Тозуды анықтау әдісі. Тозу деңгейіне қарай 3 әдіске бөлінеді: Өміршеңдік мерзімінің әдісі;
Нарықтық әдісі;
Бөлшектеу әдісі.
Өміршеңдік мерзім әдісі –обьектінің экономикалық және тиімділік өміршеңдігі мерзіміне есеп жүргізіліп, тозу деңгейін анықтайды.
Нарықтық әдіс нарықтық ақпаратты талдау негізінде тозуды есептеу әдісі.
Бөлшектеу әдісі. Мұнда үш түрлі тозудың түрімен анықталады:
физикалық;
функционалдық;
сыртқы тозу.
Өміршеңдік мерзімінің әдісі. Бұл әдіс бойынша келесідей тозу дәрежесін бағалау кезінде терминдер қолданылады:
“Экономикалық өміршеңдік” мерзімі – табыс әкелу мақсатында обьектінің ағымдағы пайдалану кезіндегі бір бөлік мерзімі. Объект өзінің экономикалық өмірінің соңында кәсіпорынның мүліктік комплексінің құнына оның салымы 0-ге тең болған кезде жетеді.
“Физикалық өміршеңдік” мерзімі – обьектінің нақтылай пайдалану кезіндегі уақытын білдіреді. Тиімді пайдалану уақыты – обьектінің сыртқы түрін бағалауда, олардың дизайны, экономикалық факторы және пайдалану уақытына әсер ететін құны.
”Тиімді жас” оның жағдайының, дизайнының және оның құнына әсер ететін экономикалық факторлардың есебімен объектінің сыртқы түрін бағалауға негізделген.
“Объектінің қалған экономикалық өміршеңдіктік ” мерзімі – обьектінің бағалау мерзімінен бастап, экономикалық өміршеңдіктің соңына дейінгі уақыты. Бағалаушының мақсаты обьектінің экономикалық өміршеңдігінің қалдық мерзімін есептей білу. Талдау кезінде бағалаушы объектінің физикалық ескіруі оның физикалық және функционалдық тозуына пропорционалды деген ұйғарымдармен шықпауы қажет. Дұрыс жөндеуді жүргізу, модернизация немесе қайта жабдықтау, объект өмірі мерзімін көбейтеді.
Экономикалық, саяси жағдайлардың өзгеруі объектінің қалған экономикалық өмір мерзіміне әсер етеді.
Тозуды анықтаудың бұл әдісі ең бастысы тозуды есептеудің эксперттік және нормативті тәсілдеріне негізделген. Бағалаушы обьектінің шешімін анықтауда оның тиімді шамасын пайыздық көрсеткіштермен белгілейді.Тозудың жинақталған пайыздық көрсеткішін бағалау күні обьектінің жалпы шығындарын көрсетеді және мына формула арқылы анықталады:
И = ЭВ ВС ТС И – тозу;
ВС- обьектінің қайта қалпына келтіру құны;
ЭВ- тиімді жас (тиімді пайдалану уақыты);
ТС- экономикалық өміршеңдік мерзімі.
Есеп:
Обьектінің қызмет мерзімі –50 жыл. Оның тиімді пайдалану уақыты – 20 жыл. Обьектінің қайта қалпына келтіру құны – 100% құрайды деп алып, біз келесіні аламыз: