Жердің қалдық құны әдісі. Жердің қалдық табысының экономикалық теориясы тұрғысынан алғанда:
Еңбек ақы төленеді;
Пайыздық несиелер;
Басқару (кәсіпкерлік табыс).
Ал қалған қаражаттар жер телімінің табысы болып саналады. Жер телімінің табысы есептелгеннен соң оның құнын тура капитализация эдісі бойынша анықтайды.
3-ші этап Қайта қалпына кетіру құнын анықтау. Бағаланатын обьектінің қайта қалпына келтіру құнын анықтау үшін 3 әдіс пайдаланылады:
Ауданның бір бөлігінің сыбағалы шығындық әдісі;
Элементтерге бөлшектеп есептеу әдісі;
Сметалық есептеу әдісі.
Ауданның бір бөлігінің сыбағалы шығындық әдісі дегеніміз – ұқсас обьектілерге құрылыс жұмысының нормативтік шығынын әзірлеу негізінде құрылымдық шығыны туралы ақпарат алу (1 кв.м ауданына немесе 1 куб м).
Бағаланатын ғимараттың құнын нормативтік сыбағалы шығынды жалпы ауданға және жалпы көлемге көбейтіп аламыз.
Элементтерге бөлшектеп есептеу әдісінің мақсаты – бұл ғимаратты жеке элементтерге бөлу: фундамент, цоколь, қабырға, каркас, шатыр және т.б.
Бағалаушы әр элементтің шығындары бойынша ақпарат жинайды, содан соң элементтердің шығындарын қосу арқылы ғимараттың жалпы құны есептеледі.
Сметалық есептеу әдісі – бұл ғимараттың құрылыс жобалық сметасын құру арқылы құрылыс монтаждық жұмыстар тізімі бойынша (түрлі жұмыстардың түріне) кеткен шығынмен есептеледі (еңбекақы, материалдар, инструменттер, электроэнергия, арнайы тасымалдау көліктері және т.б.).