БАҒдарламасы бойынша шығарылды шолпанға көшкен ауыл Жетінші роман



бет14/17
Дата31.01.2018
өлшемі3,73 Mb.
#37192
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

ТОЙ АЛДЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ

Шолпанға бір жолығу, оның келісімі жөнінде өзімен бір сөйлесу Шадыманның алдына қойған басты мақсаттарының бірі болды. Ондай ісін ол тойға дейін жүзеге асырмақ. Қажыбек Жерге аттанып кеткен соң-ақ ол осы ойын әріптестеріне мәлімдеген. Алғашында ғалымдардың біразы оған қарсылық та білдірді. Оның себебі — бәрінің де Шадыманның қатерге ұшырап қалмауын ойлағаны еді. Бірақ Шадыман өзінің бұл топқа аса қажет адам екенін біле тұрса да, өзін өзгелерден жоғары қойып көрген емес. Сондықтан да ондай сақтық сөздер жоспарын әлсірете алған жоқ.

Бүгін ол ерте тұрып, жуынып-шайынып, жаттығулар жасап, тамақтанып болған соң Елназардың бөлмесіне келген. Сол жерге Алдияр да жетті. Ұшар алдында ол сол кісілермен бір сөйлесіп алуды да мақсат тұтқан-ды. Бірақ жағдай өзгеріп кетті. Шадыманның кайтпас шешімі жөнінде естігеннен кейін әйгілі физик Елназар да, барып келген Алдияр да бірге аттанатынын мәлімдеді. Шадыманның тек биороботтармен барамын деген сәзін, тындағылары келмеді. Шадыманға да енді шегінетін жер қалмағандай. Ұзақ әңгімеден кейін осы шешімге тоқтады. Елназар да өзінің басты мақсатының қара дененің құпиясын ашу екенін баса айтқан. Содан соң барып Шадыман да түсіп қалды. Үшеуі кең дәлізге шығып, онан ұшар алдындағы тексерілетін бөлмеге енді. Осы жерде дәрігерлер қарсы келмей күрделі құралдарын қосып, неше түрлі жүйелерден өткізді. Бәрі ойдағыдай еді. Мұнда денсаулығы жарамсыз адамның болмайтыны белгілі. Соған қарамастан әрбір сапар алдында дайындық жасалынады, тексеру болады. Үшеуінің қара денеге қарай ұшатыны жөнінде арнайы хабар тарату орнынан айтылып та үлгерілген-ді. Енді бұлар тексеру бөлімінен шығысымен кемелер тұрған алаңға қарай жүрді. Осы жерде өздерін бір топ адам күтіп тұрған-ды. Шадыман, Елназар, Алдияр олардың бірімен қол алысып, жылы амандасып шықты. Содан кейін кемеге отыру басталды. Шығарып салушылар кейін шегінісіп, қолдарын бұлғасып тұрды. Арнайы байланыс орталығында отырғандар әрбір минут сайын хабар алуда. Шадыман қарсы алдындағы кішкене экранға қарап отыр. Ол арқылы сыртта өздерін шығарып салып тұрғандарды ап-анық көріп, анда- санда қолын тербей бұлғайды.

Енді сәлден соң әдеттегідей Емшектауға кіре беріс дәлізге шығуға рұқсат берілді. Кеме жайымен жылжып, қарсы алдынан ашыла берген қақпа арқылы ішке енді. Қарсы алдарында тағы қақпа. Онан шыққан соң кеме қалықтап жөнеледі. Бірақ сыртқа шығардан бұрын сол қақпаның арнайы саңылаулары арқылы ішке сырттың ыстығы жіберіледі. Содан соң бірте-бірте қақпа ашылады. Ал осы екі аралықтағы арнайы термометрлердің қызыл сұйығы жылжып көтеріліп, алты жүзге жеткен кезде кемеге ұшып шығуға рұқсат беріледі. Шадыман да, Елназар да, Алдияр да сол сәтті күткен еді.

Екі аралықтағы температура қақпа жабық кезде плюс он сегізді көрсетіп тұратын. Сәлден соң ысылдаған дыбыс шықты. Бұл қақпадағы саңылаулардан сырттан аптап ыс- тықтың ене бастағанының белгісі болатын. Бірақ неғе екені белгісіз, бұл жолы екі аралықтың ішін бу қалың қаптамады. Шадыман екі аралықтың қабырғасындағы термометрге қарады. Оның қызыл сұйығы баяу жылжып, жоғарылап барады. Әдетте бұл көрініс тез өтетін. Енді белгіленген уақыт та өтіп барады. Байланыс орталығындағылар дембе-дем сөйлесуде. Кеме базасындағылар да кеменің не себепті бұлайша ұзақ тұрып қалғанын түсінбей жатыр. Сәлден соң Шадыман алдындағы бір түймені басты да:

— Екі аралықтағы температура баяу жоғарылауда. Соған қарағанда сыртта бір өзгеріс болған сияқты, — деп бір қойды.

— Біз де түсінбей отырмыз, — деді байланыс орталығындағылар.

— Кеме неге ұшпай жатыр? Бір кілтипан табылды ма?

— деді соның артынша кеме базасындағылар.

— Кемедегі жүйе қалпында. Мына екіаралықтағы температура жоғарыламайды. Әдетте бұл кезде алты жүзге жетуші еді, — деді Шадыман.

Елназар мен Алдияр да аң-таң. Шадыман енді екіаралықтағы термометрлерді анықтап көрсететін телекамераны қосты. Экраннан қызыл сұйық ап-анық көрініп, сәл жоғары көтерілді де, жиырма бестен асып барып тоқтады. Бұл Жер ғаламшарындағы орташа жылылық температурасы екенін бәрі де біледі. Ашық тұрған қақпадан сыртта бұрын- ғысынан өзгешеленіп кеткендей сезіледі. Сарғыш түс те жоғалған. Қарсы алдарынан көрінетін жап-жалпақ жалаңаш таулар да өзге түске боялғандай. “Бұл көріп отырғаным Жер ме, әлде Шолпан ба” деп қойды ішінен Шадыман. Бірақ онысына жауап беретін ешкімде жоқ сияқты еді. Кенет Елназар да бұл құбылысты аңғарды. Ол орнынан тұрып, қарсы алдарындағы үлкен дөңгелек әйнекке жақындады. Расында да дала бір түрлі. Ол енді Шадыманға қараған. Шадыман өзінің елес емес, шын табиғатты көріп отырғанын сезіп, кеменің кабинасын ашуға талпынды. Бірақ сол кезде Елназар оның қолынан ұстап қалды. Бұл әлгі қала дегенмен алдамшы көрініс болуы мүмкін. Ондай алдамшы көріністі Шадыман бірінші рет басынан өткізген жоқ-ты. Бір жағынан сол да есіне түскен еді. Ол қайтадан келіп орнына отырды. Содан соң микрофонға қарап:

— Байланыс орталыгы! Бірнеше барлаушы биоробот жіберулеріңізді өтінемін! Сыртта өзгеше бір құбылыс болып жатқан сияқты. Мына екіаралықтағы температура жиырма бестен сәл-ақ асты. Дала табиғаты Жердікінен аумайды. Бұл не құбылыс. Алдамыш көрініс пе деп те отырмыз. Соны анықтасыншы, — деді.

— Айтқаныңызды түсіндік, — деді ондағы кезекші жігіт,

— қазір барлаушы кемемен барлаушы биороботтард — Жақсы. — Шадыман алдындағы шағын экранды сөндірді.

Артынша ызыңдаған дыбыс шықты. Кеменің айналасына адамдар жиналып қалды. Сол кезде Шадыман да есікті ашты. Әуелі өзі қарғып түсті, содан соң Елназар мен Алдияр. Манағы шығарып салғандар да келіп жетті, Аяқ астынан болған бұл құбылыс енді сәлден соң бұл емшектаулықтарды дүрліктірді. Бірақ мұндайда сабырлылық керек. Қанша де- генмен де бөтен ғаламшарда жүр бәрі де. Жер емес, жүгіріп шығып кететін. Қай нәрсенің де артын бағу қажет. Осы принциппен ешбір ғалым сыртқа шыққан жоқ. Тек арғы жақ- тан келіп жеткен барлаушы кемелер мен биороботтарды өткізіп жіберді. Олар шағын кемемен Емшектаудың ішінен қалықтап ұшып шықты да, айнала төңіректі шолып, бірнеше рст айналып ұшып, қайта келді. Кемеден түскен биороботтар даладағы жағдайдың Жер ғаламшары жағдайына ауысқанын айтты. Бірақ оған алғашында ешкім де сенген жоқ. Табан астында осыншама ғаламшардың табиғатының Жердікіндей бола қалуы кімді сендірсін. Қандай да бір ғаламшарда тіршілік дамып-жетілуі үшін қаншама дәуір, ғасырлар керек. Бүл Жер тарихынан белгілі жайт. Және ешкім де күмән келтірмейді. Өткен жолы Шолпан табигатының неше түрлі көріністермен өзгергенін геологтар талай корді. Олар кезінде аспаннан түскендей болған қаланы да, ауылды да, мүхитты да шарла- ган. Ал бірақ мына жағдай онан басқашалау сияқты. Онда белгілі бір аймақ қана өзгерсе, жаңағы биороботтардың мәлімдеулеріне қарағанда, күллі ғаламшар жаңарған. Сонда қалай болғаны, — деп ойлады Шадыман, ғаламшардағы тіршілік тек жарыққа байланысты ма? Бірақ бұл сұрағы баланың сұрағындай болғандықтан ол оны Елназарға қоймады. Ол қанша дегенмен әйгілі физик. Шадыманның ол сөзіне мырс ете түсуі де ғажап емес. Олай ойламайын десе, мына табан астындағы ғаламат өзгеріс қалайша жүзеге асты. Бірақ оған да негіз жоқ сияқты. Күн жүйесіндегі күллі ғаламшарлар жарықты Күннен алмай ма? Ал Күн секундтың титтей бөлшегіндей уақытқа да сенген емес. Сонда қалай болғаны.

Осындай ойды Елназар да басынан кешіріп тұрған еді. Ол Шадыманға қарағанда тереңірек ойлайды. Қанша дегенмен де мамандығы емес пе. Ол да өзінің жарыққа байланысты ойларын ішінен сабақтап тұр. Айтуға батпайды. Өйткені, әйгілі физиктен адам сенерлік сөз шықпай қалса да ұят. Сол жағын да ойлайды. Бірақ қара денеге аттанғалы тұрған үшеудің де негізгі ойлары жарықтың құдіретіне келіп саятын еді.

— Енді не тұрыс? Өзіміз шығып көрелік, — деді біраз үнсіздіктен кейін Шадыман.

— Рас, енді шығуға болады, — деп Елназар да оны қолдап қойды.

Бірақ енді бұл жерде үшеуі ғана емес-ті. Емшектаудағы күллі геологтар да ентелеп тұр, Бәрі де мына ғажайып табиғатты тезірек көргілері келеді. Оны Шадыман жақсы сезініп тұр. Бірақ биороботтардың өзіне де сене беру қиын. Қанша дегенмен техника арласқан тіршілік иелері емес пе. Оларға бәрібір. Алдарына маңдайына жазылғаннан басқа мақсат қоймайды. Және онысынан тайдыра алмайсың. Ол үшін басының ішіндегі пешенеленген пленканы ауыстыру қажет. Ал адам олай емес. Адамның мандайына жазылғанын ешкім де ауыстыра алмайды. Ауыстырса, оның есі ауысады. Басқа мақсатта жұмыс істей бастайды. Қысқасы, бұл өмірдегі ең құдіретті тіршілік иесі адам. Бар мәселені шешетін де сол. Ал қалған тіршілік иелері оның көлеңкесінде жүрген көмекшілері ғана. Адамға сана жағынан ең жақыны да осы биороботтар. Бірақ солардың өздері де көп нәрсені баянды ете алмайды. Шадыман сол жағын ойлаған-ды. Бірақ қанша ойланғанмен де уақыт күткізбейді. Даланың сырын қалай дегенде де барлап-білу қажет. Қара денеге баратын жоспар бұзылғаннан кейін-ақ бар мақсат та өзгерген. Шолпан таби- ғатының тіршілікті жағдайға айналуы кім-кімді де қуантады. Өздерінің де осыншама уақыт жүргендегі басты мақсаттары да сол тіршіліктің өзін іздеу болатын. Ал мына ғаламат адамдар ондай тіршілікті жасайтын тәрізді. Олардың дүниенің көзін де, кілтін де тапқандары көрініп тұр. Шадыман енді көп тұрған жоқ. Қасындағылары мен бірге қақпаға қарай жүруге шешім қабылдады.

Елназар да бір қадам қалған емес. Шадыман көргенді ол да басынан кешкісі келеді. Ал шындығында әйгілі физик ретінде бұл құпияға өзі бастауы тиісті еді. Елназар мұны да түсінді. Бірақ осындағы басшы Шадыман болғандықтан соның пікірімен, ұсынысымен санасуы тағы керек. Бөтен ғаламшардағы әрбір қадам есептеулі, санаулы. Әрбір жаза басқан қадам үлкен қателікке әкеліп соғады. Геологтар ол жағын да жақсы біледі. Бірақ енді қалай болғанда да шығып керуден басқа жол қалмаған тәрізді. Биороботтардың мәліметтері де күмән туғызды. Енді тек адамның өзі ажырата алмақ.

Шадыман өзі бастап келеді. Қақпа ашық. Бірақ ішкі- сыртқы температурада ешқандай өзгеріс жоқ. Бұрын екеуінің айырмашылығы бірден білінетін. Соған қарамастан ғарыш- керлер комбинезондарын шешпеді. Бұдан бұрынғы тәжірибе бәріне белгілі. Шадыман сақтықта қорлық жоқ дегендей қолына тапаншасын да алған. “Кім біледі, мұны мәдени дамуы жоғары біреулер әдейі жасап тұрған шығар. Осы маңда жүрулері де ғажап емес” деп бір ойлап қойды ішінен ол. Сөйтіп ілгері жүре берді. Бірақ қорыққан жоқ. Қорықпай- тыны соңынан келе жатқан топ бар-ды. Бәрінде де бір-бір тапанша. Біреу-міреулер алдарынан шыға қалған жағдайда қарсыласуға дайын.

Қақпадан шыққан бойда бәрі де әуелі аспанға қарады. Ол көкпеңбек. Кәдімгі Жердің аспаны. Ролеев газдарының тарандысы да ойламаған жерден пайда болған тәрізді. Ол болмаса, мына аспан кем емес, баяғысынша сарғыштанып тұра берер еді. Зерттеушілер тағы алға қарай бірнеше қадам басып, айналаға көз жіберді. Күні кешегі жалаңаш жатқан сарғыш түсті тақта-тақта тастар да тіршілікке бейімделгендей қоңырқайланған. Келгелі ғарышкер-геологтар көрмеген бұталар да қылтиыи-қылтиып өсіп тұр. Бұл зерттеушілерді онан сайын елең қылды. Көріністің не алдамшы, не шын екеніне көз жеткізу үшін сол бұталардың бірін ұстап көруге бекінді Шадыман. Емшектаудан сәл алыстап шыққан соң сол бұталардың арасына да енді Ғажап болғанда табиғаты да тап өзінің балалық шағы өткен ауылының табиғатына ұқсас. Жабайы алма, алмұрт ағаштары да бар. Шадыман әуелі бұталардың бірін ұстап көрген. Шыныман-ақ бұта. Ешқандай көрініс емес. Содан асыға басып келіп жабайы алма, алмұрт ағаштарына да қол тигізді. Бұл да — шын. Енді бір кезде қасындағыларының бірі:

— Ананы қараңыздар, жылан! — деп дауыстап та жіберген.

— Өзіміздің ауылдың қара шұбары! — деді әзілге бұрған бір геолог.

— Бітті, қуана беруге болады! Шолпан ғаламшары Жер сияқты тіршілікке айналды! — деп жариялады Шадыман.

— Сонда мұнда қай заман? — деді оған Елназар.

— Менімше, бұл кәдімгі өзіміздің заман, — деді оған Алдияр.

— Ғажап! Бейне бір Жер ғаламшарындағы ауыл табиғаты қас-қағым сәтте осында көшіп келе салғандай!

— Өзі де солай емес пе? — деді Шадыман.

— Ал біз болсақ, мынандай күллі тіршілік емес, ауыз су табу үшін қаншама жерді бұрғылап әуре болдық!

— Оның рас! — деді Шадыман айналаға көз жіберіп, — енді ештеменің де қажеті жоқ! Қара денеге барудың да керегі жоқ!

— Ал Шолпанымыз қайда екен? — деді сол кезде Алдияр.

— Бұл ғаламат өзгерісті Шолпан жүрген ел адамдарының ісі демексіз бе, сіз сонда?

— Әлбетте. Олар үшін мұндай құбылыс жасау түкке тұрмайды.

— Сонда немене, біз адам емес, жарық болып кеттік пе?

— деп жымиды Шадыман.

Тұрғандар сөз айтпады. Бәрі де жан-жақтарына қарап, қандай да бір ғажайыптың куәсі болуға әзір тұр. Салқын самал тыныстарын кеңітіп, көңілдерін сергітіп барады. Мезгілдің ерте көктем екені де білінеді. Әйтпесе, жаңағы алма да, алмұрт та майысып жеміс беріп тұрар еді. Айнала жасыл шөппен кәмкерілген. Қылтиып-қылтиып бәйшешектер мен қызғалдақтардың жауқазындары да шыға бастаған. Бәрі де Жердегідей. Енді комбинезонды шешсе де болатын сияқты. Бірақ кім бастайды. Оған ешкім асықпаған-ды. Бірақ Шадыман шыдамады. Әуелі жайымен шыны шлемін шешті. Сол-ақ екен, таза ауа алғашқыдан да кеуде сарайын ашып жіберді. Шлем арқылы алған тыныс, жұтқан ауа ауа ма. Шадыман Жерге қайтып оралғандай бір күйге көшті. Жанындағылар әлі де болса, оның бұл көңіл-күйіне күмәнді жүзбен қарап тұрған-ды. Шадыманның шынымен-ақ таза ауамен демалып тұрғаны сезілді. Енді бәрі де шлемдерін шешіп, салқын самал соғып тұрған шығыс жаққа қараған. Енді сәлден соң төбедегі Күннің де бұрынғыдай батыстан шығысқа қарай емес, шығыстан батысқа қарай қозғала бастағаны да белгілі болды. Бұл Шолпан ғаламшарының шынымен-ақ Жерден аумаған тіршілікті ортаға айналғанының бұлтартпас белгісі еді.

— Енді бізге бір-бір арғымақ жетпейді! — деді Шадыман шаттанып.

Тұрғандар ду күлісті. Расында да мынандай кең дала, таулы табиғат, таза ауада сондай бір жігердің тууы да занды еді. Жігіттер енді сәлден соң үстеріндегі комбинезондарын да шешіп, жерге тастап жатты. Ішкі жеңіл киімдерімен самал соққан жаққа қарап, ауаны еркін жұтты. Шадыман мұндай ғажап жағдайда көп жүре беруге болмайтынын түсінді. Ол енді тез ширап, қасындағыларға өздерінің негізгі мақсаттарының орындалғанын айтып, құттықтап, одан әрі қарайғы іс-әрекеттері жөнінде айтты.

— Достар, — деді ол толқып, — Шолпан екінші Жерге айналды. Тіршілік орнады. Оны жасаған өзіміз болмасақ та, оның бірінші куәгерлері болдық. Мұны тез арада Жерге хабарлауымыз керек. Ондағы сыртханада бақылап жүрген жұлдызнамашылар да бірдемені аңғарған болар. Бірақ қалай сенсін. Біздің өзімізге сену қиын болып тұрғанда. Енді қалай десек те, Шолпан табиғаты өз қалпына келген тәрізді. Ісімізге кіріселік. Негізгі мақсат — Шолпанды табу. Ол барған ауыл да бәлкім, осында қонған шығар-ау.

— Мұныңыз рас, — деді оған Елназар, — Шолпан барған ауыл да осында болуы тиіс. Іздеуге аттаналық. Енді бізге сапар шегу де оңай. Ешқандай комбинезон киюдің қажеті жоқ. Емшектауға қайталық.

