Б. М. Демеуова әлем халықтарының тамақтану дәСТҮрлері мен мәдениеті



Pdf көрінісі
бет13/45
Дата23.10.2023
өлшемі0,87 Mb.
#187686
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45
Байланысты:
Демеуова-Б.М.-Әлем-халықтарының-тамақтану-дәстүрлері-мен-мәдениеті

 
КУТАБЫ 
400 г қой еті /4 адамға есептегенде/, 70 г пияз, 360 г бидай ұны, 60 г 
лавшан немесе анар дәні, , 120 г мол майы, 12 г сумах, 0,4-г даршын , тұз, 
бұрыш татымы мен дәміне қарай.
Ұн еленеді, су құйып, тұздай отырып, қамыр иленеді. Қалындығы 1 мм 
етіп жазылады да, бүктеме тарелкасының мөлшеріндей етіліп, дөңгелектеп 


22 
кесіледі. Қойдың жұмсақ, етіне пияз қосылып, фарш дайындалады. Оған 
лавшан немесе анар дәні қосылып, араластырылады. Әлгі дөңгелектеп 
кесілген қамырдың ортасына фарш салынып, жарты ай секілдендіріп оралады. 
Кутабы мал майы салынып , қатты қыздырылған табаға қуырылады. 
Дастарқанға әкелерде бетіне сумах және ұнтақталған даршын себіледі. 
ДОВГА 
430 г қой еті /4 адамға есептегенде/, 800 г мацони /тәтті айран/, 60 г 
асбұршақ , /нұт/, 30 г бидай ұны, 50 г пияз, 210 г қымыздық және саумалдық , 
120 г көк /әшкөк, аскөк; бедеI, 20 г күріш, тұз, бұрыш.
Қой еті 
сүйегінен сылынып алынып, сүйегінен сорпа қайнатылады, ал 
жұмсақ етінен пияз және дәмдеуіштер қосылып, ет тартқыштан өткізіп фарш 
дайындалады. Ал фарштан ұсақ фрикаделька әзірленеді. Асбұршақ іріктеліп, 
3-4 сағат бойы суық суға қойылады. Одан соң шала пісіріледі. Бөлек ыдысқа 
мацони мен ұн салынып араластырып, осы қоспа отқа қойылады да, үздіксіз 
араластырыла отырып асылады. Үздіксіз араластырып отырмаса мацони 
түйіртпектеніп қалады. Содан кейін асбұршақ, күрмегінен тазартылған күріш, 
фрикаделька қосып, довга әбден дайын болғанша пісіріледі. Фрикадельканы 
басқа ыдысқа бөлек пісіріп алған дұрыс. Довга қайнаған соң үстіне ұсақтап 
туралған көк салынады, тұздалып, бұрышталады.
ЛЮЛЯ - КЕБАБ 
/1320 г 
қой еті /4 адамға есептегенде , 80 
г құйрық
 май, 80 г пияз,160 
г көк жуа, 180 г бидай ұны, 60 г көк /петрушка рейган/, бұрыш, тұз дәмі мен 
татымына қарай
Қой жауырының немесе саннның жұмсақ еті пияз, құйрық май қосылып 
тартылады. Осы фарш дәмдеуіштер қосылып, 20— 30 минут тоңазытқышқа 
қойылады. Содан кейін бұл фарштан сарделка тәріздендіріп әрқайсысы 40-45 
г люля жасап, шампурға іледі. Люля-кебаб мангалдағы қызған шоққа 
жарлынсыз қарылып пісіріледі. Ұннан суға қамыр иленеді, міндетті түрде 
тұздалады. Иленген қамыр жазылып, лаваш /күлше/ дайындалады да, плитаға
ешқандай майсыз, өзін пісіреді. Дастарқанға әкелерде люля-кебаб 
күлшеленген /кесілген / лавашқа оралады, пияз, көкпен гарнирленеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет