Annotation
In this article Ainash Sailaubekkyzy «The Muslim position of Alash intelligency» the article reveals the Muslim position in program documents of Alash intelligency at the beginning of the XX century. The author considers ideological and spiritual bases of religious-educational activity of the Kazakh intelligency, their relation to Islamic religion, principles of an ideological current dzhadidizm in Kazakhstan as well.
ТҮРІК, АШНА ЭТИМОЛОГИЯСЫ
ЖӘНЕ АШНА ТУРАЛЫ АҢЫЗДАР
Қаржаубай Сартқожаұлы
Филология ғылымдарының докторы, Халықаралық Шыңғыс хан академиясының
академигі, тюрколог-ғалым. Республикалық «Күлтегін» сыйлығының иегері
Кіріспе. Түркі атауына байланысты алғашқы тарихи деректер б.з.б. ХІV ғасырда ассириялық сына жазу да «türükki», Урарту жазбасында «turuq (турух)» деген түрмен сақталған [18, 46-47 б.; 4, 47 б.]. Ал ежелгі қытай дерегінде (б.з.б. ХІV-ХІІ ғғ.) «trouk» деген түрмен сақталған. Қытайдың Чжоушу (50-бөлім), Суйшу, Бэйши (99-бөлім), Тундянь (197-бөлім), Тайпин хуан юйцзи (164-бөлім), Синь Тан шу (Тан империясының жаңа тарихы, 215-бөлім) жылнамаларында «Toukuо» деген түрмен (VI-VIII ғғ.) сақталған.
Б.з. VI-Х ғғ. аралығында түрік атауы басқа тілдерде төмендегідей түрде сақталған [11, 18 б.]. Араб тілінде «турк» (VI ғғ.), грекше Τοuςx (VI ғ. соңында), Сирия тілінде turkaje (VI ғ.соңы), санскритте «turuske», пракритше «turukka» (VI ғ.), ерте ортағасырлық фарсы тілінде «turk» (VIII ғ. ортасында), соғдыша «twrk» (ІХ ғ. басында), тибетше «drug», «dru-gu» (VIII-IX ғғ.), хотонша «ttruki», «tturki» (VII-X ғғ.).
Қытай иероглифімен 突厥 деп белгіленген. Сүй, Тан дәуіріндегі қытай иероглифтерінің транскрипциясын жасаған В.Карлгерннің еңбегіне [34, 301 б.] сүйене отырып, Еуропа ғалымдары бұл иероглифті «t’ uәt kiwәt» деп оқыды. Осы транскрипцияны ғалымдар бірнеше түрмен жаңғыртты. Онда:
1. П. Пелио «türküt» деп жаңғыртып [36, 687-689 б.], -ut (üt) монгол тілінің көптік жалғауы деп тұжырым жасаған. Бұл ұсынысты Р. СГруссе қолдай отырып, türküt (түріктер) тұлғасының жекеше түрі «türkün» деген пікір ұсынды [29, 252-253 б.].
А.Н. Кононов, Р. Груссоның ұсынысына сын көзбен қарай отырып türkün тұлғасындағы -ün жалғауы түсіп қалып, türk формасы қалыптасқан. Толық дауысты түрік тілдерінде (қыпшақ тобы) türük формада айтылады, дей келіп, Кафероғлының törük~türük~türkün болып өзгеріске ұшыраған деген ұсынысын да жоққа шығарады [13, 51 б.].
2. Жоғарыдағы иероглифті француз ғалымы Р. Жиро «t’ ou-kiue» деп транскрипциялап «türük» деп жаңғыртқан.
3. Қытай деректеріндегі жоғарыдағы иероглифті Ресейлік синологтар В.С. Таскин, А.Г. Малявкин «Туцзюэ» деп транскрипциялаған [17, 13 б.]. А.Г. Малявкиннің бұл жаңа оқылуын «türük» деп жаңғыртуға болады. «türküt» деуге келмейді.
4. Байырғы түрік жазуында түркі этнонимін = «türük» (КТ.БК., Тұй.); B = «türük» (МШУ); = «türk» (О; КЧ.) деген екі түрмен жазып қалдырған.
Күлтегін, Біліге қаған мәтініндегі түпнұсқаны В. Томсен [37.97-98], В.В. Радлов «türk» деп оқыған. Байырғы түркінің ; B таңбаларының мәнін бір ауыздан ük/kü, ök/kö деп оқи отырып транскрипция жасаған кезде орнына қойып бере алмағанын ескеруіміз керек.
Жоғарыдағы иероглифпен қытай нұсқаларында жазылып қалған түрік этнонимінің екі түрлі транскрипциясы біздің алдымызда жатыр. Олар «tuәt kiwәt», жаңғыртпасы «türküt» (түркілер). Екіншісі «t’ou-kiue» «туцзюэ», жаңғыртпасы «türük».
Ал байырғы түркілер өз қолымен «türük» деп жазып қалдырған. Атақты тарихшы И. Маркварт «t’ou-kiue» «türküt» тұлғалар фонетикалық дыбысталуы бірдей деп көрген. Бұл аса сенімді ұсыныс екенін атай отырып Ю. Немет атақты семитолог Я. Харматтаның ұсынысын алға тартады. Онда: «Қытай императорының іс басқару орнына түркілер туралы алғашқы хабарды соғды дипломаттары жеткізген. Сондықтан қытай нұсқаларына «türük» атауы «twrky» деген формамен белгіленген. «Twrky» тұлғасынан соғды тілінің көптік ~yt жалғауын жалғап twrkyt=türkit немесе türkid деп белгіленген. Көне қытай транскрипциясы осы тұлғаны өзгертпестен хатқа түсірген» деген пікірін ұсынды [19, 298-299 б.; 32, 272-273 б.; 13, 47 б.]. Бұл соншама негізді және сенімді ұсыныс болды. Я.Харматтаға дейін П.Пелио, Р.Груссолар -t (d) жалғауын монгол тілінің көптік жалғауы ретінде қарастырып келген еді [36, 687-689 б.; 29, 252-253 б]. Мұндағы -t (d) көптік жалғауы бір ғана монгол тіліне тән емес екені анықталып отыр. Соғды тілінде де, түрік тілінен -t (d) көптік мағына береді. Байырғы түрік тілінен «tegit» (тегіндер), «apyt» (апалар), «tarqat» (тархандар) т.т. с.с. көптеген мысалдар келтіруге болады. Онымен қатар байырғы соғдылар ұлы даладан кеткен, фарсыланған түріктер екенін естен шығаруға болмайды. Демек, бұл нақты деректер көптік жалғау -t (d) баба-түрік мен жалпы алтай тіл саласына тән екенін көрсетеді.
Бұл нақты деректер türük+t=türüküt формамен қытай дерегіне енген деп білеміз. Сөздің түбірі түріктердің өздері жазып қалдырған türük болмақ.
«Türük/türk» сөзінің мағынасын ғалымдар төмендегідей анықтады. Онда: Г. Дёрфер «mächtig» (сильный, могучий) [30, 484 б.], А.Н. Бернштам «türük/türk» тұлғаның этимологиясын «türkün»-нен шығарып «туыстас», «төркін», «тайпалардың жиналатын орны» [5, 47-48 б.] деген мағына береді деп көрсетеді. Ал А.Н. Кононов «türk/türkün» дей отырып, А.Н. Бернштамның ұсынысын қолдап мағынасын «төркін» деген ұғыммен береді [14, 40-47 б.; 15, 81-108 б.]. «Сильный», «могучий» [ДТС.599] «Диван луғатит түрки» сөздікте «türk yigit» (күшті жігіт) (МК.І.353,335) деген мағынада қарастырып келді.
Біз бұл ғалымдардан өзгеше пікірдеміз. Атаудың тұлғасын байырғы түркілер өздері «türük» деп қашап жазып қалдырғанын жоғарыда ескерттік. Қытай нұсқаларында бұл атауды екі иероглифпен белгілеген. Оның себебі, атау екі сөзден немесе екі буыннан тұратынын көрсетіп отыр. Біз осы ерекшелікті ескере отырып атау tör/tür+ök/ük деген екі жеке тұлға түбірден құралған болуы мүмкін деген пікірге тоқталдық. Tör+ük=türük болып өзгерген.
