2-ші этап Жер телімінің құнын анықтау. Бағалаушы жер телімімен оны көркейту мақсатында жұмысының құнын анықтау бойынша қарастырылады. Егер жер телімі жалға берілсе, онда оның құны бағаланбайды. Жер телімін бағалау үшін келесідей әдістер қолданылады:
Тікелей салыстырмалы сату әдісі;
Арақатынас әдісі;
Пайдалануына байланысты әдіс;
Жердің қалдық құны әдісі.
Тікелей салыстырмалы сату әдісі – бұл жер телімінің құнын бағалау кезінде жиі қолданылады және сенімді әдіс болып табылады. Бағалау кезінде телімді сату туралы алғашқы ақпараттың сапасын қолдану процессі арқылы және оның ұқсас сипатына қарай пайдаланылады. Алғашқы ақпаратты жинау келесідей процедураларды қолданады:
1- ші процедура:
Негізгі алғашқы ақпаратты жинау оның негізгі қайнар көзі болып табылады:
мемлекеттік тіркеу жазбалары;
бағалаушының ақпарат алатын өзіндік банкі;
мерзімді басылымдар материалдары және жылжымайтын мүлік нарығы бойынша маманданған басылымдар;
Салыстырылатын мәліметтерді таңдау кезінде объектілер келесі белгілері бойынша топтастырылуын қажет етеді:
орналасуы;
объек сипаттамасы;
сату күні;
сату жағдайы;
2-ші процедура: Меміле бағаларына түзетулерді енгізу. Сатудағы бағаны түзету немесе өзгертуді енгізу, өзгерту пайыздық немесе абсолюттік бірлікте жүргізеді. Бұл мынадай тәртіппен қабылданады:
уақыт аралығы;
орналасу жері;
жылжымайтын мүліктің сипаттамасы.
Бірақ бұл әдісті қолдану тек активті нарық жағдайында мүмкін.
Егер сатуларды тікелей салыстыру мүмкіндігі болмаса, себебі орындалатын мәмілелер бірегейлі, онда жер телімін бағалау үшін арақатынас әдісі пайдаланылады. Бұл әдіске келесілер кіреді:
Егер сатуларды тікелей салыстыру мүмкін болмаса, себебі орындалатын мәмілелер бірегейлі, онда жер учаскесін бағалау үшін арақатынас әдісі пайдаланылады. Бұл әдіске келесілер кіреді:
пайдалануына байланысты әдіс – бұл әдіс жер телімін бағалау кезінде болашақтағы перспективті дамуын бағалайды.
жер телімін бағалауда бағалаушы табыс тәсілін қолданады.
Бұл жағдайда осы әдісті талдауды қажет ететін мыналар:
құрылыстың ең ықтимал жоспарын анықтау;
баға болжауын және мерзімін анықтау;
құрылыс шығын сметасын құру;
жер телімінің ақша ағымын дисконттау әдісі арқылы бағалау.