Сатуды салыстыру әдісі
Сатуды салыстыру әдісін пайдалана отырып, бағалаушы тозудың әртүрлі түрлерімен дәрежесіне нарықтың реакциясын анықтау қажет. Әр салыстырылатын обьектінің сатылу бағасы оның алғашқы күніндегі қалпына келтіру құнымен есептеледі. Нәтижесінде әр салыстырылатын обьект бойынша жинақталған тозу құны алынады, олардың негізінде бағаланатын обьектінің жинақталған тозуы анықталады. Сатуларды салыстыру әдісінде тозу себептері қарастырылмайды.
Сатуларды салыстыру әдісімен есептеу мысалы
Көрсеткіштер
|
А
|
В
|
С
|
Орта құн
|
Сату бағасы
|
300000
|
320000
|
380000
|
33333
|
Жер құны
|
80000
|
70000
|
60000
|
70000
|
Жақсарту құны
|
220000
|
250000
|
320000
|
263333
|
Қайта өндіру құны
|
310000
|
330000
|
390000
|
343333
|
Жиынтық тозу
|
90000
|
800000
|
70000
|
80000
|
Жиынтық тозу %
|
29,03
|
24,2
|
17,5
|
23,5
|
5-ші этап
Тозуды алып тастағандағы кәсіпорынның мүлік кешенінің әр компонентерін қайта қалпына келтіру құнын есептеу
Мүліктік кешеннің әр компоненттері үшін жинақталған тозудың қайта қалпына келтіру құнын алғандағы есебімен анықталады.
6-ші этап
Кәсіпорынның меншікті обьектілерінің жалпы құнын есептеу
Кәсіпорынның меншікті обьектісінің жалпы құнын бағалау барлық компоненттің қайта қалпына келтіру құны мен жер телімінің құнын қосқандағы құнымен анықталады.
Кәсіпорынның жылжымайтын мүлік құнын бағалаудың салыстырмалы тәсілі
Ресейлік зерттеушілер бұл мәселеге өздерінің көз қарастарынан мынандай тұжырымдар береді:
Генри С. Харрисон салыстырмалы тәсілді пайдалану кезінде бағалаушы 5 этаптан өтуі қажет деп ойлайды:
Нарықты зерттеу және сату ортасы мен листингтерді (сатуға ұсыныстар) таңдау, яғни бағаланатын обьектімен ең салыстырылатын жылжымайтын мүлік обьектілерін. Әдетте, ең өзекті және салыстырмалы сатулар бағаланатын обьект құнының ең жақсы көрсеткіштері болып қызмет етеді;
Әр таңдалған обьект бойынша ақпаратты жинау және тексеру:
сатылу бағасымен сұралынатын баға туралы;
мәміле күні туралы;
физикалық сипаттамалар туралы;
обьектінің орналасқан жері туралы;
мәміленің кез келген ерекше шарттары туралы.
Әр обьектіні бағаланатын обьектімен салыстыру және талдау:
сату уақыты, орналасқан жері бойынша;
физикалық сипаттамалар бойынша;
сатылу шарттары бойынша.
Бағаланатын обьекті мен олардың арасындағы бар айырмашылықтарға сәйкес әр салыстырылатын обьект бойынша сату бағаларын немесе сұралынатын бағаларды түзету.
Бағаларға түзетулердің шамасы «теңестірілетін жұп” регрессивті талдау және басқа әдістерді пайдалануымен нарықты талдау негізінде анықталады;
Жылжымайтын мүліктің теңестірілген обьектілерінің түзетілген бағаларын келістіру және бағаланатын обьект құнының көрсеткішіне келу.
“Жылжымайтын мүлік обьектілерін бағалау: теориялық және тәжірибелік аспектілер” оқу құралдарының авторлары жылжымайтын мүлік обьектісін сатуын талдау әдісін өткізу кезінде бағалаудың 3 этапын бөледі.
Бірінші этап. Сәйкес рыноктағы жылжымайтын мүліктің обьектілерін жақын арадағы сатуларын анықтау.
Екінші этап. Мәмілер туралы ақпараты тексеру.
Үшінші этап. Бағаланатын обьект пен теңестірілетін обьектілердің әр қайсысының арасындағы айырмашылықтардың есебімен бағаға түзетулерді енгізу.
Г.В.Поповтың “Жылжымайтын мүлікті бағалау негіздері ” деген оқу құралдарында сатуларды тікелей салыстыруды қолдануға келесі қадамдар кіреді деп санайды:
Қолда бар барлық ақпаратты жинау және жүйелендіру.
Мұнда келесі ақпараттар қарастырылып отыр:
салыстырмалы обьектілер бойынша сату сатып алу мәмілелерінің бағалары;
сатуға қойылған мүлік бойынша сұралынатын баға (рынок құнының жоғары шекарасы);
Салыстырылатын және бағаланатын обьектілер арасындағы бар айырмашылықтарды анықтау мақсатымен олардың сипаттамаларын салыстыру:
мәміле шарттарын;
сатудың уақыттағы айырмашылығын;
орналасқан жерін;
физикалық сипаттамаларын және жинақталған тозуды;
Айырмашылықтары бойынша әр қайсысының орнын толтыратын салыстырылатын обьектілер бағаларына қажетті түзетулерді енгізу.
А.П.Ковалев өз жұмысында салыстырмалы тәсілді өткізудің 4 этапын қарстырады:
Сәйкес нарықты зерттеу және берілген нарықта ұқсас обьектілермен жақын арадағы мәмілелер туралы ақпарат жинау;
Ақпаратты тексеру;
Бағаланатын обьектіні сәйкес обьектінің әр қайсысымен салыстыру және келесілер бойынша айырмашылықтарды анықтау:
сату күні бойынша;
тұтынушылық сипаттамалар бойынша;
орналасуы бойынша;
атқарылуы бойынша;
қосымша элементтердің бар болуы бойынша және т.б.;
Бағалары ұқсас обьектілердің бағаларына түзету жолымен обьект құнын есептеу.
Аталған көз қарастарды тұжырымдай келе кәсіпорын мүлігінің құнын анықтау кезіндегі этаптарды қарастырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |