ҚАТЕРСІЗДЕНГЕН ҚАРА ТЕТІК
Емшектаулық мейман-ғалымдар келіп кеткеннен кейін Жансұлтан қара денеге Абзал мен Шолпанды жіберуді ұйғарды. Оған тек екеуі ғана лайықты еді. Қара дене құпиясын Жансұлтан ең сүйікті ұлы Абзалға ғана айтқан. Абзал Шолпанға жеткізді. Бірақ Шолпанның сыр сақтағыш, есті қыз екенін көпті көрген әке бір жүздескенде-ақ аңғарған-ды. Онысы дұрыс болып шықты. Шолпанның үй-іші, жалпы ауылы да ел басшысын сүйсінткен. Бұрын жұлдызды әлемде емін-еркін шарласа да өздерін жалсырай сезінетін жалғыз ауыл енді көбейдк Жерден ең деген, табиғатты көздің қарашығындай қорғай білетін елді, ел емес-ау, өзінің қаны, жаны, ниеттісі, қанатын тапқанына Жансұлтан екі дүниеде риза еді. Оның үстіне Шолпандай сергек жаны таза, тәні таза, елгезек, ақкөңіл, адал келіннің қолына қонуы да өзінше бір бақыт еді.
Шолпанға қосылғалы Абзалының да мінез-құлқы жақсы жаққа қарай түзелді. Оның бойында адам баласына, табиғатқа деген жылықандылық, сүйіспенділілік пайда болады. Шолпанға кезіккенге дейін сол қара денедеп биороботтарды туысындай көретін ол енді олардың көздерін жоюды да тілек қылған. Сонда мына тамаша өмір тамылжып қайта қалпына келмек. Онан артқан, одан ғажап нәрсе бар ма еді бұл дүниеде. Жансұлтан осының бәрін ой елегінен өткізді. Ұлының соңғы кездегі жиі қыңқылын да елеусіз қалдырмады. келіп кеткен емшектаулық меймандардың айтқандары оған қосымша ақыл еді. Жансұлтан райынан қайтты. Ғаламшар атаулыдағы күллі тіршілікті аждаһаша жұтып алып, жоқ етіп жіберіп, қажет болғанда қайта шығара салатын қатерді басқа төндіріп қоюдың не өңі бар еді. Әрине, қажетсіз.
Ол ертесіне ертемен ұлы мен келінін үйіне шақырды . Абзал да оның тегін еместігін сезе келген. Жансұлтан қара денеге барудың ондағы қара тетіктің қатерлі екенін жақсы біледі. Абзал қанша дегенмен жас қой. Сондықтан да қызбалықпен бір жер, мір жерін бүлдіріп алуы да ғажап емес. Ондай жағдайда мына күллі тіршілікке қатер төнбек. Сол үшін, соны анықтап түсіндіру үшін шақырған.
— Балам, — деп бастады ол сөзін, — өзіңе айтамын, екінші балам - Шолпан, саған да айтамын. Екеуің де күш кеше ғана отау тіктіңдер. Әлі сағыныштық ыстықтарың да басылып үлгерген жоқ. Соған қарамастан мен екеуіңді қатерлі сапарға жібергелі отырмын. Өйткені, оны тек екеуің ғана орындай аласындар. Қара дененің не екенін Абзал жақсы біледі. Шолпан қарағым, өзің де барып көріпсің. Ондағы мән-мағынасыз тіршілікті де байқадыңдар. Онда бір де бір адам еңбек етпейді. Тек биороботтар. Біз не бұйрық берсек, соны орыдайды. Бірақ негізгі қатер, биороботтар сол миларындағы тапсырмаларын қателесіп кеткендей болса, мына бар ғажайып әлем қас-қағым сәтте жоқ болмақ. Мен көп ойланып аз ойланып, сол қара денені біржолата жоюға бел будым. Екеуің сол талабымды орындайсындар. Абзал, қарағым, мына қаруды қолыңа ал. Қара денеге аса жақындаудың қажеті жоқ. Белгілі қашықтықтың, кеме тартылысты жеңіп шыға алатын тұстан оқ атыңдар. Қара дене жарылған кезде алапат от шашылады, жел лебі болады, ол кезде кемелерің жел құйынына тап болған жеңіл жапырақтай шыркөбелек айналады. Оны да естерінде сақтаңдар. Ғарышкерлерсіңдер ғой. Басқа не айтамын, сапарларың оң болсын, аман есен оралыңдар.
— Түсіндім, әке! — деді тізерлей отырған Абзал орнынан көтеріліп, әкесі берген қаруды қолына қыса ұстап, мұның оғын қалай басқаруды да білемін. Сеніміңізді ақтауға тырысамын!
Абзал мен Шолпан әкемен қоштасып сыртқа шықты. Ол жерде кісілер көп жиналып қалған еді. Кәдімгі ертегілердегі батырдың алыс жолға аттанғандығы көріністей. Анасы келіп Абзалдың, Шолпанның беттерінен сүйді. Ақ батасын берді. Тұрған үлкен кісілердің бәрі де ақ тілектерін айтып жатыр. Абзал мен Шолпан өздерінің отауларына еніп, арнайы киімдерін киіп шықты. Содан соң екеуін бірнеше жігіт қыр үстінде тұрған ғарыш кемесіне қарай алып жүрді. Ол екі кісілік еді. Кеменің ішінде қатер төнген жағдайда кеңістікке қашып шығатын бір кісілік екі “Арғымақ” та бар. Онымен адам жеке өзі ғарышта үлкен жылдамдықпен ұша алады. Кемеде сондай-ақ адамды тенген қатерден қорғайтын басқа да күрделі жүйелер бар-ды. Абзал мен Шолпан олардың жұмысын мұқият тексеріп шықты. Содан соң шығарын салушылармен қоштасып, кеме тетігін басты. Ол антигравитациялық заңдылықпен ұшатын болғандықтан жел көтерген қағаздай қалықтап жөнелді. Енді біраздан соң ауыл, ал сонан соң бүкіл Шолпан ғаламшары көз алдарында дөңгеленіп қала берді.
Енді қарсы алдарында қара дене. Қара дененің жайы Абзалға да, Шолпанға да о бастан түсінікті. Жалпы, қара ойықтың неден пайда болатынын да біледі екеуі. Ол энерги- ясы тауысылып біткен жұлдыз. Оның төңірегінде ештеме болмайды. Мына қара дене де кезінде адамның қолымен сол принципте жасалған-ды. Енді оның да қатерлі жақтары шыға бастады. Абзал қарсы алдындағы жыпылықтаған шамдарға көз тігіп отыр. Шолпан болса экранды қарауда. Оның беті ара-тұра жыбырлап-жыбырлап қояды. Шолпаннан келіп жеткен хабар басқа экрандардан көрініп тұр. Бірақ қара денеге жақындаған сайын ол телебайланыс та нашарлай бастаған. Шолпанның басты ісі де сол екі арадағы байланысты қадағалау болатын. Сонымен бірге ол Абзалдың қимыл-әрекетін де бақылайды. Абзал қара дененің қажетті нүктесі тұсынан шығудың жолын ойластырып отыр. Белгілі қашық- тықтан әрі жақындауға тағы болмайды. Абзал оны да жақсы біледі. Әкесі де ескерткен.
Ол енді жанындағы арнайы бекіткіште жатқан қаруға бір қарап қойды. Оның ғажайып ерекшелігі — титтей ғана оғы осы кемедегі арнайы күрделі жүйемен басқарылады . Оқтың ұшу жолы да алдындағы ромбик тәрізді экраннан ап-анық көрінеді. Ол алдын ала программаланады. Абзал біраздан соң қаруды өзінің атар кездеп орнына орнатты. Ішіндегі оқтың жайын бір бақылап қойды. Содан соң оқ шығатын саңылауды дер кезінде ашатын тетікке қолын тигізді. Кішкене тесік ашыла кетті. Абзал сәл уақыт өтпей оны қайта жапты. Сөйтті де, кеменің дірілдей бастаған сәтінде оның ұшу жолын өзгертуге кірісті. Бұл кезде кеменің өзі де қара денеге жақындап қалған еді. Бір екшіштісі, оның ішінде биороботтардың тіршілігі жөнінде хабар алу мүмкін емес. Қара дененің ішінен хабар-ошар түгілі жарық сәулесі де шыға алмайды. Ал іштегі жағдайды білу үшін арнайы дабыл беріп барып ішіне ену қажет. Ол енді арада адам, бірнеше минут өлілік жағдайды басынан кешіреді. Оны екеуі де бастан өткізген. Енді оны жасаудың қажеті жоқ. Тек қара денені қопарылысқа ұшырататын титтей ғана қара нүктені табу керек. Абзалдың әкесі оны “Қара дененің қара кіндігі. Абзал соны көздеуде. Ол үшін қара дененің өз осіндегі айналуын да анықтау керек. Ол бұрыннан белгілі мынандай дәлдікте анықтай түсуді талап етеді. Әйтпесе бар еңбек зая кетпек. Абзал қара дененің алыс төңірегшдегі айналым жолға шығарды кемені. Осы кезде Шолпаннан:
- Сақ болыңыздар! Біз сіздерді қадағалап отырмыз! –деген дауыс естлді!
Бәрін білеміз! Жағдайымыз жақсы _ деп жауап берді оған Шолпан.
— Қара денеге онан әрі жақындамаңыздар! — деді Шолпандағылар.
Түсіндік! Мен енді негізгі іске кірісемін! - деп жауап қатты бұл жолы Абзал.
Соның артынша-ақ Шолпан ғаламшары мен екі арадағы байланыс нашарлай берді. Абзал сол кезде байланыс тетігінің бірін саусағымен сипап қалды. Экрандағы жыбырлаған көрініс мүлдем сөнді. Шолпан сәл шошынып, Абзалға қарап қалған еді. Ол:
Ендігісін өзіміз шешеміз! Алаңдауға болмайды! Қатер алдындамыз. Егер тартылыстың тепе-тендік күшінен ішке қарай сәл ауытқысақ болды, бұл дүниеден мүлдем қоштасуымыз мүмкін! Сондықтан белдігңізді тексеріп, мықтанып отырыңыз! — деді.
— Түсіндім! — деді Шолпан.
Абзал алдындағы ромбик тәрізді экранға қадала қарап отырып, қара дененің жайын бақылады. Оның өз осінен айналысы аса байқалмаса да, негізгі нүктенің қозғалысын аңғаруға болатын еді. Абзалға керегі де сол-тын. Қара дене баяу айналып, кеменің тұсына қара кіндігі келе бергенде Абзал оң жағындағы тетікті басып кеп қалды. Қатты ыс еткен дыбыс қана шықты. Шолпан ештемені түсіне алмай Абзалға қараған еді. Кенет қара дене бар жақтан алапат от жалын лапылдап шығып барып, гүрс еткен құлақ тұндырарлық дыбыс шықты. Кеме қатты шайқалды. Қанша дегенмен әйел баласы емес пе, Шолпан дауыстап та қалды. Абзал сасқан жоқ. Жарылыстан кеңістікке тарай соққан алапат желден кеме құйынға тап болған жапырақтай шыр көбелек айналды. Екеуі бір сәттің ішінде дүниенің не болып кеткенін ажырата алмады. Бұрын-соңды ұшып жүріп мұндай қатерді көрмеген Шолпан тіпті бір сәтке есінен танғандай да болды. Жарылыс жалғасып жатыр. Әрбір атқылаған от-жалын кемені кеңістікке қарай қағаз қайықша итереді. Бірақ ол итеру өздеріне тек пайда еді. Итергені қара денедегі ғаламат тартылыстың жойылғаны. Тартылыстың жойылғаны қара қатердің тыйылғаны.
Енді біраздан соң кеменің айналуы саябырси бастады. Абзал тағы есін жиып, тепе-тендікті сақтауға көмектесетін двигательдерді іске қосты. Сол замат иллюминаторлардан көрінген жұлдызды әлем біресе олай айналып, біресе бұлай айналып барып қалпына келді. Мұндай құбылысты ғарышқа ұшатын әрбір ғарышкер бастан өткереді. Бірақ ол тыныш жерде болатын жаттығу ғана. Ал мына ғаламат күштен болған шайқалу адам тілімен жеткізуге келмейтін құбылыс еді. Шолпан Абзалды құшақтай алды. Ол да сүйгенін құшып ғажайып бақыттылық сәтіне бөленген. Бұл сәт екеуі үшін бұл дүниеде теңдесі жоқ, ешқашан қайталанбайтын сәт еді.
Біраздан соң кеменің теңселуі толық тынышталды. Жұлдызды әлем де өз орнына келгендей. Қарсы тұстарындағы үлкен терезеден ақ бұлттармен қоршалған әдемі Шол- пан ғаламшары Күн сәулесіне шағылысып мен мұндалап тұр. Сол кезде ол жақтан құттықтаған хабар да келіп жатты. Абзал мен Шолпан рақметтерін айтып, бір-біріне риясыз жымия қарап, кемені солай қарай бұрды.
Соңы
Мазмұны
Ғылыми-фантастика — кенже жанр емес 3
Жұлдызды жол 3
Қазақ иелігіндегі ғарыш 5
БІРІНШІ БӨЛІМ
Аптапты аймақта 7
ЕКІНШІІ БӨЛІМ
Іздеу сапарында 68
ҮШІНШІ БӨЛІМ
Дүниенің көзі 131
ТӨРТІНШІ БӨЛІМ
Шолпанға көшкен ауыл 193
Кітаптың шығуына жауапты
баспа директоры — Т С. Дуанбек
Жүніс САХИЕВ
ШОЛПАНҒА КӨШКЕН АУЫЛ
Жетінші ғылыми-фантастикалық роман
Редакторы Т. Мәмесейіт
Техникалық редакторы С. Бейсенова
Корректоры Е. Баманқызы
Теруге 8.08.2004 ж. жіберілді. Басуға 8.11.2004 ж. қол қойылды. Қалыбы 84x108 1/32
Офсеттік қағаз. Қаріп түрі «Таймас» . Офсеттік басылыс. Шартты баспа табағы 13,44.
Есептік баспа табағы 13,5. Таралымы 1000 дана. Тапсырыс№ 2993.
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі
Елорда баспасы, 473000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 25.
"Астана полиграфия” жабық акционерлік қоғамы,
473000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 25.
Достарыңызбен бөлісу: |