Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



бет4/23
Дата23.12.2019
өлшемі0,55 Mb.
#54420
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Сауат ашу әдістеме - копия
akkala, Biznes zhospar SyrtkyKiimOndirisiBoyynshaZhelilerAshu, Сауат ашу әдістеме




ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары:

Қандай жақсы сөздерді естідің?

Сенде өзіңді таныстыр. Неше жастасың? Əнуар сөзді қалай тыңдады?

Айгүл мен Əлия бір-бірімен қалай сөйлесті? Балалар өз ойын достарына қалай жеткізді?

Балалардың қимылына қарап не айтып тұрғанын түсіндің бе?



Өткен ҰОҚ бойынша алған білімі

Мектеп ауласы, күз мезгілі туралы пікірлесіп, балалармен қалай танысқаны туралы айтады.

Сөйлеу туралы мағлұмат алып, ауызша, жазбаша сөйлеу түрлерімен танысады. Балалар сөйлеудің əр түрін қолданып, сөйлесіп оқу қызметін қорытындылайды.



Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

I. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.

Педагог балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, бір-біріне жылы сөздер айтқызады.

Балалар өздеріне ұнайтын жақсы тілектерін айтады.



Шаттық шеңбері

– Кəне, барлығымыз бір-бірімізге көтеріңкі көңіл күй сыйлайық. Бүгінгі күнді жақсы өлең жолдарымен бастайық.


Күлімде күн, күлімде, Жер жасарып көгерсін. Кешегідей бүгін де, Қанат қақсын көгершін.
(Ұ) Ойын: «Жануарларды қимылына қарап анықта!»

Шарты: Ортаға бір бала шығады. Педагог ортадағы баланың құлағына кез келген жануардың (қоян, ит, мысық, аю, қасқыр) атын атайды. Бала естіген жануарын балаларға түсінікті болатындай қимылмен көрсетеді.

Қалған балалар ортадағы баланың қимылына қарап, қандай жануар екенін табады. Бірінші тапқан бала ойынды ары қарай жалғастырады. Балалардың ым-ишара арқылы сөйлеуге, бір- бірін түсінуге болатыны туралы түсініктері

кеңейеді.






0–2мин.






II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.

Əліппе-дəптер.



3–5 мин.




ҰОҚ-ның ортасы

III. Тақырып бойынша жұмыс

6 – 27мин.



(Ұ, Ж)Əліппе-дəптермен жұмыс. 1-тапсырма

  • Балалар мектеп ауласынан кімдерді көріп тұрсыңдар?

  • Балалар қандай киім киген?

  • Олар бір бірімен қалай амандасты?

  • Балалар бір-бірімен қалай танысты?

  • Олардың жастары нешеде?

  • Қыздар жапырақтан не жасады? Сұраққа жауап толық жауап береді. Танысу туралы өз ойларын айтады. 2-тапсырма.

Балалар суретке қарап Əнуардың не айтып отырғанын жəне Айгүл мен Əлияның қалай сөйлесіп тұрғанын айтады.

  • Əнуар сөзді қалай тыңдап отыр?

  • Айгүл мен Əлия қалай сөйлесіп отыр?

Сұраққа жауап бере отырып, балалар сөйлесудің түрлерімен; ауызша жəне жазбаша болатынын түсінеді. Сөйлеудің адам өміріндегі маңызын балалар сұрақтарға жауап бере отырып анықтайды. Сөйлеу арқылы адамдардың бір- бірімен қарым-қатынас жасайтынын, бір-бірімен түсінісетінін біледі. Сөйлеу дегеніміз оқу, жазу, сұраққа жауап беру екенін біледі. Сонымен қатар қимыл арқылы өз ойыңды білдіруге болатынын түсінеді. Өз ойымызды ақырын сыбырлап жəне айғайлап жеткізетінімізді біледі.

Бой сергіту жаттығуы: «Би билейміз» əнін қимыл-қозғалыспен орындайды.

Иілеміз оңға бір, иілеміз солға бір.

Бір анда, бір мұнда, өзіңді-өзің айнала. Бас аяқты – топ, топ, топ,

Шапалақта – хоп, хоп, хоп.

Бір анда, бір мұнда, өзіңді-өзің айнала. Басымызды иеміз, би билейміз, күлеміз, Бір анда, бір мұнда, өзіңді-өзің айнала.

(Ұ) Əліппе-дəптермен жұмыс

3-тапсырма

Бірінші суреттегі баланың іс-əрекетін айтады.

–Бала қағазға не жазып отыр? Ол нені қолданды? Екінші суреттегі қыздың іс-əрекетін айтады.



  • Қыз компьютерге не жазып отыр?

Əліппе-дəптер.

Əліппе-дəптер.

Музыкалық сүйемелдеу.






– Жазу үшін не қолданды?

Екі суретті салыстырып, өз ойымызды жазбаша білдіруге болатыны туралы қағазға жазу арқылы жəне компьютерге жазып пошта арқылы хат жіберіп сөйлесуге болатынын біледі.

4-тапсырма

Балалардың қимылына қарап не айтып тұрғанын табады.

Балалар бір-бірімен суреттегідей ымдап сөйлеседі.

5-тапсырма

Мектепте қандай оқу құралдарды қолданамыз? Олар бізге не үшін қажет?

Балалар тек жазу құралдарын белгілейді.

Педагог балаларға қарындашты дұрыс ұстау тəсілін көрсетіп , орындықта кеудесін көтеріп дұрыс отыру керек екенін түсіндіреді.

Орындықта дұрыс отырмаудың салдарынан

омыртқа жотасының қисаятынын айтып, көрнекі суреттерді көрсетуге болады.

Партада дұрыс отырған баланың суреті.



IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. Рефлексия.
28-30 мин.

Педагог қорытынды жасайды, балаларды марапаттайды.

Кімге оқу қызметі ұнады?

Балаларға сөйлесудің қандай түрі ұнады?

Сенің ойыңша, достарыңмен қалай танысу керек? (Ө)Рефлексивті бағалау: Балалар өз жұмыстарын смайликтерар қылы бағалайды.


Əліппе-дəптер



2 ҰОҚ




ТАҚЫРЫБЫ: Біздің ойындарымыз. Сөйлем

Мектеп/МҰ:

Саны:

Педагогтің аты-жөні:

СЫНЫП (ТОП):

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары

0.1.2.1. Сөйлемді ажыратып, оның мағынасын түсіну, оларды үлгінің көмегімен жəне ұсынылған үлгілер негізінде жазу.

0.3.1.1. Сөйлем сызбасын құру.



Күтілетін




нəтиже

Барлық тəрбиеленушілер:

Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады.

Сөйлемнің неше сөзден тұратынын айтады. Сөйлем сызбасын салады.

Сіріңкемен шаршы салып, сөйлем құрайды.



Көпшілік тəрбиеленушілер:

Сөйлемнің мағынасын түсінеді. Əңгіменің неше сөйлемнен тұратынын анықтайды.

Шаршы арқылы сөйлемнің құрамын анықтайды.

Үзік сызықтармен сөйлем құрайды.



Кейбір тəрбиеленушілер:

Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады. Сөйлем сызбасын оқиды.

Сөйлем сызбасын құрастырады.


Тілдік мақсат

Тəрбиеленушілер:

Сурет бойынша сұрақтарға толық, анық жауап береді. Достарымен ойнайтын ойын түрлерін атайды.

Өзара диалог құрайды.

Сызба арқылы сөйлемнің неше сөзден тұратынын анықтайды.



Негізгі терминдермен сөз тіркестері:

Шахмат, скейт, батпырауық.



ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын

тіл:

Пікір алмасу сұрақтары.

-Суретте не болып жатыр деп ойлайсың?

-Қораптың ішінде қандай ойыншық болғанын қалайсың?


-Скейт жасау білесің бе?

  • Сіреңкенің қауіпті зат екенін білесің бе?

  • Сөйлем неше сызбамен берілген?


Өткен ҰОҚ- дан алған білім

Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады.

Сөйлем ішіндегі сөз санын ажырата біледі.

Сіріңкенің қауіпті екенін түсінеді.


Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

II. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.
0–2мин.
II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.
3–5 мин.

ҰОҚ-да жұмыс жасау үшін педагог жағымды атмосфера туғызады. Əрбір тəрбиеленуші өздеріне ұнайтын өз бойларындағы жақсы қасиеттерін айтады.
Айтамыз алғыс қайталап, Тыңдайды бізді шартарап. Өмір сүру – бір бақыт.

Дос бола білу – шын бақыт!


(Ұ)Педагог əртүрлі пішіндерді беріп, əр пішіннің неге ұқсайтынын сұрай отырып, балалардан қолдарын жоғары көтеріп пішіндер жасауды өтінеді.

Балалар қолдарын жоғары көтеріп, алақандарын біріктіріп үшбұрыш, қолдарын жоғары көтерген қалпы шеңбер жəне қайтадан бастапқы қалыппен қолдарын жоғары көтеріп шаршы жасауды үйретеді, балалар қимылдарды

2-3 рет қайталайды.





ҰОҚ-ның ортасы

III.

Тақырып бойынша жұмыс

6 – 27мин.



(Ұ) Əліппе-дəптермен жұмыс.

1-тапсырма. Сурет арқылы сұраққа жауап береді.

  • Суретте не болып жатыр деп ойлайсыңдар?

  • Суреттен не көріп тұрсыңдар?

  • Балалар қандай ойын ойнап жүр?

  • Мысық пен тышқан ойынын ойнау білесіңдер ме?

  • Саған тышқан болу ұнай ма?

  • Өзің қандай ойынды ұнатасың?

  • Ол ойын үшін қандай құралдар керек? Балалар шағын əңгіме құрайды.

  • Досына доп бермеген Досан қандай бала?

2-тапсырма. Қораптың ішіндегі заттарды табады. Балалар қораптың ішіндегі затты табу үшін өз ойларын айтады.

Əліппе-дəптерде берілген 3 сөзді сөйлем сызбасы бойынша оқушылар өз ойларын 3 сөзден тұратын сөйлеммен айтады. Мысалы: Қорапта қуыршақ бар. Қорапта текше бар. Қорапта мəшине бар.

Сөйлем құрастырғандарын, сөйлемнің сызбаға сəйкес 3 сөзден тұратынын айтады. Сөйлем туралы түсініктері қалыптасады.

3-тапсырма. «Қызық ойын» өлеңін педагог мəнерлеп оқып береді. Балалардың тыңдағаны бойынша не түсінгені анықталады. Педагогтің айтқанын қайталай отырып, балалар жаттап алады. Бұл өлеңді сергіту жаттығу ретінде пайдалануға болады.

Біздің ойын қызықты! (Құшақтарын жазып екі жаққа ырғалады).


Əліппе-дəптер.


Сұрақтарға жауап береді.

Сөйлем сызбасы сызылған плакат.






Мак!Мак!Мак!

Басып кеттім сызықты. (Аяқтарын кезек көтеріп, біраяқпен секіреді).

Қап!Қап!Қап! (Ұ. Есдəулет)
Өлеңді балалар қимылмен 2-3 рет қайталап есте сақтайды.


  • Сендер скейтпен сырғанап көрдіңдер ме?

  • Скейттің пішіні қандай?

  • Оны қырынан қарағанда неге ұқсайды?

4-тапсырма. Ермексаздан скейт бейнесін жасау. Скейттің ойын құралы екенін айтып, оның бейнесін сипаттайды.

5- тапсырма. Сурет бойынша əңгіме жүргізу. Сіріңкемен ойнауға болмайды деген қорытынды пікірге əкелуге жетелеу.

  • Немен ойнауға болмайды?

  • Балалар қораптың ішінде не бар?

  • Сіріңке неге қауіпті?

Үш-төртсіріңке қорабын қатар қойып, тақырыпқа байланысты үш-төрт сөзден тұратын сөйлем құрастырады.

6-тапсырма. Сөйлем сызбасы үстінен қарындашпен бастырады. Қолдарын үзбей сызуға жаттығады.

Скейттің суреті.

Əліппе-дəптер.


IV. ҰОҚ- ның қорытындысы. Рефлексия.
28-30 мин.

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды.

(Ө) Рефлексивті бағалау– өз жұмыстарын смайликтер бойынша бағалап қорытындылайды.

Əліппе-дəптер

3 ҰОҚ



ТАҚЫРЫБЫ: Біз – өнерлі баламыз. Сөйлем түрлері

Мектеп/МҰ:




Саны:

Педагогтің аты-жөні:

СЫНЫП-ТОП:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары

        1. Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтару.

        2. Сөйлемдерді интонация бойынша ажырата отырып

(хабарлы, сұраулы, лепті), сөйлеу барысында қолдану.

0.3.2.1. Сөйлем сызбасының соңына тиісті тыныс белгілерін қою: нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі.



Күтілетін




нəтиже

Барлық тəрбиеленушілер:

-өнер түрлері туралы біледі;

-əртүрлі балалардың өнері туралы əңгімелейді;

-берілген сұраққа толық жауап береді;

- коллаж жасайды.


Көпшілік тəрбиеленушілер:

-Сұраққа жауап береді.

-Сөйлем интонациясына қарап түрлерін анықтайды.

- Тыныс белгілері мен сызба бойыншасөйлем түрлерін құрастырады.



Кейбір тəрбиеленушілер:

-Сөйлем құрастырады. Көңіл күйін білдіреді.

Өз өнері туралы əңгімелейді.


Тілдік мақсат

Тəрбиеленушілер:

-Сурет бойынша берілген сұраққа жауап береді.



  • Өнер туралы пікірлеседі.

  • Сөйлем түрлерін əртүрлі интонациямен жеткізеді.

Сұрақ бойынша «Мен өнерлі баламын» тақырыбында əңгіме құрастырды.

Негізгі терминдермен сөз тіркестері:

Шахмат, футбол, тыныс белгі.



ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары.

  • Саған балалардың қандай өнерлері ұнады?

-Өзің не істей аласың?

  • Сен шахмат ойнайсың ба?

  • Сіріңке шырпысынан шаршы құрастыру білесің бе?

-Саған қандай түс ұнайды?


Өткен ҰОҚ-дан алған білім

Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады.

Сөйлемнің құрамын анықтайды.

Жолды таба алады, жоларалық кеңістікті сақтайды.


Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.
0–2мин.

II.

Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.
3–5 мин.

Балалар көңілді күйде шаттық шеңберіне тұрады.

Өлеңді қимылымен айтып, қайталайды.


Қуан шаттан алақай, Қуанатын күн келді. Күліп шықты күн бүгін,

Қайырлы таң, қайырлы таң, достарым!


(Ұ,Ө)Педагогтің сұрағы бойынша əңгіме жүргізіледі:

Өнерлі балалардың əртүрлі өнерлері туралы əңгімелейді. Коллаж жасайды.

Балалардың өнерлеріне қарап болашақта қандай маман иесі болатыны туралы əңгімелесу. Балалар өз қолынан қандай өнер келетінін айтады.





ҰОҚ-ның ортасы

III.

Тақырып бойынша жұмыс

6 – 27мин.



(Ұ) Əліппе-дəптермен жұмыс.

1-тапсырма. Оқу құралында берілген суреттер бойынша жұмыс жүргізіледі. Осы суреттер арқылы ҰОҚ-ның тақырыбы ашылады.

  • Саған қай баланың өнері ұнайды?

  • Мұндай өнерлі балалар араларыңда бар ма?

  • Саған немен айналысқан ұнайды?

  • Сен қай тілде əн айта аласың?

Балалар сұраққа жауап береді. Шағын əңгіме құрастырады. Сурет арқылы ҰОҚ-ның тəрбиелік мəні ашылады. Əр баланың өнерлі болуға ұмтылуы туралы əңгімеленеді.

2-тапсырма. Сен шахмат ойнайсың ба? Педагог балалар назарын сұрақ белгісіне аудартады.

Айсұлу мен Қуаныштың жауабын естиді. Олар балаларға ережені түсіндіреді.

Сұрақ қою мақсатында айтылғандықтан, оның сұраулы сөйлем деп аталатындығын біледі.

Мен шахмет ойнаймын.

Педагог сөйлем соңындағы нүктеге көңіл аударып түсіндіреді.

Бір нəрсе жайында хабарлай айтылса, ол хабарлы сөйлем деп аталады.

Мен жеңдім, алақай!

Педагог балалар назарын леп белгісіне аударып, түсіндіреді.

Қуанышты, ренішті көңіл күйді білдіріп тұрған сөйлемнің лепті сөйлем деп аталатындығы түсіндіреледі.

Балалар сөйлем түрлеріне өз мысалдарын келтіреді. Ол үшін көңіл күйді білдіретін əртүрлі сурет түрлерін қолдануға болады.



(Ұ) Сергіту сəті.

Əліппе-дəптер.

Сұрақ белгісі жазылған плакат.

Нүкте жазылған плакат.

Леп белгісі жазылған плакат.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет