2-ші этап Мәмле туралы ақпаратты тексеру Салыстырмалы сату обьектісінің ақпраратының дұрыстылығын сатып алушы мен сатушының арасындағы мәмілені анықтайды..
Бағалаушы салыстырмалы обьектінің сату жағдайын және бағасының нақы өлшенгенін толығымен орындалуына, тозудың барлық түрлерінің есебінің дұрыстылығын бақылау керек.
Тексеруге жататын ақпараттар:
мәміле мотивациясы: сатушы мен сатып алушы қаржылық қысым жағдайында әрекет еткен жоқ па;
мәміле бір біріне тәуелсіз жақтар арасында болды ма немесе байланысты ма;
сатушы мен сатып алушы жылжымайтын мүлік пен мәміле жасалған нарық туралы жеткілікті ақпаратқа ие болды ма;
сатушының сату үшін, ал сатып алушының сатып алу үшін жеткілікті уақыты болды ма;
бір бірінің тараптарынан жеңілдіктер болды ма;
қаржыландыру нарыққа тән болды ма немесе сатушыдан сатып алушыға ауысатын (мәмілеге қатысатын қолма қол ақшалар мөлшерін төмендету үшін), екінші ретті борышкерді ауыстырумен және т.б. сияқты ерекше жағдай болды ма;
сатылудың арнайы шарттары болды ма (сатылуға жеке жылжымайтын мүлікті: жиһазды, жинақталатын бассейндерді, қайықтарды, автокөліктерді, т.б. енгізу сияқты).
Кейбір жағдайларда хабарланған бағалардың нарықтық құнынан бөлек болуы мүмкін. Сондықтан, бағалар жасалған мәмілелерге сәйкес болып бөлінуі, кездейсоқ жағдайлармен бұрмаланбағанына міндетті түрде көз жеткізу керек.
Ақпараттың шынайылығын мәміле күні, ұқсас объектілердің және басқа сипаттамалары туралы жасауға болады.
Қазіргі жағдайларда Қазақстандық бағалаушыларға мәміле бағасының расталуына ерекше көңіл бөлу керек, себебі,”екінші ретті” нарықта сату- сатып алу келісім шарттында төмендетілген баға көрсетіледі, ал мәміленің нақтылық бағасы, әдетте жоғары көрсетілмейді.
Сату- сатып алу келісім шартындағы мәміле бағасын төмендету жылжымайтын мүлікпен мәмілелерден түскен табысқа жоғары мемлекеттік баж бен салық салудың жоғары қойылымдарымен түсіндіріледі.
“Екі баға” проблемасы тек қазақстандық проблема емес. Кейбір елдерде ол заңнамалық актіні енгізу арқылы шешіледі, ол бойынша басқарудың жергілікті органдары сатылуды көрсететін жылжымайтын мүлікті сатып алуға приоритетті құқыққа ие. Егер басқарудың жергілікті органдары жылжымайтын мүлік объектісінің сату- сатып алу мәмілесі нарықтық бағадан төмен бағамен анықтаса, муниципалитет берілген объектіні сол төмендетілген баға бойынша сатып алу туралы шешім қабылдайды.
Әсіресе бір-бірімен өзара мүдделерімен тығыз байланысты екі жақтық сату-сатып алу мәмілелері бойынша бағаларды толығымен тексеру қажет (мысалы, туысқандар арасында, басты және еншілес фирмалар арасында, т.б.)