Кәсіби білім мен түсінік
215
Көп жылдар бойы ерте балалық шаққа арнайы зерттеу жүргізген
тұлғалар, балалар нақты тәжірибеге негізделген (тамақтанып, ұйық
-
тап жатып ойнау) символдық ойыннан күрделі, абстрактілі ойын түр
-
леріне (ғарыш кемелерінде, теңіз әлемінде ойнау және т.б.) көшу ке
-
рек деп санады. Себебі абстрактілі ойлаудың оқушылардың қоғамдық
қажеттіліктерін дамытуда маңызы зор (Bruce, 1999). 4–7
жас ара
-
лығындағы балалар осындай дағдыларды дамытуды үйренуі керек.
Ойын арқылы оқыту тәжірибеге, белсенділікке, іштей ынталандыруға
негізделеді
және нәтижеге емес, процеске көбірек көңіл бөледі. Ерте
балалық шақтағылармен жұмыс істейтін ересектер үшін үлкендер тә
-
жірибесі мен балалардың тосын ойынының арасындағы тепе-теңдікті
табу қиындық туғызуы мүмкін. Мұны түзу сызық бойымен көрсетуге
болады (5.3-сызба).
Бір жағы, кейде ересектер араласпайтын «таза» ойын ретінде си
-
патталатын құрылымы жасалмаған да ойындар болады. Балаларға бұл
тосын,
тәуелсіз ойынға уақыт қажет, сосын ол «қол, ақыл-ой» сипа
-
тындағы бейберекет және қайталана беретін әрекеттерге әкеліп соғуы
мүмкін (DCSF, 2009: 3). Екінші жағы, тым қатаң бағыт ұстанған әрекет
балаларды өз идеяларын зерттеу мүмкіндігінен айырады. Үздік тәжіри
-
бе уақыт, кеңістік және әрекеттер арасында нақты тепе-теңдік сақта
-
ла бермейтінін көрсетеді. Мойлес және басқалар (2002: 16): «Үйретуге»
ынталандыру ерте балалық шақтағыларды оқытуға зиянын тигізбеуі
керек», – дейді. Тепе-теңдік нақты контекст
пен балалардың дамуы
-
на байланысты болғандықтан, оны сандық тұрғыдан анықтау мүмкін
емес. Әйтсе де мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының зерттеулеріне
қарағанда, балалар уақытының үштен екісін өздері бастаған шараларға
жұмсайды екен (Coghlan
et al.,
2010). Тәрбиешінің рөлі әр баланың жаңа
тәжірибе жинақтауы үшін қажетті құрылым немесе қадамдар сериясын
ұсыну. Көптеген авторлар мұны «скаффолдинг» деп атайды, бірақ құ
-
рылыс алаңында қолданатын бұл сөз динамикалық өзара әрекетті дөп
басып сипаттауға қауқарсыз (Moyles
et al.,
2002). Тәрбиешіге бала же
-
тістікке жетуге тиіс деген бір ғана нұсқау берілуі керек, бірақ баланы
Достарыңызбен бөлісу: