Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



бет5/23
Дата23.12.2019
өлшемі0,55 Mb.
#54420
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Сауат ашу әдістеме - копия
akkala, Biznes zhospar SyrtkyKiimOndirisiBoyynshaZhelilerAshu, Сауат ашу әдістеме




Күлімде күн күлімде, Күлсін барлық бала шат. Берекелі, бүгінде, Достығымыз жарасқан. Достар бірге жүреміз, Бірге ойнаймыз күлеміз!
Балалар өлең жолдарын, көтеріңкі көңіл күймен, қимылымен орындайды.

3-тапсырма. 1-сурет бойынша балалардан педагогке қақпаға доп кіргізген кезде көңіл күйлерін қалай білдіретінін сұрайды. Балалар өз көңіл күйлерін көтеріңкі дауыспен білдіреді. Педагог олардың дауыс мəнеріне назарларын аударады. 2-сурет бойынша балалар сұрақ қойған кезде де дауыс интонациясын келтіріп айтуына назар аудару керек.Содан соң сөйлем түрлеріне берілген мысалдардың соңындағы тыныс белгісін көрсетеді. Балалар дауыс интонациясына қарай əртүрлі белгілер қойылатынын байқайды. Ол белгілер не үшін қойылатыны туралы балалардың болжамын білу. Педагог əрбір сөйлемді дауыс мəнерін келтіре отырып айтады. Балалар педагогтің дауыс интонациясына қарай отырып, сөйлемнің қандай көңіл күйді білдіріп тұрғанын анықтайды. Сөйлемнің айтылуына қарай үш түрі болатындығы туралы қорытынды жасалады.

4-тапсырма. Ойын түрінің бірі шахмат туралы қысқаша балалардың не білетіндігі анықталады. Шахмат тастарын орналастыратын оның тақтасын көретіп, олардың ақ, қара шаршыларға бөлінгеніне назарларын аударады. Балалар қара мен ақ түстің кезектесіп отыратынын байқайды. Шаршы құрастыру үшін неше шырпы қажет екенін санайды. Оған жалғастыра отырып, екінші шаршыны құрастырады, ол үшін неше шырпы қажет екенін айтады. Балалар 7 шырпы қажет екенін айтады. Екінші шаршыға неге 1 шырпы кем қолданылғанын өздері қорытындылап айту керек. Педагог өз қалауынша ары қарай шаршыны жалғастыруға тапсырма беруіне болады.

5-тапсырма. Қол икемділіктерін дамыту. Қолын үзбей шарларды үстінен бастырып сызып шығады. Өзіне ұнаған түспен

шарларды бояйды.






IV. ҰОҚ-

ның

Педагог қорытынды жасайды.

Балаларды мадақтайды.






қорытындысы. Рефлексия.
28-30 мин.

(Ө)Рефлексивті бағалау.

Смайлик арқылы өз білімдерін бағалайды.



Түрлі түсті қарындаштар, əліппе-дəптер.

4 ҰОҚ




ТАҚЫРЫБЫ: Мен білетін жақсы сөздер.

Сөз

Мектеп/МҰ:

Саны:

Педагогтің аты-жөні:

СЫНЫП-ТОП:

Қатысқандар

саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары

0.1.2.1. Сөз бен сөйлемді ажыратып, сөздің, сөйлемнің мағынасын түсіну.

0.3.1.1 Сөз, сөйлем сызбасын құру, оларды үлгінің көмегімен жəне ұсынылған үлгілер негізінде жазу

0.1.4.1 Сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтап, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), сөздерді (кешіріңіз, тыңдаңызшы! жəне т.б.) қолдану

0.3.3.1 Жазу бетін бағдарлау, жазу жолын, жоларалық кеңістікті

ажырату, тор көз дəптерге кең сызықтар, əріп элементтерін жазу


Күтілетін нəтиже


Барлық тəрбиеленушілер:

Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады.

Сөздің графикалық белгісін таниды.

Жазуға жаттығады.



Көпшілік тəрбиеленушілер:

-Сұраққа жауап береді.



  • Сөзді ажыратып, сөздің, сөйлемнің мағынасын түсінеді.

  • Сөйлемдерді интонация бойынша ажырата отырып (хабарлы,

сұраулы, лепті), сөйлеу барысында қолданады.

  • Жазу жолын сақтап, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын ажыратады.

Кейбір тəрбиеленушілер:

- Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады.



  • Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.

  • Сөздердің қолдану орнын анықтайды.

Тілдік мақсат

Тəрбиеленушілер:

  • Талқылау барысында сұрақтарға толық жауап береді.

  • Сөздің қай жерде қолданатыны тұралы айтады.

  • Заттардың атын атайды. Сөзден сөйлем құрайды.

Негізгі терминдермен сөз тіркестері:

Рақмет, кешіріңіз, сау бол.






ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын

тіл:

Пікір алмасу сұрақтары.

Суретте не болып жатыр деп ойлайсың?

Берілген сөздердің қай кезде айтылатыны туралы анықта. Педагог топқа кіргенде қалай амандасасың?

Алманы бөліп берген кезде Асанға неше бөлігі қалды? Асан қандай бала?

Суреттен қандай заттарды көріп тұрсың?



Өткен ҰОҚ-дан алған білім

Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады;

Сөздің графикалық белгісін таниды;

Жазуға жаттығып, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын ажыратады.


Жоспар

Жоспарланғ

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

III. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.

0–2мин.
II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.


3–5 мин.

ҰОҚ-дажұмысжасауүшін педагог жағымды атмосфера туғызады.

Тəрбиеленушілер бір-біріне жылы сөздерін арнайды. Тағы қандай жақсы, жағымды сөздерді білетіні сұралады. Қасындағы көршісі оған арнап жақсы сөз айтқанда өзінің көңіл күйі қандай болғанын айтады.

(Ұ)Балаларға қолдан жасалған 7-8 күлтеден тұратын гүлдер беріледі. Балалар əр күлтесін жұлып отырып, жақсы сөздер, тілектер айтады. Анасына, бауырларына, достарына арнаған өздері білетін жақсы сөздерді, тілектерді айтады. Адамдар бір-біріне үнемі жақсы сөздер айтып, қуантып жүруі керек деген қорытынды

жасайды.





ҰОҚ-ның ортасы

III.

Тақырып бойынша жұмыс

6 – 27мин.



(Ұ) Əліппе-дəптермен жұмыс.

1-тапсырма. Суретке қарап, балалар қандай жақсы сөздер айтып тұрғанын өздері анықтайды.

– Суретте не болып жатыр деп ойлайсыңдар? Суретке қарап отырып, балалардың ым- ишарасынан қандай сөз айтқанын біледі.

–Асан үшінші суретте не айтуды ұмытты? Балалар Асанға сөзді еске түсіруге көмектеседі. 2-тапсырма. Балалар «Қайырлы таң»,

«Қайырлы түн!» сөздерінің қай кезде қолданылатынын біледі. Сұраққа жауап береді. Балаларға осы сөздерді күнделікті қолдануға кеңес береді. Бұл сөздердің қай суретке сəйкес келетінін өздері табады. Сурет бойынша жұмыс жүргізіледі. Суретте бейнеленген заттардың


Əліппе-дəптер






атауын айтуды сұрайды. Мысалы: төсек, шам, орындық, ана, бала т.б. Өзінің айналасын бөлмеде қандай заттар қоршап тұрғанын айтады. Балалар барлық заттың атауы бар деген қорытындыға келеді. Заттардың атауы сөз деп аталатынын біледі. Сөздің белгісімен таныстырады. Педагог тақта алдына 2, 3, 4 сөздің белгісін қойып, осы белгіге сəйкес келетін сөйлемдер құрастыруын сұрайды.

Сөйлем сөзден құралады деген қорытындыға əкелу керек.



3-тапсырма. Педагог сыныпқа кіргенде қалай амандасасың? Қимылмен көрсет.

Топқа кірген педагогпен қалай амандасу керек екенін орындарынан тұрып көрсетеді. Педагог топтан шығып кетіп, қайта кіргенде балалар орындарынан тұрып амандасады. Балалар бұл жерде амандасқандарын тек қимыл арқылы ғана көрсеткендерін айтады. Басқа да нені ым- ишара, қимылмен көрсетуге болатынын естеріне түсіреді, өздері білетіндерін көрсетеді. (Ұ) Сергіту сəті:



Қоңыздар

Көк шалғында қоңыздар. Би билейді айнала.

Оң аяқпен топ-топ, Сол аяқпен топ-топ.

Екі қолды жоғары, жоғары. Көтереді жай ғана.

Кəне, кімнің қолдары Көрінеді жоғары?
4-тапсырма. Қолында бар затты достарымен тең бөлісіп жеуге жетелеу. Өзінің затын ешкімге бермейтін бала туралы рөлдік ойын ұйымдастыруға болады.

Асан достарына алманы қалай бөліп берді? Əрқайсысына неше бөліктен тиеді?

Балалар дəптерлерінде əрқайсысына тиесілі бөлікті сызып қосады.


  • Асанның өзінде неше бөлігі қалды?

  • Асан қандай бала?

  • Өз бөлігін алған кірпі, тиін жəне қанқыз. Асанға не деу керек?

Нақыл сөз жаттау. Нақыл сөздің мазмұны алдыңғы тапсырмамен байланыстыра отырып түсіндіріледі.

Жақсыдан үйрен,


Əліппе-дəптер


Музыкамен сүйемелдеу.

Нақыл сөздер жинағы.






Жаманнан жирен.

5-тапсырма. Педагог əліппе-дəптердегі жазу элементерінің қалай орындалатынын ауаға сызып көрсетеді. Балалар жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын ажыратады.

Əліппе-дəптер.



IV. ҰОҚ- ның қорытындысы. Рефлексия.
28-30 мин.

Педагог оқу қызметін қорытындылап, балаларды мадақтайды. (Ө)Рефлексивті бағалау.

Смайлик арқылы өз білімдерін бағалайды.



Түрлі түсті қарындаш, əліппе-дəптер.



5 ҰОҚ





ТАҚЫРЫБЫ: Бəріміз тақпақ айтамыз.Буын

Мектеп/МҰ:

Саны:

Педагогтің аты-жөні:

СЫНЫП-ТОП:

Қатысқандарсаны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ-ның оқытылу

мақсаттары

0.1.1.3 Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу

ретін анықтау

0.2.1.1 Сөз/сөйлемсызбасыноқу.

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.

0.3.3.2 Қарапайым жиектерді штрихтап салу.


Күтілетін нəтиже


Барлық тəрбиеленушілер:

Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады.

Сөзді буынға бөліп айтады, буын санына жыратады. Буынның графикалық белгісін таниды.

Жазуға қолдарын жаттықтырады.



Көпшілік тəрбиеленушілер:

Тыңдалған мəлімет/хабарламаны тірек сызба, иллюстрация көмегімен мазмұндайды.

Сөзді буынға бөліп, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтайды.

Заттардың аттарын атап, буынға бөледі.

Жазу жолын сақтап, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын ажыратады.


Кейбір тəрбиеленушілер:

Буын сызбасы бойынша сөз құрастырады. Сөйлем сызбасын құрастырады.



Тілдік мақсат

Тəрбиеленушілер:

Талқылау барысында сұрақтарға жауап бере алады. Суреттер бойынша сұрақтар құрастырады.



Негізгі терминдермен сөз тіркестері:

Сызба, буын, буын саны.



ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары.

Суреттен не көріп тұрсыңдар?

Суреттегі жануарлар туралы қандай тақпақ білесіңдер? Буын саны көп сөзді айт?

Сенің əжең кимешек кие ме?




Өткен ҰОҚ-дан алған білім

Сөйлемдегеніміз не? Сөйлемнеден тұрады. Сөздер неге бөлінеді? Сөздегі буындардың белгісін қояды.

Жоспар

Жоспарланға

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурста

І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.
0–2мин.
II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.

3–5 мин


ҰОҚ-да жұмыс жасау үшін педагог жағымды атмосфера туғызады.

Шаттық шеңбері
Қуанамын мен де, қуанасың сен де, Қуанайық, достарым, арайлап атқан күнге. Бүгінгі күніміз сəтті өтсін,

Бəріңе сəттілік тілеймін!


(Ұ,Ө)Педагог балалардан өздерінің сүйікті тақпағын айтуды сұрайды.

– Айтқан тақпағың екінші адамға түсінікті болу үшін қалай айту керек?

Балалар өздерінің айтқан тақпақтарының мағынасы не туралы екенін айтады.

Балалардың айтқан тақпақтарының мазмұны бойынша балалар тақпақта адам, жануарлар,

өсімдіктер, табиғат т.б. заттар туралы айтылатынын біледі.


Сұрақ- жауап



ҰОҚ-ның ортасы

III. Тақырып бойынша жұмыс

6 – 27мин.



(Ұ) Əліппе-дəптермен жұмыс.

1-тапсырма. Суретке қарап отырып, педагогтің қойған сұрақтарына толық жауап беру. Сурет бойынша тақырыптың тəрбиелік мəнін, мазмұнын ашуға көңіл бөлу керек.

2-тапсырма. Бақыт Исаеваның«Жаңа тақпақ» өлеңін жаттау.

– Тақпақ не туралы?

– Тақпақты кім айтты? Балалар тақпақ ішінен бір буынды сөзді тауып айту керек (мен). Буынның сызбасымен таныстыру. Сөздің ішінде неше дауысты дыбыс барын анықтайды.

– Мен тақпақты қашан жаттадым? Екі буынды сызбаға сəйкес келетін сөзді тақпақ ішінен тауып айтып, сұраққа жауап беру (кеше). Сөздің ішінде


Əліппе-дəптер






екі дауысты дыбыс барын айтады. Осындай жұмыстар арқылы педагог буын саны сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың санына байланысты екені қорытындылап айтуға жетелейді.

Балалар өздері айтқан тақпақтарының ішінен де жеңіл сөздерді буынға бөліп айтады. Балалардың бəрі білетін жеңіл буындардан тұратын тақпақты толық буынға бөліп, əндетіп айтқызуға болады.

Осындай жұмыстардан кейін педагог сөздердің буынға бөлінетіндігін айтады.

3-тапсырма. Суретте берілген жануарлардың аттарын айтады. Өзінің сүйікті жануары туралы əңгімелейді.


  • Суреттегі жануарлардың қайсысы туралы тақпақ білесің?

  • Жануарлардың атын сөз сызбасына сəйкестендіріп айт.

  • Қай жануардың атауы көп буыннан тұрады?

(Ұ) Сергіту сəті

Топ-топ басайық, Жаттығулар жасайық. Қайырымды жан болып, Жамандықтан қашайық.


Ұшқандай боп кекiлiк, Биiк-биiк секiрiп, Ойнап-ойнап, тез өсiп, Кетемiз бiз жетiлiп.
4-тапсырма. Балалардан үйде тақпақ жаттауға кім көмектесетінін сұрау. Олардың өзіне тақпақты тез жаттап алу үшін қандай тəсілдер қолданатынын айтады.

Суретті мұқият қарап, балалар өздеріне тақпақ жаттауға көмектесетін адамның суретін табады. Атасы, əжесі немесе анасы т.б.

Оның кім екенін атайды. Бейнесін батырып сызады.

Ата, əже, ана сөздерін кітапта берілген белгі бойынша буынға бөліп айтады.

Педагог берілген жазу элементтерін қалай бастап, қалай аяқтау керек екенін ауада жазып көрсетеді. Балалар да ауада жазып жаттығады. Жазу жазған кезде дұрыс отыру, қарындашты дұрыс ұстау ережесін еске түсіреді. Қарындашты ауызға салмау, қағаз бетінде қарындашты қатты баспай ұстау ережелері де қайталанады. Төменгі жəне жоғарғы сызықтарды есте сақтап, жазуға қолдарын жаттықтырады.






IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. Рефлексия.
28-30 мин.

Педагог оқу қызметін қорытындылап, балаларды мадақтайды.



(Ө)Рефлексивті бағалау.

Смайлик арқылы өз білімдерін бағалайды.






6 ҰОҚ




ТАҚЫРЫБЫ: Айналамдағы дыбыстар. Дыбыс

Мектеп/МҰ:

Саны:

Педагогтің аты-жөні:

СЫНЫП-ТОП:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары

0.1.1.2. Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту

0.1.1.2 Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты,

дауыссыз) ажыратып, дұрыс дыбыстау.

0.1.2.2. Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтару

0.1.4.1 Сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтап, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), сөздерді (кешіріңіз, тыңдаңызшы! жəне т.б.) қолдану

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне

төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу


Күтілетін нəтиже




Көпшілік тəрбиеленушілер:

  • Тыңдалған дыбыстар арқылы заттарды, ненің дыбыс екенін атайды.

  • Сөздегі дыбыстардың орналасу ретін жəне санын анықтайды.

  • Берілген дыбыстардан сөз құрайды.

  • Қолды үзбей жазады

Кейбір тəрбиеленушілер:
- Дыбыстардан сөз құрастырады.

-Сөз, сөйлем сызбасын құрастырады.

-Сөйлем сызбасының соңына тиісті тыныс белгілерін қояды: (нүкте, леп, сұраулы белгілерді)


Тілдік мақсат

Тəрбиеленушілер:

суреттегі заттардың аттарын атай алады, таниды; сұрақтарға жауап береді, дыбыстарды ажыратып, дұрыс дыбыстайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет