Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



бет7/23
Дата23.12.2019
өлшемі0,55 Mb.
#54420
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
Байланысты:
Сауат ашу әдістеме - копия
akkala, Biznes zhospar SyrtkyKiimOndirisiBoyynshaZhelilerAshu, Сауат ашу әдістеме




Л дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы Л

дыбысының орнын ажыратады.

Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, Л əрпінің элементтерін жазады.


Кейбір тəрбиеленушілер:

Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады. Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.



Тілдік мақсат

Тəрбиеленушілер:

Сурет желісі бойынша сұраққа жауап береді.

Өз ойларын толық, нақты жеткізе отырып, əңгіме құрайды.

Негізгі терминдермен сөз тіркестері:

Мектеп, жол, қауіпсіздік.

ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары.

Суреттен қандай таныс заттарды, жануарларды байқадыңдар? Сен дайындық сыныпқа неше жасыңнан келдің?

Сыныпта кімнің есімінде л дыбысы бар? Л əрпі неге ұқсайды?



Өткен ҰОҚ-дан алған білім

Сөйлем неден тұрады? Сөздерді буынға бөл. Сөздер қай дыбыстан басталып тұр? Қандай түстермен белгіленеді? А жəне Н əрпінен

келетін сөздерді табады.



Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.

Педагог балалардың ынтасын оқу қызметіне тарту үшін ортаға шаттық шеңберіне тұрғызады. Шаттық шеңберін құрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Мына сұлу əлемде Адам өмір сүреді. Үлкен менен кішіге, Күн сəулесін төгеді.
(Ұ)Педагог балалардың мектепке барар жолы туралы əңгіме жүргізеді. Жолдарында қандай ғимараттар кездесетіні, қандай жолмен жүретіндері сұралады. Жолда жүру ережесін қатаң сақтау керектігі ескертіледі.




0–2мин.


II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.

3–5 мин.

ҰОҚ-ның ортасы

III. Тақырып бойынша жұмыс

6 – 27мин.



(Ұ) Əліппе-дəптермен жұмыс.




1-тапсырма. Лаққа көмек көрсет. Лақты

Əліппе-дəптер.

мектебіне қысқа жолмен жеткіз.




Балалар суретке қарап отырып өз ойларын




айтады.







Балалар лаққа көмектесу үшін жолдарды таңдайды. Педагог лақ сөзін айтқызып, бірінші естілген дыбысты қайталатады.

Суреттен Л дыбысы естілетін сөздерді тауып, оларды атайды.

Балалар жолды саусақтың ұшымен сызып, сосын ауада жазып қайталайды.

Педагог Л үнді дауыссыз дыбыс екендігін айтады. Л дыбысы сөздің басында, ортасында жəне аяғында кездесетіндігі мысалдар арқылы түсіндіріледі. Л дыбысының айтылуын түсіндіреді (Л дыбысын айтқанда тіліміз тісімізге тиіп дыбыстар кедергіге ұшырап қысқа айтылып тұрады).



2-тапсырма

Балалар сызба арқылы Л дыбысының орнын анықтайды. Тиісті суретпен сəйкестендіреді.



3-тапсырма

1.Сен дайындық сыныбына неше жасыңда келдің? Сыныпта кімнің есімінде Л дыбысы бар?

Балалар əліппе-дəптерде берілген санды белгілейді, сыныпта Л дыбысы бар есімдері балаларды атайды.
(Ұ) Сергіту сəті
Ал, балалар, тұрайық, Алақанды ұрайық.

Оңға қарай иіліп, Солға қарай иіліп,

Бір отырып, бір тұрып, Бір тынығып алайық.
4-тапсырма. Педагог Л əрпін көрсетіп, осы əріпке ұқсайтын қандай заттар бар екенін естеріне түсіреді. Суреттерге қарап, жауап береді.

5-тапсырма. Педагог өлең оқиды.
Біз күркенің алдында тұрған ек Қалдық біздер:

«Күрке ме, бұл,

«Л» ма? – деп.

Ж. Əбдірашов

Педагог балаларға күркенің суретін көрсетіп, ол туралы мағлұмат береді. Балалар өлең жолдарын қайталайды.

6-тапсырма

Суретке қарап отырып, ағаш бұтағының, адам саусақтарының, шырын тетрапакетінің, таяқшаның неге ұқсайтынын табады.



Л əрпі жазылған плакт.


Музыка əуені.

Суреттер.

Суреттер. Жұмсақ сым.






Балалар Л əрпін ауада жазып педагогпен бірге қайталайды.

Əліппе-дəптерде берілген бірінші жолға қала үйлері сияқты үзік сызбаларды бастырып сызады.

Екінші жолға Л əрпінің баспа түрін жазады. Педагог балаларға көмектеседі.


Əліппе-дəптер.



IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. Рефлексия.
28-30 мин.

Педагог қорытынды жасайды, балаларды мадақтайды.

(Ұ,Ө) Рефлексивтік бағалау. Өз жұмысын смайлик бойынша бағалап қорытындылайды.

