205
3. «Жанына». Б.қ.: отыру, аяқты айқастыру, таяқты иық артына қолдың бүгілген жеріне
салу. 1-2 – оңға (солға) иілу, таяқты еденге жеткізу; 3-4 – б.қ. 6 рет қайталау.
4. Б.қ.: шалқасынан жату. 1 – таяқты жоғары көтеру; 2 – екі аяқты сермеу, аяқты созып,
ұшын таяққа тигізу; 3-4 – б.қ. 6–8 рет қайталау.
5. Б.қ.: н.т., қолды түсіріп, таяқты артта ұстау, 1-2 – таяқты жоғары көтеріп, отыру.
Арқаны тік ұстау, тізені алшақ қойып, өкшені көтеру. 8–10 рет қайталау.
6. «Айналу». Б.қ.: аяқ иық деңгейінде, таяқ жауырын үстінде. 1-2 – оңға бұрылып,
«ш-ш-ш» деу; 3-4 – басқа жаққа бұрылу. Үш-төрт қозғалыстан кейін тынығу. Аяқты қозғамау.
5 реттен қайталау.
7. «Таяқ тізеде». Б.қ.: н.т.: таяқ төменде. 1 – таяқты жоғары көтеру; 2 – бүгілген оң аяқты
көтеру, таяқты тізеге қарай апару, арқаны түзу ұстау; 3 – таяқты жоғары көтеру, аяқты төмен
түсіру; 4 – б.қ. Тұрақты қалыпты сақтау, аяқтың ұшын созу. 5 рет қайталау.
8. «Қарғу». Б.қ.: н.т. Секіріп, аяқты екі жаққа қойғанда, таяқты алдыға ұстау, аяқты
біріктіру, таяқты төмен түсіру. Жүгірумен алмастыра отырып, 20 рет секіруді 4 рет қайталау.
Достарыңызбен бөлісу: