Баѓалау ќызметініњ ±йымдыќ-ќ±ќыќтыќ реттеу



бет59/114
Дата13.05.2022
өлшемі1,11 Mb.
#142952
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   114
Байланысты:
курс лекции бағалау к.о 2

Түзетуді анықтау тәсілі.
Түзету өлшемін анықтау үшін келесідей әдістер қолданады:
1. Екі бірдей сату обьектісін талдау;
2. Регрессиондық талдау;
3. Элементі бойынша.
Бағалау тәжірибесі түзету жүргізу кезінде нарық ақпаратының негізінде орындалуын талап етеді. Осы көзқарасты түзету өлшемін сыңарлас салыстырмалы әдісі арқылы анықталады.
Сыңарлас деп – екі бірдей жеке жылжымайтын мүлік обьектісінің сипатына қарай сатылуы. Сарапшы-бағалаушы түзету ретінде салыстырмалы обьектісінің нақты бағасын қолданып бағалау керек.
Осы әдістің мақсаты, егер салыстырмалы обьектінің бір ерекшелігі бар болса, онда сату бағасының айырымы осы элементін қосып анықталады.
Мысалы, берілген екі обьект, бірақ бір ерекшлігі бар. Уақытына қарай өзгерістер жоқ.
1. Дача (қаладан 32 км қашық) кірпіш, коммуникациясы бар, сатылу бағасы – 72 000 доллар;
2.Дача (қаладан 30 км қашық) кірпіш, коммуникациясы бар, саунасы бар, сатылу бағасы – 88 000 доллар;

88 000 – 72 000 = 16 000


Мұнда бір ерекшелігі саунаның бар болуы. Сондықтан қортынды жасау негізінде, саунаның нарықтық бағасы 16000 долларға тең. Берілген элементке түзету енгізу 16000 доллар құрайды
Мысал.
Үш ұқсас сату обьектілерін қарастырайық:
І. 1-бөлмелі пәтер, автокөлік аялдамасы қасында;
Ас бөлмесі – 6 кв.м;
Кірпіш үй;
Лоджиясы бар;
Телефоны жоқ;
Сатылу бағасы – 31 000 доллар;

ІІ. 1-бөлмелі пәтер, автокөлік аялдамасы қасында;


Ас бөлмесі – 5,8 кв.м;
Кірпіш үй;
Лоджиясы бар;
Телефоны бар;
Сатылу бағасы – 34 000 доллар;

ІІІ. 1-бөлмелі пәтер, автокөлік аялдамасы қасында;


Ас бөлмесі – 6,2 кв.м;
Кірпіш үй;
Лоджиясы жоқ;
Телефоны жоқ;
Сатылу бағасы – 26 000 доллар;

Ақпарат 1 апта ішіндегі сату мәліметтері бойынша І-ші және ІІ-ші обьектілерді салыстырамыз. Үй өлшемі мен сапасы бойынша бірдей, ал ас бөлмесі өлшемінің айырымы еш өзгеріс әкелмейді. Ал бұл үйдың айырмашылықтары телефонның болуы мен болмауы. Сонықтан сату бағасының айырымы 34000-31000=3000 долларға тең. Демек осы телефонның факторы түзету болып табылады.


Ал мұндағы өлшем нарықтың ақпаратты талдау шешімін көрсетеді. Сондықтан бұл жерде телефонды құру шығыны есепке алмайды.
І-ші және ІІІ-ші обьектіні салыстырамыз. Баға айырымы – 5000 доллар. Мұндағы айырым ІІІ-ші обьектіде телефон жоқ, ал І-ші обьектіде ложиясы бар. Сондықтан лоджияға сәйкес түзету – 5000 доллар құрайды.
ІІІ-ші және ІІ-ші обьектілердің баға айырымы – 8000 доллар құрайды. Бұл айырым ІІІ обьектінің лоджиясы мен телефоны жоқ. Сондықтан телефонға –3000 доллар, лоджияға – 5000 доллар түзету соммасы болып табылады.
Түзетулер тек қана нарықтық ақпарат негізінде есептелінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   114




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет