Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған


(Ө) Гимнастикалық сатымен өрмелеу



Pdf көрінісі
бет132/513
Дата07.02.2022
өлшемі2,52 Mb.
#86137
түріБағдарламасы
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   513
Байланысты:
дене шынықтыру

(Ө) Гимнастикалық сатымен өрмелеу 
Саты тақтайшаларын дұрыс ұстауға, қауіпсіздік 
техникасына көңіл бөлінеді. Дұрыс ұстау – тақтайшаның 
сыртқы қырынан ұстағанда төрт саусақ жоғарыда
бас бармақ төменде болады. Нұсқау – қол мен аяқтың 
қозғалысын үйлестіру, тақтайшаларды қалдырмау, 
сатыдан секірмеу. 
тепе-теңдік
– алға адымдай отырып бір аяқпен секіру, 
екінші аяқпен құм толтырылған қапшықты итере отырып 
алға жылжу – арақашықтық 3 метр.
Нұсқау – табанды толық қоймай, табанның алдыңғы 
бөлігіне сүйене отырып серпу.
Бір қатарға аралығы 1 метр қашықтықта 
орналастырылған кедергі заттар арасымен фитболды 
домалату.
Нұсқау – допты саусақпен көп күш салмай итеру.
Шапалақтаған соң екі қолмен допты лақтыру және қағып 
алу. Нұсқау – допты алдына ұстап алға-жоғары лақтыру, 
шапалақтаған соң саусақтарды барынша жаза отырып 
допты қағып алу. 
Еркін түрде
 
қысқа секіртпемен секіру.
Балаларға секіру ырғағы білек қозғалысы (айналмалы) 
мен аяқ қозғалысын (тік) үйлестіруге байланысты 
болатынын ескертеді.
«Баста-тоқта!» белгісі 
ретінде пайдаланатын 
ысқырық.
Гимнастикалық 
қабырға.
Құм салынған 
қапшық.
Домалататын фитбол-
дар, кедергі заттар –
1 қатарға 5 дана.
Диаметрі 20 см
доптар.
Қысқа секіртпелер.


66
қол массажы
Балалар білектерін «жуып», екі алақандарын қызғанша 
ысқылайды. Әрбір саусақтарын уқалап созады.
Екі қолдың тырнақ үстін кезек үйкейді.
Қолды иыққа дейін «ысқышпен» ысқылайды, иық пен 
білек бұлшық еттеріне саусақты батыра сипалайды, 
«сабынды сумен шаяды», бір қолмен жоғары, содан кейін 
алақанмен төмен сипалап, «суды» сілкиді. Мақсаты: ішкі 
ағзаларға жағымды әсер етеді. Жеңіл сезініп, рахат көңіл 
күйге бөленуге ықпал етеді.
Қорытынды 
бөлім
28–30
Балалармен бірге жетонды есептеу арқылы жаттығуды 
қорытындылайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   513




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет