2.7.3.
Н
ЕЙРОДЕРМИТ
Бұл папуланың байқалуымен және лихенификацияның
дамуымен сипатталатын созылмалы қышитын дерматоз.
Этиологиясы мен патогенезі.
Ауру орталық нерв жүйесінің
функциялық өзгерістерімен және терінің нерв талшықтары мен
рецепторлық
аппаратының
органикалық
өзгерістеріне
байланысты. Эндокриндік бұзылыстар және ішек-қарын
жолдарының патологиялары айтарлықтай орын алады.
Клиникалық көрінісі
.
Қатты қышу пайда болады; тұрақты
қаси бергесін ұсақ, тегіс, ромб тәрізді, жылтырақ папулалар пайда
болады. Алғашқыда олардың түсі сау терінің түсінен
ажыратылмайды,
кейін
қызғылт-қоңыр
түске
енеді.
Лихенифицирленген қатпарлар құрайды. Олардың шекарасы
шайылып кеткен, бетінде қабыршақтар, экскориациялар, қанды
қабыршақтар көрінеді. Нейродермитті 3 түрге бөледі:
шектелген,
жайылған (диссеминирленген) және диффузды.
Достарыңызбен бөлісу: |