Tör = өкімет, билік [21, 241 б.]. Б.з. VII-XII ғғ. арасында жазылып сақталған нақты тілдік деректерге жүгінелік. «Ol törüde üze ečüm qaγan olurty – Ол төр үстіне ағам қаған отырды (КТ.І.16). Uluγ törüg – Ұлы төр (билік) (БК.IV.9); Aγyr tör – Ауыр төр (өкімет, билік) (БК.І.2); elin, törüsin – төрін (өкіметін) (КТ.І.1); elig tutyp, törüg itmis – елін тұтып, төрін (билік-өкімет) құрды (орнатты) (КТ.І.3); Ulusun tör – Мемлекет өкіметі (МНТ); tör – үйдің төрі (МК.ІІІ.133); tör – өкімет (QBK.85.2); Орта ғасырлық (Х-ХІ ғғ.) түрік деректерінде tör – өкімет, билік (Suv.1214;OMT.51).
Шыңғысхан орнатқан Монгол империясы «өкімет» атауына түркілердің «tör» сөзін алған. Осы атауды монголдар бүгінге дейін «өкімет» деген мағынада қолданады (МНТ.§133). Монгол тілінде «tör» түбірге (билік, өкімет, құрметті орын деген мағына беретін) байланысты басқа түбір сөздер жоқ. Бұл дерек Монгол империясы «tör» (өкімет, билік) атауын түріктерден алғанын айғақтайды. Олай болса В.В. Радлов, С.Е. Маловтардың «tör» сөзін заң, тәртіп, режим деп аударғанын қабылдай алмаймыз. «Tör» – билік, өкімет деген мағына береді.
Ök/ük – өктем, күшті, қуатты, жүректі, қайратты. Оның айғағы мына сөйлемдер болмақ. Онда: «Ök qaγan uqysdym» – Өктем қағанмен ұғыстым (Тұй.6) [21, 216 б., 221 б.]. «Anda ajγučy jeme ben ök ertim» – Онда кеңесшісі мен де күшті едім (Тұй.50) [21, 220 б., 225 б.]; «Teŋri oγly jeme men ök [erür] men» – Тәңірі ұрпағы мен де күшті болармын (Uig.I.712). «Ögdem inal» – Өгдем инал (Е.383).
Қазіргі заманғы тірі түрік тілдерінде бұл сын есім «öktem» (өктем) деген түрмен сақталған. Мағынасы: өктем, қуатты, күшті, қайратты, кеуделі, өзіне өзі сенімді, мақтанышты т.т. с.с. [22, 518-519 б.].
Жоғарыдағы тарихи лексика деректері «türük» атауы «tör» – билік, өкімет, «ök» – өктем, күшті, қайратты, жүректі деген мағына беретін екі түбір сөзден құралғанын дәлелдейді. Türük – өктем билік, өктем өкімет, өктем төр деген мағына береді.
Жоғарыда біз türük атауының бізге жеткен алуан түрін сараптап, алғашқы формасын жаңғыртып, шығу тегін анықтап, этимологиялық, семантикалық талдау жасадық. Енді, бұл атауды қандай мағынада қолданып, нені атағанын алып қарастыралық.
«Түрік» саяси атау дегенді ең алғаш рет В.В. Бартольд айтқан еді [3, 79 б.]. Немістің атақты түркітанушы ғалымы Г. Дёрфер: «türük» тайпа атауы емес, байырғы мәтінде көп жағдайда билік жүргізуші тұлғаны білдіреді. Онымен қатар тақ маңындағы біріккен тайпаларды билеуші билікті алып жүруші – Machttäger (носитель власти) немесе билеуші халық (das Staatsvolk) деген ұғым береді, – деген тұжырым жасаған [30, 484 б.].
Әрбір айтқан ойына сақтықпен қарап, байыптап ой толғайтын үлкен ғалымның бұл сөзіне талдау жасалық.
а) Билік жүргізуші тұлға деп отырғаны кім?
б) Тақ маңына (тақтың қоластына) біріккен тайпаларды билеуші, билікті алып жүруші – Machttäger (носитель власти) кім? Жауабы: әрине, қағанат. Олай болса, Г. Дёрфер мырза «türük» қағанаттың атауы деп көрсеткеніне көзіміз жетеді.
Санкт-Петербург зерттеушісі С.Г. Кляшторный, неміс ғалымы Г. Дёрфер тұжырымын жинақтап, сәл өзгертіп жүйелеп былайша жеткізеді.
Қағанатты орнатқан тайпалық одақ (этникалықтар мағынада).
Бір ғана түріктерді қол астына топтастырған әскери-саяси ұйым (саяси кең мағынада) [11, 19 б.].
Бұл тұжырымды С.Г. Кляшторный негізгі ғылыми мәтінде емес түсініктемесінде ғана көрсеткен. Өйткені, бұл ұсынысы С.Г. Кляшторныйдың өз ойы емес, неміс ғалымы Г. Дёрфердің талдауынан туған, Г. Дёрфердің тұжырымы болғандықтан түсініктемеге елеусіз етіп өз сөзімен беріп жіберген. Г. Дёрфердің тұжырымынан туындаған С.Г. Кляшторныйдың ұсынысына талдау жасасақ:
а) Қағанатты орнатқан тайпалық одақ (конфедерация) не? Кіші хандық. Олай болса «türük» хандықтың атауы деп отыр.
б) Түркілерді қоластына топтастырған әскери-саяси ұйым не? Жауабы: қағанат. Өйтсе, С.Г. Кляшторный да, «türük» сөзін қағанат атауы екеніне қол қойған. Г. Дёрфердің ұсынысына жаңалық енгізе алмаған, сол тұжырымды қолдаған. Г. Дёрфердің бұл тұжырымы «türük» саяси-әкімшілік атауы екенін көрсетеді. Академик А.Н. Кононов та бұл пікірді қолдап, «türük» саяси атау екенін ұйғарған [13, 50 б.]. Ол саяси-әкімшілік ұйым – Түркі қағанаты (империясы). Бір билікке бағынып тілі, ділі, діні, әдет-ғұрпы бірдей тайпалар орнатқан қағанатын «ТҮРҮК» деп атаған.
Хунну империясы ыдырағаннан кейін 401-439 жылдар аралығында Шэньси, Пиньлян өлкесінде Ся қағанаты, 407-431 жылдарда Хэси өлкесінде түркі текті Лян қағанаттары өмір сүрді. 386-532 жылдары Батыс Қытай жаппай Батыс Вей мемлекетінің қоластына бірікті. 424-452 жылдары осы мемлекеттің императоры болған Тай У-ди Хуннудан кейін оның орнына келген шағын хандықтар Лян, Ся үстемдік етті. Лян қағанатының мәйегі болған Цзюйцюй тайпасының 500-дей отбасы Жужандарды паналап, Циньшаньды (Алтай) мекендей бастады. Олар темір қорытып, үстемдік етуші Жужандардың (нүкүз) қажетін өтеп тұрды [6, 228 б.]. «Алтайға келіп орналасқан Цзюйцюйлердің 500 отбасы тайпа басшысының атымен Ашина аталды», – дейді көне қытай жылнамалары [6, 227 б.].
Чжао жылнамасында «Туцзюе» (түрүк) сюннудің белгілі тайпаларының бірі. Олардың тайпалық атауы «Ашина» (Бичурин транскрипциясы бойынша) десе, «Ашиналықтар» туралы одан кейінгі Сүй, Тан империясының жылнамалары баяндаумен болған.
Түркілер туралы сөз толғағанда Ашинаны аттап өте алмайтынымыз сияқты, Ашинаны ауызға алғанда қытай жылнамаларында сақталған төмендегі аңыздарды айналып өте алмаймыз.
Байырғы түркілердің шығу тегіне тікелей байланысты бұл баяндаулар ХХ-ХХІ ғасырдың биігінен жаттың жат көзімен қарап талдайтын болсақ біз үшін нағыз аңыз. Ал сол дәуірдегі көшпелі түріктердің дүниетанымы, этнопсихологиясына сұғына кіріп, солардың ойламымен, солардың (түркілердің) түсінігімен, солардың көзімен қарап талдайтын болсақ тарихи дерек болмақ. Өкініштісі, бүгінгі түсінігімізге сай бұл баяндауларды біздің заманның зерттеушілері аңызға айналдырды. Аңызға айналған сол тарихи деректермен танысалық.
Бірінші аңыз. (Чжоу-шу. 50-бума, 42-баян). Түріктер ғұндардың (хунну) бір тармағы. Науғысы (есімі) ашна. Олар өз алдына ұлыс құрды. Кейін оны көршілес мемлекеті талқандады да, халқын түгел қырды. Бірақ он жасар ер баланы жасақтар баласынып өлтіруге қимай, аяқтарын кесіп, Батыс көлдің1 оң жағалауындағы (Бэй-ши, Суй-шу) шалғынды кең далаға апарып тастайды. Бір қаншық қасқыр үнемі ет әкеліп, оны асырайды. Бала ер жеткен соң қасқырмен жақындасып, оны буаз қылады. Көршілес елдің ханы бұл баланың тірі екенінен құлақтанып, оны өлтіруге тағы да адам жібереді. Олардың жіберген адамы баланың қасындағы қасқырды көріп, баламен бірге оны да өлтірмекші болады. Қасқыр қашып Күтең елінің терістігіндегі тауға келеді. Тауда үңгір бар еді. Қасқыр онда аумағы бірнеше жүз ли3 келетін төрт жағы таумен қоршалған шалғынды жазыққа кезікті. Қасқыр сол араға бой жасырып, он ұл тапты. Олар ержеткен соң әйел алып, бала сүйді. Әр қайсысының өз науғысы4 болды. Ашна – солардың бірінің лақап аты. Олар өсіп-өніп бірнеше жүз отбасы болды. Талай замандардан кейін олар бірінен соң бірі үңгірден шығып нүнге5 (нүкүз) бағынды. Алтын тауды мекен етіп нүкүздерге (нүнге) темірші болды. Алтын таудың пішіні дулығаға келіңкірейді. Олар дулығаны6 өз тілінде «түрүк» деп атаған. Сонымен бұл атау олардың халық атауы болып қалыптасты [20, 92-93 б.; 6, 220-221 б.]. Екінші аңыз. Түркілердің арғы аталары хуннулардың терістігіндегі сақ7 елінен шықты. Олардың ұлыс басы Абамбек8 деп аталды. Олар он жеті ағайынды еді. Оның бірі Ілі-нішиду9 еді. Ол қасқырдан туды. Абамбектер тумысынан өте ақымақ болды да, мемлекеттері жойылып кетті. Ал, Нішидуның табиғаттың өзгеше құбылысын сезетін қасиеті бар еді. Ол күнді жауғызып, жел соқтыра алатын еді. Ол екі әйел алды. Оларды жаз бен қыс Тәңірінің қыздары дейді. Оның бірі бір-ақ рет құрсақ көтеріп төрт ұл тапты. Ол ұлдардың бірі аққуға10 айналды. Біреуі Абсу11 мен Кем өзендері арасынан қырғур12 деген мемлекет құрды. Енді бірі Чатша судың13 бойынан мемлекет құрды. Тағы бірі бас Чатшаш14 тауында мекендеді. Бұл оның үлкен ұлы еді. Бұл тауда Абамбектің ұрпақтары да болды. Олар көбінде аш жалаңаш жүруші еді. Үлкен ұлы от шығарып, олардың бойын жылытты. Сонымен олар үлкен ұлды қошаметтеп, өздерінің билеушісі етіп сайлады. Бұған «түрк» деген ат беріледі. Оның өз аты Нағыд түрк шад15 еді. Нағыд түріктің он әйелі болды. Балаларының барлығы шешелерінің есімімен атанды.
Ашна16 – оның кіші әйелінің баласы еді. Нағыд түрк өлгеннен кейін он әйелдің балалары өздерінің ішінен біреуін таққа отырғызуды ұйғарады. Олар бір бәйтеректің түбіне жиналады. Сонсоң олар: «Қай біріміз осы бәйтерекке биік секірсек, сол таққа отырады» деп уәделесті. Ашна жасының кішілігіне қарамай бәрінен биік секіреді. Сонан бауырлары оны Ағын шад17 деген лақап атақ беріп, қошаметтеп таққа отырғызады [8.92-93; 6.221-222].
Достарыңызбен бөлісу: |