Əліппе-дəптер



ТАҚЫРЫБЫ: Мен – үлгілі баламын. Р дыбысы мен əрпі

Мектеп/МҰ:

Саны:

Педагогтің аты-жөні:

СЫНЫП-ТОП:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары

        1. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау

        2. Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау

0.2.2.1. Балаларды адамгершілік сезімге тəрбиелеу

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу



Күтілетін нəтиже




  • Барлық тəрбиеленушілер:

Сұрақтарға жауап береді.

Сөздегі дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дыбыстарды ажыратады.



Р дыбысы – дауыссыз дыбыс, р дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.

Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі р дыбысының орнын ажыратады.

Р дыбысының баспа түрін жазу жолдарына жазады.


Көпшілік тəрбиеленушілер:




Сұраққа толық жауап беріп, шағын əңгіме құрайды.

Берілген суретке қарап, сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, талдау жасай алады.



Р дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы р

дыбысының орнын ажыратады.

Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, р əрпінің элементтерін жазады.


Кейбір тəрбиеленушілер:

Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады. Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.



Р дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлем құрастырады. Сөйлем сызбасының соңына тиісті тыныс белгілерін қояды: (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі).

Тілдік мақсат

Тəрбиеленушілер:

Сұраққа толық жауап беріп, р əрпімен танысады. Сөздерді пайдаланып, əңгіме құрастырады.

Р əрпінің баспа түрін жазады.

Негізгі терминдермен сөз тіркестері: Домино

ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары.

Бұл суретте не болып жатыр? Сөздерді пайдаланып, əңгіме құрастыр Раушанға қалай көмек береміз?

Р əрпі тағы қай затқа ұқсайды?



Өткен ҰОҚ- дан алған білім

Сөз бен сөйлемді ажыратады.

Дауыссыз, дауысты əріптерден сөз құрайды. Əңгіме құрастырады.



Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.
0–2мин.

II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.
3–5 мин.

Педагог балаларды ортаға шаттық шеңберіне тұрғызады.

Балалар шаттық шеңберін құрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.


Армысың, əлем!

Армысың, жарық күн! (Қолдарын жайып, көкке көтереді).

Армысың, абзал адам! (Қолдарын алға созады).

Армысың, менің досым!(Қолдарын бір-біріне қарап созады).


(Ұ) Қарғаның суретін көрсетеді.







Қарға қалай дыбыстайды?

Балалар қарғаның дыбысын келтіреді. Балалар қарға құсы туралы əңгімелеседі.






ҰОҚ-ның ортасы

III. Тақырып бойынша жұмыс

6 – 27мин.



(Ұ) Əліппе-дəптермен жұмыс
1-тапсырма
Бұл суретте не болып жатыр?
Балалар суреттегі көріністі əңгімелейді. Қарғаның дыбысын келтіреді. Суреттегі заттарды атайды. Р дыбысы естілетін сөздерді анықтайды.
2-тапсырма 1-тапсырмадағы суретпен байланысты. Суреттегі бала санын анықтайды. Санды көрсетеді (төрт).
3-тапсырма. Р əрпінің баспа түрімен таныстырады.
Педагог Р дыбысының айтылуын үйретеді (Р –

тілдің алдымен жəне дірілмен айтылады). Р əрпімен таныс болады.

Р – дауыссыз дыбыс, көк түспен белгілейміз. Р əрпінің бейнесіне қарап ұқсас заттарды атау. Р əрпін ауада жазып көрсетеді.

(Ұ) Сергіту сəті
Балалар орындарынан тұрып сергіту сəтін жасайды.
Слайдтан көрсетілген Айя мен Əлидің əнінің негізінде аққала жасауды қимылмен билеп көрсетеді.
4-тапсырма. Р əрпінің жазылуын көрсете отырып, қандай затқа ұқсайтынын елестетеді.
Жылқышының құрығындай,


Əліппе-дəптер.

Сызба сызылған плакат.

Музыка əуені.

Слайд
Р əрпі жазылған плакат немесе слайд.






Тіп-тіке тұруын-ай. (М. Əлімбай)
Педагог жылқышының құрығы туралы түсіндіреді.
5-тапсырма. Домино тастарынан Р əрпін құрастырады. Суреттегі үлгіні педагогтің көмегімен қайталайды.
Өз беттерімен Р əрпін құрастырады.
Р əрпінің баспа түрін жазу жолдарына жазады.

Əліппе-дəптер. Суреттер.

Домино тастары.



IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. Рефлексия.
28-30 мин.

Педагог балалардың белсенділігін талқылап оқу қызметін қорытындылайды.

(Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар өз жұмыстарын смайликтер арқылы бағалайды.



Əліппе дəптері





ТАҚЫРЫБЫ: Менің оқу құралдарым. О дыбысы мен əрпі

Мектеп/МҰ:

Саны:

Педагогтің аты-жөні:

СЫНЫП-ТОП:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары

0.1.1.2. Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау.

        1. Сөз бен сөйлемді ажыратып, сөздің, сөйлемнің мағынасын түсіну.

        2. Педагогтің сұрақтарына толық, анық жауап қайтару.

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.

Күтілетін нəтиже




  • Барлық тəрбиеленушілер:

Педагог сұрақтарына жауап береді.

Суреттегі сөздердің атауын айтып, сөздерді буынға бөледі. О дыбысы – дауысты дыбыс, жуан дауысты. О дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.


Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі О

дыбысының орнын ажыратады.

О дыбысының баспа түрін жазады.





Көпшілік тəрбиеленушілер:

Тапсырмада берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды ажыратады.

Сөздегі дыбыс санын, ондағы О дыбысының орнын ажыратады.

О дыбысына сөз ойлайды.

О дыбысына (дауысты, жуан дауысты) сөз құрайды. Жазу жолына О дыбысының баспа түрін жазады.


Кейбір тəрбиеленушілер:

Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады. Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.



О дыбысын қатыстырып, сөйлем құрастырады.

Негізгі терминдермен сөз тіркестері:

Глобус


ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары.

Суреттегі оқу құралдарын ата!

Қай заттар сөмкеге салынбай қалды?

«О-о-о! Рақмет, балалар!» бұл кімнің сөзі деп ойлайсыңдар? Қай қарындаш түсінде О дыбыс естіледі?

Оқушы қалай отыр?

Қай сөздерден О дыбысын естідің?



Өткен ҰОҚ-дан алған білім

Сөз бен сөйлемді ажыратады.

Дауыссыз, дауысты əріптерден сөз құрайды. Əңгіме құрастырады.



Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.
0–2мин.


II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.
3–5 мин.

Педагог балаларды ортаға тұрғызып оқу қызметіне ынталарын тартады.
Оң қолымда – бес саусақ, Сол қолымда – бес саусақ. Күнге қарап қуанып, Нұрлы шуақ аламыз.
Өлеңді балалар шаттық шеңберіне тұрып қимылмен қайталайды.
(Ұ)Педагог «ОО-о-о қандай керемет ауа райы!» – деп таңғалған дауыспен балалардың назарын өзіне аударады. Балаларға қазіргі жыл мезгілі туралы сұрақ қояды. Балалар жыл мезгілі тұралы өз ойларын айтады.




ҰОҚ-ның ортасы

III. Тақырып бойынша жұмыс

6 – 27мин.



(Ұ,Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс. 1-тапсырма

Балалар суреттегі заттарды атайды. Асқарға көмектесу үшін оқу құралдарын тауып аттарын атайды.


Педагог ортада тұрған портфельге назар аударып, дыбыстап айтады.
Ортада оқушы портфелін қойып қою. Балалар педагог сөзін қайталайды.

Сөйлемдегі əр сөздегі О дыбысы естілген буынын көтеріп айтады.


– Қай заттар сөмкеге салынбай қалды?
Суреттегі заттардың атауларын атайды. Оларды атау кезінде О дыбысы қай сөздерде кездесіп тұрғанын табады.
О –жуан дауысты дыбыс. Дауысты дыбыстар қызыл дөңгелекпен белгіленеді. Педагог балаларға О дыбысының айтылуын үйретеді.

Қарындаштың түстерін атайды.


Қоңыр сөзін буынға бөледі. 2-тапсырма

– Оқушы қалай отыр?


Педагог өлеңді дауыстап оқып береді.
Орындыққа отырып,
Оқулықты оқылық. (Е. Ашықбаев)
Педагог балаларға орындықта қалай отыру керектігін түсіндіреді.
Орындық, отырып, оқулық, оқылық сөздерін

Əліппе-дəптер.

Портфель.

Түрлі түсті қарындаштар.

Орындықта дұрыс отырған баланың суреті.






буынға бөліп дыбыстық талдау жасайды. О –дауыссыз, жуан дыбыс.

(Ұ) Сергіту сəті
Шеңбер болып тұрайық. Керегені құрайық.

О дыбысына ұқсайық. Уық болып иіліп, Шаңыраққа киіліп

Киіз үй болып тұрайық!
Балалар қимыл жасап өлең жолдарын 2-3 рет қайталайды.
3тапсырма. О əрпімен танысады.Педагог о дыбысының суретін көрсетіп неге ұқсайтынын сұрайды. Балалар өз ойларын айтады.М. Əлімбаевтің өлеңін оқып береді.Ұста мен зергердің атқаратын қызметі туралы педагог əңгімелеп береді.
Балалар саусақтарының ұшын біріктіріп о

əрпін жасайды.


4-тапсырма. Суреттегі заттарды атайды.Суреттегі заттардың о əрпіне ұқсайтын бөліктерін тауып атайды. Педагог балаларға ағаш бөшке мен мəшине рулі жəне мəшине дөңгелектері не үшін керек екені туралы мəлімет береді.Балалар əліппе-

дəптердегі О əрпін жазады.









IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. Рефлексия.
28-30 мин.

Педагог балалардың белсенділігін талқылап оқу қызметін қорытындылайды.

(Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар өз жұмыстарын смайликтер арқылы бағалайды.



Смайликтер




ТАҚЫРЫБЫ: Мектеп кітапханасында. Т дыбысы мен əрпі


Мектеп/МҰ:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет