Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет334/386
Дата14.11.2022
өлшемі7,25 Mb.
#158059
түріОқулық
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Клиникалық белгілері. 
Бактериальдық вагиноздың өзіндік, 
өзіне тән клиникалық белгілері жоқ. Осы аурудың негізгі 
белгілері болып есептеледі: 

қынаптан және зәр шығару түтігінен жиі аздау (кей жағдайда 
өте көп мөлшерде) өзіндік арнайы иісі (балықтың иісі) бар, 
сұр түсті, су тәріздес бөлініс анықталады;

сыртқы жыныс мүшелерінде күю сезімі; 

қышу; 

зәр шығару бұзылыстары; 

жыныстық қатынас кезінде ауырсыну сезіміне әкелетін, 
қынаптың құрғақтығы. 
Әйел адамдарда гарднереллезді мерзімінде емдемесе келесі 
асқынуларға әкелуі мүмкін: 
1.
сыртқы жыныс мүшелері аймағының, сонымен қатар 
қынаптың өзінің және жатыр мойнының қабынуы;
2.
кіші жамбаста орналасқан барлық мүшелердің иммунитетінің 
төмендеуі (айтарлықтай қауіпті және қиын емделетін 
аурулардың дамуына әкеледі); 
3.
бедеулік; 
4.
жатырдың кілегей қабатының қабынуы (босанғаннан кейінгі 
жедел инфекцияларда байқалатын эндометрит); 
5.
жүктіліктің және босанудың ағымының асқынуы (мерзімінен 
бұрын босану, түсіктер);
6.
тулу барысында, тулу жолынан өткен кезде, баланың 
инфекция жұқтыруы (нәрестенің пневмониямен ауруы 
байқалуы мүмкін).


Бұл аурудың диагнозын қоюда қиындықтар туындамайды. 
Әдеттегідей алынған жұғындыны микроскопиялық зерттеу 
мәселені шеше алады. Науқасты тексеру кезінде қынаптағы 
бактериялар санына және, егер бұрын емделген болса, анамнезіне 
ерекше көңіл аудару қажет. Сонымен бірге науқастың әртүрлі 
препараттарға сезімталдығыныңда маңызы зор. Зерттеу кезінде 
басқа бактериялардың, жатыр мойнында немесе қынапта әртүрлі 
қабыну процесстерінің бар екенін анықтауда маңызды. 
Келесі берілген дәстүрлі диагноз қою әдістері бар: 

нативті препаратта жүргізілетін Грам бойынша жағындыны 
зерттеу (зерттеу, әртүрлі үлкейтетін үш объектив көмегімен 
жүргізіледі), эпителиялардың жасушаларына бекітілген 
(жапсырылған) гарднеллерді анықтау жүргізіледі: 

қынаптағы рН деңгейін өлшеу (қалыпты = 2, гарднереллезде 
5-тен жоғары); 

қынаптан алынған микрофлораға бактериальдық себу; 

ИФА әдісі; 

ПТР-диагностика әдісі (гарднереллалар бактерияларының 
бар немесе жоғын анықтау үшін қолданылады). 
Емі.
Бактериальды вагинозды емдеу міндетті түрде екі 
партнерде де жүргізіледі. Ем тағайындауда гарднереллалардан 
басқа қоздырғыштардың анықталуы өте маңызды болып келеді. 
Орта есеппен емдеу ұзақтығы 3 апта құрайды. Емделу кезінде 
жыныстық қатынастан бас тартып, өзіндік емдәмді (рационнан 
ащы, қуырылған, ыстылған, тәтті тағамдарды және алкогольды 
алып тастау қажет) сақатау керек. Ем аяқталған соң 
микрофлораны бақылау тексеру жүргізу қажет. 
Емдеу курсы қынаппен жатыр мойнының зақымдалған 
аймағына байланысты. Науқастарға антибиотиктер, сонымен 
қатар қарапайымдыларға қарсы препараттар тағайындалады. 
Тиімділігін 
артыру 
үшін 
витаминдер, 
микрофлораны 
қалыптастыратын (құрамында лакто- және бифидобактериялар 
бар), иммундық жүйеге қалыптастыру әсер ететін дәрілер 
қолданылады. Сонымен қатар, спринцтеуді қамтитын (жалбыз 
және түймедақ ерітінділері ұсынылады) жергілікті ем, қуықасты 
безін сипалау және әртүрлі бұлаулар қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   386




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет