Сөз, сөйлем құрайды. Əріптердің баспа түрін жаза алады.
Сұрақтарға толық жауап береді.
Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланған жұмыс түрлері
Ресурстар
І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату. 0–2мин.
II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам. 3–5 мин.
Педагог балаларды шаттық шеңберіне тұрғызады.
Достық туралы əңгімелеп, балалардың қолына гүл шоқтарын ұсынып, бір-бірлеріне жақсы тілек айтқызады.
Педагог балаларға «Екі дос» ертегісін дауыстап оқып береді.
Екі достың ормандағы іс-əрекетін талқылайды. Балаларға ертегі бойынша сұрақ қояды.
Балалар сұраққа жауап беріп, ертегіні мазмұндайды.
ҰОҚ-ның ортасы
III. Тақырып бойынша жұмыс
6 – 27мин.
(Ұ,Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс. 1-тапсырма
Суретте не болып жатыр деп ойлайсың?
Сурет бойынша балалар сұраққа жауап беріп, əңгіме құрайды.
Балалар қайда ойнады? Сызба бойынша үш сөзден тұратын сөйлем құрайды.
Балалар немен ойнады? Сызба бойынша үш сөзден сұратын сөйлем құрайды.
Доптың пішіні қандай?
Əліппе-дəптер.
Сөйлем сызбасы жазылған плакат.
Доптың суреті, слайд.
Сызба.
Сызбаға қарап екі сөзден тұратын сөйлем құрайды.
Сұраққа жауап беру кезінде Д дыбысы естілетін сөздерді ажыратады.
2-тапсырма. Суреттегі ойын құралдарын атайын айтады.
Дартс, доп, домино. Сөздік жұмысы
Дартс – спорттық ойын түрі. Қабырғаға дөңгелек нысана ілінеді. Қандай да бір қашықтықтан нысанаға садақшаларды лақтырады. Ойын құралдарының атауын түсіндіріп, ойынның қалай ойналатынын қысқаша көрсетеді. Ойын құралдарының атауын буынғабөледі.
3-тапсырма. Д əрпін бейнелейміз.
Педагог балаларға түрлі пішіндер қимасын таратыпбереді.
Балалар түрлі пішіндерден Д əрпінің баспа түріне қарап отырып, əріптібейнелейді.
Түрлі түсті моншақтарды жіпке тізіп, Д əрпін бейнелейді.
– Д – ұяң дауыссыз дыбыс. Д дыбысын айтқанда тілдің ұшы төмен түседі жəне астыңғы тістерге барып тіреледі, дауыс желбезектері дірілдейді.
(Ұ) Сергіту сəті
Қолды жоғары көтеріп, Демалып бір алайық.
Доп сияқты домалап,
Əліппе-дəптер.
Моншақтар, қағаздар.
Үнтаспадан музыка тыңдату.
Секіріп, секіріп алайық. Денемізді бос ұстап, Шынығып бір алайық.
Балалар өлең жолдарын қимылмен айтады.
4-тапсырма. Педагог тапсырмада берілген сөздерді оқып береді. Балалар қимылды білдіретін сөздерді суретпен сəйкестендіріп, бірнеше сөйлем құрастырады. Мысалы: Айгүл келді. Сəкен жүзді. Асан мен Досан жарысты. Айман дірілдеді. Досжан секірді. «Бассейнде Д əрпіне қай бала ұқсайды?» сұрағына жауап алады. Д əрпіне отырған бала ұқсайды.
«Демалыс күні» өлеңін оқып береді. Дір-дір етті сөзін қимылмен көрсетуге тапсырма береді.
Д əрпінің баспа түрін жазу жолдарына жазады.
Əліппе-дəптер.
IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. Рефлексия. 28-30 мин.
Педагог балалардың белсенділігін, үлгерім деңгейін бақылап, оқу қызметін қорытындылайды.
(Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар өз жұмыстарын смайликтер арқылы бағалайды.
Əліппе-дəптер
ТАҚЫРЫБЫ: Жануарлардың достығы. Ы дыбыс мен əрпі.
Мектеп/МҰ:
Саны:
Педагогтің аты-жөні:
СЫНЫП-ТОП:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары
0.1.4.1. Сұрақтарға жауа беріп, өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысу.
Сөз/сөйлем сызбасын құру жəнеоқу.
Берілген суреттерден ақпараттытабу.
Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау.
Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретінанықтау.
0.1.2.1. Жазу жолдарына Ы əрпінің баспа түрін жазу.
Күтілетіннəтиже
Барлықтəрбиеленушілер:
Сұрақтарға жауап қайтарады.
Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратады.
Көпшілік тəрбиеленушілер орындай алады: Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратады. Сөздегі дыбыс санын, ондағы ы дыбысының орнын ажыратады. Ы дыбысына сөз ойлайды.
Сөйлемдерді интонация бойынша ажырата отырып (хабарлы,
сұраулы, лепті), сөйлеу барысында қолданады.
Ы дыбысына (дауысты, жуан дауысты) сөз құрайды. Жазу жолына Ы əрпінің элементтерін жазады.
Кейбір тəрбиеленушілер:
Кейбір тəрбиеленушілер орындай алады: Суретті кітаптардан қажетті ақпаратты табады. Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады.
Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.
Тілдік мақсат
Тəрбиеленушілер:
Суреттер бойынша сұрақтар құрастыру. Суретте бейнеленген оқиғаны өз жағдайларында əңгімелеп жалғастырады. Сөйлем, сөз, буын туралы біледі.
ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:
Пікір алмасу
Суретте не болып жатыр деп ойлайсың? Ит пен қасқыр неге өш деп ойлайсың?
Ы дыбысы естілетін сөздерді буынға бөліп айт. Ы нешінші буында?
Өткен ҰОҚ-дан алған білім
Дыбыстарды ажыратады.
Сөйлем түлерін қолданады. Қолды үзбей жазады. Жануарлардың дауысын келтіреді.
Қосыл,қосыл шаттық шеңберіне, Ең сенімді дос болып.
(Ұ)«Артығын тап!» дидактикалық ойын. Педагог жануарлардың суретін бес-бестен топтастырып тақтаға іліп қояды. Балалар жабайы жануарлар мен үй жануарлары туралыайтады.
Суреттегі жабайы жануардан артық жануарды қоршап көрсетеді. Үй жануарларының ішінен жабайы жануарларды тауып қоршайды.
0–2мин.
II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.
Суреттер.
3–5 мин.
ҰОҚ-ның ортасы
III. Тақырып бойынша жұмыс
6 – 27мин.
(Ұ,Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс
Əліппе-дəптер.
1-тапсырма.Педагог балалардың көңілін суретке
аударады.
Суреттегі жануарларды атайды.
Жануарлардың қоректенуі туралы қысқаша əңгімежүргізу.
Ы əрпін құрастыр.
Балаларға үлгі ретінде Ы дыбысының түсті жіптерден, қағаз қыстырғыштан жасалған суретін беріп, түрлі түсті қағаз қыстырғыштарды береді.
Балалар қағаз қыстырғыштардан Ы əрпін құрастырады.
Балалар Ы əрпінің баспа түрімен танысады.
4-тапсырма. Өлеңді оқиды. Ы дыбысы кездесетін сөздерді тапқызу: ыз-з, дыз-з. Логикалық сұрақ: Сіріңкенің ішінен ы дыбысын тап. Жауабы:шырпы.
Шырпы «Ыз-з!» етті Саусағым «Дыз-з!»
(Ұ) Сергіту сəті
Қошақаны қойдың, Қайда қалып қойдың? Бұлтиып тұр бүйірің, Қай өрістен тойдың?
Балалар өлең жолдарын қимылмен айтып, естерінесақтайды.
5-тапсырма. Р əрпін теріс жазғанда Ы əрпінің бөлігін бейнелеуге болатынын түсінеді.
Ы дыбысын баспаша жазуға, бастырып сызуға тапсырма беріледі.
Балалар бастырып жазады.
Жазу жолдарына Ы əрпінің баспа түрін жазады.
Балалар ортаға тұрып өлең жолдарын қимылмен қайталайды.
Біз əдепті баламыз, Айтқан тілді аламыз. Үлкенге де –«сіз» Кішіге де – «сіз»
Бас иеміз біз!
Педагог айнаны көрсетіп, балаларға сұрақ қояды. Балалар біз айнаны не үшін қолданамыз?
Ал айнаға қарап өзімізді қарайықшы!
Балалар айнаға қарап шаштарын, киімдерін түзетеді. Айнаға күлімсіреп қарайды.Əдемілік
туралы əңгімелеседі.
0–2мин.
II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.
3–5 мин.
Айна.
ҰОҚ-ның ортасы
III. Тақырып бойынша жұмыс
6 – 27мин.
(Ұ,Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс.
Əліппе-дəптер.
1-тапсырма
Балалар суреттегі балалардың іс-əрекетін
əңгімелейді.
1.Балалар суреттегі қай баланың қылығы
ұнайды?
Балалар өз ойларын білдіреді.
Педагог Қ. Мырза Əли немесе кез келген ақынның əдептілік-əдемілік тақырыбындағы бір өлеңін мəнерлеп оқиды. Балалар түсінгендерін əңгімелейді. Педагог балаларға əдептілік туралы қысқаша түсіндіреді.
Балалар өз мінездері туралы əңгімелейді.
2-тапсырма. Сөйлемдерді аяқтайды. Педагог оқиды, балалар тиісті сөзді тауып, сөйлемді толықтырады. Мысалы: Жерге қоқыс тастауға болмайды. Дөрекі ойнауға болмайды. Балаларға болады, болмайды сөздерінің мағынасынтүсіндіреді.
«Болады, болмайды!» дидактикалық ойын.
Ойын шарты: педагог ортада тұрған балаға сөйлем айтады, сөйлем соңын балалар болады, болмайды сөздерімен жалғастырып айтады. Қателескен жағдайда, келесі бала жалғастырады.
Нан қоқымын шашуға ... . Қатты дауыстап сөйлеуге ... . Үлкенге сəлемдесуге ... .
Кіші балаларды ренжітуге ... . Досына көмектесуге ... . Топта жүгіруге ... . Апайды тыңдауға ... . Ойын осылай жалғаса береді.
3-тапсырма. Мысық, құлын, лақ сөздеріне дыбыстық талдаужасатады.
(Ұ) Сергіту сəті
Бала, бала, баламыз, Біз айнаға қараймыз.
Шашымызды тараймыз, Əп-əдемі боламыз!
4-тапсырма. М дыбысын педагог 3-4 қайталап айтады.
Балалар қандай дыбыс естіп тұрсыңдар? Балалар М дыбысын қайталап айтады.
– Ерін бір-біріне қатты тиеді. Тіл дауыс қуысында еркін жатады. «М» дыбысы кішкене тілдің төмен түсіп, демнің мұрын арқылы шығуынан жасалады.
М –үнді дауыссыз дыбыс.
Түйенің суретіне қарап, м дыбысына ұқсайтын дене мүшесін атайды. Түйенің өркеші м дыбысына ұқсайтынын табады.
Педагог түйе жануары туралы əңгімелейді. М əрпін көрсетіп, қасына түйенің өркешінің суретін қояды. Балалар ұқсастығын табады.
5-тапсырма. Ж. Əбдірашовтың өлеңін педагог мəнерлеп оқиды.
М-ның сырын көр ұғып, Əріп екен бұл қандай? Екі оқушы жолығып, Қол алысып тұрғандай.
Өлеңді мазмұндайды. Педагог екі баланы ортаға шақырып өлең мазмұнындағыдай тұрғызады.