Бір топ ғалым-ғарышкерлер біраз жерді шарлап көрген соң Емшектауға қайтып оралды. Ондағы қақпа ашық еді. Температура да барлық жерінде бірдей. Бұрынғыдай ыстықтан қорқатын ешкім жоқ. Ал манағы өздері мінген кеме сол орнында. Шадыман келген бойда кемеге отырды. Алғашқы шешім бойынша өзімен бірге Елназар мен Алдияр бармақ. Енді ешкім де қорыққан жоқ. Үшеуінің Шолпан ғаламшарын емін-еркін шарлап қайта алатындарына күмән келтірмеді. Бірақ кеменің жалғыз ұшуын қаламағандар да болды. Әуелгі тәртібі бойынша үш бұрыс жасап ұшулары керек. Шадыман оған қарсылық білдірген жоқ. Бірақ кемені басқару пультіне өзі отырды. Енді кемедегі мұздатқыштардың да керегі болмай қалды. Сәлден соң оған от қосты. Кеме жылжып жүре берді. Ашық қақпадан шығып, Шолпанның көк аспанына қарай қалықтап жөнелді. Енді бір ғажайып көрініс төменнен мен мұндалады. Қатпар-қатпар таулар, сай-сала, қалың өскен ағаштар, ағып жатқан өзен, иіріліп қалған көлдер, шың басында жүрген арқарлар. Жазық дала төсін қырағы көзімен қарап, жемін іздеп, қанатын қақпай ұстап, қалықтап жүрген бүркіт. Бәрі де Жердегідей. Кемеде отырғандар ерекше тебіреніп, әздерінің езге ғаламшарда екендіктерін де ұмыта бастағандай. Тек Шолпанның өзіне тән бет қыртыстары, ойпаттары мен таулары, тегістері өзгешелігін танытады. Ғарышкер-ғалымдардың іштейгі басты қуаныштары — күтпеген жерден екінші Жер пайда болғандай құбылыс еді. Қазақ халқының бір заманда-ақ: “Шолпан — Жердің сіңлісі” деген дана сөздері де енді жүзеге асып отыр. Елназар да терезеден сыртқа жиі қарап, аз ғана уақыттың ішінде болып өткен ғаламат өзгерісті бақылайды. Шолпанның атмосферасына, кемедегі өлшеуіштер көрсетіп тұрған химиялық құрамына назар аударады. Ал геологтар болса, Шолпанның бет-қыр- тысына қарайды. Күні кеше ғана жап-жалаңаш, ешқашанда тіршілік болмағандай сияқтанып жатқан қатпар-қатпар таулар мен тап-тақыр ойпаттар, тегістер, қыраттар мен жоталар, аңғарлар мен сайлар, тарам-тарам кеткен өзен арналары бүгін қайтадан тірілгендей. Бейне бір суретші келіп әрбір аймаққа сай табиғат көрінісін орын-орынымен сырлай салғандай. Шадыманның тебіренісінде шек жоқ. Енді біраздан соң ол тіпті , кеменің шынысын сырғытып ашып та жіберген. Кемені бас- қарып келе жатқан өзі болғандықтан Шолпан табиғатын анық кору үшін оны томендете түсті. Енді бір кезде оздері талай рет бүрғылап, су іздеген Кең тегісті көргісі келді. “Шолпан қыз да сол аймақта жоғалмап па еді” деп қойды ішінен. Сөйтіп, кемені солай қарай бұрды. Бұлардың соңында бір топ кеме үшбұрыш жасап ұшып келе жатты. Олар Шадыман қалай қарай бұрылса, солай қарай бағыттарын өзгертіп ұшады. Басты мақсаттары да өздерінің ең абзал азаматтарынан көз жазып қалмау сияқты. Шадыман да оны сезіп келеді. Кемеге аса жылдамдық қоспайды, мүмкіндігінше темен, баяу ұшып, Шолпан бетін анықтап керуге тырыса- ды.

Төменде панорамалы экрандағы кино көрінісіндей болып небір ғажайып табиғат аймақтары қалып жатыр. Іште отырғандар оны бірде терезеден, бірде алдарындағы шағын экраннан байқайды. Шадыман сәлден соң кемені қисайта түсіп, Кең тегіске қарай туралай берді. Сол кезде таулы- қыратты табиғат корінісі үзілді де, көгілдір әлемге жалғасты. Бұл — мұхит еді. Оны өздері осыдан біраз күндер бұрын қызықтаған. Бірақ ол кезде бұл көрініс уақытша болғанды, Мұхит кенттен жоғалып кеткен. Енді барлап қараса, ол біржолата орныққандай. Өздері өткен жолы соқтыққан белгісіз шыны кедергі де жоқ. Бәрі де табиғи. Енді бұл маңнан жоғалған Шолпанды табу да мүмкін емес еді. Өйткені Шолпан ғаламшарының беті адам танымастай өзгерген. Шадыман осыдан кейін “Енді бұл жайлы Жерге телемәлімет беруге болатын шығар” деп түйді. Іштегілер де сондай бір қуанышты ойда отырған еді. Сәлден соң Шадыман кемені қисайта бұрып, Емшектауға қарай бағыттады.

ОРЫНДАЛҒАН АРМАН

Шолпан алты қанатты ақ киіз үйден сыртқа шыққанда айнала табиғат ерекше еді. Аспан да бұрынғысындай сарғыш, кек аралас түсінен айрылған. Енді кәдімгі Жердегідей көкпеңбек. Бұлттар қандай әсем. Ақ ұлпадай болып көзге білдіргісіз жылдамдықпен жылжып барады. Неше түрлі пішінге ұқсайтын кейбір бұлттар да сол пішіндерін бірте- бірте өзгертуде. Шолпан ондай көріністі бақылауға жастайынан құмар-тын. Бүгін де таң атпастан аспанға қараумен болды. Өйткені, бұған дейін көріп жүрген аспаны мұншалықты сұлу, мұншалықты әсерлі болмаушы еді. Енді Шолпан ұзын бұрымын арқа тұсына қарай сілкіп тастап, аспанды айнала қарап шықты. Тап көктем мезгілі. “Бұл Шолпан ба, әлде Жер ме? Бәлкім, мен ұйықтап жатқанда Абзал Жерге әкеліп тастаған шығар?” деп те ойлады. Содан ілгері қарай жүре берген. Алғашында бәрі де өзіне таныс жерлер сияқты еді. Ал ана бір қырдан асқан бетте Шолпан өз көзіне өзі сенбеді. Жер ғаламшарындағы ауылы жатыр. Тауы, тасы, өзені, сайы бәрі- бәрі де сол. Беткейде қой мен ешкі жайылып жүр. Ауыл іші абыр-сабыр. Маңыраған қойды, мөңіреген сиырдың, пысқырынған жылқының, үрген иттерінің дауыстары естіледі. Дабыр-дұбыр сөйлескен ауыл тұрғындарының сөздері де еміс- еміс жетеді. Мұның бәрі де ауаның тазалығынан екенін Шолпан бала кезінен біледі. Ал осында қала болса, соның бірі де құлаққа жетпес еді. Шолпан қыр басында жалғыз әскен әсем гүлдей болып тұрып қалды. Шығыс жақтан жар- қырай кетеріліп бара жатқан шартабақ Күн де тап осы қызды күллі әлемге паш еткісі келгендей сәулесін аямай-ақ төгеді. Шолпан өз көзіне өзі сенбей әлі тұр. Сенбейін десе, өз ауылы. Күні кеше ғана “Өз ауылыма барамын ба, оны көретін күн бар ма екен маған деп ойлаған Шолпан енді аң-таң. Кейін бұрылып қараса, өзі талайдан бері өмір сүріп жатқан Абзалдың ауылы жатыр. Абзал да жоқ. Ол бейне бір

«Шолпан өз ауылына барып мауқын бассын”дегендей үйінен шықпайды. Сәлден соң Шолпан өзінше бір ойға келді Ауылға барсам, әке-шешемді, ағам мен іні, сіңлілерімді бір көрсем деп шешті. Сөйтті де Абзалдың ауылына бір қарап алып, қайтадан бұрылып жүгіре жөнелді. Анда-санда “Осы шынымен-ақ менің аулым ба. Шынымен-ақ туған жерім бе” деп, сәл кідіріп, аяғының астындағы топыраққа қарап қояды. Кейде шөптің бір-екі талын жұлып алып айнала мұқият қарайды, топырақтан қос уысына толтырып алып, жас бала- ша қайта төгеді.Рас, бәрі рас. Өз туған топырағы, туған ауылы.

Шолпан бірде жүгіріп, бірде баяулап келеді, Ауыл абыр- сабыр. Қала болса, біразы дерлік әлі де ұйықтап жатар еді. Ал ауылда ондай адам болмайды. Болса тек, бесіктегі нәресте ғана ұйқыда жатады. Далада иттер ғана көздерін жұмады. Басқа жан тыным таппайды. Шолпан енді келерін келіп алса да, көрші-қоландарға көрінбеу жағын ойлай бастады. Одан кеиін үи-ішің у-шу болатынын тағы көз алдына әкелді. Ал түсінбеген ауылының адамдары Шолпанға көшкендерін де ме? Енді бір кезде “Бәлкім, мен өзім қателескен шығармын деп тағы кідірді. Қалай болғанда да, бір ғаламат құбылыстың болғаны анық. Шолпан не істерін білмей ауыл сыртындағы шоқы басында тағы кідіріп қалды. Содан бір кезде Тұрмысқа шыққан қыз Шолпан қайтып келіпті” деген жаман сөзге қаламын ба деп ойға тірелді де, кейін ұрылды. Сол кезде байқады, өзі бері қарай жүгірген биік шоқының басында Абзал түр екен. Ол қолын бұлғайды. Шолпан не істерін білмеді. Қолына ұстап алған өрнекті жұқа орамалын көтеріп өзі де бұлғады. Сол заман Абзал бұған қарай жүгірді. Шолпан сол орнынан қозғалмады. Тұра берді. Абзал алқынып қасына келгенде, оның жүзіне бота көзін қадап тұрып:

— Абзал, шыныңызды айтыңызшы, бұл менің ауылым ба? — деді.

— Дәл өзі! — деді Абзал жымиып.



  • Сонда сіз менің ауылымды Жерден осы Шолпанға көшірдіңізбе?

— Өзіңіздің шартыңыз бойынша солай жасадым.

Сіз өте адал адамсыз, Абзал, - деді Шолпан толқып.

— Біз енді көрші боламыз.

— Ал сіздер тағы бір жаққа зым-зия кетіп қалып жүрмейсіздер ме?

— Жоқ. Мен қашан да сізбен біргемін, Шолпан.

— Аулымды қатты сағынып едім.

— Оны білемін.

— Барсам қайтер екен?

— Тойдан кейін барайық, Шолпан.

Шолпан үндемеді. Аулына бір қарап қойды. Содан соң қыз жолының жіңішкелігін есіне алып, қолын созған Абзалға қолын берді. Екеуі жайымен шоқы басына қарай жүрді. Қыз кейінгі жаққа қарап қояды. Әлі де болса, ауылына барғысы келеді. Ал солай қарай бастаса, әлгі қыз жолының жіңішкелігін есіне алады. Оның кеңілін жұбатқан басты нәрсе — аулының Шолпанға көшуі және Абзалдың аулымен көрші болуы еді. Біраз жер жүрген соң Шолпан Абзалға көктегі қара денені керсетіп қойды. Бар құдірет те сонда сияқты көрінген. Ол расында да солай болатын. Шолпан көп нәрсені түсінді. Жас кезінде Күн тұтылса, қызық көретін. Мектеп қабыргасында жүргенде де шағын бақылау қүралымен күллі оқушылар болып қараушы еді. Күн түтылудың ерекше қүбы- лыс екенін мұғалімдер жан-жақты түсіндіріп жататын. Бірақ соған мән бере бермейтін. Күн жиі-жиі тұтылса қызық болар еді деп те тілеген кездері болды-ау. Бір ғажабы, Күннің толық тұтылуы кезінде айнала тынышталып қалады. Жел де сөқпайды, құс та сайрамайды. Малдың маңыраған, мөңіреген дыбысы да болмайды. Жарық азаяды, Бар әлем сарғыш- қоңырқай түске беленгендей өзгереді. Бейне бар табиғат ерекше бір қиналысты бастан кешіргендей күйге көшеді.

Шолпанның көз алдына сол бір тұтылу кезіндегі көріністер қараптан-қарап елестеп кетті. Өзі көре алмаса да, мына табиғатты көшіру мен өзгерту кезінде де сондай бір құбылыстың өзгешелеу болып ететінін ойша елестетті. Оның сырын Абзал мен оның ауылындағы барлық тұрғындар ғана білетін. Ол бұрыннан белгілі нәрсе оларға. Үйреншікті көрініс. Бірақ дүниенің жаратылысымен ойнауға әсте болмайды. Сондықтан да әрбір өзгеріс арнайы кеңеспен шешіледі. Абзал әкесіне өтініш жасаған еді. Сол өтініші орындалды. Шолпан тіршілікті ғаламшарға айналды. Енді қай жерін шарлаймын десе де өз еріктерінде. Шолпан енді сәлден соң кілт тұра қалып.

— Абзал, осы менің достарым қайда? Емшеқтауға қалай баруға болады? — деді.

— Ол аса қашық емес, — деді оған Абзал, — бірақ барудың қажеті не?

— Достарымды бір көрсем деп едім? — деді Шолпан.

— Ол арманыңыз да орындалар.

— Қашан?


— Той өткен соң.

— Енді олар Шолпанда жүре бермес, — деді Шолпан басын Абзалдың иығына салып, — мұнда тіршілік орнады. Енді зерттеудің қажеті не ?

— Сіз бала сияқтысыз, Шолпан, — деп жымиды Абзал,

— осы сіз туып-өскен Жер ғаламдарының жаралғанына қаншама миллиард жыл? Ал адам мекен еткеніне, дамып- жетілгеніне қанша уақыт? Бірақ сіздер Жер табиғатын зерттеуді тоқтаттыңыздар ма?

— Жоқ, әрине — деді Шолпан басын шайқап.

— Ендеше, мұнда да солай. Зерттеудің негізгісі енді басталады.

— Дегенмен, достарымды да сағындым, — деді Шолпан тау жаққа қарап, — олар да мені іздеуде шығар. Өткенде біразы келіп кетті. Ал қалғандарын көрмегелі қашан. Менімше осы аралықта көп уақыт өткен сияқты. Шынымды айтсам, уақыттың қалай өтіп жатқанын түсінбей кеттім.

—- Ол әбден мүмкін. Мен оны біліп жүрмін, Шолпан. Енді бәрі де орнына келеді.

— Ендеше ештеме ешқайда көшпей ме?

— Көшпейді Шолпан.

— Ал ана қара дене солай жүре бере ме?

— Әзірге жүре берсін. Онда биороботтар бар емес пе?

— Олар бір күні ондағы тетіктерді басып қалып жүрмесін.

— Оған жібере қоймаспыз.

— Ғаламшар бетіндегі бар тіршілік-көріністі жұтушы да, қайта шығарушы да сол ғой?

Иә, сол, — деді Абзал жоғары қарап.

— Ал егер оны біржолата жойып жіберсе не болар еді?

— Иә, оны жойып жіберу оп-оңай, — деді Абзал Шолпанның ыстық алақанына алақанын беттестіріп, — егер ондағы күллі вакуумдық қысымды ұстап тұрған ыдыстың белгілі бір нүктесін дәлдеп атсаң, онан бірнеше минуттың ішінде түк қалмайды.

— Онысы қызық екен! — деді Шолпан Абзалға қадала қарап.

— Кез келген нәрсенің әлсіз нүктесі болады. Тіршілік иелері де солай емес пе?

— Ол түсінікті.

— Сонда сіздің қара денені жойып жібермек ойыңыз бар ма?

— Дүниені өзгерте берудің қажеті не деген ғой.

— Оныңыз рас, — Абзал жеңіл күрсініп қойды, — мен де осы табиғаттың сақталуын қалар едім. Бірақ қара дененің билігі әкемде ғой.

— Сонда оның құпия кілті де сол кісіде ме?

— Құпия кілті дейтін не бар, Шолпан. Оның әлсіз тұсы жаңағы мен айтқан түс. Соны дәлдеп лазерлік қарумен атсаңыз қара дене жаңа айтқанымдай бірнеше минуттың ішінде...

Оны түсіндім, — деді Шолпан қара денеге тағы бір қарап алып, — ендігі айтайын дегенім...

Шолпан ойындағысын айтып үлгергенше ауыл жақтан атқа қонған бір топ адам көрінді. Абзал оларды әкесі бастаған топ екенін бірден түсінді. Шолпанның қолынан қыса ұстап, ілгері қарай жүрді. Бұл Жансұлтанның аң аулауға шыққан сапары еді. Бір топ жігіт оны жан-жағынан қоршап алған. Кәдімгі ертегідегі патшаның серуені сияқты көрініс. Сәлден соң сәйгүлік мінгендер жазық даланы бетке алып, қиқулатып шаба жөнелді. Абзалдың да делебесі қозып, атқа мінгісі келіп-ақ тұр. Бірақ жанындағы сүйген жары Шолпанын тастап қайда барсын. Сол қолынан мықтап ұстап алған бойы ақ киіз үйге жақындады.

Шолпан болса жаңағы ойын ұмыта алмады. Аң аулауға кеткен атасын сыртынан көрді де, бар құдіреттің соның қолында екенін есіне түсірді. Өзінің сондай ғаламат адам- ның қолына келін болып түскелі тұрғанын да ойлап қойды. Енді той болатын күн де жақын еді. Қыз көкейіндегі тағы бір сұрағын айтты.

— Абзал, айтшы, менің әке-шешем, ағам мен інім, сіңлім тойға қатыса ала ма?

— Неге қатыспайды? — деп жымиды Абзал.

— Кім біледі, жаңағы көргенім шын ауыл ма, елес ауыл

— Бұл енді ешқандай да елес ауыл емес, Шолпан. Кәдімгі ауыл.

— Ләйім солай болса екен.

— Осы балалығыңызды қашан қояр екенсіз?

— Біз балалық санадан аспасақ қайтеміз?

— Оныңыз рас.

— Ал сіздер есейген адамдарсыздар.

— Қолпаштаудың қажеті жоқ, Шолпан. Менің ондайды ұнатпайтынымды өзіңіз де білесіз ғой?

— Білемін, — деді Шолпан.

Екеуі тағы ілгері басты. Шолпан тұратын ақ киіз үйдің алдына келгенде Шолпан тағы бір ойға берілгендей кідіріп қалды. Абзал қыздың айта алмай тұрған бір өтінішінің ба- рын сезді. Бірақ сұраған жоқ. Қыз құпиясы миллион тармақ. Оны бет-жүзінен біліп-айыру қиын. Сондықтан да Абзал қыз жанына тереңірек үңілуге тырысып бағады. Шолпанмен қаншама рет осылайша серуендеп-қыдырса да мауқы бір басылған емес. Қайта күннен күнге оған деген махаббаты артып барады. Шолпан да сондай сезімді басынан кешіріп келеді. Бірақ қыз жаны нәзік, қыз құпиясы берік емес пе. Қаншама ішінен өртеніп, қалап, жанып, күйініп-сүйініп тұрса да, сырын ашпайды. Оның үстіне қыз қылығы ше. Оның өзі де бір бөлекше дүние онан рухани ләззат алады. Оның ыстық алақанынан, самайынан, бұрымынан сипаған кезде күллі жан-дүниесі дүр сілкінеді. Ғажайып бір электр зарядын алғандай күй көшеді. Жігеріне жігер қосылады.

Қазір де өзінше бір ерекше сезімге бөленіп те кеткен. Шолпан да махаббаттың бесігінде жүр. Ол махаббат болмаса, мұндай күйді бастан кешпес еді. Бірақ қыздың төркіні деген бар. Ол әркез соны аңсайды. Жаңағы ауыл, ондағы балалық шақтан белгілі тіршілік көрінісі Шолпанды ерекше бір ойға бөлеген. Ол Абзалмен әңгімелесіп келе жатқанымен де, ойының бір шеті сол өзіне оттай ыстық туған ауылында жатыр. Бұл қыздың Абзалға қойған үшінші шарты еді. Жігіт оны да орындады. Жер шарының ең таза деген табиғат аймақтары осында көшірілген. Мұншама құдіреттің анау қара дене арқылы орындалатынын Шолпан о бастан түсінген. Бірақ соның қалай жүзеге асатынын өз көзімен бір көрмепті. Көру де мүмкін емес сияқты. Өйткені ол кезде күллі тіршілік иесі қысқа мерзімдік “қысқы ұйқыда” болады. Тіпті, мән- жайдың бәрін білетін Абзалдың өзі де оны өз көзімен көрген емес. Тіпті, Абзалдың әкесі де, басқа туған-туысқандары да куәгер болмаған. Құбылыстың бар құдыреті де сонда еді.

— Абзал, мен ез үйіме келдім, кездескенше сау болып тұр! — деді Шолпан шамалы үнсіздіктен соң.

— Сау бол, Шолпан! Көріскенше күн жақсы! — деп Абзал оның бетінен өпті де киіз үйіне қарай жүріп кетті.

Шолпан сол орнында тұрып қалған. Абзал қашан ұзап кеткенше қарауда. Оның әрбір қадамына қарайды. Сүйсінеді. Абзалдың адалдығы, жігерлілігі, сәзінде тұратындығы Шолпанды о бастан баурап алған. Енді онымен өмірлікке қол ұстасатын күн де алыс емес. Шолпан оған толық келіседі. Енді ауылым сонау алыс Жерде деп те уәйім етпейді. Жаңа ғана көрді оны. Ол да басты арманының бірі еді. Орындалып, Шолпан іштей тебіренген бойы өзіне арнап тігілген. ақ киіз үйге енді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет