Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



бет9/23
Дата23.12.2019
өлшемі0,55 Mb.
#54420
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
Байланысты:
Сауат ашу әдістеме - копия
akkala, Biznes zhospar SyrtkyKiimOndirisiBoyynshaZhelilerAshu, Сауат ашу әдістеме




ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары.

Сен неше сөйлем таныдың? Соңғы сөйлемде неше сөз бар? Ешкі қарбызды не үшін екті?

Ешкіге өзің қалай көмектесер едің? Ешкі сөзінде Ш дыбысы нешінші тұр? Шарбақ сөзін буынға бөліп айт.

Қай суреттен артық зат қалды?




Өткен ҰОҚ- дан алған білім

Сөйлем құрастыр. Сөздерді буынға бөл. Сөздер қай дыбыстан басталып тұр? Қандай түстермен белгіленеді?

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.
0–2мин.
II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.
3–5 мин.

Педагог балалардың назарын оқу қызметіне тарту үшін шаттық шеңберіне тұрғызып, көңілді өлең жолдарын айтқызады.
Арайлап таң атты, Алтын сəуле таратты. Тəрбиелі баламыз, Амандасып аламыз.
(Ұ)Педагог слайдтан бақташының суретін көрсетеді (слайдта ешкі бағып жүрген бақташы жүреді)

Балалар слайдтан не көріп тұрсыңдар? Ешкі қандай жануар?

Ешкінің төлін не деп атаймыз? Ешкі бізге не береді?

Балалар педагог сұрақтарына жауап беріп слайдтағы көрініс туралы пікірлеседі.


Суреттер.



ҰОҚ-ның ортасы

III. Тақырып бойынша жұмыс

6 – 27мин.



(Ұ) Əліппе-дəптермен жұмыс. 1-тапсырма

Педагог балаларға сөйлем оқып береді.


Балалар мұқият тыңдап, педагог сұрағына жауап береді.
Ешкі лақтарын жақсы көреді. Оларға арнап қарбыз екті. Ол шаршады.
Балалар неше сөйлем тыңдағандарын айтады. Педагог əр сөйлем сайын тоқтап оқиды. Соңғы сөйлемде неше сөз барын табады.

Əліппе-дəптер


Суреттер.






Балалар педагогтің ешкі туралы əңгімесін сурет




бойынша толықтырып аяқтайды.

Шарбақтың

суреті.


Суреттегі шелек, шегелерді аттарымен атап,




қандай дыбыспен басталып тұрғанын табады.




Ш дыбысын айтады. Ерін аздап дөңгеленеді




жəне жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрын жолын




бітейді.




Əңгіме желісі бойынша сұрақтарға жауап береді.
Ешкі қарбызды не үшін екті?

Қызыл, көк дөңгелекшелер.



Ешкіге сен қалай көмектесер едің?




Ешкі сөзінде Ш дыбысы нешінші тұр?




Балаларға педагог шарбақтың суретін көрсетін




түсінік береді.
Шарбақ сөзін буынға бөледі.

Ш əрпінің баспа түрі жазылған плакат.

Шар-бақ




2-тапсырма. Ешкінің еңбек құралдарын атап, Ш




дыбысын ізде. Сызбаның қай суреттің атауы




екенін тап. Суреттегі заттарды атайды.





Шелек, шар, тырнауыш, шеге.

Əліппе-дəптер.

Балалар сызбаны қызыл жəне көк дөңгелекпен




белгілеп, қай суреттің атауы екенін табады.




Ш*Ш, Т*РНАУ*Ш




Ш – қатаң дауыссыз дыбыс. Көк түсті




дөңгелекпен белгілейміз.




3-тапсырма. Ш əрпімен танысайық.Ш əрпі неге




ұқсайды?




Аша сөзіне дыбыстық талдау жасайды.




Оның басының неге ұқсайтынын елестетеді.




Ш əрпінің баспа түріне қарап бейнелейді.







(Ұ) Сергіту сəті. Шөре, шөре лағым,

Тентек болма, шырағым! Секеңдеме, деміңді ал, Селтеңдемей құлағың!

Өлең жолдарын 2-3 рет қимылмен айталайды.
4-тапсырма. Педагог балаларға шарбақтың, тарақтың суретінің Ш дыбысына ұқсайтынын салыстырып айтып көрсетеді.
Балалар тарақтың тістерін домалақтап Ш дыбысын бейнелейді.
Ешкінің он шарбағынан Ш дыбысының тістерін санап қоршап белгілейді. Ш дыбысының баспа түріне қарап белгілейді.
Шарбақ пен тарақ тістерін Ш əрпіне ұқсатып қоршағанда қай суреттен артық тістер қалғанын айтады. Неге артық қалғанын түсіндіреді.
Балалар жазу дəптеріне Ш əрпінің баспа түрін жазады.

Əліппе-дəптер.



IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. Рефлексия.
28-30 мин.

Педагог оқу қызметін қорытындылайды. Балалардың белсенділігін талқылайды.

(Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар өз білімдеріне қарай смайликтер алады.


Смайликтер





ТАҚЫРЫБЫ: Саматтың ойыны. С дыбысы мен əрпі.

Мектеп/МҰ:

Саны:

Педагогтің аты-жөні:

СЫНЫП-ТОП:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары

0.1.1.2. Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау

0.1.3.1. Тыңдалған мəлімет/хабарламаны тірек сызба, иллюстрация көмегімен мазмұндау

0.1.4.1. Сұраққа жауап бере отырып, диалогке қатысу

0.3.1.1. Сөз, сөйлем сызбасын құру.

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.


Күтілетін нəтиже




  • Барлық тəрбиеленушілер:

Сурет желісі бойынша сұраққа жауап беріп, əңгіме құрайды. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратады.

С дыбысы – дауыссыз дыбыс, с дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.

Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі с

дыбысының орнын ажыратады. С əрпінің баспа түрін жазады.


Көпшілік тəрбиеленушілер:

Сұраққа жауап беріп, суертті мазмұндайды.



С дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы с

дыбысының орнын ажыратады.

Сөйлемдерді интонация бойынша ажырата отырып (хабарлы,

сұраулы, лепті), сөйлеу барысында қолданады. Жазу жолына с əрпінің элементтерін жазады.



Кейбір тəрбиеленушілер:

Суреттерден педагогтің сұрақтарына сəйкес жауаптарын анықтайды..

Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.

С дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлем құрастырады. Сөз, сөйлем сызбасын құрастырады.

Сөйлем сызбасының салады.



Тілдік мақсат

Тəрбиеленушілер:
Сұраққа жауап бере отырып, əңгіме құрастырады. Сөйлем сызбасын салып, сөздердің санын анықтайды. Сөздерді буынға бөліп дыбыстық талдау жасайды.
Негізгі терминдермен сөз тіркестері:
Əжесінің кебісі, ванна, мəсі,




ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары.

Суретте не болып жатыр деп ойлайсыңдар? Əжесінің кебісімен Самат неге солай ойнайды? Самат қай күндері бақшаға бармайды деп ойлайсың? Күн атауларының қайсысында С дыбысы естіледі?

Самат келесі жылы мектепке баратын болса, ол неше жаста? Қай сан атауында С əрпі бар?



Өткен ҰОҚ-дан алған білім

Сөйлем құрастыр. Заттардың атын ата. Сөздерді буынға бөл.

Сөздер қай дыбыстан басталып тұр? Дыбыстар қандай түстермен белгіленеді?



Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.
0–2мин.

II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.
3–5 мин.

Педагог балалардың оқу қызметіне ынтасын тарту мақсатында шаттық шаттық шеңберіне тұрғызып, өлең жолдарын қимылмен айтқызады.
Қайырлы таң, балалар! Арайлап таң атты.

Алтын сəуле таратты, Жарқырайды даламыз, Қайырлы таң, достарым!


(Ұ,Ө) Педагог балаларға күннің суретін көрсетеді.

  • Күн бізге не шашып тұр?

  • Күн бізге сəулесін шашып тұр.

Балалар «күн сəулесінен жылу тарайды» деген сияқты өз ойларын ортаға салады.

Педагог балаларға күн батқан соң аспандай пайда болатын ай туралы əңгімелейді.


Күннің суреті.



ҰОҚ-ның ортасы

III. Тақырып бойынша жұмыс

6 – 27мин.



(Ұ,Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс.







Əліппе-дəптер

1-тапсырма.




– Суреттен не болып жатыр деп ойлайсыңдар?




Сурет бойынша балалар «Менің отбасымның бір




күні» тақырыбында əңгіме құрайды.




Отбасындағы кішкентай баланың аты –




Самат. Ол əжесіне еркелейді. Əжесінің мəсісін




қайық жасап ойнады. Əжесі мəсісін іздеді.




Саматтан сұрады. Самат көрмегенін айтты. Əжесі өзінің мəсісі суда қайық болып қалқып

Кебіс пен мəсінің суреттері.




жүргенін көрді.
Педагог балаларға кебіс, мəсі сөздерінің мағынасын түсіндіреді. «Саматтың осы қылығы дұрыс па?» деген сұрақ қойып, балалардың пікірлерін тыңдайды.
2-тапсырма.


  • Самат қай күндері бақшаға бармайды деп ойлайсың? (Балалар апта күндерін бояйды).

Балалар апта күндерін атауларымен атап, санап шығады.




  • Біз балабақшаға келетін күндерімізді атаңдаршы?

  • Аптасына неше күн балабақшаға келеміз? Педагогтің сұрақтарына балалар жауап береді.

  • Дүйсенбі, сейсенбі, сəрсенбі, бейсенбі, сенбі жексенбі.

Апта күндерінде тек жұма сөзінде с дыбысы естілмейтінін табады.




  • Самат келесі жылы мектепке баратын болса, ол неше жаста?

Педагогпен бірге балалар мектепке баланың неше жастан келетіні туралы əңгімелейді.


С- дыбысы дауыссыз дыбыс, Тілдің ұшы төменгі тістерге тіреліп тұрады жəне Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрынға баратын ауа жолын жабады, дыбыс перделері ашылады.
(Ұ) Сергіту сəті. Иілеміз оңға бір, Иілеміз солға бір. Жасап алсақ жаттығу,







Сағаттардың тіліндей,




Жүрегіміз соғады.




Сырт сырт етіп сағаттай.




3-тапсырма




С əрпімен таныс болайық.

Ай мен орақтың суреті.

Педагог М. Əлімбаевтің өлеңін оқып береді.




Балалар өлеңді не туралы екенін мазмұндайды.




Суреттегі айдың, орақтың суретіне қарап С




əрпінің бейнесіне ұқсайтынын айтады.
Балалар С əрпіне ұқсайтын тағы басқа

С əрпі жазылған плакат.



бейнелерді табады.




4-тапсырма




Сынған сағатты жөндейміз.







Əліппе-дəптер.

Суреттегі сағаттың қандай сандары




жетіспейтінін анықтайды. 1, 2, 3, 6 цифрларынан




басқа сандарды атайды. 8 санының неден




тізілгенін айтады.




Қандай сандарда С əрпі естілетінін анықтайды.




Сегіз, бес сандарын атайды.




С əрпінің баспа түрін жазу жолдарына жазады.




IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. Рефлексия.
28-30 мин.

Педагог балалардың оқу қызметіне белсенділіктерін бақылауы бойынша талқылап, оқу қызметін қорытындылайды.

(Ұ,Ө) Рефлексия. Өз білімдерін смайликтер арқылы бағалайды.



Əліппе-дəптер



ТАҚЫРЫБЫ: Достық көмек. Д дыбысы мен əрпі.

Мектеп/МҰ:

Саны:

Педагогтің аты-жөні:

СЫНЫП-ТОП:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары

0.1.1.2. Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау.

0.1.3.1. Сұрақтарға жауап беріп берілген сурет бойынша əңгіме құрастыру.

0.2.1.2. Берілген суреттерден мəліметті тауып, аттарын атау.

0.3.1.1. Сөз, сөйлем сызбасын құру.

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.

0.3.2.1. Сөйлемдердің түрін анықтайды.



Күтілетін нəтиже




  • Барлық тəрбиеленушілер:

Сұрақтарға жауап қайтарады.

Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін ажыратады.



Д дыбысы – дауыссыз дыбыс, д дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.

Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі д дыбысының орнын ажыратады.

Д əрпінің жазбаша түрін жазады.


Көпшілік тəрбиеленушілер:

Сурет бойынша сұраққа жауап беріп мазмұндайды.

Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, талдау жасай алады.

Д дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы д

дыбысының орнын ажыратады.

Жазу жолына əріп элементтерін жазады.


Кейбір тəрбиеленушілер:

Суретті кітаптардан қажетті ақпаратты табады.


Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.

Д дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлем құрастырады.

Д əрпінің баспа түрін таниды, жаза алады.



Тілдік мақсат

Тəрбиеленушілер:

Балалар шағын əңгіме құрстырады, берілген сұраққа толық жауап береді. Сөйлемдегі сөздердің санын анықтап, сөздерге дыбыстық талдау жасайды. Сөйлем түрлерін анықтайды.


Негізгі терминдермен сөз тіркестері:

Бадминтон, домино,бассейн,




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет