Кең
ауқымды оқу бағдарламасы
327
дингбаттар (суретті пазлдар);
жұмбақтар мен лимериктер (мысалы,
Перудан келген бір қарт бо
-
лыпты...);
«туды тап» ои�ыны;
есінде қалғаны бои�ынша карта салу;
монополия стиліндегі үстел ои�ындары;
белгілі
бір елге қатысты тағам, музыка және артефактілер;
әңгімелер
мен өлеңдер;
балалар өздері елді мекеннің фотосуреттер пакетін жасаи�ды;
фотосурет/видео ои�ындар (мысалы, «бұл жер қаи�да?»).
Дінтану
Діни білім өмірдегі кейбір негізгі сұрақтарға жауап береді: Біз қай
-
дан келдік? Өмірге келудегі мақсатымыз не? Біздің қандай парызымыз
бар? Өлгеннен кейін не күтіп тұр? Уотсон мен Томпсон осы пәнге қа
-
тысты семантикалық қиындықтарды талқылай отырып, (2007: 66)
«дінтану – бұл Құдайға деген сенім мен сол сенімді дұрыс қабылдауды
зерттеу» деген қорытындыға келеді. «Дінтану пәнін жүргізетін мұға
-
лімнің діндар болғаны тиімді ме?» деген өте бір қызық сұраққа автор
-
лардың айтуынша, догматик және басқаларды қабылдамайтын діндар
(немесе агностик) адам балалардың діни сеніміне және сыни тұрғыдан
ойлау қабілетіне зиян келтіруі мүмкін.
Мұғалімдердің көпшілігі дене шынықтыруды үйрету үшін спорт
-
шы болудың немесе Уэльсте Валлий тілін үйрету үшін сол жердің тума
-
сы болудың міндетті емес екені сияқты, мұғалім жеке діни көзқарасына
қарамастан жоғары деңгейде сабақ бере алады деп есептеледі. Алайда
пәннің негізін құрайтын зерттеу мен рефлексивті ойлау түрін модель
-
деу керек және басқаларға құрметпен қарап, сезімталдық танытуы қа
-
жет. Сонымен қатар мұғалімнің арқа сүйейтін пәндік білімі мен түсі
-
нігі болуға тиіс. Алайда Бүкілпартиялық парламенттік топтың (APPG)
2013 жылғы діни білім беру туралы есебінде дінтану пәнін көбіне осы
пән бойынша арнайы білімі жоқ мұғалімдер оқытатыны анықталды.
Сондай-ақ бұл есепте бастауыш сынып
мұғалімдері мен стажерлар
-
дың жартысына жуығы дінтануды оқытуда өздеріне сенімді болма
-
ғаны және мұғалімдердің бастапқы дайындығының сапасында үлкен
айырмашылықтар бар екені айтылған (All Party Parliamentary Group on
Religious
Education, 2013).
Мұғалімдер де, оқушылар да қайталанатын сабақтардан бас тар
-
туға құқылы, алайда іс жүзінде бастауыш мектепте оқытылатын жал
-
Кең ауқымды оқу бағдарламасы
328
пылама қабылданған либералды жұмыс тәртібіне қарсылық білдіре
алатындар аз. Күнделікті ұжымдық ғибадат ету басқа мәселе, сондық
-
тан оны дінтануды оқытумен шатастырмау керек. Мектептер басқа дін
өкілдері балаларының көп болуына байланысты түскен өтініштер нә
-
тижесінде босатылмаса, күнделікті толық немесе негізінен христиан
-
дық сипаттағы ғибадатты өткізуге міндетті. Шотландияда конфессия
-
лық емес мектептерге діни рәсімдер өткізу мақсатындағы және басқа
мақсаттағы жиындардың ара-жігін бөліп көрсету қажет екені айтылды.
Қандай діни рәсімдер өткізу керегін шешу мектеп пен жергілікті билік
-
тің құзырында. Мектептер «ойлануға арналған уақыт» терминін қолда
-
нуына да болады (Scottish
Government, 2011).
ОЙТҮРТКІ
Дінтануды оқытуда діни сенім қаншалықты маңызды деп ойлайсыз?
1944 жылғы «Білім туралы» заңның талаптарына сәйкес Англия
мен Уэльстің жергілікті білім беру органдары діни білім беру бойын
-
ша тұрақты консультативтік кеңес (SACRE)
құруға құқылы болғаны
-
мен, бұл тек 1988 жылғы «Білім туралы» заңнан кейін ғана міндет
-
телді. Олар
Достарыңызбен бөлісу: