Бағдарламасы бойынша шығарылды Нұрғали Р. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет15/41
Дата18.10.2023
өлшемі1,65 Mb.
#186585
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41
Байланысты:
Аширов

Ой, кер заман, кер заман, 
Талан­тараж, қан жылау. 
Қабақ қату, қансырау, 
Азаматы жабылу, 
Малы күнде сабылу. 
Ұлып жатыр Ұлы жүз, 
Қырғын тауып аштықтан, 
Ел еңіреп егілу. 
Кіші жүзі тұншығып, 
Елін әскер жеміру. 
Орта жүзі ойсырап, 
Сұм Колчактан езілу. 
Сорлатам деп казақты, 


106
Қазақтың бар көзқарақты 
Азаматын қырам деп 
Атаман Дутов желпінді, – 
деп тебіреніп, толғанып, ой азабын шеккен Шернияз әлеумет-
тік істе де, үй ішінде де опасыздық көріп, басын тауға-тасқа 
соғып, аласұрып, шығар жол таба алмай тұрған шақта төңкеріс 
дабылы қағылады. Өмір күресі, тірлік тартысы, рухани ұстасуда 
шыңдалған Шернияз сынды азамат, сөз жоқ, енді революция 
толқынына қосылмақ.
Жанрлық талаптарға жауап беретін алғашқы пьесалар дың 
бірі – Ө. Оспанов пен Е. Өтеулиннің «Зарлық» драмасы. Шығар-
ма Халық ағарту комиссариатының 1926 жылғы конкурсында 
үшінші бәйге алған. Сахнада көп қойылған пьесада стихиялық 
жағдайлардың әсерінен болған ауыр жұт, оны байлардың өз 
мүддесіне пайдалануы, соның кеселінен кедейлердің көрген 
қиыншылығы бейнеленді. Қарсы күштердің бір жағында – 
бай Тұрсын, екінші жағында – інімді, қарындасымды өлімнен 
қалай алып қалам деп жүрген жалшы Зарлық. Ауыр қыстың 
салдарынан кедейлердің малы қырылғанын Тұрсын бай пайда-
ланып, оларды өзіне кіріптар етпекші, Жәмила қызды алу ойы 
бар. Қыз ағасы Зарлық – жаңа дәуірдің ырғағын сезе бастаған, 
күреске қадам тартқан жігерлі жігіт. Осыны ұққан Тұрсын 
Зарлықтың еңбекақысын бермей, жұмыстан қуып жібереді. 
Ағайынды адамдар түгел қырылып қалса былқ етер түрі жоқ. 
Бидай тұқымының ұрлануы тартысты күшейте түседі. Қасен, 
Бекендерден айрылып қалған соң Зарлық күресте жалғыз 
қалады.
Авторлар драмалық ситуацияға әжептәуір мән берген. 
Әсіресе Зарлықтың орман ішінде жалғыз өткізетін сценала-
ры көркемдік талаптарға жауап береді. Қарындасы Жәми-
ланың амандығын тілеген көңіл, өзінен әлдеқайда күшті 
қар сыластармен ойша арпалыс, қорқынышты түстер көру – 
осы 
ның бәрі психологиялық тартыс түрінде көрінеді. Зар-
лықтың бандылар қолынан қаза табуында кездейсоқтық эле-


107
менті барлығын пьесаның алғашқы рецензенттері көрсеткен 
(«Еңбекші қазақ», 1927, 18 тамыз)
. Жалпы пьеса финалында 
күтпегендік, кездейсоқтық жағдайлары бар.
Ерікті отряд жауынгерлері Тұрсынның қылмыстарын мой-
нына қойып береді. Ал Жәмила болса қалаға кетеді. Жалпы 
пьесада өлім көп болғанмен, негізінен оптимистік идея бар.
Пьесаның орталық кейіпкері Зарлық жалшының харак-
терінде тұтастық, психологиялық ірілік бар. Ол бір жағынан 
өзге кейіпкерлердің сипаттауы арқылы, екінші жағынан тіке-
лей өз әрекет-қимылы арқылы ашылады. Қасен секілді сауатты 
адамдар оның саяси көзін ашады, күреске баулиды. Негізінен 
Зарлықтың мерт болуы, оның трагедиясы – әлеуметтік күреске 
стихиялы түрде келген, саяси тартыстың ішкі мәнін жете ұғып-
біле алмаған қатардағы жалшының трагедиясы.
Бұған қарсы тұрған тұлға – кеңес тәртібі толық орнап біт-
пеген қиыр шет, алыс ауылда әлі де болса өз билігін айламен, 
зұлымдықпен жүргізіп қалуды күйттеген Тұрсын бай. Күрестің 
аяғында өз туысым деп жүрген екі жігіттің ұстап беруі, әсіресе, 
бармағын шайнатып, өкініш жегізеді. Туыстық, руластық емес, 
таптық, әлеуметтік қарым-қатынастардың қазақ даласында 
шешуші күш бола бастағанын көреміз.
Зарлықтың қарындасы Жәмила образында жылау, егілу, 
көз жасын төгу көп. Жәмиланың монологтары фольклорда-
ғы батырды күткен шеше мен жардың, қарындастың зарына 
жақын тұр. Зарлықтың інісі Бекен бауырмал, сезімтал, сәби 
мінездермен көрінеді.
Ал үш жетім баланы бағып қалған Демесін – ауыр, тұйық 
мінезді адам.
«Зарлықта» күрес орталық қаһарман мерт болған соң да 
жалғасады. Ендігі күш қалаға кеткен Жәмилада екені тү-
сінікті. Монолог үлгілері жиі ұшырасады, ремарка ықшам, 
шағын. Қылмыскер Тұрсынның жазасын алуы – шығарманың 
оптимистік мағынасын айқындап тұр.
Саяси-әлеуметтік драма жанры талаптарына жауап бе-
руге жақын алғашқы шығармалардың бірі – Жиенғали 


108
Тілепбергеновтің «Перизат – Рамазан» пьесасы (1927). Туынды 
негізіне нақты, өмірде болған материал алынғандығын автор 
ашық айтады 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет