БАҒдарламасы бойынша шығарылды шолпанға көшкен ауыл Жетінші роман



бет13/17
Дата31.01.2018
өлшемі3,73 Mb.
#37192
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

АРҒЫ АУЫЛДАН ОРАЛҒАНДАР

Жер тәулігімен есептегенде жетпіс екі сағатқа созылған күту Шадыманды да, Елназарды да, басқаларды да шаршатқан еді. Оның үстіне қара денеге кеткендердің нендей жағ- Дайға ұшырағандары да белгісіз-ді. Оған мейлінше жақындағанға дейін, қара кеңістігіне шамалы енгенге дейін байланыс болды да кілт үзілген. Содан соң-ақ Шадыман да, Ел- назар да, басқа ғалымдар да ұйқы көрмеді. Емшектаудың ішіндегі арнайы жасалған байланыс орнында жүрді. Демалыс көрген жоқ. Байланысшылар әрбір минут сайын қара денеге қарай толқын жіберіп, жауап алуға тырысты. Бірақ онан ештеме шықпаған.

Енді тертінші тәулікке аяқ басты. Осы уақытты құс ұйқымен өткізген ғалымдар қара денеге кеткендерден үміттерін үзбеді. Күн сайын жаңа әдістер қолданумен болды. Бірақ ондағы тартылыстың аса күштіліғінен. ешқандай байланыс орнамады. Байланыс түгілі, жарық сәулелерінің өзі де шыға алмайды. Бұл о бастан түсінікті нәрсе. Бірақ ғалымдар сңңғы кезде жасалған қуатты да күрделі кемеге үміт артқан еді. Онысы да болмаған сияқты. Осы кезге дейін үнсіз қалған олар қайда болуы мүмкін. Өткен жолы биороботтар да бұлай кешіккен жоқ. Осындай ойлар ғалымдарды қатты толғантты.

Төртінші күннің жартысы да өтті. Хабар жоқ. Шадыман байланыс торабы орнатылған үй ішіндегі кең дәлізде тыным таппай әрі-бері жүрумен болды. Ғалымдар да тыныш отыр- ған жоқ. Байланысшылардың әрқайсысына бір жақындап, бірдемелерді айтып қояды. Мұнда бір жауапкершілік Елназар Үдербайұлына жүктелген тәрізді. Онсыз да солай еді. Елназар әйгілі физик болғандықтан, Жерден осы үшін әдейі келгендіктен бәріне өзі жауаптылай сезінеді. Бірақ ешкім оған “Сіз табасыз оларды” деп жатқан жоқ. Үлкен ғалымның өз ары өзін жегідей жеуде. Ол ара-тұра жұмсақ орындыққа отыра кетіп, кеменің күрделі құрылыстарын есіне алады. Қандай қателіктер болуы мүмкін екенін іштей тал- дайды. Бірақ бәрі де дұрыс сияқты көрінеді. Жүрегі де жаман бірдемені сезген емес. Кеткен барлаушылар аман-есен оралатын сияқты керінеді. “Ләйім солай болса екен’ деп тілейді. Сөйтіп отырғанда байланысшылардың бірі елең еткендей болды. Елназар да сол елең еткен Табыл есімді жігітке жақындай берген. Байланысшының қарсы алдындағы эк- ранда қара дене көрінді. Бір сәтте оның төңірегінде қарайған бірдеме көзге шалынды. Елназар бірден-ақ оның кеме екенін сезді. Табылдың жанына отыра кетті. Көрініс айқындала түсті.

Расында да кеме.

— Керіністі ұлғайта түсті, — деді бір кезде Елназар.

— Қазір, — деді жігіт.

Ол алдындағы бірнеше түймені басып-басып жіберді. Экрандағы көрініс айқындала берді. Қара дененің маңынан жаңағы кеме алыстай бастады. Содан соң оны бірнеше рет айналды. Сейтіп алыстай берген. Енді бір кезде байланыста пайда болды-ау.

— Алдияр, — деді шыдамай кеткен Елназар дыбыс қабылдағышқа жақындап.

— Тындап тұрмын! — деді ол.

— Аман есенсіздер ме?

— Аманбыз! Бәрі жақсы!

— Көмек керек пе?

— Жоқ. Әзірге қажет емес.

— Дегенмен де, қарсы алатын кеме жібергеніміз артық болмас.

Шадыман шыдамы таусылып, бөлме ішінде сенделіп кетті. Елназар қарсы алдындағы экраннан көз алмай отыр. Кеме қара денеден алыстай түсті. Сол кезде Елназар Шадыманға бұрылды да:

— Қарсы алатын кемелеріңізді жіберсеңіз де болады! — деп жадырап сала берді.

Шадыман тез арада екінші байланыс торабына жақындады. Оның алдында отырған Аманәлі де соны күтіп отырғандай Шадыманға орын ұсынды. Шадыман кішкене экран- ның алдына отыра қалды да — ғарыш кемелері орталығы! Мені естіп тұрсыздар ма? — деді.

— Естіп тұрмыз! — деді экранға шыққан жас жігіт.

— Ағабек Рүстемұлы! — деді Шадыман, — қара денені зерттеуге кеткендермен байланыс жалғасты! Олар экранда! Бірнеше кемені соларға қарай аттандырсаңыз! Қарсы алып, қоршай ұшып, кері қайтулары керек!

— Түсіндім! — деді Ағабек, — қазір бәрі де болады! Бірнеше минуттан соң кемелер олардың алдарынан шығады!

— Рахмет! — деді Шадыман толқып.

Осы бір сәтте оның бойын бір толқу билеп кетті. Көз алдына жас та тығылған. Бірақ онысын білдірмей жіберді де, түрегеп кетті. Аманәлі қайтадан орнына жайғасты. Шады- ман енді Елназардың қасына келді. Ол одан әрі сөйлесіп жатқан еді.

— Алдияр, өздеріңізді қалай сезінесіздер? — деді енді бір кезде Елназар да толқып.

— Жақсы, — деді Алдияр.

— Қалған ұшқыштардың халдері қалай?

— Жақсы, — деді Алдияр.

Екі арада бір сәтке үнсіздік орнады. Бірақ экран сөнген жоқ. Барлық нәрсені келмей жатып айту да бір түрлі сияқты еді. Теледидарлық байланыс арқылы құпияны ашуға бол-

майды. Оның үстіне олардың қандай жағдайда келе жатқандары да бұларға әзірге белгісіздеу еді. Сондықтан сабыр сақтады. Оған қоса осы бір үнсіздік сәтте Емшектаудан ұшып шыққан топ кеменің дыбысы мен экрандардағы көрінісі бұлардың назарын аударды. Бұл араға байланыс жайлы бірінен-бірі естіген геологтар да жиналып қалды. Бәріндегі бір қуанышты үміт — барлаушылардың қара денеге еніп шыққандары еді. Одан әргі жаңалықты олар келген соң білмек. Бұл уақыт әсіресе Елназар үшін ұзақ көрінді. Күткенде уақыттың өтпей кеткендей болатыны бар емес пе? Дәл қазір де үлкен ғалым сондай бір жағдайды басынан кешіріп тұр. Алдияр бастаған топтың не көргендерін ойлаудан бұрын байланыс торабындағылар олардың аман-есен Емшектауға жетуін тіледі.

Елназар экранға үңілген күйде қара денеден шыққан кеменің ұшу мәнерін қадағалаумен болды. Бәрі орнында сияқты. Барлаушылардың аса шаршағандары байқалмайды. Көңіл-күйлері де жаман емес. Барлау атаулыдан ғарышкер қандай да бір жаман жағдаймен оралуы тиіс деген зандылық жоқ. Ғарышкердің сапары да әрқашан сәтсіз бола бермейді. Жұлдызды әлемнен де ылғи жаман ниетті тіршілік иелерін күтуге болмайды. Ондай жаман ой сондай бағытта тіршілік ететін қатыгез халықта ғана болса керек. Қазақ халқы адам баласынан жамандық күткен емес. Қонақжайлылығы мен кеңдігін де ұмытқан жоқ. Сол ниетіне қарай барлаушылар барып келе жатқан жақтың адамдары да дұрыс болуы керек. Шадыман мен Елназардың жақсы үмітпен отырғандарына бір себеп — өткен жолғы биороботтардың сапары еді. Енді барлаушылар аман-есен жетсе, онан да мол жаңалықтың ашылары даусыз.

Емшектаудан ұшып шыққан кемелер тобы жарты жолда жолықты. Содан бірі алдын бастап, екіншісі соңында, екеуі екі жағына шығып, топтана ұшты. Бұл да бір өзінше әсерлі көрініс еді. Байланыс торабындағылар ерекше сезімге бөленіп толқып, экрандардан көз алмай отырды. Содан бір кезде Шадыман Елназарға күту алаңына шығуды ұсынды. Ешкім қарсы болған жоқ. Тіпті олар келіп қонатын соңғы секундардың өзі де ұзап кеткендей. Дегенмен, күткен қуанышты қауышу басталып та кетті. Кемеден түскен Алдияр Ғалиак- пар, Таймас пен Қажыбек кезек-кезек құшақтасып, арқа қағысып жатыр. Екі арада өткен төрт тәулік төрт жылдай сезіледі. Геологтар да жапа-тармағай олармен қауышып жатыр. Осыдан соң бәрі топтасып демалыс үйіне қарай жүрді. Егер биороботтар болса, оларды бірден әңгімелесу бөлмесіне апаруға мүмкіндік туар еді. Бұлар қанша жеңіл сапар шекті десе де адам баласы. Сондықтан да шамалы уақытқа болса да демалыс қажет еді. Сол аз ғана демалыстан кейін қара дененің біраз сыры ашылмақ. Емшектаудағылар енді сол қызықты сәтті асыға күтті.

ТӨРТІНШІ БӨЛІМ

ШОЛПАНҒА КӨШКЕН АУЫЛ

САПАР АЛДЫНДА

Үлкен ауылдың орта тұсындағы отыз қанат ақ үйдің ішіндегі кісілер ұзақ отырды. Мұнда Абзалдың әкесі, ел басшысы Жансұлтанның жақын туыстары жиналған. Әңгіменің бағыт-бағдары айқын еді. Күні кеше ғана келіп кеткен бірнеше қыз қуғыншыларының әңгімелері естерінде еді. Олармен әңгімелесе отырып, қазақтың ежелгі салт-дүстүрін сақтай отырып, Жер ғаламдарына бару жөніндегі уәде бергені де есінде. Ақсақал біршама уақыт ақ сақалын оң алақанымен сипап-тарап отырды. Сонан соң айналаға көз жүгіртіп алып сөзін бастады.

— Бүгін біз ерекше мәселеге жиналып отырмыз, — деп бастады Жансұлтан иығындағы оюлы шапанын екі қолымен кезек-кезек иығына қарай тартып-тартып қойып, — ерекше дейтінім, мұндай оқиға елімізде болған емес. Біз шарламаған жұлдызды жүйе қалып па еді? Бірақ мынандай ғажайып маржанға жолыққан жоқпыз. Енді міне, біз осы бір тоғыз ғаламшардан тұратын шағын жұлдызды жүйеден өзіміздің туысымызды, қанымыз бен жанымызды таптық. Бұл өз алдына аталып өтілетін жаңалық. Ал енді, менің мына кенже ұлым Абзал Шолпан есімді қызбен көңіл қосып отыр. Бұл жайлы өздеріңіз де хабардарсыздар. Күні кешегі келіп кеткен бір топ кісілер де осы қыздың ағалары. Сол жүздесуде мен Шолпанның әке-шешесіне кісі жіберіп, кешірім сұрататынымды айтқан едім. Енді сол уәдемде түруым керек. Бүл тек уәделік іс емес, туыстығымыздың аясын кеңейтетін, жүз, мың жылдық туыстық байланыс болмақ. Енді біз олармен қүда болдық. Екі жастың арқасында жүлдызды әлемнің екі түкпірінде түратын қазақ елдері байланысқа кошті. Бүл оте қуанышты жағдай. Жер ғаламшарының әзінде әр елде тұратын қазақтардың барына таңырқасақ, енді күллі жұлдызы әлемде өмір сүріп жатқан қандастарымыздың бәрін біліп қуанып отырмыз. Әңгіменің қысқасы, Жер ғаламшарындағы Шолпанның ауылына бір топ кісі жіберуіміз керек Тан мен Абзалдың жақын ағасы, менің әкемнің ағасының ұлы Кәкеманды бас етпекпін. Онымен бірге Иманас, Бірман Кәмеш, пен Гүлбара барса. Осы бес адам жететін шығар деп ойлаймын.

Үйдегілер бір-біріне қарасты. Көкеман өзімен бірге барады деген іні-қарындастарын көзімен шолып өтті. Бәрі де салт-саналы, жөн-жобаны білетін мәдениетті, білімді жастар. Өзінің жақын туыстары. Көкеман көңілі толған соң жеңіл әзілге көшті.

Бұлар Абзал мен Шолпанның арқасында сонау Жер ғаламшарын да көріп келмек- ау! – деп бір қойды.

Іні –қарындастары жымиысып қойды.Жансұлтан ақсақал енді өзінің жұбайы Елданаға бұрылған. Салт-дәстүр ежелгі болса да, әулеттегі ер мен әйелдің теңдігі бұзылған емес-ті. Егер осы жерде Елдана анабір қарсылығын білдірсе, оның өзгеріп кетері де мүмкін-ді. Бірақ ақылды ана ондай майдагершілікке бармады. Ері атаған ұлдары мен қыздарына бір қарап алды да:

Барсын. Көрсін. Үйрене берсін, қазақтың ғаламдық салт-дәстүрін. Ертең өздерің де үйленесіңдер, қыздарың ерге шығасыңдар. Жердің өмірін көріп қайтыңдар. Танысыңдар. Сыйласыңдар. Басқа не айтамын. Аналық ақ тілегімді ішімнен де сыртымнан да айтып қала беремін. Жолдарың болсын,- деді.

Жансұлтан әдетінше иығындағы шапанын тағы да көтеріп-көтеріп қойып, басындағы қара тақиясын сәл кейін ысырып, Көкеманға бұрылды.

Көкеман қарағым, ендігі іс былай,- деді ол қоңыр үнімен, - біз дамудың аса жоғары сатысына жеткен адамдарымыз. Біз үшін күл тіршілікті өзгерту де түк емес. Өзің білесің, Жер ғаламшарындағы адамзаттың даму деңгейі біздің дәрежемізге жеткен жоқ. Олар тіпті, мына дүниенің кезінде толық түсіне алмай жүр. Бірақ ол үшін оларды сөкпейік. Мұндай құдіретті билікті құдайдың өзі де екенің біріне бермейді. Егер осы ғаламат денеміз басқа бір жаугердің қолына түскен болса, жағдай мүлдем басқаша болар еді. Бұл бәрімізге түсінікті нәрсе.Сондықтан да отты балаға ұстауға болмайды. Мен оларды кемсітіп отырғаным жоқ. Жердегілер де біршама дәрежеге жеткендер, дүниенің қыр-сырын түсініп қалғандар. Бірақ олар әлі балаң жігіт дәрежесінде. Қызбалықпен кез келген әрекетке бара салады. Мен мұны айтқанда қазаққа тіреп отырған жоқпын. Қазақ қазақ болғалы та- биғатты аялау жағында. Олар ешбір оқу-тоқусыз-ақ түсінген бәрін. Міне, солардың қандасы біз де дүниені залал келтірмейтін жолмен игердік. Енді не әңгіме бар. Бәрі түсінікті болса, аттанатын мезгіл де жетті.

Отырғандар алдарындағы тамақтан алысты. Бір сәт сөз тыйылды. Үйдің бір шетіне таман жайғасқан Абзал мен Шолпан да алдарындағы қамыр мен еттен алып жатқан. Бір кезде Шолпан қараптан қарап көзіне жас алды. Өзінің туған жерінен алыстап, енді тіпті біржолата осы елде болатынын есіне алған сияқты. “Қыз жат-жұрттық” деп қазақ бекер айтпаған. Бойжеткен соң, теңін тапқан соң сонымен қол ұстасып кете барады. Оның өмірлік үйі де сол болады. Шолпан сол жағында ойлаған шығар. Бірақ қалай ойласа да, оның ендігі үйі осы еді. Абзал сүйген жарының бұл қамығуына елең етіп назар аударды. Бір дастархан үстінде ел басшысы Жансұлтан, жұбай Елдана отырғандықтан қазақтың қызына тән инабаттылығын сақтаған Шолпан көз жасын көрсетпеуге тырысты. “Бұлар барғанда әке-шешем не дейді, інім мен сіңлім не дейді, ауыл не дейді?” деген ойлар жас қыздың көкейінен кетпеді. Өзі дастархан үстінде отырғанмен ойы Жердегі ауылында жүрді. Бірақ енді қалай болғанда да, келісім жасалды. Қажыбек ағасы келіп кетті. Бәрін көрді. Енді ол жағын уәйім етпесе де болар еді. Қыз болған соң ұмыта алмады. “Әттең, ауылым осында болса ғой” деп те бала қиялға бөленді. Абзал оның жүзіне жиі-жиі қарайды. Ал қалғандар мұны аңғарған жоқ. Елдана ана ғана мұндайда қыздың толқитынын ішінен сезіп отырған-ды. Ол ара-тұра Шолпанға:

— Қарағым-ау, тамақтан алсаңшы, ұялма. Өз үйің бұл, — деп қояды.

Алып жатырмын, апа, — дейді Шолпан Елдананы өз анасындай көріп.

Тамақтан кейін Жерге аттанатындар бөлек қалды. Абзал мен Шолпан әдеттегісінше серуенге кетті. Үйде қалғандар тағы да біраз әңгіме-дүкен құрған еді. Бірақ олардың не жайында айтатындары белгілі болатын. Жансұлтан көп сөйлегенді ұнатпайды. Қай нәрсені де нақты баяндағанды қалайды. Бұл жолы да ол әңгімені қысқа қайырған. Содан кейін үлкендер тобы ақ киіз үйден шығып, кемелер орналасқан орынға қарап жүрді. Қара дене арқылы ол кемелерсіз де кеңістікте орын ауыстыра алады. Бірақ мына жағдайда оны қолданудың реті жоқ. Жер адамдарымен кәдімгіше сөйлесулері керек.

Кемелер орналасқан орын Шолпан қыртысының астында еді. Оған арнайы түсіргішпен түседі. Ол да бір ел өзінше. Кеменің неше түрі бар. Жерге баратындар соның ішінде жабылған табаға ұқсап келетінін тандады. Оның қырында жыпырлаған дөңгелек терезелер бар. Мұны тандауларының бір себебі, ұшатын табақ деген ұғым Жер тұрғындарының саналарында әуелден бар. Оны Шолпан арқылы білген. Егер осы кемемен барса, олар аса шошынбайды. “Тағы да ұшатын табақ пайда болды” деп оған қарай өздері-ақ жүгіреді. Бұл ақылды Жансұлтан да қолдаған. Кемелер тұрған орынға келген соң Жансұлтан ақ жол тілеп, батасын берді. Көкеман барлық нәрсенің түсінікті екенін, бәрінің ойдағыдай болатынын айтып, қасындағыларымен бірге кемеге отырды.

Осы кезде Шолпанның өтініші бойынша Абзал екеуі де келіп жеткен еді. Шолпан тағы толқыды. Ауылына бара жатқан адамдар өзіне туысындай көрініп кетті. Көзіне жас тол- ды. Оны ара-тұра сүртіп қойып, қолын бұлғайды. Терезеден қарап тұрған Иманас, Бірман, Кәмеш пен Гүлбара да қоштасып жатыр. Сәлден соң үлкен кеменің есігі жабыла берді. Жабылғанда да қызық. Ол ұшпай тұрғанда қақ ортасынан екіге ажыратылған таба спяқтанып қалады. Ол екі аралықта гидравлика жүйелері сияқты көптеген тіреулер бар. Бергі жағындағы орта тұсында есік. Жерге аттанатындар сол есік арқылы кірген. Енді кеменің жоғарғы жартысы жайымен төмен түсе берді де, кәдімгі таба ыдыстары сияқты тығыз жабылды. Енді оның есігін білмейтін адам таба алмайды.

Кеменің қабырғаларынан жылт-жылт етіп ескерту шамдары жанған кезде шығарып салушьшар кейіндей берді. Жансұлтанның бастауымен берідегі арнайы шағын үйшікке кірді. Ол негізінен шыныдан тұратын еді. Соған кірген мезгілде таба тәрізді кеме тұрған орнынан біреу көтергендей ажырай берді. Алғашында жайымен көтерілді де, сәл уақыт өтпей жылдам ұшып жөнелді. Енді сәлден соң кіп-кішкентай қара нүктеге айналды, Сол кезде Жансұлтан қасындағыларына иек қақты. Үстіндегі шапанын иығынан жоғары қарай бір-бір тартып қойып, үйге қарай жүрді. Бұл кезде Шолпан әлі де аспаннан көзін алмай тұрған-ды. Абзал оның нәзік саусақтарынан ұстап, сәл тартты. Шолпан әлі де болса, көзін аспаннан айырмастан кейін шегінді. Сонан соң Абзалға бұрылып:

— Олар Жерге қашан жетеді? — деді.

— Енді бірер сағаттан соң.

— Соншалықты тез бе?

— Бұл тез емес, — деді Абзал Шолпанға бір қарап қойып, — тез деген мүлдем басқа. Біз үшін Шолпан мен Жердің арасы екі ауылдың іргесі сияқты.

— Аи не үшін алыс. Қараңызшы. Жер жұлдыздай болып көрінеді.

— Жұлдыз жүйелердің аралығымен салыстырғанда түк те емес.

— Әрине, сіздер үшін сондай, — деді Шолпан жеңіл күрсініп.

Абзал Шолпанның қою қара шашынан сипап қойды. Қасындағылар киіз үйге кіріп кеткен соң екеуі әдеттегі серуендеріне кетті. Бүгін де табиғат ерекше еді. Таулар мен өзендердің көрінісі ерекше болып кеткендей. Абзал бұл сәтте ең бақытты сәтім деп санайды ішінен. Шолпан да бұл ортаға қызығады. Бірақ қыз болған соң, жат-жұрттық бол- ған соң оның көңілін бір кірбің басып тұрғандай болады. Жаңа ғана аулына аттанып кеткендерді ойлайды. Әке-шешесін, інісі мен сіңлісін кез алдына әкеледі. Абзалға жы- миғанымен ішкі дүниесі астаң-кестең. Бірақ онысын білдірмеуге тырысады. Оның үстіне екеуінің отау құруларына да санаулы уақыт қалған-ды. Онан кейінгі өмір басқаша сабақталады. Тұрмыс мәселесі алға шығады. Бүгінгідей серуен, еркін жүріп-тұрушылық та азая бермек. Бұл тұрмыс заңының қатандығынан емес, өмірдің зандылығынан туатын нәрсе. Абзал Шолпанды ешқашан ренжітпек емес. Бірақ бәрібір тұрмыс болған соң өмір сүрудің мәнері де өзгере береді. Шолпан Абзалмен қаншама рет қыдырып жүрсе де, өз достарын, өз елін есінен бір сәтке шығарған емес. Оның іштейгі тағы бір мақсаты әз ауылын осындай ғажайып табиғат ортасына кешіру болатын. Бірақ ол ойын Абзалға айтқан емес. Бірақ әлгілер келгеннен кейін, той болуға таяғанда ол шартын да қоймақ. Ал бірақ Жер жағдайын есіне түсірген кезде аулының таза табиғатқа келіп орныққанын тағы қалайды. Оның үстіне өзінің туған ауылы жанында болса, қандай жақсы. Ал оған Абзал қалай қарайды. Ол жағын әзірге білмейді.

Екеуі қол ұстасқан бойы біраз өзен жағалап қыдырды. Бір-біріне су шашып та ойнады. Тау басына да шықты. Гүл де терді. Сонан соң ауылға қарай жүрді. Шолпан осы кезде ойындағы бір сөзін айтты.

— Абзал, — деді ол оның иығына басын қойып, — менің ауылыма кеткендерді көрудің мүмкіндігі бар ма?

— Неге болмасын? — деді Абзал.

— Ол үшін арнайы байланыс орталығына баруымыз керек шығар?

— Ешқандай байланыс орталығының қажеті жоқ. Бәрі өзімде.

— Әлгі түймедей бірдемеңіз бе?

— Дәл өзі. Ол түймедей болғанымен дүниенің көзі. Ол арқылы мен қалаған нәрсемді көре аламын.

Маған алыстың керегі жоқ, — деді Шолпан кірідіп,

— туған ауылымды көрсетсеңіз болғаны.

— Көрейік.

Абзал түймедей затын қолына алды да, аспанға бір қарап алды. Шолпан онысын қара денеге бірдемені туралағаны да деп түсінді. Енді сәлден соң әлгі түймедейдің бота көзінде шынысынан Шолпанның ауылы көрінді. Оның табиғаты, өзені, тауы мен тасы, жайылып жүрген малы, маңыраған қой, мөңіреген сиыр, тіршілік етіп жатқан тұрғындар көрінеді. Шолпан түймедей затты Абзалдың қолынан лып еткізіп алып, екі алақанын біріктіріп, соның ортасына ұстады. Көрініс кинодағыдай-ақ өтіп жатыр. Шолпан енді сәлден соң өзінің үйін, ауласын, бау-бақшасын, әке-шешесін, інісі мен сіңлісін де көрді. Толқып та кетті. Мұндай ғажайып байланыс құралының бары да оның көңілін ара-тұра осылайша орнықтыратын. Қазір де манағы толқуы басылып қалған. Бармаса да, барғандай болып тұр. Егер ауылын осында көшіріп алмағанның өзінде де мынандай құралмен іш пыспайтыны белгілі болды. Шолпан шыны көзге ұзақ қадалды. Абзал оған басын жақындата түсіп, қарайды. Енді бір сәтте аспаннан барған әлгі кеме де көрінді. Ол жайымен қалықтап төмендеп барады. Шолпан түймедей затты өзіне қарай көтере түседі. Ол мұны бірінші рет пайдаланып тұрған жоқ. Бірақ бәрібір ауыл болған соң онан ыстық не болсын. Анығырақ көргісі де келеді. Абзал да онысын түсінеді. Егер қажет етсе, сол көріністің галографиясын да жасап берер еді. Оған дәл қазір мүмкіндік жоқ. Алдында күтіп тұрған істер бар. Абзал сол жағын ойлады. Таба тәрізді кеме ауыл маңындағы бір жазыққа қонған кезде көрініс үзіліп кетті. Абзал Шолпанға қарап.

— Енді үйге оралуымыз керек. Қалған жағдайды содан соң көрсетемін, — деді.



ЖЕРГЕ ОРАЛҒАНДА

Қара денеден оралғандармен өткен әңгімеден кейін біраз нәрсе айқын болды. Елназар қара дененің қолдан жасалғанына көз жеткізді. Алдиярдан басқаларының негізгі назар- лары өздері болған ауылға, Шолпанның табылғанына ауғанды. Әсіресе, Қажыбек қарындасының тұр-сипатын, жағдайын, көңіл-күйін айтумен болған. Әркімді әр нәрсе қызықтырады. Қалсыбектің о бастағы Жерден келген мақсаты да сол емес пе еді. Сонысын орындай алғанына мәз ол. Ал Алдиярдың мақсаты дара дененің не нәрсе екенін ашу-тын. Сол мақсатына сәл де болса жеткен тәрізді. Қара денеге еніп бара жатқанда біраз нәрселер суретке түсірілді. Тек бір әлемнен екінші әлемге ауысқан сәттерін біле алмады. Ол кезде бірнеше секундқа болса да әрқайсысы санадан айрыған еді. Алдиярдың түсінуінше, жарық жоғалған бетте адам организмі мейлінше жоғары суққа тоңады, бірнеше секундқа мұз болып қатып та қалатын сияқты. Содан жарыққа қайта шыққан кезде организм жылып, адам есін жинайды. Әрине, оның өзі де қара денедегі беймәлім адамдардың көмегімен жасалады. Әйтпесе адам біржолата мерт болуы да мүмкін. “Осы неге жануарлар қыс болса ұйықтайды. Ал көктем шыға оянады да, тіршіліктерін одан әрі қарай жалғастырады” деп жиі ойлайтын Алдияр. Ал жабайы бал арасының қыс мезгілінде елі сияқты жатып, жылы үйге әкелсең тіріліп, біраздан соң ұшып жөнелетінін де өзі талай көрген.

Бұл сапар Алдиярды осындай ойларға әкелген-ді. Оның бәрін ол мәжілісте де айтты. Басқа ғалымдар да жабайы бал арасының әрекеті сияқты талай мысал келтірді. Бір жерде қыс айында экскаватор мен жер қыртысын қазып жатқанда бір топ кесіртке шығады. Олар баяғыда өліп, мұз болып қатып қалған-ды. Бірақ күтпеген құбылыс өтеді. Күн сәулесінен олардың денелеріндегі мұз ериді, денелері жылиды. Содан бір кезде әлгі кесірткелер шауып жөнелмесі бар ма. Осы сияқты көптеген фактілер келтірілді. Бірақ бұл бірнеше секунд ішінде болған құбылыстың талдамасы еді. Онан кейінгі оқиғалар кәдімгіше өтіп жатты. Алдиярдың тағы бір түсінбейтіні бір ғаламшардың үстінде екі түрлі өмір көрінісінің өтіп жатқаны. Емшектаудағылар Шолпанның аптабына әзер шыдайды. Арнайы комбинезонсыз бір секунд та жүре алмайды. Ал қара дене арқылы әлгі әлемге өткенде онда кәдімгі ғажайып табиғат бар. Ауыл бар. Бәрі де кәдімгі Жердегідей. Сонда бұл не құбылыс болды деген ой да ғалымдарды ойланты. Бірақ өзірге шешімі табылмады. Ол енді тек Шолпан қыз арқылы анықталмақ.

Мәжілісте Шолпан мен Абзал есімді жігіттің әке-шешелері арасында құдалықтың жүретіні жөнінде де сөз болған. Ғалымдардың кейбірі оны тек қана қазақ пен қазақтың арасындағы құдалық емес, мына құпияны ашатын жолдағы дәнекер деп санады. Сондықтан да қазақ халқының қасиетті салтын бұзбай жалғастырудың тамаша болашаққа апарытынын да Шолпанды зерттеушілер сезді.

Өзінің бөлмесінде болған қысқа әңгімеде Шадыман Қажыбекке алғысын айта отырып, мынаны ескертті.

— Елге оралған соң ондағы жаңалықтарды толық білерсіз. Оны бізге хабарласаңыз. Осы жақын арада Абзалдың ауылынан бірнеше адамның аулыңызға баратынын білесіз. Сол кездесуді мейлінше қатты қадағаласаңыз. Мүмкіндігі болса, киноға, суретке де тарту керек. Біз сізге ғалымдардан ешкімді қоспаймыз. Бұл оларға зерттеу жүргізіп, аңдып барғандай болмағанымызды сездіреді. Ал сіз Шолпанның туған ағасысыз. Үйіңізге ораласыз. Әке-шешеңізбен қауышасыз. Бар болған оқиғаны баяндайсыз.

— Мен қолымнан келгеннің бәрін жасаймын, — деп уәде берді Қажыбек те кеңілденіп, — аман-сау болып тұрыңыздар!..

Қажыбекті бірнеше адам шығарып салды. Ол биоробот басқаратын екі кісілік кемеге отырды. Бұл кеменің ерекшелігі басқаларына қарағанда әлдеқайда жылдам ұшады. Тежеу жүйелері де күшті. Ол Жерге жеткен бойда оны бірнеше рет шыр айналады да, атмосфераға енеді. Сонан соң кәдімгі әскери мақсаттағы шағын кеме сияқты арнайы алаңға қонады. Мұндай кеме осындай шұғыл мақсаттар үшін жасалған.

Кеме Жер атмосферасына енген бетте Қажыбек терезеге үңілді. Ғажайып табиғат кез алдында. Мұхит пен теңіз, көл өзен таулар мен ойпаттар, жазық, дала мен ормандар... бәрі де өзін тебірентіп-ақ жіберді. Әншейінде осы көрініске назар аудармайтын Қажыбек терезеден басын тартпайды. Әйтпесе, тап осындай көріністі ол талай көріп еді ғой. Алыс сапарға аттанбас бұрын Жерді төңірегіндегі саябақта арналған кемелермен қаншама рет ұшып еді. Бірақ сонда күнде көрін жүрген соң ба, Жер табиғаты оншалықты әсерлі емес-тін. Бірақ уақыт болған кездің өзінде-ақ Шолпанның Қарабайыр табиғатына, сарғыш тартқан бұлттарына адам жаны төзбес аптабына да үйреніп қалған сияқты. Енді онымен салыстырғанда мына табиғат нағыз жұмақтың өзі. Егер Шолпан осындай күйге айналса, шркін, - деп қойды ішінен Қажыбек, - бірінші болып мен көшер едім .

Кеме осындай ойдан арылып үлгермей-ақ алаңға қонды. Мұнда күтіп тұрғандар Қажыбекті автомат тексерулерден өткізді. Денсаулығы, көніл-күйі ойдағыдай болғандық- тан аулына жеткізетін екінші жертілікті кемеге отырғызды. Ол жаңағы ұшқырмен салыстырғанда баланың ойыншығындай еді.Алыс ғаламшараралық сапардан кейін мынандай баяу ұшатын кемеге отыру Қажыбек үшін қызық көрінді. Бірақ оның есесіне төмендегі табиғат алақандағыдай анық еді. Кеме тіпті бір орныңда ілініп тұрған сияқтанып та көрінді. Бірақ уақыт өткен сайын жылжығаны білінеді. Тау да, көл де,жазық та бірте-бірте кейіндеп қалып жатыр. Енді сәлден соң ауыл көрінеді. Өзінің күллі балалық шағы өткен ыстық жер.Қажыбек кәдімгідей тебіреніп. Балалығы да уақыт бір жақты жылжиды. Кері қарай қайту мүмкін емес.Өмір осылай құрылған. Қажыбек тауларға өзендерге қарап отырып сол табиғатта талай серуендеген жерлерін есіне алды. Енді бір сәтте Абзал мен Шолпан қыдырып жүрген ауылды өз аулымен салысырады. Ғажайып ұқсастықта бар сияқты. Бірақ даму жағынан салыстырудың еш реті жоқ сияқты. Олар аспандағы, бұл жердегі адам болып көрінеді. Сондықтан мұнда ауыл табиғатының ұқсастығын ғана айтуға болар еді.

Басқарушы биоробот ауыл үстіне келісімен кемені құлдилата берді. Ол құлдилаған сайын төмендегі ауыл көшесі, үйлері бадырайып-бадырайып көрінді. Қажыбек қонбай тұрып-ақ Шөлпандағы ғалымдардың тапсырмасын ойына түсірді. Кенет ол шынымен-ақ анадай жерден төбеде қонып тұрған таба тәрізді кемені көрді. Биорботқа кемені солай қарай бұруды тапсырды. Соған қарамастан ол жылдам басып, үйге қарай жүрді. Сол кезде ауылдың біраз балалары мұны байқаса керек.Өзіне қарай жүгіре жөнелген. Қажыбекті құшақтап жатыр. Бұл да оларды шетінен көтеріп-түсіріп қояды.Содан соң балалардың бірі:

-Шолпан әпкеміздің үйіне жұлдызды әлемнен адамдар келді,- деп аптыға сөйледі.

-Өздері нешеу екнен? – деді Қажыбек ілгері жүре беріп.

-Бесеу – деді бала.

-Үшеуі ер адам, екеуі әйел кісілер,- деді екінші бала.

-Бірақ бәрі де қазақ, -деді үшінші бала.

-Қажыбек аға, сонда жұлдызды әлемде бізден де басқа қазақтар бар ма?-деді төртінші бала.

Неге болмауы керек? – деді Қажыбек жымиып, - сендердің ойларыңша жұлдызды әлемдегілердің түрі, ұлты, есімі адамға түсініксіз бірдеме болуы керек пе?

Олай деп ойлаймыз! – деді алғашқы сөйлеген бала.

Бұл ойларың дұрыс! Көп сөз неге керек өздерің айтып тұрған бес адамның өзі бұлтартпас дәлел емес пе?

Ия. – десті балалар хормен.

Қажыбек кемесіне бір қарап қойды. Мұндай кеме бүгінде ешкімге де таңсық емес. Бір кездегі жеңіл көліктер сияқты. Бірі ұшып келіп, бірі ұшып кетіп жатады. Оларға ешкім назар аудармайды. Тек балалар ғана қызықтап осылай жиналады. Онда да балалар мына кеменің басқа жерге қонғанын аңғарып қалған. Оның үстіне оларға қандай кеме келіп қонатынын бақылайды. Бұзылып қалғандары болса, ғарышкердің қалай жөндегенін көреді. Бұл жолы да сондай бір қызығушылық пен жүгірген еді. Ойламаған жерден оның ішінен Шолпанға кеткен Қажыбек ағалары шықты.

Балалар Қажыбекті қоршап алып, әрдеңені сұрап, ара-тұра сықылықтасып күледі. Жұлдызды әлемнен келгендердің жүріс-тұрыстарын сөйлеу мәнерлерін, мәдениетін тәптіштеп айтады. Қажыбекті олардыңәңгімелеріне құлақ қойып келеді.Сөйтіп, өз үйіне жақындап қалғанын да аңғармапты.Арпылдап өзінің төбеттері үрді. Бұл иттерінің егесін танығандығы еді. Қажыбек сырттан, алыс жолдан келгенді естіп аздап үріп, ұлыңқырап барып тыйылатын әдеті бар-ды. Иттердің мұндай белгісінен үй іші де бір жақсылықтың болғанын сезген. Әуелі сыртқа кішкентай қарындасы Айымгүл жүгіріп шықты. Ол бір топ балаға қарап, бар назарын да соларға аударған еді. Енді байқады, солардың ортасында өзінің ағасы Қажыбек тұр. Айымгүлдің кішкентай жүрегі дүрс-дүрс соқты. Сәл кідірді де;

— Қажыбек келді! — деп тұра ұмтылды.

— Аяш қыз, халің қалай? — деп Қажыбек қарындасын құшақтап көтеріп алып, жерге қайта түсірді.

— Қашан келдіңіз? — деді Айымгүл.

— Міне, келіп тұрғаным осы!

— Немен келдіңіз?

— Кемемен!

— Ол қайда?

— Әне, қырда тұр!

Қажыбек сұқ саусағымен кемесін көрсетті. Айымгүл енді ғана өз көзіне өзі сенгендей ағасының сол қолынан тас қып ұстап алып, үйге қарай тартты. Осы кезде дауысты естіген анасы Перизат шықты. Ол да өз көзіне өзі сенбеген адамдай сәл аңырап тұрды да.

— Қажыбекпісің? — деп жақындай берді.

— Апа, мен ғой...

— Қарағым-ау, ат-көлігің аман ба? — деп ана баласының бетінен өпті.

— Бәрі жақсы! — деді Қажыбек.

— Үйде меймандар отыр, — деді осыдан соң Перизат ана, — әкең сол кісілермен бірге. Кіріп сәлем бер.

— Олардың кімдер екенін білемін, апа, — деді Қажыбек кішкене күшейіп, — қазір бәрін де түсіндіремін.

— Сонда сен олармен кездесіп пе едің?

— Иә, апа. Өздері де айтқан шығар.

— Ағасы келген деп айтқан. Бірақ мен аса мән берген жоқ едім. Ендеше, тіпті жақсы. Кіре ғой.

Қажыбек есікке жақындағанда қарсы алдынан Арғынғазы шықты. Ол қос қолын берді бұған. Қол қысысқан соң екеуі бір-бірлерінің арқаларын қағысып қойды. Сөйтіп, бірге ішке кірді. Дәлізден іштегі кісілердің дабыр-дұбыр сөйлескендері естілді. Әкесі Ералы да бір жаңалықтың болғанын ішінен сезіп отырған-ды. Бірақ меймандарды жалғыз тастамай, мәдениеттілік сақтаған. Оны бәрі де түсінеді. Қажыбек ішке кіргенде Ералы қуанып, қозғалақтап қалды. Қажыбек әкесі орнынан тұрмай-ақ барды да қолын алып, мойнынан құшақтап қойды. Содан соң меймандармен амандасты. Олар Қажыбекті біледі. Ежелгі таныстай отырғандардың бастауышы Көкеман қалай ұшып жеткенін, Шолпанда- ғылардың жағдайларын сұрап жатыр. Қажыбек бәрін қысқаша айтты. Осыдан соң әңгіме қайтадан Шолпанның жайына ауысты. Ералы басындағы ою-өрнекті қара тақиясын кішкене кейін көтеріп, мандай тұсын алақанымен бір сипап қойып, сөзін жалғады.

— Екі жас бір-бірін қалап жатса, шара не?

Иә, — деді Кәкеман, — мұндай игі нәрсеге тек қуануымыз керек. Шолпан арқылы міне, өздеріңізбен танысып отырмыз. Бұрын-сонды келіп көрмеген Жер ғаламшарын аяғымызбен бастық. Сіздермен туыс болдық. Енді әулетіміз де көбейді. Абзал есімді жігітіміз де жаман емес. Білімді. Зерек. Ары таза, адамгершілігі мол. Жаңа да айттым. Қайталап мақтай бергеннен ештеме шықпас. Шолпанға да біз ризамыз. Абзалдың әкесі, еліміздің басшысы. Жансұлтан да қыздарыңызды ұнатып, келін етіп алуға келісімін берді. Сол кісінің ұйғарымымен аттандық мұнда.

— Көзімнің қарашығындай болған қарағым-ай, сондай ұзаққа кеткенің қалай? Еш болмаса, мына ауыл арасы, я Жердің басқа бір аймағы да емес. Сонау Шолпан қалай ба- рып-келіп тұрамыз? — деп Перизат ана осы кезде көзіне жас алды.

Қойыңыз, — деді оған Кәкеман басу айтып, — “Қыз жат-жұрттық деп айтамыз қазақ бекер айтпаса керек-ті. Рас, Шолпан — Шолпанда. Бірақ сіз өздеріңіздің кемелеріңіздің жылдамдығы тұрғысынан айтып отырмыз. Біз үшін Жер мен Шолпанның арасы көрші ауылдарыңыздың арасындай ғана қашықтық”.

— Қандай болғанда да кемемен ұшу керек қой! Ғарыш кемесі дегеніңді өзім алмағайып көремін. Өмірімде мініп көрмеппін Шолпанға да талай айтқанмын, қойшы сол кеме дегенінді деп. Бірақ онымды тындамады. Енді қайтемін, бақытты болсын. Жастар бір-бірін қаласа үйленіп, үй болуларына қарсы емеспін.

— Қайта жақсы емес пе, Шолпан ғаламшарына жиі-жиі барып тұратын боламыз! — деді сол кезде тізерлей отырған Арғынғазы.

Отырғандар бастарын көтеріп, жас жігітке қарады. Перизат ана “Не деп отырсың” дегендей оған бір көз салып қойды. Әкесі ғана баласының үйреншікті сөзіне селт еткен жоқ. Меймандар ол сезден кейін шамалы сергіп қалды. Бірақ ешқайсысы батып сөз айтпады. Сол кезде Шолпаннан келгендердің ішінен Гүлбара:

— Бізге де жақсы, Жерге келіп тұрамыз! Маған Жер ұнайды! — демесі бар ма.

Отырғандар тағы сергіп қалды. Екі жақтан айтысқа түсе бастағандай болған екі жақтың жастары да шамалас болса керек. Арғынғазы да келгеннен Гүлбараға қарай берген. Ал қалғандары өздерінің кінәсымен ыңғайсызданып бұл жағына назар да аудармапты. Кіші ұлының жаңағы сөзіне іштей намыстанғандай болып отырған әке де мына жас қыздың сөзінен кейін елең ете түскен.

— Өмір деген осы, — деді ол бір кезде, аралас-құраластығымен қызық. Сіздерге Жер таңсық болса, бізге Шолпан қызық.

Перизат Ералының осы сөзінен кейін “Саған бірдеме болған ба?” дегендей бір қарап алды. Меймандар үндеген жоқ. Сол кезде Кәкемен Гүлбараға қарап:

— Шамасы, зерігіп отырсың-ау деймін. Арғынғазы екеуің далаға серуендеп келе қойыңдар, деп ұсыныс жасады.

Қыз күтпеген бұл сөзден ыңғайсызданып қалды. Оны жуып-шайғысы келген Перизат ана:

— Айымгүл де бірге барады, — деп қалды.

— Бұл жерден өзен алыс па? — деді сол кезде Гүлбара.

— Жоқ, онша алыс емес! — деп Айымгүл орнынан тұрды.

Гүлбара да орнынан көтеріліп есікке қарай беттеді. Соңынан Арғынғазы шықты. Енді іште тек ересектер қалған-ды. Әңгіме алдағы мәселелер жайлы болды. Абзал мен Шолпанның отау тігетіндігі жөніндегі кейбір жайлар түсіндірілді. Қанша дегенмен ғаламшары бөлек, елі белек, руы бөлек болғандықтан жұлдызды әлемнен келгендердің өздеріне тән кейбір ерекшеліктері де бар-ды. Ералы да, Перизат та кешірім сұраушылар делінетін бір топ кісі келгенде Шолпан осы кезге дейін тұрмыс құрып қойған болар деп түсінген-ді. Жердегі қазақ халқының салтында әдетте қызды алып қашып барғаннан кейін жігіт қызға үйленгеннен кейін барып кешірімге келетін. Ал мыналардың әңгімесіне қарағанда, салттары бойынша, жігіт қызды ұнатқан соң, қыз жігітті ұнатқан соң ол жайлы екеуі де әке-шешелеріне хабарлайды. Осыдан соң жігіт пен қызды екі киіз үйде үш ай бойы жеке ұстайды. Екеуіне де барлық жағдайды жасайды. Күндіз бірге серуендеулеріне рұқсат береді. Түнде өзді-өзді үйлерінде түнеп шығады. Сөйтіп, олар бірін-бірі жақынырақ түсінісетін болады.

Осыны түсіндіргенде Перизаттың жүзіне қан ойнады. Қызы әлі де келіндіктің табалдырығын аттамапты. Оның үстіне мына кешірімшілер алдын ала келіп отыр. Салт- дәстүрдің бұл түрі Ералыға да ұнағандай. “Әр елдің салты басқа, иті қара қасқа” дейтін мақал да тап осы араға қона қалғандай. Алғашында суық тартып отырған Ералы енді жылып, әңгімесінде жұмсарта түскен. Көкеман барлық жағдайды түсіндірген соң Шолпанның үш шартының барын, оны Абзалдың үйленетін күнге дейін орындауы тиіс екенін де айтты. Бірақ Көкеман Шолпанның қандай шарт қоятындығынан бейхабар еді. Ол қыздың әке-шешесі үшін де аса маңызды емес-ті. Ең бастысы — қыздың өз бақытын табуы. Перизатты енді қинаған бір-ақ нәрсе, Шолпан ғаламшаларының шалғайлығы. Оның үстіне осы күнге дейін Шолпанда тіршілік бар дегенді естіген емес-ті. Ал мыналардың онда қалай тіршілік ететінін тағы түсіне алмады. Сұрауға намыс етті. Әңгіменің негізгі желісін Ералыға бұрып қойып, ара- тұра бас изеп отыра берген. Дамуы жоғары адамдар үшін бұлардың түсіну деңгейі белгілі еді. Бірақ қазақ қанында білмеген адамды кемсіту рәсімі о бастан болған емес.

Аздан соң Перизаттың аналық жұмсақтығы ұстап, Шолпанның алыс кеткенін есіне қайта түсіріп, көзіне жас алды. Ералы оны бірден түсіне қойып, әкеғе тән сез екпінімен тоқтатып тастады.

— Осының алдында ғана Шолпанның сол Абзал деген жігітпен бірге осы ауылдың көшесін аралап өткен елесін көрдік! Бірақ сөйлесе алмадық! Ал енді, мынандай игілікті жағдайда, аман-есен екен. Ендеше, сенің көзіңе жас алуың орынды емес!

— Қойыңыз, қызыңыз аман-есен! Әлі сіздер де Шолпанға баратын боласыздар! Біздің ауылымызды көресіздер! Аралас-құралас тіршілік кешетін боламыз!

— Қайтейін, сіздер солай қарай аттанатын болған соң босап жатқаным ғой. Шолпан ғаламшары мына түрған жер емес! Екі арасы талай кеңістікті жол.

— Олай демеңіз! — деді Кәкеман тұруға ыңғай беріп, - біздің ана төбеде тұрған таба пішінді кемеміз үшін жол дегеніңіз жай бір жер-ақ. Қандай қашықтық болса да, қай жұлдыздардың екі арасы болса да жетіп барады! Қас пен көздің арасы!

— Онда жақсы екен, — деді Перизат жылт-жылт еткен көз шарасындағы жасын орамалының ұшымен сүртіп, әйтеуір, Шолпаным аман болсын. Осы перзенттерімнің ішінде өзі де бір бөлек еді. Кішкентайынан жұлдызды әлемге назар салатын. Ақыры ғарышкер болды. Сол жұлдыздардан сүйгенін тапты. Бақытты болсын, қарағым деймін, басқа не деймін.

— Жарар, — деді соның артынша Ералы қонақтардың жолға асығып отырғандарын іштей сезіп, — меймандарды жолынан қалдырмайық. Біз сөйлесетін, біз кездесетін уақыт алда әлі. Не айтамыз, алдымызға кешірім сұрап келгендеріңізге аса ризашылығымызды білдіреміз. Жолдарыңыз болсын. Шолпан қызымызға дұғай сәлем. Әке- шешеңіз рұқсат етті дерсіздер. Бақытты болсын. Абзал қарағымыз жолымыз түсіп барғанда жолығармыз. Сапарларыңыз сәтті болсын!

Рахмет, Ереке! — деді Кәкеман орнынан тұрып жатып,— біз қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз. Шолпан қор болмайды! Бұл екі ғаламшардың арасындағы алғашқы құдалық та ел тарихында өшпес орын алар деп ойлаймын. Біз мына шексіздей көрінетін жұлдызды әлемнен бір-бірімізді таптық. Мұның өзі бір қуаныш. Әлі елдігімізді де атап өтетін күн туар-ау. Біз жүрелік. Мұндай заманда уақыттан артқан билікші жоқ. Оны өздеріңіз де жақсы түсінесіздер. Ал тойға міндетті түрде келетін болыңыздар. Арнайы кеме жібереміз. Онан сескенудің еш керегі жоқ. Көзді ашып-жұмғанша Шолпандағы өзіміздің қазақ аулында баласыздар. Сіздер де сау-саламатта болып тұрыңыздар. Көріскенше күн жақсы!

Осы сөзден кейін Шолпаннан келгендер мен үй ішіндегілер сыртқа шығып, қол қысысып қоштасты. Ауыл адамдары жиналып қалған. Олардың бәрі де сонау биік төбе басында қара табадай болып тұрған алапат кемеге қарайды. Кешірімге келгендер солай қарай жүрді. Әңгімемен, бір-біріне жақсы, жақсы деумен жерліктер Арғынғазыны, шолпандық-

тар Гүлбараны ұмыта жаздапты. Олар өзен жағалап кеткен екен. Меймандар кемелеріне міне бастаған кезде қол ұстасқан ол екеуі солай қарай жүгірді. Кемеге қарап тұрған ауыл адамдары оған ризашылық білдіргендей бір-бірімен күбірлесіп, дабыр-дабыр сөйлесіп, бір сергіп қалды. Таба пішінді кеме жанында Арғынғазы мен Гүлбара ұзақ қоштасты. Жаңа ғана Шолпан есімді қызын алғандарға іштей кіжініп, қызғанып тұрған ағасы Қажыбек те, сіңлісі Айымгүл де енді мәз. Ералы ақсақал да оң алақанымен Күн көзін көлегейлей қарап түр. Перизат ана әдетінше көзіне жас алып, орамалының ұшымен сүртіп қояды.

Бір кезде Гүлбара кемеге қарай жүрді. Арғынғазы оның қолынан мықтап ұстап алған. Екі қол созылып барып ажырады. Қыз тез кемеге мінді. Арғынғазы енді Гүлбарамен те- резе арқылы қоштасты. Содан соң кеменің шамалы ысылдаған дыбысы шықты. Арғынғазы сәл кейін шегінді. Кеме жерден жеңіл көтерілді де бір жақ қырымен зулап ұшып жөнелді. Енді бір сәтте бұл жерде ешқандай кеме де, адамдар да болмағандай көрініс орнады. Жұрт тарай берді. Арғынғазы әке-шешесіне қарай асықты.


Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет