Баѓалау ќызметініњ ±йымдыќ-ќ±ќыќтыќ реттеу



бет57/114
Дата13.05.2022
өлшемі1,11 Mb.
#142952
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   114
Байланысты:
курс лекции бағалау к.о 2

Салыстыру бірліктері

Бұл салыстырмалы және бағаланатын жылжымайтын объектінің бірліктер өлшемі.


Бірліктер өлшемі 1ш.м. (кв.м.),1ш.м. тұрғын алаңы, 1ш.м. жалпы алаңы, 1куб.м, 1пәтер, 1га, 1 жүздік (сотка) және т.б. болуы мүмкін.
Жылжымайтын мүлік түрінің кейбіреуін табыс әкелетін баға түрінде есептейді. Мысалға, гараждарды салыстыруға болады. Табыс әкелетін бірлік бір машинаның тұрағы болып табылады.
Жылжымайтын объектілерді салыстыру үшін табыс қатынасын сату бағасына жиі қолданылады. Бұл жағдайда салыстыру объектісі болып валюталық рента мультипликатры (немесе оны басқаша жалпы түсім мультипликатры деп те атайды), немесе жалпы капитализация коэффициенті табылады.
Жалпы ренталық мультипрликатор – бұл сатылу бағасы немесе потенциалды жалпы түсім, немесе нақты түсім арасындағы қарым-қатынас. Осындай және басқа да түсімдердің түрлерін қолдану олардың өсу жағдайларына байланысты анықталады.
Потенциалды жалпы түсім, яғни жылжымайтын объектіні бір жылға бағалаудан түскен қайтарым жиі қолданылады, себебі нақтылы жалгерлік төлем қойылымын анықтау жеңіл болып табылады.
Жалпы түсімді нақты есептеуге қажетті жылжымайтын объектіні толық анықтап шығару оған қарағанда қиынырақ.
Егер де бағаланатын және салыстырмалы объектінің орналасу айырмашылығы болса, онда олардың бағасы мен жалдамалы төлем ставкаларында қарастырылған деп ойластырылады, бұл жағдайда оларға түзетулер енгізілмейді.
Жалпы капитализация коэффициенті (жалпы түсім ставкасы) – ол капитализация түсімінің әдісінде қолданылатын негізгі коэффициент. Берілген коэффициентті есептеу үшін бағаланатын ақша ағымына жақын маңыздылық беретін салыстырмалы объектілер іріктеп алынады. Мұндай тәсіл бағалаушы маманға тікелей капитализация әдісін қолдана отырып болжанылған пайданы бағаланатын объектінің нарықтық баға кұнына айналдыруға мүмкіндік береді. Әр түрлі жылжымайтын объектілерді салыстыру үшін түрлі салыстыру бірліктері қолданылатындықтан, бағаланатын және салыстырмалы объекттің бір бірлік өлшемінде анықталғаны өте маңызды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   114




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет