дөңгелек немесе сопақша пішінді ядросы және көп мөлшерде 
цитоплазмасы болады. Үлкен дөңгелек немесе сопақша пішінді, 
шеттері анық емес, көп ядролы клеткалар алып клеткалар деген 
атауға ие. 
Қабынулық процесс 5 классикалық симптомдардан тұрады: 
қызару 
(ruber)
, ісіну 
(tumor)
, ауырсыну 
(dolor)
, қызуының 
көтерілуі 
(calor)
, қызметінің бұзылысы 
(functio laesa). 
Алайда, бұл 
симптомдардың айқындылығы жедел қабынулық не жедел 
қабынулық емес болуы мүмкін қабыну процесінің деңгейіне 
қарай әр-түрлі болады. 
Жедел қабынулық реакцияда қабынудың классикалық 
белгілері айқын болады: қызару айқын, жиі қуыстық түзілістер 
туындауына әкелетін (серозды не іріңді) экссудативті реакцияның 
айқындылығына байланысты зақымдалу ошақтарының шеттері 
анық емес. Қышу не күйдіру, жергілікті жерде дене қызуының 
көтерілуі, кейде зақымдану ошағындағы ауырсыну. Осының бәрі 
қызметінің бұзылысына әкеледі. 
Қабынулық емес немесе созылмалы реакцияда қабыну 
процесстері айқын емес, зақымдалу ошақтарының іркілу реңі 
айқын (көгеру, ливидтілік, буроватость), шеттері анық, клеткалық 
элементтердің 
пролиферациясымен 
жүретін 
қабынудың 
инфильтративті компоненті айқын болады. Мұндай науқастарда 
ауырсыну мен күйдіру болмайды, ал қышыну өте айқын көрінуі 
мүмкін. 
Жедел 
және 
жедел 
емес 
қабыну 
арасындағы 
гистоморфологиялық айырмашылықтарға байланысты біріншілік 
элементтер экссудативті және инфильтративті деп бөлінеді. 
Инфильтративті элементтерге дақ, түйіншек, төмпешік және 


түйін, ал экссудативтіге көбікше, көпіршік, іріңдік пен күлдіреуік 
жатады. 
Теріде, кілегей қабатта болатын бөртпелер біріншілік және 
екіншілік деп бөлінетін жеке элементтерден тұрады. Біріншілік 
элементтер – өзгермеген тері бетіне, еріннің қызыл жиегінде, 
ауыз қуысының кілегей қабатына шығып, яғни ауруды бастайтын
бөртпелер. Екіншілік элементтерге бұрыннан бар элементтердің 
зақымдануынан немесе трансформациясы нәтижесінде пайда 
болатын бөртпелер жатады. Дегенмен, элементтерді біріншілік 
және екіншілік деп тек шартты түрде бөлеміз. Екіншілік деп 
саналатын элементтерден басталатын аурулар бар. Мысалы, 
эксфолиативті хейлиттің құрғақ формасы екіншілік болып 
саналатын қабыршақтан, жалпақ қызыл теміреткінің эрозивті-
жаралы формасы эрозиядан басталады, т.б. 
Бөртпе элементтерін білу терінің, ауыз бен еріннің кілегей 
қабығының көлемді және вариабельді патологиясын ажыратып, 
ауруды дұрыс диагностикалауға көмектеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   386




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет