§ 2. Құрылымдық реформалардың транзиттік жобасы
Бұл жобанын негізгі мақсаты Қазақстан Республикасынын контингенттегі геостратегиялық орналасуын пайдалану арқылы, тасымалдау қашықтығын қысқарту және рельс қырларын ауыстырумен байланысты шекарадан өтудегі тоқтауларды болдырмау арқылы қытай-қазақстан құрылықтағы бағыты пайдасына евроазиялық бағыттағы жүк қозғалысын түбегейлі қайта бөлу. Осы жоба арқылы көлік саясатының маңызды мәселесі-елдің транзиттік-көліктік потенциалын жақсарту жолдарын іздестіру болып табылады. Бұл жобаны келесі жолдармен іске асыру көзделіп отыр:
- Қазақстан шекарасында ұзындығы 3083 км болатын батысевропалық стандартқа сәйкес қырлы магистрал салу, бағыты Достық-Ақтоғай-Мойнты-Жезқазған-Сексеул-Бейнеу-Ақтау-Өзен-Қазақстан-Түркменшекарасы, бұл магистрал трассасы (жалпы ұзындығынын 60%) рельс қыры 1520 мм болатын темір жол желісі учаскесінін жанынан өтеді;
- Түрменстан және Иран шекараларында, Иран темір жол желісіне қосу мақсатында жаңа темір жол учаскелерін салу.
- Түркия территориясында Ван өзенін айналып өтетін темір жолы айналымын салу (паром арқылы өтудің орнына) және Босфор ағысы астынан тоннел салу. Жобаның Қазақстанға тиесілі бөлігінің құны 3,5 млрд. доллар,.
Авторлардын бағалауы бойынша бұл идеяны іске асыру теңіз бағытынан жаңа бағытқа 30-40 млн.т.транзиттік жүктерді тартуға болады, артынша (екінші жолдын құрылысына байланысты) жылдық транзиттік тасымалдау көлемін 100 млн. т. жеткізуге болады. Мүмкін болатын нәтиже мұндай ауқымды жобаны іске асыруға жеткілікті негіз болар еді, бірақта бұл жобаны іске асыру өте жоғарғы деңгейдегі тәуекелдікпен байланысты.
Бұл тәуекелдік, біріншіден бұл жобаға көптеген мемлекеттердін қатысуы және олардын геосаяси тұрақсыздығы факторымен байланысты.
Кейбір отандық эксперттердің пікірі бойынша, маңызды болып инвестициялық қаражатты темір жолының жабық желісіне құю болып табылады дейді. Бұндай жұмыстар 2001 жылы, Хромтау-Алтынсарин жаңа темір жолы желісінің құрылысынан басталды, Ресей территориясынан өтетін ұқсас темір жол желісіне қарағанда бұл темір жол желісі солтүстік облыстардан Ақтөбе облысына дейін өтеді. Республика үшін бұл байланыстың маңызы зор, өйткені біржағынан Қазақстанның солтүстік, орталықты және шығыс аймақтары арасындағы тасымалдау қашықтығын және Батыс Қазақстан арасындағы қашықтықты қысқартуға ықпал жасайды. Тәжірбие жүзінде бұл темір жол учаскесі, түрлі табиғи ресурстарға бай аймақтар арқылы өтеді.
Қазіргі кезендегі осындай маңызды міндеттердің бірі елдің шығысындағы республика шекарасында бітетін темір жолы желісін қалыптастыруды, Шығыс Қазақстан өнеркәсіптік ауданына тікелей қысқаша шығатын Шар-Өскемен темір жолы құрылысын салу арқылы аяқтау болып табылады. Бұл процесстің басталуына Ақсу-Дегелен темір жолын салу және іске қосу болды. Қазіргі уақыттары Рудный Алтай арқылы елдің басқа аймақтарына жүк тасымалы және экспорт тасымалы Локоть станциясы арқылы 82 км Ресей территориясы арқылы жүргізіледі, бұл жағдай кеден арқылы өту, бағыттың ұзақтығы және тасымалдау уақыты сияқты қиыншылықтармен байланысты жүргізіледі. Жаңа темір жолының құрылысы тасымалдау қашықтығын 0,1-0,3 мың км қысқартады. Сәкесінше батыс және оңтүстік бағыттағы жүктерге Рудный Алтайдың бай экспорттық потенциалын қолдануды жақсартуға жағымды жағдай жасайды; 12–14 сағатқа тасымалдау уақытын қысқартады; тұтынушылардың көлік шығындарын азайтып және темір жолын саласының эксплуатациялық шығындарын төмендетуге ықпал етеді; Шығыс Қазақстан облысы тұғындарының елдің оңтүстік және орталық аймақтары байланыстарын көліктік қамтамасыз етуін жақсартады; Қызмет жасап тұрған жергілікті кәсіп орындарға көліктік қамтамасыз етілуін жақсарту арқылы өндірістік күштерді тез дамытуға жағдай жасайды.
Бұл жоба республиканың стратегиалық даму жоспарында көрсетілді. Ұзындығы 150 км құрайды. Бұл жоба іске асқанда, Шығыс Қазақстан аймағы темір жолы қызметінің экономикалық қызметінің жетілдіруге ықпал жасайды.
Аймақтық темір жол қызметін басқару ерекшеліктеріне келетін болсақ «Қазтеміртранс» АҚ Семей филиалы қызметінде зерттеу жұмыстары жүргізілді.Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін дамыту және тиімді пайдалану, елдер арасында халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында, «Қазтеміртранс» АҚ көршеліес елдер аймақтарында бірлесіп кәсіпорындар құруда, бұл экспорттық-импорттық бағыттар бойынша жүк тасымалы көлемін ұлғаюына, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік тасымал көлемін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Мысалы, «РОСКАЗЖЕЛДОРТРАНС» ЖШҚ Мәскеу қ. (Ресей) кәсіпорыны құрылды. Сонымен қатар Қытай аумағында, сонымен қатар жетекші әлемдік өндірушілерімен бірлескен кәсіпорындар құруды ұйымдастыруға, «РТЖ» ААҚ-мен контейнерлік тасымалды іске асыру және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік тасымал көлемін кеңейтуге келіссөздер өткізілуде.
Келешекте Қазақстан аумағында, сонымен қатар басқа елдер аумақтарында, жетекші европа әлемдерімен бірлескен кәсіпорындар құруды ұйымдастыру нұсқалары қарастырылады. Deutsche Bahn AG (Берлин, Германия) компаниясымен кездесу нәтижесінде «Қазтеміртранс» АҚ және Deutsche Bahn AG қатысуымен бірлесіп мультимодальдық терминалдар құрылыс жобасын іске асыру мәселесі қарастырылды.
«Қазтеміртранс» АҚ жүктерді тасымалдауды жоғары деңгейде қалыптастыру барысында мыналарды жүзеге асырады:
ОСТЖ бірлесе ОСТЖ жұмыс органдарының (I Комиссия – Көліктік саясаты мен даму Стратегиясы, II Комиссия – Көлік құқығы, III комиссия – Жүк тасымалдары, IV комиссия – Жылжымалы құрам және инфрақұрылым; Тұрақты және уақытша жұмыс топтары) қызметіне қатысты ынтымақтастықты жандандыру.
теміржол көлігі бойынша Кеңесінің ынтымақтас қатысушы мемлекеттерімен Латвия, Литва, Эстониямен ынтымақтасты орнату.
Достарыңызбен бөлісу: |