ҚАЙТА ТАБЫСҚАНДАР
Бір топ ғарыш кемесі Шолпанның талай аймағын шарлап ұшты. Ғажайып ғаламшардың ерекше табиғаты өзінің құпиясын ашпады. Сонда да үміт үзбеген ғарышкер геологтар тауды да, тасты да сүзді. Бірақ ештеме байқалмады. Шадыманның табан астында қайда жоғалғанын ешкім біле алған жоқ. Тек оның осы маңға кеткені белгілі болатын. Бірақ ол геологтар үшін аз мәлімет еді. Шамасы, Шадыман Емшектаудың жанындағы биік жартасқа шығып, айналаны бақылап, қайта ораламын деп ойласа керек-ті. Бірақ ол адас- қан. Есмұханның ойы осындай еді. Ол Шадыманның көпке ұзап кете қоймағанын да сезген. Бірақ Шолпанның жоғалғаны сияқты бұл да сондай бір адамдарға тап болды ма деген де ой жоқ емес-ті.
Ғарыш кемелері Шолпан бетінен аз биіктікте ұшып, Емшектаудың айналасын әбден шарлады. Ешқандай белгі жоқ. Ізі де көрінбейді. Сонысына қарап оның тасты жерлермен жүргенін жобалауға болар еді. Есмұхан сондай да ойға келді. Жартастарға, тасқа із қайдан бадырайып түссін. Түскенде де мына аптаппен сәл де болса соғатын самалдан ештеме де қалмайды. Шолпан табиғатының бұл сыры геологтарға жақсы белгілі. Енді қайдан іздеу керек? Геологтар аз уақыттың ішінде талай жерді бакылады. Кемелерін бірнеше рет жанармаймен камтамасыз етті. Бұл іздеу Жер тәулігімен есептегенде үш тәулікке созылды. Ал Шолпанның таңы атпайтын, кеші батпайтын мынандай бірқалыпты күнұзағында ол уақыт түкке тұрмайтындай болып көрінген. Арада апта өтсе де, адам баласы мұнда бір күн де өмір сүрмегендей сезінеді. Жердегі күн санаудың бәрі де тек күн мен түннің алмасуынан екен. Ал мұнда ондай алмасу болуы үшін ондай екі жүз қырық үш тәулік керек. Ал бұл аралықта Жерде Жыл мезгілі ауысады. Жаңа туған нәресте жүретін халге жетеді. Тағы басқадай көптеген өзгерістер болады. Ал Шолпанның мына табиғаты сол қалпында, ештеме болмағандай түнереді де тұрады. Бұлты да бір сергімейді. Бірақ жылдам жөңкиді. Сол жөңку адам психологиясына ерекше әсер етеді. Қорқынышсыз нәрсені қорқынышты етіп жібереді.
Бірақ геологтар бұл жолы ондай қорқынышты мүлдем ұмытқан. Адам баласының басына қатты әсер беретін іс түскенде ол табиғаттағы бар қорқынышты ұмытып кетеді. Адам да, хайуанат та баласы үшін отқа да, оққа да қарсы тұрады. Қазір де геологтар совдай бір күйінішті күйде еді. Есмұханның кабағы түсіп кеткен. Ол Шадыманның кемесімен келеді. Жанында Алдияр бар. Кемені әдеттегідей Елтай басқаруда. Елтайды Шадыманның өзі таңдап алған еді. Жақсы көретін. Сол жақсы көретін ұшқышының басқаруымен іздеу жүргізіп келеді Есмұхан да. Елтай өте сезімтал, сергек жігіт. Есмұханның аузынан сөз шыққан бойда кемені солай қарай бұра жөнеледі. Ол көп жерді, ойпатты, аңғарды, жыраны, шатқалды, тау мен тасты көрді. Бірақ солардың бірінен де я адамның ізі, я өзі байқалмады. Содан бұлар жанармай құю үшін Емшектауға оралған. Ол жерде көп тұрмады. Тездетіп тамақтанып алды да, бірдемеден үріккен торғайлардай топ-тобымен қайта ұшты.
Бұл жолы Есмұхан алысқа кеме сабылтуды жөн санамады. Ол Шадыманның алысқа кете қоймағанын да ойлады. Тек оны мазалаған нәрсе Шолпанның тағдырына ұқсады ма деген ой еді. Геологтардың өздері де қалжырады. Беталды шарлап ұша бергеннен де ештеме болмайды. Үш күнгі іздеу нәтижесіз аяқталған-ды. Енді төртінші күннің әрекеті баста- лып еді. Есмұхан көзіне қуатты дүрбісін ұстап, табиғатынан қарап отырған. Кенет Емшектаудан аса алыс емес жердегі бір аңғардың жанынан етпеттей құлап жатқан адамды көзі шалды.
— Әне! — деп қалай дауыстап қалғанын да аңғармады өзі.
— Қайда? — деп калды Алдияр да терезеге жақындап.
— Сол емес пе? — деді Елтай.
— Сол! Сол! Қайдан пайда болды екен? — деп Есмұхан дереу анықтап көрсететін тележүйені қосты.
Енді тұтасып жатқан тақта тастар бадырайып, экранға сыймай кетті. Көрініс жылжи берді. Бір кезде ғарышкердің басы, сонан соң денесі ап-анық көрінді. Соның өзі. Шадыман. Ол етпеттей ес-түссіз жатыр. Есмұхан шұғыл шешімге келді.
Елтай, тездетіп сол маңға қондыр кемені! Тез жәрдем беруіміз керек оған! Әйтпесе, айрылдық деп есептей бер!
— Түсіндім! — деді Елтай.
Кеме бір жағына қисая түсті де, ғарышкер жатқан тақта тасты айналып өтті. Содан соң тағы төмендеді. Тағы да. Сөйтіп барып, қолмен жасалған аландай болып жатқан үлкен тақта тастың үстіне жайымен қалықтап қонды. Кеменің құбырларынан ысқырып шыққан оттан да ғарышкер селт етпеді. Соған қарап геологтар оның шынымен-ақ ес-түссіз жатқанын сезді. Есмұхан қонып келе жатқанда-ақ қасына алған дәрігер-хирург Асанбайға қам-қарекет жасауды ескерткен. Ол кемедегі адамды жедел емдейтін жүйелерді дайын- дады. Кеме табаны тақта тасқа тиген кезде Есмұхан өзі бірінші болып, есіктен қарғып түсіп, ғарышкерге ұмтылды.
Екі қолтығынан қолдарын әрі қарай өткізіп жіберіп, көкірегі тұсынан құшақтай қысып ұстады да, көтеріп барып, шал қалай жатқызды. Сол кезде барып оның Шадыманның өзі екенін таныды. Ұйқыда жатқандай тым-тырыс. Бұл кезде әр жер, әр жерге қонған басқа кемедегілер де бері қарай жүгірген-ді. Олар да жетті. Шадыманды тездетіп, кемеге сал- ды. Дәрігер Асанбай жанындағылардың көмегімен тездетіп, комбинезонын шешті. Оттегі жеткізетін, организмге күш беретін жүйелерді тездетіп қосты. Ал бұл кезде Елтай кемені қайтадан жоғары көтерді. Қалған кемелер мұны қоршауға алды. Бәрі бір деңгейде Емшектауға қарай тартты. Оның айналасы тыныш, ештеме болмағандай еді. Топ-топ ғарыш кемелері оған жақындағанда енетін қақпалар ашыла бастады. Сыртқы қақпа радиотолқынмен басқарылатын. Есмұхан келе жатқан кеме бірінші болып енді. Соңынан қарлығаштарша бірнеше кеме келіп, ұяға кіргендей бірінен кейін бірі еніп кетіп жатты. Сыртқы қакпа тез жабылысымен іштегі жүйелер іске қосылды. Екі қақпаның арасындағы аралықта жүрген биороботтар қарбаласуда. Бірі іштегі ауаны суытатын тоңазытқышты іске қосқан, екіншісі қақпада саңылау қалмау жағын тексеріп жүр. Үшіншісі сырттан келген кемелердің тұрған орнын көріп, төртіншісі оларға жанармай құюға кіріскен. Бұл келесі сапарға дайындық еді.
Іздеушілер тобы олардың біріне де назар аударған жоқ. Геологтар үшін ол күнделікті көрініс. Оның үстіне Шадыманның мына құпия жағдайы бәрін де ерекше елеңдеткен. Ол әлі де есіне келген жоқ. Сол арнайы шыны камерада жатыр. Оның төңірегіндегі түрлі жүйелер ызың қағып тұр. Түрлі түсті шамдары жыпылық қағады. Кішкене-кішкене экрандардан ирек-ирек сызықтар зулап өтіп жатыр. Есмұхан, Алдияр және басқалар Шадыманның жүзінен көз алмайды. Дәрігерлер зыр қағуда. Шадыманның өміріне төніп түрған қауіптің жоғы табылған жерде-ақ белгілі болған-ды. Сондықтан бәрінде де оның өмірге қайта араласатынына күмән болған жоқ. Шыны камера біраздан соң арнайы шағын көлікке салынып, ғарышкерлер үйіне жеткізілді. Осы жерде геологтар өздерін еркін ұстады, еркін жүрді. Өйткені, мұнда кәдімгі Жердегі үйлердегідей жағдай бар. Ауа да жеткілікті. Комбинезонның да қажеті жоқ. Геологтардың сапардан қайтуға асығатындары да сондықтан. Қанша дегенмен комбинезон адам денесінің козғалуын шектеп тастайды. Ал Жердегідей жеңш киініп, емін-еркін жүргенге не жетсін.
Шадыман жатқан шыны камера дәрігерлік бөлмеге жеткізілді. Ол осы жерде көзін ашты. Бірақ ештемені түсіне алмады. Өзінің мұнда қалай келгенін де түсінбеген. Айдалада, шаршап-шалдығып, әбден қалжырап, қансырап құлағанын ғана біледі. Одан әргісі бір секундтық уақыттың ішінде өткендей. Ол айнала қабырғаларға қарады, дәрігерлерге көз тікті. Бірақ біразға дейін танымады. Шамасы, ішінен қандай да бір мәдени дамуы жоғары адамдардың қолына түстім бе деп ойласа керек. Жоқ, өзіне таныс қабырғалар, өзіне белгілі дәрігерлер. Бірақ олар сөйлеген жоқ. Жан-жақтан төніп тұр. Басшының тілге келуін күткендей ара-тұра бір-біріне қарап қояды. Шадыман да есін жиюға тырысуда. Енді сәлден соң қозғалуға да тырысты. Сол кезде үстіндегі шыны қақпак сыр деп аяғына қарай жылжып жөнелді. Енді дәрігерлердің жүздері айқындала түскендей болды.
— Шадыман, өзіңізді қалай сезінесіз? — деді сол кезде ақ халат жамылған Есмұхан.
— Есмұхан? — деді Шадыман басын сәл көтеріп.
— Иә. Менмін ғой.
— Танып жатырмын. Мені қайдан таптыңыздар?
— Емшектаудың төңірегіндегі бір аңғардың жанынан.
— Бәрі дұрыс. — Шадыман басын жастықка түсіріп, көзін жұмды.
— Ол аңғарға қалай тап болдыңыз?
— Көру үшін барғанмын.
— Жалпы, мына ортадан сыртқа шығып кетуіңізге не себеп?
— Емшектауды үстінен бір көруді қызық көрдім. Содан осы маңға ауыл қонды. Сол ауылды араламақ болып ұзап кеткенімді байқадым.
— Ал жарақатты қайдан алдыңыз? — деді Алдияр сол кезде.
— Үңгірден.
— Бұл маңда үнгір бар ма еді?
— Мен аңғар ішіндегі үңгірге кіргенмін.
— Аңғарға қалай барып жүрсіз?
— Бір кездері өзен аққан болар деп ойлаған аңғардын жиегінде тұрғанмын. Кенет ойламаған жерден жарқабақ опырылып кетіп, құлап түстім. Сөйтіп жарақат алдым...
Тұрғандар үнсіз қалды. Шадыман сөйлеуден шаршағандай көзін жұмып, кідірген еді. Енді оны мазалай берудің де жөн емес екенін сезді геологтар. Дәрігерлер ыммен сыртқа шығуларын өтінді. Бәрі жайымен кейін бұрылып, келесі бөлмеге өтті. Шадыманның жанында тек дәрігерлер қалды. Шадыманның мандайынан шып-шып шыққан терді медби- ке сүртіп қойды. Қалғандар оның денсаулығын жақсартатын дәрі-дәрмектер колдануға кірісті. Бәрін ойландырған бір нәрсе Шадыманның қандай да бір арпалысты басынан кешкені еді. Бірақ дәл қазір оны сұраудың реті келмеді. Басшы шаршады. Әлі де өз-өзіне келе алмады. Сондықтан да Есмұхан бастаған топ оған бір сағаттық тыныштық беруді ұйғарған.
Бір сағаттан кейін Шадыман әуелгіден сергек көрінді. Ол енді төсегіне түрегеп отырды. Айналадағыларды да жақсы танып, көргендерін де есіне толық түсірді. Оның көз алдынан кетпеген ең басты нәрсе — ауыл еді. Сол ауыл үшін, Шолпан қыз үшін қатерге тап болды. Шадыманның жағдайы жақсарысымен Есмұхан мен Алдияр қайта кірген. Әңгіме әрі қарай жалғасты.
— Сіз үңгірден не көрдіңіз? — деді Алдияр мән-жайды білуге асығып.
Мен үңгірге сол аяғымдағы жарақатымды дұрыстап таңу үшін кіргенмін, — деп жалғады әңгімесін Шадыман, — өйткені, қанша дегенмен оның ішіндегі ыстық сыртқа қарағанда бәсеңдеу. Әр жарақаттан аққан қанның тез тоқтауына да мүмкіндік туады. Соны ойлап, сол аяғымды сүйрете үңгірге ендім. Ол терек екен. Құбыр тәрізденіп кете береді. Бірақ мен аса тереңге енген жоқпын. Кендеу, тегістеу бір жерін тандап алып, комбинезонның ішкі тысындағы таңу жүйесін іске қостым. Жарақаттың таңылуы кезінде жаным көзіме көрінді. Дауысым да шығып кетсе керек. Кенет өзіме қарай келе жатқан құбыжықты байқадым. Түрі алып тасбақа тәрізді, жеті басы бар. Әр бастан тіл жалаң-жалаң етеді. Содан қолымдағы тапаншадан оқ жаудырдым. Оқ алты басын жұлып түсті. Соңғысына тигізе алмадым. Сырқыраған аяғым көз алдымды тұмандандырып жібергендей болды. Содан сыртқа карай жылжыдым. Ол да келеді. Енді оған әлімнің келер-келмесіне көзім жетпеді. Сондықтан сыртқа шығып алысуды жөн көрдім. “Өлсем де далада өлейін, достарым іздегенде көрер деген ой да болды менде. Сөйтіп, арпалысымыз үңгірдің аузында жалғасты. Бақытыма қарай әлгі құбыжық даладағы тымырсық ыстыққа төзімсіз болып шықты. Тез әлсіреді. Соңғы басын да құрттым. Сөйтіп, қайтадан аңғардан шыққанмын. Бірақ қанша дегенмен де біраз қан жоғалтқандықтан әлсіредім. Онан кейінгісін білмеймін.
— Біз сізді қанша іздедік, — деді содан соң Есмұхан, — шарламаған жеріміз қалмады. Кең тегіске де бірнеше рет барып қайттық. Таба алмадық. Содан Емшектауға келіп, шамалы дамылдап, тамақтанып тағы іздеуге шыққанбыз! Сіздің жатқаныңызды көрдік. Енді міне, қайта табыстық.
Рақмет, сіздерге достарым. — Шадыман сәл толқып, кідіріп қалды. Сөйтіп сөзін әрі жалғады. — Мұндай шалғай ғаламшарда осындай қырағылық пен қажырлылық болмаса, өмір сүруіміз қиынға соғады. Біз қияметте жүрген адамдармыз. Айналамыздың бәрі от. Су аз. Оның үстіне құпия көріністер өзімізді қаншама рет сабылтты. Бірақ біз оның сырын қалай да ашуымыз керек. Өйтпейінше Жерге оралудың да мән-мағынасы жоқ сияқты.
— Жер демекші, ондағы ғаламшараралық кемелерді басқару орталығынан хабар келген. Шолпан туып өскен ауылда сол Шолпан қыз бір бейтаныс жігітпен бірге ауылды аралап өтіпті. Әке-шешесі, ағасы, інісі, сіңлісі қатты толқуда құсайды. Басқару орталығындағылар Шолпанды сұрайды. Meн қыздың әзірге табылмағанын айттым, — деді Есмұхан.
— Бұл бір жұмбақ іс болды, — деді Шадыман алғашында да сергіп, достарының жүзін барлап өтіп, — менің осы шығып кетуімнің өзі де сонымен байланысты еді. Шолпан жоғалғалы көріністер де көбейді. Соған қарғанда ол қыз осы ғаламшарда болуға тиісті. Әлгі Емшектаудың төңірегінен көрінген ауылға қарай барғанымда сол қызды кездестіремін бе деген ой еді. Бірақ мен Шолпанмен жүздесе алмадым. Ауыл жоғалған соң әлгі оқиғаға тап болдым. Аңғарға барған себебім, соның алдында ғана, ауыл қонған кезде онда арқырап өзен ағып жатқан-ды. Ауыл жоғалған сәтте ол қаңырап бос қалды. Тап сол өзеннің орны, соның арнасы, аңғары. Соны қызықтамақ болғанмын. Енді бәрі де артта қалды. Біз Шолпанды іздеуді тоқтатпаймыз. Жердегілерге қызды тынымсыз іздеп жатқанымызды айтарсыздар. Кішкене жазылған соң өзім де араласамын, Жермен сөйлесемін. Шолпанның үй-іші уайымдамасын. Бәрі де орнына келеді. Соны да айтарсыз.
Шадыман сөйлеуден шаршаңқырағанын жасыра алмай жастыққа басын батыра түсіп, үнсіз қалды. Жағдай түсінікті еді. Айналасында тұрғандар бір-бірлеп сыртқа шыға берді. Шадыманның жанында енді екі-ақ адам — Есмұхан мен Алдияр ғана қалған. Екеуі Шадыманның мазасын алмау жағын қарастырды. Ол қашан ұйықтап кеткенше жанындағы орындықтарда отырды. Содан соң медбикеге тапсырып, дәлізге шықты.
Бұл кезде геологтардың бәрі де екеуінен жауап күтіп отырған еді. Есмұхан ештеме айтқан жоқ. Жайымен басын изеп, ілгері жүріп кетті. Бұл оның Шадыманның жағдайы жақсы, демалсын деген белгісі еді. Геологтар оны бірден түсінді. Енді олар өзді-өзді бөлмелеріне тарасты. Есмұхан мен Алдияр Жермен байланысатын орталыққа келді. Мұндай байланыс құралы әрбір бөлмеде бар. Бірақ қанша дегенмен байланыс орталығының ерекшелігі өзінше. Онда сөйлесуге барлық жағдай жасалған. Арнайы кабина, онда жұмсақ диван бар. Ондағы экран да үлкен. Адамның тұла бойы түгел көрініп тұратын ұзын айна іспеттес. Есмұхан мен Алдияр сол экранный алдына келіп, жұмсақ креслоларға жайғасты. Сол замат автоматты сезгіш құралдар жұмыс істей бастады. Сәлден соң экранда дөңгелек жүзді, қияқтай мұрты бар, үстіне ою-өрнекті костюм, басына өрнекті тақия киген жігіт шықты. Оның жүзі жылы еді. Даусы да анық. Ол да алдындағы панельдегі бірдемені сұқ саусагымен нұқыдыда:
— Жер тындап тұр! Қазақ елі тындап тұр! Ассалаумағалейқұм — деп басын сәл иді.
— Әлекіміссалам! — деп Есмұхан да мұсылманға тон қимыл жасады.
— Құлағым сіздерде. Шолпанда қандай жаңалықтар бар. Нендей жетістіктерге жеттіңіздер? — деп жігіт сөйлеп кетті.
— Бәрі жақсы. Зерттеуді одан әрі жүргізіп жатырмыз. Су бар. Бірақ аса теренде. Шолпанның бес жүз градустық тымырсық ыстығы шаршатып та жатыр. Дегенмен, біраз жерлерді бұрғыладық. Емшектаудағы елімізді қамтамасыз ететін су бар. Жанармай да жеткілікті. Тамақ жағы дұрыс. Жалпы жағдайымыз жаман емес.
— Ләйім солай болсын, Есеке, — деді жігіт сәл серпіліп,
— Жерде де жағдай жақсы. Бүгінде біз табиғатты қорғау ісімен мықтап айналысып келеміз. Бірақ қала үйлерін шектеуге мүмкіндік жоқ. Ол әлі де жайылып барады. Жер тарылуда. Ендігі бір үмітіміз — сол өздеріңіз тіршілік етіп жатқан Шолпан.
— Шолпан әзірге тіршілік етуге дайын ғаламшар емес,
— деді баяу үнмен Есмұхан, — мұнда ел орнауы үшін әлі талай ғасырлар керек. Ал біз сияқты тау астын үңгіштеп, Жер табиғатына келтіріп тұруға толық мүмкіндік бар.
— Қиын жағдайда оның өзі де шығар жол ғой, — деді әлгі жігіт.
— Иә, шығар жол. Бірақ Шолпанның құпиясы мол болып тұр. Оны шешіп алмай мұнда көшу жөніндегі әңгіме ету артық етер.
— Түсіндім, — деді мұртты жігіт арғы жағына бір қарап алып, әр нәрсе уақтысында. Ал Шолпан қыздың жағдайы не болып жатыр?
— Өзі де сол мәселені айтуға келіп отырмыз. Басшымыз Шадыман аздап сырқаттанып қалған. Соған байланысты іздеу аз уақытқа тоқтатылды. Қазір жағдайы жаман емес. Сауық- қан соң ісімізді одан әрі жалғастыратын боламыз. Шадыманның өзі Шолпанның үй-ішіне уайымдамауларын өтінді. Бәрі де орнына келеді.
— Түсіндім. — Мұртты жігіт тағы да арғы жағына қарап алды.
— Соңғы мәлімет осы, — деді Есмұхан тұруға ыңғайланып, — ендігі жаңалықты Жер есебімен бір жетіден соң айтамыз. Жердегі, елдегі туыстардың, достардың, таныстардың бәріне дұғай сәлем айтарсыз. Жоспардағы барлық ісімізді аяқтаған соң Жерге оралатын боламыз. Көріскенше күн жақсы болсын!
— Сау болып тұрыңыздар! — деді мұртты жігіт те.
Үлкен экран күрт сөнді. Енді ештеме болмағандай.
Өмірдегі қайбір көрініс те тап осы экрандағыдай. Есмұхан сәл ойға батып, креслоға шалқайыңқырап отырып қалды. Алдияр да сөз таба алмағандай үнсіз. Тек аздан соң барып екеуі түрегеліп, байланыс жүйесін ажыратып, кабинадан шықты. Ендігі бағыттары Шадыман жатқан дәрігерлік белме еді. Мән-жайды түсіндірмек.
ҮШІНШІ БӨЛІМ
ДҮНИЕНІҢ КӨЗІ КЕҢІСТІКТЕН ҚАРМАЛҒАН ДЕНЕ
Шолпан ғаламшарының серіксіз екені бесенеден белгілі жайт. Оны геологтар да біледі. Және Айсыз түнге де үйренген. Шолпанның тағы бір ерекшелігі — оның бұлттарының үнемі бүркеп тұратыны. Сондықтан мұнда Ай болған күнде де әдемі сәуленің түсе қоюы да екіталай. Күн сәулесінің өзін жібермейтін қою бұлттар Ай жүзін қайдан көрсете қой- сын. Сол себепті де мұнда келгендер Шолпан төңірегіне Ай әкелудің қажетсіздігін де түсінген. Ай болуы үшін Шолпанның өз осінен айналу жылдамдығы Жермен теңесуі керек. Мың қалың бұлттары сиреу тиісті. Сонда ғана мұнда ғажайып табиғат көрінісі орнамақ. Ал әзірше геологтар ондай көріністі планетарийдегі тәрізді бір күмбездің астында — Емшектаудың үңгіштелген тас күмбезінің астында жасап отыр.
Шадыман жазылып шыққаннан кейін геологтар назарды Шолпанның беті емес, төңірегіне аудара бастаған. Өйткені, өткендегі адамды алдандыратын көріністер де сол аспаннан түскен-ді. Ал оның қандай көзден шығып тұрғанын табу да үлкен іс. Егер ол ашылса, Шолпан қыздың қайда кеткенін де ашуға мүмкіндік тумақ. Шадыман достарына осындай бір ұсыныс жасаған. Ол геологтар арасында бірден қолдау тапты. Тек қана қолдау тауып қойған жоқ, қызығушылық та танытты. Ендігі бағыт-бағдар да Шолпанның төңірегіне ауысты. Емшектаудағы, оның төңірегіндегі раидотелескоптар жұлдызды әлемді қойып, осы төңіректі шолуды бастады. Ол еңбектері еш кеткен жоқ. Айналасы бірнеше аптаның ішінде Шолпан төңірегінен қара дене табылды. Ол ғылымда қара ойық деген атпен белгілі. Бірақ олар алыста болушы еді. Ал мына қара дене тап Шолпанның жанынан шықты. Бір жағынан қарағанда, тап кәдімгі қара ойықтың өзі де емес. Онан аздап өзгешелеу. Егер қара ойықтың өзі болса, мұнда мүлдем басқа жағдай болар еді. Ол қара дене Күн жүйесінен бір де ір ғаламшарды қалдырмай өзіне жұтып алуы мүмкін Ал сонан соң жарық дүниеге шығып көр. Бұл оқиға геологтарды қатты дүрліктірді. Ол жайлы Жерге де хабарланды. Шолпанға қарай келетін кемелер уақытша тоқтатылды. Бір қаралас іздеуден кейін тағы бір құпия нәрсе пайда болды.
Шадыман соңғы кездері жігерленіп кетті. Бұрынғыдай байыптылықтан да арылған. Өткендегі оқиға да өзін біршама ширатып тастаса керек-ті. Оның үстіне уақыттың өзі де соған әкеліп отыр. Шадыман бүгін де ерте тұрды. Жуынып- шайынып, жаттығулар жасап, серуен құрып алған соң барлық геологтармен қысқа-қысқа сөйлесті. Содан кейін орта- лық бөлмеде шұғыл жиналыс болды. Онда тағы да пікірталасы өтті. Жерден тыс жағдайда, бейтаныс ғаламшарда болғандықтан әрбір құпия іс осындай жиында талқыланатын. Өитпейтін қателік күтіп тұруы мүмкін. Бірақ бұл жолғы жиналыс мейлінше қысқа болды, уақыт аз еді.
— Мақсат пен бағдар түсінікті ғой деп ойлаймын, —деді Шадыман Емшектаудан аттанар алдындағы осы жиында, — күллі жұмбақ көріністердің айқындалар мезеті де тая- ған тәрізді. Оны ашу бізге байланысты. Бірақ сақтық керек. Онсыз іс бітпейді. Кемелер ұшуға дайын. Кімде қандай ұсыныс бар?
Бөлме ішінде шамалы үнсіздік орнады. Содан соң Есмұхан өзінің пікірін ортаға салды,
— Қара ойықтың қаншалықты қатерлі екені бәрімізге елгілі, деді ол, — оны білмейтін ғарышкер жоқ. Жұлдызды әлем деп ең қатерлі аймақ та соныкі. Оған тап болған қай нәрсе болмасын, жарық дүниеге қайтып орала алмайды Менің айтайын дегенім, бұл көрінген дене қара ойықтың өзі емес. Оны өздерңіз де сезіп-біліп отырсыздар. Егер ол қара ойық болса жағдай басқаша болар еді. Дегенмен, сақтықта қорлық дейді халқымыз. Кемелердегі тартылыс күшін өлшейтін құралдарды мұқият қадағалауымыз керек. Әуелі биороботтар мінген барлаушы кемелерді жіберелік. Тек сонан соң барып өзіміз жақындармыз.
— Бұл дұрыс ұсыныс, — деді Шадыман Есмұханның бұл ұсынысына риза болып, - егер ол қара ойықтың қандай да бір кіші түрі болып шықса, кемелерімізбен түгелдей жұтылып кетуіміз ғажап емес. Оны да ойлауымыз керек. Мен Есмұханның ұсынысын қолдаймын. Құпия денеге қарай әуелі үш биоробот мінген барлашуы кеме аттандырылады. Содан кейін өзіміз жақындаймыз.
— Бірақ сіз мінген кеме соңына таман ұшуы тиіс, — деді орта тұстан көтерілген Алдияр, — басшыны сақтауымыз керек.
— Бұл ниетіңе рақмет, — деп жымиды Шадыман, — мен мінген кеме соңында болмай-ақ қойсын. Бірақ орта шеңінде ұшады. Келістік қой?
— Ол да жаман емес, — деп қойды Алдияр жеңілденіп.
— Тағы қандай ұсыныс бар?
— Ендігісі, осы жоспарымызды жүзеге асыру. Қалғанын тағы көре жатармыз.
Шадыман Есмұханның бұл сөзін бірден қолдады. Содан соң қарсы алдарындағы үлкен табло-экраннан Шолпан ғаламшарының төңірегін анықтап көрсетіп шықты. Ол геолог- ғарышкерлерге әуелден жақсы белгілі-тін. Бірақ күрделі сапар алдында оны тағы бір анықтап көріп алудың ешбір артықтығы жоқ еді. Өйткені, бұл Жер шарының беті емес, Шолпан ғаламшарының төңірегіндегі кеңістік. Сондықтан да әрбір қадамға абай болу ғарышкерлердің міндеті.
Шұғыл жиын біткеннен кейін ғарышкерлер бірден ғарыш кемелері тұрған орынға келді. Онда әдеттегідей биороботтар қапылысып жүр. Шадыман келген бойда әлгі қүпия денені бірінші болып барлайтын үш биороботты өзіне шақыртып алды. Ғарыш кемелері тұрған аландағы шағын үй ішіне кіріп, ол үшеуіне тапсырманы түсіндірді. Айтқанды ғана қайта- лайтыны болмаса, биороботтар адамнан кем емес-ті. Сондықтан Шадыман олармен достарындай сөйлесті.
— Тапсырма түсінікті ғой деп ойлаймын, — деді ол өзінің жұмсақ орындығына отыра беріп, — не іс атқаратындарың ана пешенелеріңе жазылған. Қосымша айта кетейін. Күтпе- ген жерден байқалған дене бізге қазір түсініксіз. Оны Шолпанның тартылыс күші қармап алуы да мүмкін. Немесе, қандай да бір мәдени дамуы жоғары адамдар басқаратын дене болып шығуы да ғажап емес. Қалай дегенде де біз оны анықтауымыз керек. Ал егер тартылыс күші кенеттен артып бара жатса, бізге ол жөнінде мәлімет беріңіздер. Тек кері қайтуға әрекет жасаңыздар. Біз Шолпан төңірегінде ұшып жүретін боламыз. Түсінікті ғой?
— Түсінікті, — деді үшеудің денелілеу етіліп жасалғаны,
— біз барлық тапсырманы бұлжытпай орындаймыз. Сонан соң Шолпанға ораламыз. Осы жерде боламыз.
— Ләйім, сол айтқаның орындалсын! — деді Шадыман.
— Тек қате кетіп жүрмесін. Дұрыс жаздыңыздар ғой?
— Бәрі дұрыс. — Шадыман орнынан жеңіл көтеріліп кетті, — ол жағынан еш қам жемеңіздер. Біз сіздерді өзімізден титтей де кем санамаймыз. Ал сіздерді бірінші жіберіп отырған себебіміз, адам баласы қанша дегенмен толқығып келеді. Сондай сәтте қате жіберіп алуы мүмкін. Ал сіздер биороботсыздар. Толқу, қорқу сияқты сезім жоқ. Сондықтан да батылсыздар.
— Бұл пікіріңізге рақмет! — деді бас биоробот.
— Жолдарыңыз болсын! Біз сіздердің әрбір қимылдарыңызды жиі бақылап отырамыз. Қолдан келген көмегімізді аямаймыз.
— Жағдай түсінікті! — деді биоробот.
— Ендеше, аттаныңыздар!
— Жақсы, аттанамыз!
Бас биоробот әскери адамша сарт-сұрт етіп, кейін бұрылды да, аяғын жылтыр еденге тарс-түрс еткізіп жөнелді. Соңындағы екі биороботтар да Шадыманға бір-бір бас иіп, әлгінің ісін қайталады. Олар есіктен шығып кеткен бойда Шадыман үйшіктің келесі бөлмесіндегі қадағалау орнына келді. Онда бірнеше кезекші отыр еді. Шадыман кіргенде олар орындарынан түрегеліп, басшыға құрмет көрсетті. Бірақ Шадыман ондайды ұнатпайтын. Сондықтан ол құрметке ес аудармастан тапсырмасын айта бастады.
— Биороботтар кемесі ұшуға дайындалсын!
— Биороботтар кемесі ұшуға дайындалсын! — деп қайталады оның сөзін отырған ұшуды қадағалаушы кезекшілер.
— Бес минуттан соң ұшу!
— Бес минуттан соң ұшу! — деп қайталады кезекшілер.
— Қалған кемелер де ұшуға дайындалсын!
— Қалған кемелер де ұшуға дайындалсын! — деді олар да.
Шадыман сәл кідіріп, жыпырлаған көп экрандарға бір-бір қарап алды да, кейін бұрылды. Отырғандарға одан әргі жағдай түсінікті еді.Алдын ала белгіленген жоспар бойынша жұмыстарын жалғастырып жатты. Шадыман сыртқа шыққанда үш биоробот мінген барлау кемесі жайымен жылжып кетіп бара жатты. Бұл кезде өзі мінетін кеменің есігі де ашық тұрған. Шадыман соған қарай жақындады. Кіре берісте өзін Есмұхан мен Алдияр қарсы алды. Кемені басқарушы
Елтай әдеттегідей кеменің ұшуға дайын екенін мәлімдеді. Шадыман оның қолын алып, басын бір изеді де, кемеге отырды. Ендігі керіністің бәрі қарсы алдарындағы экранға көшкендей. Әлгі үйшікте отырған бірнеше кезекшілер Шадыманның рұқсатын күткендей үнсіз қалған. Басшы барлық дайындықты көргеннен кейін оларға:
— Бес минуттан соң ұшу! — деді.
— Бес минуттан соң ұшу! — деп қайталады кезекшілер.
Елтай алдындағы панельден бірнеше түймені бірінен кейін бірін басты. Бір шама жанып, екіншісі сөніп жатты. Бірақ оған ес аударып жатқан ешкім жоқ. Кеме құбырларынан от шашыла бастады. Енді сәлден соң ол жайымен ілгері қарай жылжып жөнелді. Оның соңынан тағы бірнеше кеме өкшелей ұшты. Емшектаудағы үлкен қақпа бұлар шығып кетісімен қайта жабылды. Енді ұшып шыққандар ондағы өтіп жатқан суыту процесін көрген де, естіген де жоқ. Кемелер тобы әп-сәтте бұлт жамылыңқысын артқа тастады. Шолпан ғаламшары енді Жер сияқтанып, ала бұлттары шиырылып, дөңгеленіп, кеме терезелерінен көрініп тұрды. Кемелер қаншалықты жылдамдықпен келе жатса да, үлкен ғаламшар баяу қозғалғандай болып көрінді. Қашықтық артқан сайын Шолпан дөңгелене берген. Бірақ оны тамашалап отыратын уақыт па. Шадыман отырған кемедегілер алдарындағы экраннан көз алмайды. Әлгі көздеген дене бірде сәл жарықтанып, бірде қарайып кетеді. Қарайған сәттерде басқа кемелермен арадағы байланыс қиындай бастайды. Теле көріністер де күңгірттенеді. Шадыман оның бәрін іштей түсініп отыр. Қара дене бекер нәрсе емес. Жобасы алып ғаламшарлардың серіктеріне ұқсайды. Ал оның қандай нәрсе екені анық білінбейді.
Кемелер тобы Шолпаннан ұзай берді. Алдын ала белгіленген қашықтыққа жеткенде әлгі биороботтар мінген барлау кемесін ғана қара денеге бағыттау шешімі қабылданды. Бұл жоспар алдын ала белгілі болса да, әрбір қашықтықта жаңа шешім қабылдап отыру ғарышкер-геологтардың негізгі міндеттері еді. Негізгі ұсынысты жасайтындар Шадыман, Есмұхан мен Алдияр. Қалған кемедегілер барлық іс- қимылды осылардың айтқандарына қарап жасайды. Бүгінде ғарыш кемесімен ұшу бір кездегі Жер аспанында әскери ұшқыр кемемен зулағанмен бірдей-ді. Сондықтан мұнда сескену деген нәрсе болмайды. Оның үстіне бұл ауасыз кеңістік. Оның бір ерекшелігі кемені тежеу де оңай. Қатты жылдамдық алуға да көп кұш кетпейді. Кемені басқарушылар сол мүмкіндікті барынша пайдаланып, кеңістікте қарлығашша ұшады. Бұрылу да жеңіл. Кейде бір-бірін қуалап жөнелетінін қайтесің.
Бірақ дәл қазіргі кезде ондай менер сирек жасалды. Өйткені бұл ұшу анау-мынау емес, жауапты да, қатерлі ұшу еді. Көз алдарындағы қара дененің нендей қатер төндіретінін кім білсін. Оны әрбір кемедегі ұшқыш ойлайды. Сондықтан да ұсынысты Шадыманнан күтеді. Шадыман қарсы алдындағы экраннан көз алмайды. Дәл қазір осы кемедегі барлық автоматты жүйелер де іске қосылған. Фотокиножүйелер қара денені тынымсыз түсіріп алып жатыр. Бірден дайын болған фотосуреттер биоқолдар арқылы Шадыманның Есмұханның және Алдиярдың алдарындағы шағын тақта үстіне түсіп жатыр. Бірақ оны саралап қарап жатудың да мүмкіндігі жоқ. Фотосуреттегі қара дененің бейнесі аса анық емес. Қара дене қайдан жақсы түссін. Фото да жарық арқылы ғана түседі. Ал жарығы аз дене пленканың сезімталдығы қанша жоғары болса да, жақсы көріне қоймайды. Осыны білетін Шадыман алдына тырс-тырс түсіп жатқан суреттерді бірнешеуіне көз жүгіртіп өтті. Сонан соң оң тұсындағы суырмаға салып жіберді. Өзінен оңға қарай қатар отырған Есмұхан мен Алдияр да соны қайталаған. Сонан кейінгі сөз Шадыманның өзінде еді. Ол экранға мұқият қарап алды да:
— Қара денені жақыннан кинофотоға түсіруіміз керек! Мынандай суреттерден ештемені айырып болмайды! Биороботтар мінген кемемен байланыс ұстайық! — деді.
Есмұхан сол замат аддындағы бір түймені нұқып жіберді. Үш телеэкранның ортадағысы сөніп барып, өздеріне жақсы таныс “Барлаушы-І” деген анық, өрнекті жазуы бар кеме көрінді. Содан соң кинодағы көріністей болып, оның басқарушылары экранға шықты. Биороботтардың жүздерінде ешқандай өзгерістің болмайтыны белгілі. Бірақ дауыстары біртүрлі дірілдегендей, шыңылдағандай болып сәл де болса бұзылыңқырап естілді. Оның қара дене әсерінен екенін отырған үшеуі де бірден түсінді. Кеме қара денеге жақын манда болатын. Дегенмен, сөздері түсінікті еді. Шадыман сыр берген жоқ. Қандай жағдай болғанда да қара дененің сырын ашпаса тағы болмайды. Басшы сол жағын ойлады. Ендігі шешуші минуттарда да ұсыныстың, бұйрықтың өз аузынан шығуы тиісті екені де белгілі еді.
— Алдын ала белгіленген тапсырма бойынша ұшыңыздар! — деді ол алдындағы дыбыс қабылдағыш жүйеге сәл еңкейіңкіреп.
— Түсінікті! — деді бас биоробот.
— Мүмкіндігінше жақындаңыздар!
— Түсінікті!
— Тартылыс күші аса күшейген жағдайда пешенеленғен жоспарды бұзуға рұқсат!
— Түсінікті!
— Ал, іске сәт! Байланысты үзбеңдер!
— Түсінікті!
Шадыман, Есмұхан мен Алдияр қарсы алдарындағы өзді- өзді экрандарына үңіле түскен. Ендігісін тек кезбен керу керек. Басқа кемедегілер де тым-тырыс. Бәрінің бақылағаны барлаушы кеме, ондағы үш биороботтың қимыл- әрекеттері. Олар кемені қара денеге қарай бұрды. Сол замат жаңағы байланыс онан сайын бұзыла түскендей болды. Бас биороботтың әрбір минут сайын берген мәліметтерінің бірі түсінікті, бірі түсініксіз. Оны тез аңғарысымен шадыман панельдегі “Сөз анықтағыш” деген жазуы бар түймені нұқып қалды. Содан кейін барып бас биороботтың сездері енделіп, тазарып шыға бастады.
— Жақындап келеміз, — деді ол, — кеңістіктеп қара ойыққа ұқсайды. Бірақ бұл адам қолымен жасалған сияқты. Әзірі анық көрінбейді. Әлі де жақындауымыз керек. Қара дене Шолпаннан қашықтап барады. Бізге біршама жылдамдық қосуға рұқсат етіңіздер!
— Рұқсат! — деді Шадыман толқып.
Өзі экраннан кез алмады. “Бұл қалай болады дегендей жанындағы екеуі оған бір-бір қарап қойды. Бірақ қара денені анықтауға деген ынта бойын билеп алған Шадыман қарасын ба. Екі кезі биороботтар мінген кемеде. Олар бірте-бірте кішірейіп барады. Бұл алыстағаны. Расында да байқап қараса, қара дененің өзі де аз жылдамдықпен қашықтап бара жатқан жоқ сияқты. Оны экранның алдындағы елшеуіштер керсетіп тұр. Биороботтар мінген кеме жылдамдығы да цифрлармен шағын таблода электронды сағаттың секундтық цифрлары сияқты жылдам өзгеріп жатыр. Шадыман өзін-өзі ұстай алмай қозғалақтап та кетті. Бейне бір телеэкран алдында футбол, хоккей ойынын көріп, шыдамсызданып отырған жанкүйерлер тәрізді. Әрбір адамның өзінің сондай бір жан-тәнімен берілетін нәрсесі, ісі болды. Шадыман да о бастан осындаи сапарға, осындай бір құпия істерге қызығатын. Енді міне сол арманы көз алдына тұрғандай.
Алдын ала белгіленген жоспар бойынша биороботтар мінген кеме қара денеге мейлінше жақындады. Оның өзі де үлкен жетістік еді. Енді оны кинофотоға түсіруі тиіс. Содан соң мүмкіндік болса оның арғы жағынан айналып өтіп, бері қарап қайту көзделеді. Басшылардың күткендері де сол әрекет еді. Бірақ кенеттен алдарындағы экран жыбырлап жөнелді. Содан соң мүлдем сөніп қалды. Шадыман бірнеше түймені басып-басып жберді. Бірақ онан да ештеме шықпады. Сол әрекетті Есмұхан мен Алдияр да қайталаған-ды. Байланыс та, телекөрініс те жоғалды. Енді беті қарайған экрандардан басқа ештеме қалмаған. Үшеуі де бір сәтке үнсіз қалды. Мынандай жағдайда шұғыл шешім қабылдау да керек еді. Бірақ қандай шешім. Алдарындағы бар автоматты жүйелер істен шықса. Мұндай оқиғалар сонау бір кездері, осы Күн жүйесіндегі ғаламшарларға алғаш рет автоматты кемелерді зерттеуге шберген кездері болған-ды. Бірнеше автоматты ғаламшараралық кеме осы Шолпанның бетіне қарай құлап дыбыссыз қалған. Енді мына кеме де сондай күйге ұшыраған тәрізді. Ол кезде Шолпанның қандай ғаламшар екені жобамен белгілі болатын. Ал мына қара дененің құпиясын ешкім әзірге білмейді.
Шадыман аздан соң шыдамай орнынан түрегеп кетті. Байланыс ұстауға көмек беретін барлық жүйелерді тексерді. Бар кілтипан қара денедегі тартылыстың күштілігінен сияқ- ты. Ол дененің бұл маңда қайдан, қашан пайда болғаны да белгсіз болатын. Шадыман енді басқа кемедегілермен байланысқа көшті.
Қорғаныс жүйелерін күшейтіңіздер! Тартылыс күшін азайтатын жүйелерді де қосуды ұмытпаңыздар! Биороботтармен байланыс біржолата үзілді! Кім не байқады тез мәлімдеңіздер!
Шадыманның қарсы алдындағы күрделі құралдар біршама уақыт шуылдап тұрды. Бірақ іштегі көрініс осындай бір орында, тыныш болғанымен бұл кезде кеме қажетті жыл- дамдықта ағып келе жатқан еді. Кеңістіктің кеңдігі ол жылдамдықты да місе тұтпағандай көз жеткізсіз алысқа қарай жаиылып бара жатқандай. Басқа кемедегілер де осындай күйді кешіп отыр. Шадыман бір сәт ойланып болғанша жан-жақтағы кемелерден жаңағы сұрағына жауап та түсе бастады.
— Мен нөмірі он үшінші кеме экипажының басшысымын, — деп бастады сөзін Нұсқар Зәуірбайұлы, — біз құпия денеге біршама жақындаған едік. Менің жобалауымша, биороботтар мінген кеме жақындаған сәтте қара денеден бір саңылау жылт еткендей болды. Бірақ ол өте жылдам еді. Сондықтан оның нендей пішінде екенін аңғара алмадым. Бір байқап үлгергенім, сол саңылаудан оның ішіне қарай жылт еткен қызыл жарық қылыш жүзіндей көзге шалынып жоқ болды. Сол замат біз мінген кеме де солқ ете түскен. Жанымдағылардың бәрі дерлік оны байқай алмады. Басшы болғандықтан мен өзімді қатаң ұстаған едім.
— Рақмет, — деді Шадыман қоңыр үнімен, — түсіндім. Онан әргі құбылысты қору мүмкін де емес еді. Биороботтардан айрылдық. Кеме де жоғалды. Енді сақ болу керек! Бұл жолғы барлауымыз осымен аяқталсын! Емшектауға оралайық! Бұл барлығыңа айтылған ұсыныс.
Кемелерден “Түсіндік. Емшектауға ораламыз” деген сөздер бірінен кейін бірі жетіп жатты. Шадыман экраннан күдер үзіп, екі жағындағы терезеге кезек-кезек қарады. Қара дене алыстап кеткен екен. Өздеріне қатер төндірмегенін де шүкіршілік жасады ішінен. Ендігі олжа Емшектауға аман- есен оралу еді. Елтайға ештеме деген жоқ. Жаңағы айтқан сөзінен кейін оған сұрақ қою да артық еді. Елтай соның артынша кемені кейін қарай бұрған. Есмұхан да, Алдияр да үнсіз отыр. Айтар ұсыныстары болмаса қайтсін.
Аздан соң кемелер тобы бір қатарға жиналып, әдеттегі үшу мәнеріне көшті. Емшектауда қалғандар да кемелер жақындағанда сыртқы қақпаны ашуға әзірлене бастаған-ды. Қонуға таяғанда кемедегі байланыс жүйелері қайта жөнделді. Кемелер де алапат бір тартылыстан құтылғандай жеңіл ұшып келеді. Шадыман ойдан арыла алмады. Бір жұмбақтың үстіне бір жұмбақ қосылды. Ілгеріде, өзі Жерде жүргенде ғылыми-фантастикалық шығармаларды оқығанда “Сондай да құбылыстар бола береді екен-ау” деп миығынан күлетін. Енді онан да өткен құпия көріністерге тап болып отыр. Айтса адам нанғысыз жағдайлар.
Кеме Емшектауға жақындағанда қарсы алдындағы панельдегі неше түрлі шамдар жыпылық қақты. Елтай бірнеше түймені кезегімен басып жатты. Шадыман, Есмұхан, Алдияр үшеуі кеменің қалай қонып келе жатқанын экраннан да, терезеден де анық көріп отырды. Енді бір сәтте самұрық құстай қалықтап келіп, айқара ашыла берген алапат қақпадан ішке енді.
Достарыңызбен бөлісу: |