БАҒдарламасы бойынша шығарылды шолпанға көшкен ауыл Жетінші роман



бет16/17
Дата31.01.2018
өлшемі3,73 Mb.
#37192
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

КӨРШІ АУЫЛДАҒЫ ТОЙ

Абзал бүгін ертемен тұрып, Шолпан ұйықтап жатқан ақ киіз үйге келді. Оның алдында өзінің жеңгелері жүрген-ді. Олар бүгін Шолпанды ерекше қадағалап, тойға лайықты етіп киіндіріп қойған. Абзал өзінің сүйгенің танымай да қалған. Әншейінде онша әсер бере қоймаған киімдерін тастапты. Үстіне ақ ұзын көйлек киген. Оның сыртынан қамзол, белінде оюлы белдік. Басында камшат бөрік. Бәрі тік төбесіндегі үкі адам лебінің өзіне желп-желп етеді. Құлағында күміс шолпы. Екі қолында бес білезік. Аяғына оюлы мәсі. Өзі ақ үйдің орта тұсындағы кең бөлмеде тұр. Абзал кіріп келген бетте Шолпанды қоршаған қыздармен мәдениетті түрде сәлемдесті. Олар да бастарын сәл иіңкіреп қойды. Абзал да салтты бұзған жоқ. Шолпанға қадала қарап біраз тұрды. Қыз үндемеді. Сол кезде қыздардың бірі оның бет пердесін жаба қойды. Мән-жай түсінікті болды. Абзал өзінің сүйген жарының амандығын, тойға дайындығын білген соң қыздардан кешірім өтініп, қайтадан сыртқа шықты.

Бұл кезде шартабақ Күн де нұрын аямай тегіп, шығыс жақтан жарқырап көтеріліп бара жатқан еді. Күн көпшіліктің ес бөле бермейтін жарығы. Бірақ Абзал оған ерекше мән беретін. Ол әрбір таңда Күнге қарап, оң қолын жүрек түсына апарып, бас иігі тағзым ететін. Бұл өзінің ата-бабасынан келе жатқан дәстүр-ді. Ол тағзым Күн мен жүздесудің белгісі еді. Бір түннің неше оқиғасы бар. Сол түннен шықпай қалып жататын мезгілдер аз ба. Қазақтың “Қара түннен шықпай қалғыр” деп қарғайтыны да бекер емес-ті. Күн — күллі тіршіліктің көзі. Абзал өны тек тіршілік емес, күллі дүниенің көзі деп біледі. Онсыз әмір жоқ. Адамдар қызық. Күннен жарық, Күннен жылу, Күннен энергия алып жүрсе де, кейде оған мән бермейтін. Бәрі үйреншікті, болуға тиісті нәрсе тәрізді. Күн батады, ертеңіне қайта шығады. Адамдар түнді де Күнсіз әлем. Түн кезінде Күннің қажеті жоқ, Ай бар, жұлдыздар бар деп те ойлайды. Түнгі Айдың жарығының Күн сәулесінен екенін біле бергенімен, жалпы кемескі жарықтың сол Күннің өзінен екенін байыптамайды. Егер Күн сәнсе не болар еді деп те ойлайды Абзал. Мына тіршілік қас қағым сәтте жоғалады. Әлемнің өзі жарықтан тұрады. Мұны қазақ халқы ежелден біледі. “Жарығым”, “Көретін жарығы бар екен”, “Жарыққа шықты”, “Ай жарығы” деген сөздерді де қазақ бекер қолданбаса керек. Абзал қаны қазақ болғандықтан, салты мен дәстүрі, тілі мен діні бір болғандықтан кейбір жергілікті тұрмыстағы айырмашылықтарға қарамастан бір ұядан шыққандай сезінетін.

Жаңағы әдемі көріністер, өзінің сүйіктісінің сұлу жүзі де сол жарықтың арқасында түрленіп, көріктеніп тұрған жоқ па. Егер осы жерде қараңғы бола қалса, екеуі бір-бірін таба алмай қалар еді. Бірақ адам бір-бірін тек қараңғыда ғана емес, жарық түстес болған күнде де жоғалтады. Абзалдың ойынша әрбір дүниеден кеткен адам жарыққа енеді. Содан қайтып көрінбейді. Оның жерленетін денесі тірі адамдарға уақытша көрінетін бейне ғана. Ол қайтып жарық ішіндегі дүниеге оралмайды. Абзал осындай ойға батыңқырап барып селт оянғандай болды. Содан өзінің киіз үйіне жақындаған. Бұл кезде әке-шешесі тұратын үлкен киіз үйдің іші абыр- сабыр болып жатқан-ды. Тойға дайындық жан-жақты жүрді. Абзал да келіп анау-мынау іске көмектеспек еді, әкесі оған тыйым салды. Үйленетін жігіт демалуы тиіс. Оның анау- мынау тірлікке араласып, шаршағаны жарамайды. Ал той өткен соң, оңаша отау тіккен соң өз тіршілігін жасайды. Онда ол жанұяның басы болады. Өз мәселелерін өзі шешетін күйге жетеді. Әке мен шешенің басты мақсаты да ұлын ұяға, қызын қияға қондыру.

Абзал бұл салт-дәстүрді де жақсы біледі. Көзін ашқаннан көргені мен білгені өз халқының тіршілігі болса, қалай білмесін, қалай сезінбесін. Ол Шолпанның бойынан өз ұлтынан басқаша бір дәстүрге де бейім тұратынын байқаған. Оның бәрі де қыздың өзге ұлтқа еліктеуінің салдарынан екенін Абзал бірден түсінген. Жер ғаламшарында бір ғана қазақ халқының тұрмайтыны белгілі. Соны есіне алғанда Шолпанның шамалы қазақ дәстүрінен ауытқып та кететін жерлерін аңғарады. Бірақ қазақтың аты қазақ. Шолпан басқаға қан- шама еліктесе де, қаны қазақ болғандықтан өз салт-дәстүрін ұмыта алмайды. Осында келісімен-ақ қазақтың ежелгі игі дәстүріне тез қалыптасып кетті. Артық қадам басқан жері болған емес. Енді міне отау тігетін күн де жетті.

Абзалды жан-жақтан келген достары жанұя құруымен құттықтап жатты. Шолпанды қыздар қоршаса, мұны жігіттер қаумалап алған. Екеуі екі киіз үйде кездесуге дайындық үстінде. Ендігі кездесу болашаққа бірге қадам басуға біржолата кездесу болмақ. Бұл күні жігіттің киіз үйі мен қыздың киіз үйі аралығында жігіт-қыздар толып жүреді. Неше түрлі ән айтылады, әзіл-оспақ, қазақтың түрлі ойындары ойналады. Түнге қарай Ай сәулесі болса соған лайық ойындарға кешеді. Алтыбақан тебеді.

Бірақ Шолпанның елеңдегені өзінің үй-ішінің келуі еді. Олар Жер ғаламшарындағы қаладағы сияқты жеңіл көлікпен емес бір-бір ақ боз атпен жетуі тиіс. Оларды мұндағылар сән-салтанатпен қарсы алады. Содан соң арнайы тігілген киіз үйге орналастырады. Оны құдалар үиі дейді. Шолпанның тек әке-шешесі ғана емес жақын туыстары да келе алады. Оларға да құдалармен бірдей дәрежеде құрмет көрсетіледі.

Шолпан оның бәрін Абзалдан сұрап білген. Қазақтың мұндай салт-дәстүрін бұрыннан да естіп өскен. Бірақ қанша дегенмен басқа әлемнен келген қазақ халқы болғандықтан салт-дәстүрлерінде біршама өзгерістің де барын аңғарған еді. Бірақ Шолпанның аса разы болған жері, олардың қаншалықты жоғары дамыған ел бола тұрып, ежелгі салт-дәстүрлерді титтей де жоғалтпағаны еді. Өзі ойлап қараса, Жерден басқа ұлттармен шамалы уақыт аралас-құралас өмір сүргеннің өзінде көп нәрседен айырылып қалғанын сезінген. Бірақ кейіннен тез ес жиып, тез қамданып, жоғалтқандарды қайта тауып, тілді де, дінді де түзеген-ді. Соның өзінде де кейбір араластықтың залалы көкейде қалып та қойған.

Шолпан онысын тез түзеді. Өзінің сүйікті халқының тамаша қызы болуды қалады. Сол халқын Жердеп тозығы Жетіп, қатерге жақындасқан тақыр табиғатынан осында көшіріп алды. Бұл қыз құдыреттілігі еді. Абзал Шолпанның пәктігі ақтығы, білімділігі мен дүниеге деген көзқарасының кеңдігі үшін бас иді. Оның соңы отау құруға әкеліп тіреді. Бұл бақытты шақ болатын. Шолпанның ендіп іштейгі арманы Шолпан ғаламшарын көздің қарашығындай сақтап, табиғатқа залал келтірмеуді ойластыру болатын. Ол арманын жүзеге асыруға тойдан кейін кіріспек.

Күн төбеден ауып, батысқа таяған сәтте көрші ауылдан бір топ аттылы келіп түсті. Ол топ Шолпанның үй-іші мен жақын туысқандары еді. Шолпан мұны естігенде әзер, шы- дап отырды. Қатты толқып көзіне жас та алған. Енді сәлден соң әкесі Ералыны, анасы Перизатты, ағасы Қажыбек, інісі Арғынғазы мен сіңлісі Айымгүлді көрмек. Мұнан артқан бақыттылық бар ма. Егер олар сонау Жер ғаламшарында болғанда, мұнда келе алар ма еді, келе алмас еді. Енді көрші болды. Ат шаптырым жер десе де болғандай. Ана қырдың асты. Шолпан алғашқысынан да шырайланып, сұлуланып, көріктеніп кеткен. Айналасында жүрген қыздар да, айнала табиғат та, мына ақ жұмыртқалардай жыпырлата тігілген киіз үйлер де әдемі-ақ. Адамның көңіл-күйі қандай болса, дүниедегі бар көрініс те соған сай құлпырып кетеді. Ал егер адам көңілсіз болса, оның алдында қандай көңілді көрініс өтіп жатса да ол селт етпейді. Оған құлпырған дала да, әдемі гүлдер де, таза ауа да, әсем бұлттар да, бәрі-бәрі де ұнамай-ды. Оларды көңілсіз адам көңілсіз қабылдайды. Ал Шол- панның көңілі шат еді. Сол шаттықтың арқасында айнала көріністің бәрі де шаттыққа бөленгендей. Расында көңіл- күйі дұрыс адамның бәрі солай көрінуге тиіс-тін.

Келген меймандарды қарсы алушылар арнайы тігілген киіз үйге алып кірген. Олар жайғасқан мезетте сол үйге Абзалдың әкесі Жансұлтан бастаған бір топ адам барды. Екі жақ бір-бірімен құшақ айқастыра, арқа қағыса амандасты. Бейне бір о бастан бір-бірін білетін, араға уақыт салып, сағынысып, қайта табысқан адамдар тәрізді. Сыртта тұрғандар іштерінен екі елдің татулығының ләйім осылай болып қалуын тілеп қойды. Жансұлтан мен Ералы төрге жайғасты. Соның артынша тойға лайықталып киінген Абзал келіп, атасы мен енесіне, қайнағасы мен қайны, балдызымен сәлемдесті. Сейтіп, кешірім сұрап қайта шығып кетті. Келгендер көңілденіп, үлкен ақ киіз үйдің керегелеріне, уықтарына, шаңырағы мен ондағы күлдіреуіктерге дейін зер сала қараумен отырды. Ешқандай айырмашылық жоқ екен. Ералы алғаш естігенде “Бұлар бізді жұбату үшін “қазақпыз” деп айта салған болар. Жұлдызды әлемнен де қазақ келе ме” деп ішінен ойлаған-ды. Енді мына салт-дәстүрді көргенде езі ішінен ұялып та отырды. Жер ғаламшарындағы өзге ұлттармен аралас-құраластықтың ықпалы да тимей қалмаған. Қанша дегенмен, кейде қазақтың әз салтынан ауытқып та кететін мезгілі кездесетін. Ералы енді сол жағына зер салды. Өзін ғана емес, жанындағы жұбайының, ұлдары мен қызының отырыстарын қарап қойды. Жансұлтан бәрін сезіп отыр. Жер ғаламшарының не екенін, онда неше түрлі ұлттардың барын, жалпы ондағы тіршілік жағдайын жақсы біледі. Сондықтан қызын алып отырған құдаларының кейбір артық қылықтарын іштей кешіріп те қояды. Негізгі әңгіме ауыл, ел, ру мен жүз жайлы да болып кеткен. Бұл ешқашан да ұмытылатын жайт емес. Қазақ сонысымен қазақ емес пе еді. Сонысымен ел емес пе еді. Жансүлтан әңгімені сол төңіректе қозғаған. Бірақ руларын атап жатқан жоқ. Ералының кіші екенін Шолпан арқылы білген. Ал Абзал жағының қай руға жататынын Ералы ақсақал да өзінің үлкен ұлы Қажыбектен естіген. Сондықтан қазіргі жағдайда ру мен жүз сұрасып жату мүлдем артық нәрсе еді.

Құдалармен құшақ айқасып, амандасқан соң әңгімені жалпы жағдайларға байланысты ербіткен. Бірақ Ералы үшін жұмбақ нәрселер көп еді. Өзінің, өзінің ғана емес-ау, күллі ауылының Шолпан ғаламшарына қалай көшіп келгенін өзі де түсіне алмаған. Бәлкім, оны құдасы айтатын шығар. Ералы Жансұлтаннан бір анық сөзді естігісі келген. Жансұлтан да құдасының жағдайын түсінген-ді. Бірақ дәл қазіргі жағдайда ол жайлы түсіндіріп жатудың да реті келместей еді.

— Біз Шолпан есімді қызды келін етіп алуға қарсы емеспіз, деп бастады дастархан басында әңгімесін Жансұлтан, — қызды жақсы тәрбиелегендеріңіз үшін мол алғысымды білдіремін. Шолпанның ғажайып қасиеттерінің арқасында екі ел туыс болдық. Құда, құдағи деген атқа жеттік. Осы есімдеріміз ләйім ұзағынан жасасын. Туыстығымыз, былайша айтқанда “құда мың жылдық” деген қазақтың ұлағатты сөзі іске ассын. Менің тілегім сол.

— Айтқаныңыз келсін, — деді оған Ералы да ризашылық білдіріп біздің де ниетіміз сол болатын. Жер ғаламшарынан мына Шолпанға түс көргендей болып көшіп отырға- нымызға да қуаныштымыз. Мына ғажайып табиғат, ғаламат өзгерістер бізге де әсерін тигізбей қалған жоқ. Жер ғаламшарының адамзаттың қарыштап дамуының салдарынан көптеген зиянды жағдайға тап болғаны да белгілі.

— Ол түсінікті жағдай, — деді Жансұлтан сәл кейін жылжып, — оның бәрін ескергенбіз. Абзал есімді кенже ұлымның өтініші бойынша сіздерді мұнда көшіріп алуды жөн санадық. Құда болған соң көрші отырғанымыздың да жөн екенін есепке алдық. Сіздер оған ренішті емессіздер деп ойлаймыз.

— Ренжіп қайтейік, Жер жағдайы түсінікті емес пе? Ең ақыры мал бағатын құдайдың кең даласы да қалмады. Су да ластанды, ауа да ластанды, топырақ пен есімдік болса да. Ауру көбейді. Ал қаланың жағдайы тіпті де қиын еді. Ауру көбейіп кетті. Сау адамдардың саны кеми берді.

— Оныңыз рас. Бәрін де біліп отырмыз. — Жансұлтан жан-жағына барлап қарап қойды, — құдеке, біз табиғаттың жайын айтып кеттік білемін. Әңгімеміз негізгі тақырыптан ауытқыса керек. Енді негізгі мәселеге кешелік. Сіз айтып отырған табиғат қорғау мәселелері бізде әлдеқашан шешілген. Сіздер әрі құдалыққа, әрі тойға келіп отырсыздар. Сондықтан енді әңгімеміздің бағытын да шамалы өзгертсек деймін.

— Оныңызға қарсылығым жоқ, — деді Ералы да мәдениеттілік ұстап, біз сырттан келген адамбыз. Қонақ қойдан жуас дейді қазақ атамыз. Билік өздеріңізде. Қыз бердік екен деп баса көктеп міндетімізді білдіре алмаймыз. Рас, Шолпан қызымыздың ерекше қасиеті бар. Онысын да жасырмаймыз. Сіздер де біздің артық кеткен тұстарымыз болса, айыпқа бұйырмаңыздар.

— Айып дейтін не бар, — деді Жансұлтан тамақ тасып жүрген жас жігіттер мен қыздарға қарап, — енді дәмнен алайық.

Сол кезде иықтарына ұзын-ұзын сүлгі ілген бір жігіт отырғандарды жағалай жүріп, шетінен қолдарына су құйып шықты. Соның артынша табақтардың түрлері де келе баста- ды. Бас қойылған табақ Ералының алдына тартылды. Ералы қазақтың салт-дәстүрі бойынша бастың құйқасынан шамалы кесіп алып, дәм татты да, жанындағыларға қарай жылжытты. Ет қамырынан да тата бастады құдалар. Содан соң сорпа әкелінді, жеңіл қозғалып жүрген жігіттер мен қыздар осы үлкен үйдің төрінде отырған әрбір адамның жағдайын бақылауда. Қайсысының алдындағы тағам қандай жағдайда, сорпасын ішіп болды ма, қолына су құю керек пе, деген сияқты ойлар әрқайсысын ойға қалдырған. Қандай да бір қателік жіберіп алғылары да келмейді. Отырғандар оны да сезеді. Енді бір кезде Ералы барлық құрметке ризалығын білдіріп, табақ-аяқ жиналған соң қызын көргісі келетінін білдірген. Шолпанның анасы Перизаттың да манадан тыпыршып күткені де сол болатын. Ералы сөйлеген бетте-ақ көзіне мөлт-мөлт жас алды. Ералы өзі де қаншалықты толқып отырса да, әкелік қаталдыққа беріліп, Перизатқа қарап, салқын сұс танытып қойды. Содан соң аз ғана үндемеген. Жансұлтан мән-жайды бірден түсініп, құдалардың алдарындағы табақтардың барлық түрі жиналған соң Шолпанның әке-шешесін ертіп, ол қыз тұратын ақ киіз үйге алып келді.

Бұл кезде Шолпан әке-шешесінің келгенін естіп, қуанып, ерекше жинақталып, таранып, оларға ешқандай да азып-тозбағандығын көрсетуге тырысып жатқан-ды. Бір топ адамдар үй алдына келгенде Шолпанды қоршаған қыздар екіге жарылып, әке-шешесіне жол бере бастады. Әуелі ішке Шолпанның анасы Перизат кірді. Әке әкелігін ұстап, есік алдында тұрып та қалған. Ана мен қыз ұзақ көрісті. Шолпан өзі геолог әрі ғарышкер болса да, осы тұста қызға тән ұяңдығын сезініп, толқып, егіл-тегіл жылап та жөнелді. Перизат ана болғандықтан оған қоса жылап жөнелген. Сол кезде Ералы қатаңдығын сақтап, ішке кірді де, ана мен қыздың егілгендерін тоқтатуға бекінді.

- Жә, жарар, Шолпанды туған сен болсаң, есірген бізбіз. Оған сенің ғана жүрегің елжіреп тұрмаған шығар. Оңашада болса бір сәрі. Бұл - той. Бұл - қуаныш. Ал осындай жағдайда көз жастарыңды мөлтілдетудің еш жөні жоқ. Қыздың тұрмысқа шыққаны, өз орнын тапқаны да өзінше бір қуаныш. Өзінше бір бақыт. Қазақ кеткен қызын келмесе екен деп неге тілеген дейсің. Сен де қызыңның өмірлік орнын тапқанын тіле. Егіле берме - деп тоқтады.

Сыңсу күрт тоқтады. Үлкен адамның басу айтудағы басты құдіреті де сонда еді. Сол басуды Жер ғаламшарындағы қазақ халқы біраз мезгіл ұмытқан да болатын. Кісі өлсе, үлкендер келіп басу айтудың орнына бас салып ине сұғатын. Ол денсаулыққа жаға ма, жақпай ма, дәрігерлердің онда жұмысы жоқ-тын. Ал үлкендердің айтқан басуы сол инеден әлдеқайда артық болатын. Сондай басудың бірі қазір ғана көпшіліктің көзін жеткізді. Ералы ақсақалдың айтқан сөзі өмірдің оғымен бірдей еді. Айналада тұрғандар да жым-жырт. Бәрі де қазақтың салт-дәстүрін қалт еткізбей жалғастыруға дайын.

Аз ғана уақыт мауық басудан кейін құдалар қайтадан өздері жайғасқан ақ үйге оралды. Той басталуға шамалы уақыт қалған еді. Келген қонақтар бірнеше үйге белінгендіктен бет ашуды сол үйлердің ортасындағы шағын жол бойына өткізуді жөн көрген. Абзалдың ауылы шам атаулыны қолданбайтын. Егер осы той Жер ғаламшарында болса жан- жақтан шамдарды жарқыратып қойған болар еді. Мұнда бәр де табиғи. Бүгінде Шолпан төңірегінде Жердің Айынан аумаған үп-үлкен серік айналып жүреді. Оны әкелген де осы Жансұлтан бастаған ел еді. Өйткені, ғаламшар Айсыз болмайды. Ай қандай ғаламшардың болса да, қосыша жарықшысы. Күн жоқ кезде орнын алмастырып, жарықты шағылыстырып тұратын ғажайып дене. Оның қажет екенін Жансұлтан бастаған ел о бастан түсінген. Сондықтан да олар қай ғаламшарға қоныс тепсе де, оған Ай орнатпай қоймаитын.

Енді міне, сондай бір Айдың жарығында ұлан-асыр той жалғасып жатты. Айдың жарығынан ғажайып нәрсе бар ма бұл дүниеде. Қазақ халқының о бастағы тамаша өмірлерінің бәрі де сондай жағдайда өткен. Ақ сүйек, алтыбақан, тағы басқадай түрлі қызықты ойындар да сол ғажайып өмірден қалған жоқ па еді. Ералы бұл қазақтардың сол баяғы қазақ дәстүрін жалғастырғандарына да қайран болып, іштей ризашылығын білдірген. Әкелінген тамақтарынан алған құдалар мен қыз алған жақ біраз серуен құруды жөн санап, сыртқа да шыққан-ды. Бұл кезде ауыл ішін ән мен күй шарлап кеткен-ді. Ғажайып ән мен күй сонау көктен жымиған Ай бетіне шағылысып, қайта келіп жатқандай. Мұнда келген кім-кімнің де арманын оятып, қиялын шарықтататын әні. Талай жасқа келіп қалған ақсақалдар мен әйел кісілер де өздерінің жастық шақтарын естеріне алып, бір-бірімен әзілдесіп те қояды. Осы бір дүбірлі той жалпақ даланың бар аумағын дүрліктіріп жіберғендей. Осы маңда жүрген анау-мынау аң мен құс та тұра қалып құлақ түрері сөзсіз. Артық шу жоқ, артық қозғалыс жоқ. Бәрі де табиғи. Табиғаттың өз шуымен астасып кеткен.

Түн ортасы ауа той қыза түсті. Бірақ мұнда шарап ішіп қылжиып жатқан жан жоқ. Бір-бірімен керілдесіп, балағаттасып жүрген жастар да кезікпейді. Ондай көрініс қазақ үшін оғаш көрінер еді. Бірақ Жерден келгендер үшін тойдағы жағымсыз қылық үйреншікті көріністей болып кеткен. Ал жұлдызды әлемнен келген қазақтар үшін ондай көрініс адам төзгісіз нәрсе. Ол адамзаттың мәдени дамуын танытпайды, керісінше, адам санасының жоғарылаған сайын кері заманға қарай жылжығанын білдіреді. Кері қарай жылжу уақыттың заңдылығымен сыйыспайтын нәрсе. Оны білмейтін жан баласы жоқ. Әрбір секунд, минут, сағат өтіп жатқан өмір. Сол уақытпен бірге ілескен адам ғана көңіліндегідей іс тындыра алмақ. Өмірдің бар ғажайып мезгілі де сол уақытпен көрінеді. Жансұлтан елі уақыттың небір ғажайып сырларын ашқан. Сондықтан да оған мүлдем басқаша қарайды. Олардың қағидалары бойынша, ешбір уақыт бос өтпеуі керек. Ал бос өткен уақыт адамның ұйқылы мезгілімен бірдей.

Кең даланың саф ауасын көкірек кере жұтқан Жансұлтан мен Ералы өздерінің балалық шақтарынан да сыр шертті. Тек ол екеуі емес, құдағилар да, құдашалар да сырлас болып алған. Бәрі де өздерінің тендерін тапқан. Ал Абзал мен Шолпанның бақытында да, қуанышында да шек жоқ еді. Екеуі өздеріне қарап бақыт тілегендей болған. Айға да ара-тұра зер сала қарасып қояды. Бірақ Ай не десін. Жансыз, тілсіз дене емес пе? Күн сәулесіне шағылысып, күміс сәулесін ғалам-шарға аямай тогіп, баяу жылжиды. Бәрі де Жердегідей. Сондықтан да екі жас көп жағдайда айнала табиғатты ұмытып ән мен күйге көңіл бөледі. Жастар екеуін қоршап алған. Жігіт пен қыз бір-бір үкілі домбыраны қолдарына ұстап, әзіл араластыра айтысады. Енді бірде жұмбақ айтысқа көшеді. Сол жұмбақты дереу шешкісі келген жігіттер мен қыздар ойланып, толғанып отырады. Ал Абзал мен Шолпанның негізгі армандары — қол ұстасқандары орындалған соң ма- хаббаттың ең бір шыңына шыққандай сезінеді. Бір-біріне тоймай қарайды. Аса бір терең сезіммен көз тігеді. Оны көріп іштерінен осындай бақытты арман етіп жүрген жастар қан- шама. Адамның бәрінде де арман бар. Шексіз арман. Адам ол арманынан көз жұмып кеткенде ғана арылады. Көбін өмірде орындайды да. Сондай үлкен арман Абзал мен Шолпандікі еді. Бірақ Шолпанды елендеткен тағы бір нәрсе бар-ды. Ол— қара дене болатын. Оның әлсіз нүктесі соңғы кездері есінен де шықпай жүрген. Той өткен соң ол талабын да Абзалдың алдына қоймаққа бекінді. Сондықтан да өзінің алаңдауын сездірген жоқ. Озінің үй-іші ол қара денеден мүлдем бейхабар-ды. Мына ғажайып дүниенің көзінің өзі сол екенін олар қайдан білсін. Шолпан ғана біледі оны.

Тойдағы ойын-сауық таң қылаң бере саябырсыды. Жастардың біразы үйлеріне тарап та кеткен. Үлкендердің көбі дерлік үйлердің ішінде әңгіме айтып, өздерінше бір ғажайып күйге бөленген. Бұл той үстіңде болатын белгілі жайт еді. Құдалар, құдағилар мен құдашалардың жарасымды әңгімелері де ұзаққа созылған. Абзал мен Шолпан өздерінің ақ отауларына енді.



ШОЛПАН ЕЛІ

Емшектаудан ұшып шыққан бір топ ғарыш кемесі қалықтай аспанға көтеріліп, өздері Шолпан елі деп атаған аймаққа қарай бағыт алды. Осының алдында бейнесызбадан обден кәріп алған ғалымдар енді ешбір әбіржусіз отырған-ды. Бастап келе жатқан үлкен ғарыш кемесінде Шадыман, Елназар, Есмұхан, Алдияр және тағы басқа ғалымдар бар. Олар бұл жолы барлауға шыққандағыдай бөлек-бөлек кемемен ұшпай, бірлесіп, бір кемеге отырған. Мұның сыры Шолпан ғаламшарының Жер сияқты күйге көшкендігінен еді. Енді мұнда адам үшін оттегі да арнайы камерамен берілмейді. Тек ғарыш кемесі биік көтерілгенде кеме ішіне арнайы камералардан аздап жіберіледі. Осыдан біраз бұрын әрбір ғарышкер комбинезон киетін, арқасына ауа камерасын ілетін. Оның бірі де жоқ енді. Жер ғаламшарында әуе-ғарыш кемесімен қалай еркін ұшса, мұнда да сондай күйде келеді. Шолпан табиғатының қаншалықты өзгергенін ғалымдар бұдан бұрын да үстінен анықтап барлаған-ды. Оның атмосферасының құрамы да неше қайтара зерттелді. Енді еркін жүріп-тұрудың мүмкіндігі туған. Мұндағы табиғаттың әдемілігі, ауаның тазалығы, суының мөлдірлігі кім-кімді де қызықтырады. Егер осы табиғатты көріп алып Жерге бара қалса кім болса да, даладан ауасы тар үйге кіргенмен бірдей болмақ. Ғалымдар оны да ойлап отыр.

— Мынандай ғажайып табиғатты қалай қиып Жерге ораласың! — деді әлден уақытта тебіренісін жасыра алмаған Шадыман, — егер осы жағдай бұдан талай жылдар бұрын болғанда ғой, мұнда әлдеқашан зиянды шығындылар жайлаған болар еді. Мұны ұлы қазақ халқы қарағандықтан шық тимеген. Қазақ халқы Жерді де солай күтіп келген-ді. Бірақ табиғатты қорғау дегенді мүлдем басқаша түсінетін өзге халықтың өкілдері оған жақсы жасаймын деп қайта бүлдіріп тынған-ды. Табиғаттың зандылығын, оны сақтаудың ғажайып жолдарын білетін қазақ халқының жалғыз үні әлемге қатты шықпады. Өзгелер соны пайдаланған еді. Ал енді оған мүлдем керісінше, табиғаттың құдіретті күшін дұрыс пайдалана білетін, оған қамқорлық тудыратын қазақ өкілдері жұлдызды әлемді шарлап жүр. Солардың бір қауымы Шолпанға орнығып отыр.

Отырғандар Шадыманды қолдап, бастарын жайымен изеп қойды. Содан соң қозғалақтап, бәрі де терезеден кино көрісіндей болып өтіп жатқан табиғатқа қараған-ды. Сол кезде Алдияр:

— Шолпан еліне де келдік! — деп қалды.

— Бүгінде ол сол елдің білдей бір адамы! деп қойды Елназар да терезеге тақала түсіп.

— Кемені осы елге қондыру керек! Ақ жұмыртқадай тізілген киіз үйлері қандай әдемі еді! — деп толғанысын жасыра алмады Есмұхан.

— Киіз үй бізге таңсық нәрсе емес! — деді Шадыман тәмендей берген кеменің қабырғасына тақала түсті. — Иә, киіз үй сонау бағзы заманнан, ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрлі баспана! — Елназар терезеден көзін алмай сөйледі, ең бастысы, осыншама ғажайып табиғат Жерден қалай мұнда көшті десеңдерші! Әрине, мұның сырын физиканың соңғы зандарымен дәлелдеп те шығуға болар еді. Бірақ ол көп уақыттың үлесіндегі нәрсе. Ең бастысы — бәрі де көз алдымызда. Ешқайсысымыз да есімізден адасқан жоқпыз. Тіпті, елес дегеннің езінде түсірілген қаншама пленкаларымыз бар. Қаншасын қолмен ұстап көрдік. Бәрі де табиғи, бәрі де шын! Енді Шолпан елінің тұрғындарымен тілдесу барысында бәрін де айқындармыз!

— Оныңыз рас, — деді Шадыман ап-анық көрінген ақ үйлердің айналасына көз салып, — бұл адамдардың өздері де бір ғажайып болып тұр ғой. Өткенде де жіберген кісілерімізді жақсы қарсы алған-ды. Бұл жолы қайтер екен.

— Шолпан енді осы елдің адамы. Басқасы қарсы алмаса да, қызымыз алдымыздан шығар, неғыпты? — деп жымиды Алдияр.

— Иә, елшілікке сіздің тәжірибеңіз жетеді! — деп қойды оған Есмұхан.

Кеме бірте-бірте төмендей берді. Кең жайлауды алып жатқан ақ боз үйлердің ою-өрнектері де анық көріне бастаған. Абыр-сабыр жүрген адамдар көрінеді. Жайылған мал, көлеңкелеп жатқан сиырлар, ара-тұра үрген иттер ауылдың өзіндік ажарын аша түскендей. Кейбірлері аспаннан пайда болған бұлардың кемелеріне таңырқаса қарасады. Ал тани- тындары қашан қонатындарын күтіп, оң алақандарын көлегейлей қарайды. Кемелер ауылдың күн шығыс жағындағы үлкен бір үстіртке қонуға бет қойғанда топ-топ балалар солай жүгірді. Бұл қайбір ауылда да кездесетін көрініс. Баланың аты бала. Қандай кеме келсе де бір керуді әуес санайды. Ал жерліктердің кемелері оларға мүлдем қызық еді.

Шадыман кеменің астынан шыққан бірнеше деңгелектерге қарап отырды. Ол дөңгелектер кеменің өзін сәл де болса сілкіп те жіберген. Бірақ ол қуанышты сілку еді. Дөңгелектердің дұрыс, дер кезінде шығуы қонудың қауіпсіздігін білдіреді. Шадыманның көңілі орнығып түсуге дайын отырды. Қалғандар да жиналып жатыр. Кеме қонысымен айналасын жас балалардың қоршап алатынын да жақсы біледі. Ол балалардың сұрақтарына жауап беруге де дайындалды. Балалардың сұрақтары кейде ересектердікінен де асып түсіп жатады. Білмейтіндері жоқ. Оның үстіне мынандай мәдени дамуы жоғары дамыған елдің балалары сірә, өздерінен де асып түсер. Шадыман осы жағын да ойлады.

Кеме үстірт үстіне қонды. Артынша қалған кемелер де бірінен соң бірі келіп, топтана әр жер, әр жерге жайымен қонып, дыбыстарын сөндіріп жатты. Шадыманның ойы дәл болып шықты. Өздері қонысымен-ақ балалар қоршап алған. Бірақ ауылдың жалпы көрінісі, айнала табиғат Шадыман, Елназар, Есмұханға бұрыннан таныс емес-ті. Бұл аймақты Алдияр жақсы біледі. Мана қонар алдында да Шадыман содан ара-тұра жағдайды сұрап отырған. Балалар кеменің ол жақ, бұл жағын айналып көріп жатыр. Бірақ танданыс онша білінбейді. Танданғанда да кемелердің кереметтігі емес, ескі замандікі екендігінде ғана. Бұл ауылдың балалары үшін жерліктердің кемелері ете қарабайыр көрінген. Бірақ болашақта тұрғанмен адам баласы әткеніне де таңдана карайды. Өткен заманның техникасы да өзінше ерекшелігімен қызықтырады. Кемені жан-жағынан қарай жүрген балалардың таңданыстары да осы тұрғыда еді. Іштегілер де оны сезді.. Бұрын біразы оны танып та қалыпты. “Алдияр аға келді. Шолпан әпкейдің ағасы” деп қалды бір-екеуі жамырай.

— Қалай, жігіт болдың ба? — деп жымиып қойды.

— Болдым! — деді бала.

— Ал сендердің халдерің қалай? — деп Алдияр айнала қоршаған балаларға бұрылды.

— Жа-ақ-сы! — десті олар бір мезетте.

— Жақсы болсын! Ал ауылдан не жаңалық бар?

— Жақында той болды! Абзал ағай мен Шолпан әпкей үйленді!

— Солай деңдер! Бұл жақсы хабар екен!

— Олардың отаулары қайсы? — деп сұрады сол кезде Шадыман, — біз Шолпанның ауылы бар Жер ғаламшарынанбыз.

— Шолпанның ауылы қазір Жерде емес! — деді бір жас қыз, — ана қырдың астында!

— Айтпақшы, осында көшіп келген екен ғой?

— Иә, ағай, Шолпан әпкемнің ауылы осында көшіп келген!

— Тойға кімдер қатысты?

— Шолпан әпкейдің әкесі, апасы, барлық туыстары қатысты, — деді сәл ересектеу бір бала.

— Жақсы, бәрі түсінікті болды, — деп Шадыман ілгері басты.

Балалар екіге жарылып жол берді. Шадыманнан кейін Елназар, Есмұхан, Алдияр және тағы басқалар жүрді. Балалар да шұбап келеді. Үстірттен төмен қарай ағылған топ адамды көрген ауылдың ересектері де осылай қарай жүрген. Екі топ ауылдың іргесінде жолықты. Ол топты бастап келе жатқан Абзалдың өзі еді. Алдияр оны бірден таныды. Абзал бұлармен амандасып шықты. Қасындағылары да қазаққа тән рәсімде амандасты. Бірнеше минут жөн сұрасқаннан кейін топ ауылға қарай тағы жүрді. Сол кезде ақ үйлердің бірінен Шолпан шықты. Оның жалпақ мандайы Күн сәулесіне жарқырап, ұзын бұрымы самалға желбіреп, бота көздері бұларға қадалып келеді. Шадыман мұны көргенде ерекше тебіреніп кетті. Шолпан өзінің туған қарындасынан да ыстық болып кеткен-ді. Оның үстіне көрмегеніне қанша уақыт. Мынандай ғаламшарды зерттеу жағдайында бір күн көрмеудің өзі қаншама уайым. Ал Шадыман бастаған топ қаншама күндер мен айларды бастарынан өткізді. Бірақ сол уақыттар қаншалықты ұзақ көрінсе де, енді бір секунд та болмағандай сезіледі. Өйткені бәрі де артта қалды. Уақыттың құдіреті де осында.

Топ ауылдың шеткі ақ боз үйіне таяғанда Шолпан да жетті. Ол әке-шешесінен де ыстық адамын тапқандай Шадыманды құшақтай алып, бота көздерінен жас парлай жөнелді. Шадыман да қарындасынан да ыстық қыздың арқасынан қағып-қағып койып, толқып тұр.

— Бәрі дүрыс, Шолпан. Бәрі жақсы. Саған еш күнә жоқ. Қайта біз ризамыз. Қой енді.

Көрмегелі қанша заман, — деді Шолпан солқылын басып, жастан қызарыңқырап кеткен жанарын орамалының ұшымен сүртіп, — хабарласа алмағаным үшін айыпқа бұйырмаңыздаршы. Жағдай осылай болды.

— Мән-жайды түсіндіргенбіз, ол жағынан қам жемеңіз, Шолпан, деді Алдияр да толқып.

— Оқасы жоқ. — Шадыман жас толған жанарын басқа жаққа бұрып экетіп сәл кідірді. — Сен ғаламат іс тындырдың, Шолпан. Ғаламат! Сенің жасағанынды ешбір ғалым жасай алмас еді. Оны қасында тұрған Елназар ағаң да мойындайды.

— Мен емес оны жасаған, — деді Шолпан Абзалға жанарын бұрып, Абзалға рақмет айтыңыздар.

— Абзал екенін білеміз. — Алдияр жігіттің арқасынан қағып қойды. — Ал егер өзің дәнекер болмасаң, Шолпан, мұндай оқиға болмас еді ғой!

— Оныңыз рас, — деді Абзал жымиып, — бәрі де Шолпан, бәрі де адамзат үшін жасалынды! Халқымыз үшін, олардың болашағы үшін жасалынды.

— Қанша әйгілі физик болсам да, жарық құдіретін толық білмейді екенмін! — деді сол кезде Елназар.

Ол не дегеніңіз? — Абзал оған жақындай түсті, -біздің білетініміз шамалы. Біз тек ертерек есейдік. Оған бізді мәжбүр еткен ғаламшарымыздағы ауа мен судың шектен тыс ластануы мен ғаламшар қойнауындағы түрлі процесстердің бұзылуынан болатын. Содан ғаламшарымыз өмірімізді сақтап қалудың түрлі жолдарын іздестірген. Әрине, біз жарық құпиясын ертерек аштық. Бақытымызға қарай сол ашқан құпиямыз өзімізді апаттан алып қалды. Ғаламшарымыз өздеріңіз көрген қара денені ойлап тапты. Оның негізгі құры- лымы қиыр кеңістікте болатын қара ойыққа ұқсас еді. Содан ғаламшарымыз жарылар алдында сол қара денеге жұтылдық. Ол да өзінше бір тіршілік ортасы еді. Оның ішкі жа- ғында бізді уақытша тіршілік ететін ортамыз да бар-ды. Бүгінде онда тек биороботтар тіршілік етеді. Олар біздің бұйрығымызбен табиғат көріністерін өзгертіп отырады. Оның шет-жағасын өздеріңіз де көрдіңіздер... Қалған әңгімені үйге барған соң айталық. Жүріңіздер. Мына үстірттің етегінде, ауылдың шетінде тұрып қалды.

— Негізі түсінікті болды, — деді физик Елназар, бірақ сол қолдан жасалған қара денелеріңіздің зиянды жағы да болмай ма? Қанша дегенмен онда тұратын биороботтар ғой.

— Ол жағын ойламай жүрген жоқпыз. Маған Шолпанға кезіккенге дейін бұл дүниеде аса бір қызық ештеме болмайтындай көрінетін. Жүрегіме махаббат оты тұтанған соң-ақ ой-өрісім, дүниеге деген көзқарасым оянды. Шолпан мені екінші өмірге әкелді. Және ол қандай ғажап дүние. Содан кейін-ақ мен сол қара денедегі биороботтарды көргім де келмейтін болды. Рас, мен Шолпанды сол қара денеге ертіп бардым, бәрін көрсеттім. Ондағы өмір маған тіпті де көңілсіз көрінді. Биороботтар үшін бәрібір. Олар барлық іс-әрекеттерін уақытпен жасайды. Мән-мағынасыз өмір кешеді. Миларында жоспарланғандай, былайша айтқанда, пешенеленген істерін дер кезінде атқарса болды, соған мәз. Ал біз адамбыз ғой. Адам екенімізді, сезіміміздің, күйініш пен сүйінішіміздің бар екенін де мен осы Шолпанға кезіккеннен бастап түсіндім. Әрине, біздің өмір сүру ортамыз ылғи да осындай кең жазиралы дала. Біз қалада болған жоқпыз. Ата-бабаларымыз қала атаулыны о бастан қаламаған. Соның нәтижесінде қара денені жасауға мәжбүр болды емес пе. Енді оның мына аспанымызда қарайып жүруі ұнамсыз деп білемін. Шолпан да қаламайды.

— Бұл пікіріңе мен толық қосыламын, — деді Елназар, — соның жақсы нәрсе еместігін о бастан сезетінмін. Бірақ сіздердің оған барып, сол арқылы өзге әлемге өтіп жүргендеріңізді көргенде ғана бір пайдасы бар шығар деп ойлайтынмын.

Өзі де солай еді. Енді біз ол қара денеден бар қажетті көрінісімізді былайша айтқанда, тіршілік ортамызды, қайтып алдық.Қара дененің, ішінде енді тек қажетсіз — қала қалдықтары, зиянды заттар, қысқасы, адам өміріне залал келтіретін нәрселер ғана қалды. Оларды биороботтар әлі де қолғауда. Бірақ олар биороботтар ғои.

- Түсіндім - деді Елназар аспанға қарап қойып тек соларыңыз рұқсатсыз саусақ астыларындағы түймені басып қалып жүрмесін.

Мен оны әкеме де ескерткенмін. Бірақ ол кісі әлі де қара денені қимайды. Үлкен кісілердің сондай бір әдеттері болады емеспе? Әлде, әлі де мына өмірге сенбей ме екен. Онысын білмедім. Дегенмен, мен Шолпан екеуміздің басты назарымыз сол қара денеде.

Адам өзі қазбалап, табиғаттың жүйелілік дамуына залал келтірмесе, ол өзінен өзі бүліне қоймас. Рас, жанартау атқылаулары тасу мен қайту, жер сілкіністері болады. Бірақ, онан сақтана білудің жолын тапса, өмір неге мәңгі болмасын, неге ол гүлдене түспесіп. Ал оған залал келтіргендерге дер кезінде тыйым салу керек. Менің ойымша осы.

- Рақмет - деді Абзал өзімен теңдес адаммен болашақ жайында әңгімелескеніне разы болғанын кідіріп қалдық. Үй-іші де күтіп қалған шығар. Сіздерді келгендеріңізді біз манадан-ақ білгенбіз. Көргенбіз. Енді мейман болыңыздар. Туыстық қарым-қатынасымыз үзілмесі. Жүріңіздер.

Тұрғандар Абзал мен Елназардың сөздерін ұйып тыңдап мән-жайды тереңінен түсінуге тырысып баққан-ды. Бұл арада түсінбейтін не бар. Бәрі де ғалым. Бәрі де ғарышкер. Сондықтан да екі кісінің әңгімесіндегі маңызды мәселелер ұнап та кеткен-ді. Содан топ Абзал мен Шолпанға ілесе ауыл ішін аралап жүрді. Ауыл тұрғындары өз жұмыстарымен айналысып жатқан-ды. Бұрын-соңды мұндай кемелер келіп-кетіп жүргендіктен көпшілігі аса назар да аударған жоқ. Назар аударғандары да көп тұрмады. Бөтен кісшеро бажырая қарап тұрып алғанның өзі де мәдениеттілікке жатпайтынын бәрі де біледі. Ал бұлар болса бұл кезде Абзалдың әке-шешесі тұратын ақ киіз үйге жақындай берген. Әдеттегіше алдарынан ел басшысы Жансұлтан шығып, қос қолын ала амандасты. Бұлар да шетінен көптен көрмеген туыстардай құшақтасып жатыр.

— Ал, үйге кіріңіздер, төрлетіңіздер, — деп жатты әйелдер жағы.

— Рақмет! — деп бұлар бір-бірлеп сәл бас ие сықырлауық арқылы киіз үй ішіне еніп жатты.

Ең соңынан Абзал мен Шолпан кірді. Бірақ Шолпан іште көп тұрған жоқ. Әйелдер жағына қосылып, тамақ пен шай жасау қамына кірісіп кетті. Абзал келген меймандардың бір шетіне жайғасып, әкесі, шешесімен арада жалғасқан әңгімеге құлақ қойды. Емшектаудан келгендер Шолпан табиғатының мұншалықты өзгергеніне, оған жасаған еңбектеріне алғыстарын білдірді. Абзалдың әкесі Жансұлтан да ғылымға қатысты көптеген мәселелерді қозғады. Әңгіме арасында қара дене де сырт қалмады. Жансұлтан ұлы Абзалдың ниетін қолдайтынын айтты. Шадыман Шолпан ауылының жақсы қарсы алып, жылы әңгімелескендеріне, пікірлерімен санасқандарына мол алғысын айтты. Көп кешікпей меймандар қайта шығып, манадан өздерін күтіп тұрған кемелеріне отырды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет