Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



бет8/23
Дата23.12.2019
өлшемі0,55 Mb.
#54420
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23
Байланысты:
Сауат ашу әдістеме - копия
akkala, Biznes zhospar SyrtkyKiimOndirisiBoyynshaZhelilerAshu, Сауат ашу әдістеме

Саны:

Педагогтің аты-жөні:

СЫНЫП-ТОП:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары

0.1.1.2. Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау.

0.1.2.2. Педагогтің сұрақтарына жауап қайтару.

0.1.4.1. Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысу.

0.2.1.1. Сөз/сөйлем сызбасын оқу.

Жазуға қолдарын жаттықтыру, Т əрпінің баспа түрімен танысып жазу.


Күтілетін нəтиже


Барлық тəрбиеленушілер:

Сұрақтарға жауап қайтарады.



Т дыбысы – дауыссыз дыбыс, т дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.

Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздерді буынға бөледі.

Т əрпінің баспа түрін жазады.


Көпшілік тəрбиеленушілер:

Сұраққа жауап беріп, сурет бойынша əңгімелейді.

Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, кітапхана мен дүкеннің айырмашылығын біледі. Суреттен т дыбысы естілетін заттарды табады.

Т дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы т

дыбысының орнын ажыратады.



Тілдік мақсат

Тəрбиеленушілер:

Балалар педагогтің сұрағына жауап береді. Өз ойларын айтып пікірлеседі.


Негізгі терминдер мен сөз тіркестері.
Мұқабасы, насос, телеграф бағаны.
ҰОҚ-да диалог/хатта қолданылатын тіл: Диалог құруға арналған сұрақтар: Суретте не бейнеленген?

Мектеп несімен ұнайды?

Өз мектебіңді жақсы көресің бе?
Негізгі терминдермен сөз тіркестері:

ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын

тіл:

Пікір алмасу сұрақтары.

Кітапхана деген не?

Кітапхана мен дүкеннің қандай айырмашылығы бар? Бұл кітаптар не туралы деп ойлайсың?

Сен қай кітапты таңдар едің?




Өткен ҰОҚ-дан алған білім

Заттардың атын ата. Сөздерді буынға бөл. Сөздер қай дыбыстан басталып тұр? Дыбыстар нешеге бөлінеді? Қандай түстермен

белгіленеді?



Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.
0–2мин.

II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.
3–5 мин.

Педагог балаларды ортаға шаттық шеңберіне тұрғызады.

Балалар шаттық шеңберін құрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.


Күштің көзі ашылсын, Көкке шуақ шашылсын. Амандасу үлкенмен, Тəрбиешінің мəні ғой. Алдыменен, халайық, Амандасып алайық.

Педагог балаларға жұмбақ оқып береді. Өзі айлакер қу,

Жүрген жері айғай-шу.

(Түлкі)

Түлкінің суреті.


ҰОҚ-ның ортасы

III. Тақырып бойынша жұмыс

6 – 27мин.



(Ұ,Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс.







Əліппе-дəптер.

1-тапсырма.




– Кітапхана деген не? (Балалар сұраққа жауап




береді. Педагог балалардың жауаптарын




толықтырып, кітапхана туралы білімдерін




кеңейтеді).
Суреттегі заттарды атайды.

Кітаптардың суреттері.

Балаларға таныс емес атаулардың мағынасын




педагог түсіндіреді.




Т дыбысы естілетін сөздерді атайды. Педагог тдыбысын айтқанда тіліміз кедергі жасап,тісімізге қатты тиіп тұрғанын түсіндіреді.




Суретке қарап, т дыбысы бар зат атауларын ата.




Кітапхана мен кітап дүкенінің қандай




айырмашылығы бар?




Балалар өз ойларын айтып, педагог







толықтырады.

Музыка əуені.

Өлеңдер жинағы.



Ермексаз.

2-тапсырма. Педагог суретте берілген 4

кітаптың мұқабасын көрсетеді. Мұқаба сөзінің

мағынасын түсіндіреді. Балалардан мұқабадағы

суреттер туралы сұрайды. Мұқабадағы

суреттерге қарап кітаптың не туралы екенін

түсінуге болатынын айтады.

Бұл кітаптар не туралы деп ойлайсыңдар?

Балалар кітаптардың мұқабасында салынған

суреттерге қарап, кітаптарға атау береді.

Мысалы: «Жер шарын аралаған робот», «Ит

сүйекті жақсы көреді», «Түлкі мен түйе»,

«Киттің ойыны».

– Өзің қай кітапты таңдар едің?

Кітаптың атауларын қайталай отырып, Т

дыбысы естілетін сөздерді ажыратады. Т

дыбысы естілетін сөздерді буынға бөледі.

Т – қатаң дауыссыз дыбыс. Көк түсті

дөңгелекпен белгілейміз.

(Ұ) Сергіту сəті

Торғай, торғай, торғайсың,

Таяу келіп қонғайсың.

Жем шашайын тойып ал,

Сонда аязға тоңбайсың.

3-тапсырма.Т əрпімен танысайық. Дəптердегі

жұмбақ-өлеңді оқиды. Шешуі: т əрпі екенін

айтады. Балалар суретке қарап, өздеріне таныс

заттарды атайды. Балалар жұмбақ мазмұнына

қарай т əрпінің неге ұқсайтынын айтып, баспа

түрімен танысады. Т əрпіне ұқсайтын заттарды

атайды.

4-тапсырма.Педагог ермексаздан Т əрпінің




жəне О əрпінің бейнесін жасауды көрсетеді. Ермексаздан Т жəне О əрпінің бейнесін жаса.

Əртүрлі түсті ермексаздан жасалған Т жəне О бейнелерінің суреттері.


Сан атаудағы Т əрпінің орнын тап.
5-тапсырма. Берілген сандарды атайды. «Т» əрпінен басталатын сөздерді тауып, буынға бөледі.
Т əрпінің баспа түрін бастырып жазады.

Əліппе-дəптер.



IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. Рефлексия.
28-30 мин.

Педагог балалардың үлгерім деңгейлерін анықтап , белсенділіктерін қадағалайды. (Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар білімдерін смайликтермен бағалайды.

Əліппе-дəптер.





3-тарау Менің айналамда кімдер бар? ТАҚЫРЫБЫ: Менің отбасым. У дыбысы мен əрпі

Мектеп/МҰ:

Саны:

Педагогтің аты-жөні:

СЫНЫП-ТОП:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары

0.1.1.2. Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау

0.1.3.1. Сұраққа жауап бере отырып, У дыбысы жəне əрпімен танысады.

0.2.1.1. Сөз/сөйлем сызбасын оқу

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу



Күтілетін нəтиже




  • Барлық тəрбиеленушілер:

Сурет бойынша сұраққа жауап береді.

Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін ажыратады.



У дыбысы – кейде дауысты, кейде дауыссыз дыбыс. У

дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.

Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі у дыбысының орнын ажыратады.

У əрпінің баспа түрін жазады.



Көпшілік тəрбиеленушілер:




Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін ажыратады.

Сөздегі дыбыс санын, ондағы у дыбысының орнын ажыратады. У

дыбысына сөз ойлайды.

У дыбысына (дауысты, жуан дауысты) сөз құрайды.

Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазады.



Кейбір тəрбиеленушілер:

Сурет бойынша əңгіме құрайды, өз ойын толық жеткізеді. Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.



У дыбысын қатыстырып, сөз, сөйлем құрастырады.

Негізгі терминдермен сөз тіркестері: Отбасы

ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары.

Отбасы мүшелерінің есімдерінен У дыбысын ізде. Бұл отбасында кім үлкен, кім кіші?

Өз отбасыңда сенен кім үлкен? Таяқшаны қалай пайдаланасың?



Өткен ҰОҚ- дан алған білім

Отбасы туралы əңгімелейді. Таныс əріптерді тауып, сөз, сөйлем құрайды. Сөздерді буынға бөледі?

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.
0–2мин.

II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.
3–5 мин.

Педагог балаларды шаттық шеңберіне тұрғызады.

  • Кəне, балалар барлығымыз отбасымызға жақсы тілектер тілейікші!




  • Ата-анам ауырмасын!

  • Үлкендерді сыйлайық!

  • Анамызды ардайық!

(Ұ)Педагог балалардың назарын оқу қызметіне тарту мақсатында балалармен «Отбасым – берекем!» қимылды ойынын ойнатады.

Барлық балалар шеңбер жасап тұрады.

Педагогтің белгісімен отбасы мүшелерін айтып, бір қолымен екінші қолының саусақтарын бір-бірлеп жұмады. Егер саусақтары жетпей қалса, артқа қарай адымдап, қалған отбасыларын атайды. Көп адымдаған балаға «Үлкен отбасы» деген атақ беріледі. Ол бала қалған балаларды бақылаушы болады.






ҰОҚ-ның ортасы

III. Тақырып бойынша жұмыс

6 – 27мин.



Тапсырма орындамас бұрын педагог балаларға жұмбақ жасырады.

Əліппе-дəптер.






Маған да, саған да, Жақын туыс бес адам. Үш əріптен тұратын. Оңға оқы, солға оқы Өзгермейді еш одан. Бəрі де өз жұртың

Айтады, кəне, кім атын? (Ана, апа, аға, іні, ата).


Балалар жұмбақтың жауабын айтады.

(Ұ) Əліппе-дəптермен жұмыс.
1-тапсырма. Педагог: Балалар жұмбақтың жауабында аталған отбасы мүшелерінің есімдерінен У дыбысы естіле ме?
Қайталап айтайықшы!
1.Отбасы мүшелерінің есімдерінен У дыбысын ізде.
Суретте берілген отбасы мүшелері туралы əңгімелейді. Педагогтің көмегімен отбасы мүшелерінің аттарымен атайды.
Отбасы мүшелерінің атауларының сызбасына қарап буынға бөліп, дыбыстық талдау жасайды.
Отбасы мүшелерінің үлкенін, кішісін анықтайды. Балалар өз отбасылары туралы əңгіме құрады.
2-тапсырма. Педагог өлең жолдарын оқып береді. Балалар мұқият тыңдап, естеріне сақтайды.
Балаларға педагог үлкендерді сыйлау, олардың тілін алу, үлкендердің жолын кеспеу туралы əңгімелеп береді.
– У – бірде дауысты, бірде дауыссыз дыбыс.
Педагог У дыбысының дауысты дыбыстан кейін тұрса, дауыссыз болатынын, көк түсті дөңгелекпен, ал дауыссыз дыбыстан кейін естілсе, дауысты болып, қызыл түсті дөңгелекпен белгілейтіндерін айтып түсіндіреді.

Сөздердің сызбасы жазылған плакат.


Əліппе-дəптер.



Тау, су сөздерінің дыбыстық




Балалар «Тау» сөзін қайталап, дыбыстық талдау жасады.
Сөздің неше буыннан тұрғанын айтады. У дыбысының мұнда дауыссыз дыбысының рөлін атқарып тұрғанын біледі.
«Су» сөзін қайталап, дыбыстық талдау жасады. Су сөзінде У дыбысының дауысты дыбыс рөлін атқарып тұрғанын біледі.
3-тапсырма. У əрпімен танысайық.
Күз бейнеленген суретке қарап отырып, балалар күз мезгілі тұралы əңгімелеседі. Күз мезгілінде жапырақтар түсіп ағаштардың бұтақтары көрініп тұрғанын байқайды.
Педагог У əрпінің суретін көрсетіп, бұтақтың суретіне назар аудартып, ұқсастықты айтады.
Балалар бұтақты саусақ ұшымен бастыра салып, сосын ауада салып көрсетеді.
Педагогпен бірге өлең жолдарын қайталайды.
Балалар өлең жолын қайталай отырып, у дыбысының анық айтылуына жаттығу жасатады.
(Ұ) Сергіту сəті
Шеңбер болып тұрамыз, Керегені құрамыз, Уықтарды көтеріп, Шаңыраққа тірейміз.

Жоғары біздің шаңырақ, Күн сəулесін шашады.

Киіз үйде жиналып,


белгімен жазылған плакаты.

Əліппе-дəптер.






Отбасымыз бақытты!
Өлең жолдарын қимылмен қайталайды. 4-тапсырма

Педагог У əрпінің баспа түрін көрсетеді.


Балалар өздеріне берілген моншақты сымға тізіп, У əрпіне ұқсатып жасайды.
5-тапсырма
Педагог балаларға У дыбысын жасау үшін таяқшаларды қолдануға болатынын айтады.
Балаларға ой тастайды.Балалар У дыбысының бейнесіне қарап отырып, өздеріне қанша таяқша керек екенін, жəне қалай жасауға болатыны туралы пікірлеседі.
У əрпінің баспа түрін ауада жазып, сосын жұмыс дəптеріне баспа түрін жазады.

У əрпінің баспа түрі жазылған плакат.

Əліппе-дəптер.


IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. Рефлексия.
28-30 мин.

Педагог балалардың оқу қызметіне белсенділіктері мен қызығушылықтарын талқылап, мадақтайды. Оқу қызметін қорытындылайды.

(Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар өз білім деңгейлерін смайлик арқылы бағалайды.


Əліппе-дəптер





ТАҚЫРЫБЫ: Ақылды ешкі. Ш дыбысы мен əрпі

Мектеп/МҰ:

Саны:

Педагогтің аты-жөні:

СЫНЫП-ТОП:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары

0.1.1.2. Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау.

0.1.2.1. Сөз бен сөйлемді ажыратып, сөздің, сөйлемнің мағынасын түсіну.



        1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.

        2. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратады. Ш дыбысы – дауыссыз дыбыс, ш дыбысының айтылуын дұрыс

дыбыстайды.

Күтілетін нəтиже




  • Барлық тəрбиеленушілер:

Педагог сұрақтарына толық жауап беріп, сөйлемдегі сөздердің санын анықтайды.

Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратады.



Ш дыбысы – дауыссыз дыбыс, ш дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.

Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі ш

дыбысының орнын ажыратады. Ш əрпінің баспа түрін жазады.


Көпшілік тəрбиеленушілер:

Сурет бойынша өз ойларын айтып, мазмұндайды.

Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, талдау жасай алады.

Ш дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы ш

дыбысының орнын ажыратады.

Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, ш əрпінің элементтерін жазады.


Кейбір тəрбиеленушілер:

Жұмыс дəптерінен педагог сұрағы негізінде қажетті мəліметті табады.

Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады.

Ш дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлем құрастырады. Сөз, сөйлем сызбасын құрастырады.


Тілдік мақсат

Тəрбиеленушілер:

Сұраққа толық жауап бере отырып, Ш əрпімен танысады. Ш дыбысынан келетін сөздерді айтады, сөздерді буынға бөліп, дыбыстық талдау жасайды.


Негізгі терминдермен сөз тіркестері: Шарбақ, пішенші, айыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет