Бағасы: ____ ____ ____
24 сабақ. Ұлтым деп өткен ұлы тұлға. 1 сағат.
«Қараңғыда қан жылап, қаңғырған күнде басын қазақ жолына құрбан қылған ағамыз, асқар беліміз! Өміріңде жүрген жолың – біздей інілеріңізге жағып қойған шамшырақ», Әлихан Бөкейханның дана ойларына, халқына жасаған қызметі – бүгінгі ұрпақты болашаққа бағыттайтын тәрбие мектебі- деп баға берген кім?
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
«Алаш» идеясын басшылыққа алған Әлихан бабамыз қазақ ұлты үшін нені насихаттады?
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
1917-1918 жылы Семей қаласында шыққан мына газет қалай аталады? Және мына мәтінді оқи отырып, қандай ой түйіндеуге болатынын жаз.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
1917 жылдың наурыз айында Ресейде буржуазиялық-демократияшыл ақпан төңкерісі болып, уақытша өкімет орнаған кезде, ел ісіне араласу ойымен Сұлтанмахмұт Торайғыров Троицкіде оқып жүрген жерінен Семей қаласына келеді. Оның қалың оқырманға бейтаныс «Әлиханның Семейге келуі» мақаласы осы кезеңде жазылып, «Сарыарқа» газетінің екі санында басылған. Автор мейрамға жиналғандай халық нөпірін суреттеп, лек-легімен, топ-тобымен ағылған жұртты «елге еңбегін сіңірген ерін тосып жиылған қазақтар еді» деп көрсетеді. «Ол ері елі үшін құрбандыққа жанын берген, бит, бүрге, қандалаға қанын берген, көрдей сасық ауа, темірлі үйде алаш үшін зарығып бейнет көрген, басқан аяқ кері кеткен заманда жасымай алашына қызмет еткен, болса да қалың тұман, қараңғы түн, туатын «бақ жұлдызына» көзі жеткен, түймеге жарқылдаған алданбаған, басқадай бір басы үшін жалданбаған, «қайткенде алаш көркейер» деген ойдан басқа ойды өмірінде малданбаған Әлихан Нұрмұхамбетұлы Бөкейханов еді» деп, жазады.
Елін егемендікке жеткізуге сене кірісіп, тыңнан тура тартып, үлкен үлес қосқан кемел Көшбасшы Әлиханға арналған мына өлеңді жатта.
Көш бастаған еріміз,
Қуанышта еліңіз.
Төбеміз көкке жеткендей,
Көкіректен бүгін кеткендей,
Сізді көріп шеріміз.
Алаш туын қолға алған,
Қараңғыда жол салған,
Арыстаным келіңіз!
Автор мына мақала-репортажында Әлиханның халық қамын ойлаған қандай көзқарасын суреттейді? Авторы кім?
«Ағалар, інілер! Мені бұлай қарсы алғандарыңа рахмет! Бостандыққа қуансаңдар, мені басшымыз деп айтқандарың шын болса, міне, мен өле-өлгенше сендерге қызмет қылуға уәде беремін, сендер уәде бересіңдер ме бостандықтың жолымен болуға? Бостандықтың жолымен болсаңдар бишараны жемеуге, бірігуге, бас пайдасы мен жұрт пайдасын бірдей көруге, барлық күштеріңді ғылым жолына, бостандық арқасымен көгеру жолына жұмсауға керек».
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |