Отношения, как мы уже говорили, сложная вещь. И не важно где в семье, школе, классе, на улице. Представьте, что Солнышко - это тепло отношений с родственниками, с одноклассниками, с друзьями. Солнышко - это тепло наших отношений, его лучи согревают наши души, дарят нам понимания, поддержку. Но очень часто в отношениях нас не всё устраивает, так как мы оценив
Күн ашылды.
Даламдай кең пейілім,
Жүрегім толы мейірім.
Мен үшін жоқ уағың,
Бәріңе ортақ шуағым.аем новое общение с позиций своего "Я"
Жаттығу «Күн шуақты алаңқай»
Мақсаты: қатаюдан арылу, жылы достық қарым-қатынасты қалыптастыру.
Нұсқау: елестетіңіз, күн шуақты шалғын алаңқайда дем алып отырмыз. Күн шуағы сіздің көздеріңңізге қарайды. Көздеріңізден беттеріңізге қарай жылжиды. Алақандарыңызбен сипалаңыздар. Ол ары қарай маңдайыңызға, мұрныңызға, аузыңызға, бетіңіздің ұшына, иегіңізге түсті. Одан кейін мойыныңыздан, қолыңыздан, денеңізден, арқадан сипап өтті. Күн шуағы сізді жылытты. «Күн шуақты алаңқай» қызыл-сары, хош иісті, әсем гүлдерге толы. Сіз өзіңіздің ұнатқан гүліңізді жүрегіңізге түйіп, жылы лебізіңізді, тілегіңізді білдіріңіз.
Талдау: Көңіл-күйіңіз қалай?
Бүгінгі тренинг-сабақ ұнады ма?
Қандай әсер алдыңыз?
Мақсаттарға жеттік пе?
Ситуациялық сұрақтар
«Әрбір баланың құлқы ата-анасының жағымды іс-әрекетінен үлгі алуы барысында қалыптасады» - дегендей, баланың мінез –құлқы өскен ортасына , көрген тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Ата-ана бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адамы, өзін көретін айнасы. Сондықтан, ата-аналар, мен сіздерге мынадай сұрақтар қойғым келіп тұр.
1.Бала үшін ата-ананың қайсысының беделі күшті деп ойлайсыз?
2. «Баланың өскенде жақсы өнегелі адам болып шығуына отбасынан алған тәрбиенің ықпалы зор» дегенге өз пікіріңіз, көзқарасыңыз қандай?
3.Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па, қатаң тәрбиелеген дұрыс па?
4. Сізге балабақшадағы тәрбиешілерден «сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген сөз, естуге тура келді дейік сіз не істер едіңіз?
5.Кейбір ата-аналар баласының әрбір істеген іс –әрекетіне көңілі толмай : «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың», деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс –әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?
6.Сіз балаңыздың тәртібі бойынша балабақшаға келіп тұрсыз. Тәрбиеші сізді ашулы күймен қарсы алды. Сонда сіздің әрекетіңіз?
7.Егер балаңыз қандайда бір теріс іс-әрекеттер көрсетсе, сіз балаңызға қандай шара қолданар едіңіз?
8. Сіз балаңызға дүкенге барып келуін өтінесіз ол «ән тыңдап отырмын» деп барудан бас тартты. Не істер едіңіз?
9.Егер уақыт машинасы болса, қай жылға саяхаттап, қандай оқиғаны түзер едіңіз?
10. Сізге таңдау келіп қалды: Туысқандарыңыз және махабатыңыз. Кімді таңдайсыз?
11.Сіздің ең жүйкеңізге тиетін не нәрсе ?
12. Егер Джин келіп үш тілегіңді айт десе, сіз қандай тілек айтар едіңіз?
13.Қызыңыз дәл қазір өтпелі кзеңде . Ол дөрекі болып барады. Ылғи да дауыс көтеріп сөйлейді, айтқандарыңызды тыңдамайды. Күннен кұнге бұзылып бара жатқандығын байқадыңыз. Ашық сөйлесіп көріп едіңіз. Нәтиже жоқ. Не істейсіз?
14. Егер сіздің балаңыз сабаққа барғысы келмейді. Ұрыстыңыз, ұрдыңыз, мұғалім көмегіне жүгіндіңіз. Бірақ, ол бәрібір де таңертең тұрмады. Сабаққа деген еш қызығушылығы жоқ. Қандай әрекеттер жасар едіңіз?
-Өз балаларымызды қаншалықты білетіндігімізді байқау үшін «Кім жылдам» ойынын оиналық.
Тәрбиеші:сұрақ қойып допты береді ата-ана жылдам жауап береді.
1.Балаңыздың аты жөні кім?
2.Балаңыздың туған күні қашан?
3.Балаңыздың сүйікті асы не?
4.Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
5.Балаңызды еркелетіп қандай сөзді айтасыз?
6..Балаңыздың аяқ киім өлшемі қандай?
7.Балаңыз сізді ренжіткен де ең алдымен аузыңызға қандай сөз келеді?
8. Үйде балаңызбен қандай ойындар ойнайсыз?
Бала тәрбиесіне байыппен қарайық!
Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы-бала. Бала-дербес тұлға. Бала тәрбиесі өте күрделі үрдіс. Ол ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасатын құбылыс. Бала дегенде ет жүрегі елжіремейтін адам жоқ шығар. Өйткені, ол ата-ананың ақ тілегі, қуанышы. Әр бір жас өркен-елдің ертеңі, ұлттың болашағы. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі жоғары. Өйткені бала дүниеге келген күннен бастап ата-ана ықпалында болып, өмірге бағыт беруші тәрбие мектебінен нәр алады. Ата-аналар балаларын өздерінің өнегелі сөздерімен, жеке басының асыл қасиетімен тәрбиелейді.Бала әр нәрсеге сенгіш, тез қабылдағыш, еліктегіш келеді. Әр бала еркелеткенді, жылы сөйлегенді, ойын ойнағанды, аялағанды ұнатады. Бұл –баланың бойындағы үлкендерден ерекшеленіп тұратын негізгі қасиет. Бұл қасиет тек балаға ғана тән. Өйткені бала сезімі-пәк. «Бала-тілі бал», «Балалы- үй базар» -деген мақалды халық өте орынды айтқан. Баланы аялап, жылы сөйлеу-баланың ақылды, ұстамды, мейірімді азамат болып өсуіне көп ықпалын тигізеді. Ал балаға ұрысу, балағаттау баланың бойында кек алу, өшпенділік қасиеттерді оятады. Ата-ана отбасындағы жетекші тұлға, бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі.Ата-ананың тіршілігіндегі көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы ол- перзенті. Отбасы- адам баласының өсіп-өнер алатын ұясы. Отбасының негізгі міндеті- баланы еңбек етуге, жарқын сезімдермен нұрлы мұраттарға тәрбиелеу және адамдар арасында өмір сүре білуге үйрету. Бала тәрбиелеу оңай жұмыс емес, ол үлкен шеберлікпен шыдамдылықты талап етеді. Бала ата-анасын, ата-ана баласын танымайынша, іс алға баспайды. Ата-ана баласын танымайынша, іс алға баспайды. Ата-ана тәрбиешіге көмекші, сенімді тірек ьолса, тәрбиеші де сондай болуы керек. Екі жақты байланыс нығайғанда ғана , барлық күрделі мәселелердің түйіні шешіледі.Бала балабақшаға келген күннен бастап, тәрбиеші мен ата-ана арасында тығыз қарым-қатынас орын алуы тиіс. Өйткені, әр отбасының өзіндік әдет ғұрпы, қалыптасқан тәртібі болады.
Жазушы педагог Ж.Аймауытов «Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек. Себебі, бала айтып ұқтырғаннан гөрі, көргеніне көп еліктегіш келеді. Солай болған соң балаға жақсы мінез болсын, іспен көрсету керек»- деген. Осы бір ұлағатты ойдың астарында отбасында ата-анасынан, мектепте ұстаздарынан талап етілетін тағылым жүгі жатыр. Сондықтан халық өмір есігін енді ғана ашқан сәби тәрбиесін бесіктен бастаған. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай да отбасындағы баланы тәрбиелеуде ата-ана тарапынан жол берілетін кемшіліктерді ескере отырып, отбасы тәрбиесін ұйымдастыруға кеңестер берді.
Абай өзінің 10-шы қара сөзінде «Әдемі баланы өзің алдайсың: әке, оны берем, міне, мұны берем деп, басында балаңды алдағанға мәз боласың. Соңыра балаң алдамшы болса, кімнен көресің?»- деп балаларына теріс тәрбие беретін ата-аналарды сынайды. Тәрбие-білім өзегі болғандықтан, тәрбиеші мен отбасы байланысы тығыз болуы керек. Баланы дамыту, ой-өрісін жетілдіру үшін тәрбиеші де, ата-ана да баланың жан дүниесін білуі керек, оны жеке тұлға ретінде тануы қажет. Отбасындағы берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десеңіз, балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер деп, ата-бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Бала-отбасының бақыты. Баламен сөйлесе отырып қуаныңыз, себебі бала сіздің жаныңыздғы мереке. Қазір ата-ана мен бала арасы алшақтан барады. Үйлесім, түсініктік аз,. Адамзат баласының өміріндегі ең маңызды ісі-артына ұрпақ қалдыру. Осы ұрпақтың жан дүниесі сұлу болу үшін біз, ата-аналар, әрбір сәтте ізгілікті, адамгершілікті, сыпайлылықты жадымыздан шығармай, әр ісіміз бен сөзімізге мән беруге міндеттіміз. Ата-ана перзенті- алдындағы міндетіне жауапты болуға тиіс.
Ақын Қадір Мырза Әлі айтқандай, сөз- ойдың жаңғырығы. «Ойнап сөйлесек те, ойлап сөйлеуді» ұмытпағанымыз жөн. Қазір ата-аналардың әдеттері мен сөздері қанда? Балаларына таңды қалай қарсы алуды үйрете ме? Баласын таңертең ұйқыдан оятқанда не деп тіл қатады? Дастарқан басында өздері ықылас жасай ма? Балаға осы жақсы өнгені көрсете ме? Астан кейін баланы былай қойып, өздері аузын шая ма? Туған-туысқандарымен қандай қарым –қатынаста? Осының бәрін көріп өскен баланың, туғанда періште болғанымен, ата-анасы дәстүрді сақтамаса, Құдайдан қорықпаса, жүрегі тасқа айналмағанда қайтсін?...
Мағжан Жұмабаев : «Бала тәрбиесі бір өнер, өнер болғанда да – ауыр өнер, жеке ғылыми иесі ьолуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбие қылу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысу керек», деген-ді. Ендеше, бала тәрбиесі мәселесінде қазақтың бұрыңғы-соңғы тәрбие, өнеге үлгісімен танысу артық болмайды. Соның ең жақсысың алып, екшеп, ақылмен таразылап қолдансақ, қанкей... Жанұя мүшелері арасындағы қарым-қатынас. Ата-ана балаларына әртүрлі қоғамдық ортада өзін дұрыс ұстауды қалай үйрете алады? Бір жанұядағы балалардың арасындағы достық қарым-қатынас олардың қоғамдық сана – сезімінің дамуына қандай әсер етеді? Жанұя перзенттерінің арасындағы дұрыс және достық қарым-қатынас орнатуға көмектесу ата-ана өнерлерінің бірі болып саналады. Бір отбасының балалары ата-анасы олардың бәрін бірдей жақсы көретіндерін көру керек.
Әке-шешенің перзенттерінің әртүрлі дарындары мен қажеттіктеріне дұрыс көңіл бөлуі олардың арасындағы достық қарым-қатынастың орнатылуына себеп бола алады. Әсіресе қазіргі уақытта, әке мен шешенің еңбек етуі себепті, олар жанұяға азырақ уақыт бөлінетін жағдайда балалар бір-біріне ең жақын дос бола алады.
КМҚК «Өнер және спорт мектебі» жанындағы
«Еркетай» шағын орталығы
Бала тәрбиесіне байыппен
қарайық!
«Еркетай» шағын орталығының
психологі Г.Турсунбаева
Приозерск 2015 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |