Бағдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014


Қазақ тілінің дыбыс жүйесі



бет3/40
Дата05.02.2022
өлшемі421,42 Kb.
#7487
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
2.Қазақ тілінің дыбыс жүйесі.
Дыбыс жүйесі. Дауысты дыбыстар. Тілдің қатысына қарай жуан, жіңішке, жақтың қатысына қарай ашық, қысаң, еріннің қатысына қарай еріндік, езулік дауысты дыбыстар.
Дауыссыз дыбыстар. Дауыс пен салдардың қатысына қарай үнді, ұяң, қатаң.
Үндестік заңы. Дыбыстар мен буындардың үндесуі туралы түсінік. Үндестік заңының негізгі түрлері. Сөз құрамындағы буындардың бірыңғай жуан немесе жіңішке, еріндік болып үндесуінің себебі. Дыбыстардың өзгеруі мен үндесуі.
Буын. Буынның жасалуы. Буынға тән белгілер. Буынның түрлері. Буынның дыбыстық құрамы. Сөздің буын құрамы. Буын және тасымал.
Екпін. Екпін туралы түсінік. Екпін мен ырғақ, ырғақтың маңызы. Екпін мен ырғақтың сөз мағынасын саралау қызметі.
Дыбыстық құбылыстар. Редукция. Сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың түсірілуі. Элизия сөз іші мен сөз жігінде қатар келген дауысты дыбыстардың біреуінің түсірілуі. Метатеза. Сөз ішіндегі қатар келген дыбыстардың орын ауыстыруы.
Орфография. Орфографияның фонетикалық, морфологиялық, дәстүрлі және ажыратушы принциптері. Олардың артықшылықтары мен қиындықтары.
Орфоэпия. Орфоэпияның әдеби тілдегі орны. Орфоэпиялық норманың негізгі өлшемдері. Дауысты, дауыссыз дыбыстардың және кейбір сөздер мен қосымшалардың айтылуындағы ауытқулар. Орфография мен орфоэпияның арақатысы.
Үндестік заңының түрлері. Дыбыс үндестігі: ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал.
Буын үндестігі: тіл, ерін үндестігі. Тіл үндестігі бойынша сөздің барлық буындарының бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке болып үйлесуі. Тіл үндестігіне бағынбайтын қосымшалар.
Ерін үндестігі. Сөз ішіндегі еріндік дауыстылардың үндесуі.
Бейімдестік.
Дауысты-дауыссыз дыбыстардың үндесуі. Дауысты дыбыстың орналасу тәртібіне байланысты ілгерінді, кейінді аккомадация түрлері.
Бірге және бөлек жазылатын сөздер.Кірме сөздер емлесі.
Қазақ тілі дыбыс жүйесінің зерттелуі.

Каталог: images -> wksu -> novaya
novaya -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
wksu -> «Бухгалтерлік есеп»
wksu -> «Есеп және қаржы» кафедрасы 3 кредит Лектор: аға оқытушы Алтыбаева Шынар Мендигалиевна «Қаржы» мамандығының студенттері үшін
wksu -> Лектор: аға оқытушы Алтыбаева Шынар Мендигалиевна «Қаржы» мамандығының студенттері үшін
wksu -> «Қаржылық есеп 2»
wksu -> «Қаржылық есеп 1»
wksu -> Қехс бойынша бухгалтерлік есеп
novaya -> Бағдарламасы (дайындық бағыты: ғылыми-педагогикалық және бейіндік)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет