БАҒдарламасы бойынша шығарылды шолпанға көшкен ауыл Жетінші роман



бет7/17
Дата31.01.2018
өлшемі3,73 Mb.
#37192
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

ЕМШЕКТАУДАҒЫ ӘБІРЖУ

Апта бойы қажыған геологтар бүгін демалыс болғандықтан тұруға асықпаған-ды. Күнделікті дабыл да кеш берілген. Жер уақытымен сағат жетіні көрсеткенде әрқайсы- сының бөлмелеріндегі электронды сағаттардың әсем әуендері төгіле жөнелді. Басшының бірінші орынбасары Есмұхан басын жастыктан котеріп алды. Шадыманның мезгілсіз оят- пайтынын білетін ол коп жата беруге ыңгайсызданган. Демалыс күні “Жата беремін. Тамаққа түсте бір-ақ барамын десе де өз еркі. Аптасында шаршап-шалдығып әзер жететін жалғыз қызыл күнді кім кім де жақсы етіп, қызықты етіп өткізуге тырысады. Есмұханның басшылығымен бүгін біраз қызықты шаралар да болмақ-ты. Оны төсегінен ширақ тұрғыз- ған да сондай бір жауапкершілікті іс еді. Ол әдетінше шағын спорт залға келіп бірнеше жаттығу жасады. Содан соң жуынып-шайынды. Айнаға қарап киімін түзеді.

Әдетте, өздері тұрған кезде бөлме іші қараңғылау болатын. Ал бүгін сағат жетіде тұрғандықтан, онан кейін жаттығуы бар, жуынып-шайынғаны бар, дала жарықтанып, күншығыс жақ ағарып, Күн шапақтары да шашырай бастаған. Жер табиғатын айнытпай сездіретін осы бір ортаның өзі адамға ерекше әсер береді. Есмұхан терезеден сыртқа қара- ды. Ондағы тіршілік баяғыдан басталып кетіпті. Құстар да сайрағанын қойып, ағаштардың бұтағынан бұтағына секіріп қонып, құйрықтарын таяқша қозғап, бастарын бұлт-бұлт бұрып, төменнен бірдемені көздейді де, пыр ұшып жерге қонады. Тапқанын шоқып-шоқып алып, қайтадан әлгі бұтаққа ұшып кеп жайғасады. Тыныш отырмайды, бұлт- бұлт қозғалады. Есмұхан торғайлардың тіршілігін жаңа көрген адамдай бір сәт тұрып қалды. Содан соң назарын басқа тіршілік иелеріне аударды. Бұл шектеулі ортада осыларды қызықтағаннан басқа не бар еді. Сол жасанды қол, егілген ағаштар, тау-тастар, оларға жіберілген арқарлар мен қасқыр, түлкілер, құстар және басқалар. Қысқасы, Емшектаудың ішін адам баласы шағын Жер табиғатына айналдырған. Өйтпейінше мұнда шыдап бағу қиынның қиыны. Ал өздерінің айналысар істері өз алдына бір төбе. Есмұхан бұл жолы шағын концерт ұйымдастырмақ еді. Алапат тау астындағы жабық қалашықтың орта тұсында цирк пішіндес шағын театр да бар. Онда концерт те, кино да, цирк те көрсетіле береді. Ара-тұра Жерден әйгілі артистер бастаған цирк те, концерт те келеді. Ал олар келмеген күндері мұнда өздерінің “актерларымен” концерт қояды. Өз көңілдерін өздері көтереді. Шолпан мен Жер арасы аз қашыктық емес. Рарыш кемелері қаншалықты жылдам ұшса да, уақыт өз есесін жібермеді. Оның Үстіне ғаламшараралық кемелердің жылдамдық алуы мен тежелуі деген тағы бар. Қатты жылдамдықпен келіп Шолпанға қона салу мүмкін емес. Сондықтан ол да уақытты қажет етеді.

Есмұхан шектеулі табиғаттағы тіршілікті біраз қызықтаған соң Шадыманның хал-жағдайын білмек болып, оған видеотелефон соқпақ ойға келді де, кенеттен ол ойынан ай- ныды. Шадыманның соңгы кездері катты шаршап жүргенін жақсы біледі. Шолпан жоғалғалы ол қатты түсіп кетті. Екі сөзінің бірінде сол қыз жайлы айтады. Соны қалай табуды ойлайды. Егер Шолпан табылса, ол барлық зерттеу ісінен бас тартып, Жерге оралмақ. Бірак жұмбақ оқиға өз құпиясын ашпады. Ол Шадыманға жеңіл соққан жоқ. Осыны ойлаған Есмұхан саусағы астындағы түймені баспастан қайта тартып алды. Содан соң әдетінше айнаға тағы бір қарап алып, асханаға тартты. Емшектаудың астындағы киіз үй пішінінде жасалған үлкен ортаның ішкі жағына соғылған осы ғарышкерлер үйінің пішіні де қызық еді. Мұнда бәрі бар. Бір жағынан қараған адам үлкен киіз үйдің ішінен тігілген үйді көргендей болар еді. Бірақ бұл үйдің материалы басқа, мықты тастан жасалған. Іш жағы суытылған. Бір ғажабы, мұнда Жердегі сияқты жылу жүйесін жүргізудің қажеті жоқ. Үйдің төбесі тұсынан Шолпанның бес жүз градустық ыстығы білініп тұрады. Мұндағы ең басты нәрсе — тоңазытқыш. Онсыз күн жоқ. Егер бөлмелерде тоңазыту жүйелері болмаса, адамның өмір сүруі қиын. Бөлменің үш жағы жылытылғандай етіліп, үйге тән сәнделгенімен оларды ара-арасымен суыту жүйелері өтеді. Сол жүйелер іске қосылғанда іште тамаша жағдай орнайды. Температура да он сегіз бен жиырма үштің арасында болады. Ылғалдылық та отыз бен алпыс проценттің шекарасынан аспайды. Жер жағдайынан басты ерекшелік те осы-тын.

Есмұхан суыту жүйелерін тексеріп шыққан. Олардың дұрыс жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізген. Енді ол жол- жөнекей де суыту жүйелерін қолмен ұстап-ұстап тексерді. Соның өзіне де төбе тұстан келген ыстық леп білінеді. “Егер осындай жылу Жерде болса ғой, көмірдің де, жылыту жүйесініңде қажеті болмас еді. Көмір өндіру тоқтар еді. Тек қана көмір ме, ағаш атаулы кесілмес еді, отқа жағылмас еді” деп те қиялдап кетті Есмұхан. Бірақ табиғат есесін жібермейді. Жылу қажет болмаса, суыту керек болады. Мұнда суыту жүйелері жұмыс істейді. Ал сол суыту жүйелерін жұмысқа келтіретін энергия көздері де жылуды қажет етеді. Ендеше, бірі бар жерде екіншісі де керек. Бірінсіз бірі жоқ екен.

Басшының орынбасары ұзын дәліздің бойымен жүре-жүре асханаға жетті. “Ac — адамның арқауы” деген қазақ нақылы еш жерде ескірген емес. Асхананың қабырғаларының бірінде осындай жазу бірден көзге ұрады. Есмұхан ерте келгендіктен асханада ешкім жоқ еді. Бірақ есіктері ашық-тын. Бұл еден жуушы биороботтың ісі екенін Есмұхан жақсы біледі. Ол жан-жағына жалтақ-жалтақ қарады. Ешкім көрінбеді. Әдетте Шадыман мұндай кездерде аспазшылардың жұмыстарын қадағалайтын. Оның келмегеніне Есмұхан қайран болды. Жаңа бөлмесінен шығарда видеотелефон соқ- пағанына да өкініп қойды. Бірақ кажет деп тапса, мұнда да сөйлесетін жүйе бар. Бірақ ол аса керек жағдайда ғана қолданылатын. Онымен дабыл берсе, тек Шадыман емес, барлық геологгар аяқтарынан тік тұрады. Мұндай дабыл беретін жүйелердің бірнеше жерде орнатылғаны да белгілі. Соның бірі — осы. Есмұхан ондай әбігерлік іске бармады. Келесі бөлмеге кірді де, жұмсақ орындықтарға отырып алып, қолдарын қуатталатын саңылауларға сұғып, көздерін жұмып, ток жинап отырған биороботтарды көрді. Адам тамақты қалай қажет етсе, ол бәтшатарларың да тап сондай іздейді. Мұны түсінген Есмұхан бір сәт үнсіз тұрып қалды. Биороботтар да ес болер емес. Күллі денелі анда-санда дір-дір етеді. Бір-бірлеріне қарап бірдемелерді айтады. Қарсы алдарындағы электронды сағаттарға көз салады. Есмұхан биороботтардың бір секундқа да қателеспейтінін біледі. Олар қуатталып болған соң өз істеріне кіріседі. Өз басшылары бар. Мұнда айтып түсіндіріп жату артық. Әрқайсысының пешенесіне не істейтіндері жазылған. Тек сонымен жұмыс істейді. Бірақ ол бәтшағарларың пешенелеріне адам алдын ала жазған бағдар- ламамен тіршілік ететіндерін сезіне бермейді. Өздеріне жоспарлары да болады. Мәңгі өмір сүретіндей көңілді жүреді. Өз істеріне мәз. Жаратушының алдында өзіміз де сондай- мыз-ау деп бір ойлап қойды Есмұхан, — биороботтардың алдында өзіміз жаратушыдаймыз.

Осыдан соң Есмұхан қайтадан дәлізге шықты. Биороботтардың іс-әрекеттеріне кедергі болғысы келмеді. Әрі тамақ андыған адамдай асхананы жағалаудың өзі де ыңғайсыз еді. Ал Шадыман болса, жым-жырт. Есмұхан дәліз бойымен келіп, аулаға шықты. Ондағы табиғат көрінісі әуелгіден көп өзгеріпті. Күн көтерілген. Жарық көбейіп, ағаштардың да, судың да түсі басқаша түске енген. Мана ертелеу кезде қанша дегенмен тіршілік иелерінің кейбірлері аса белсенді бола қоймаған-ды. Енді бәрі де өз әрекетіне көшкен. Табиғаттағы хайуанаттар мен құстарға қызыл күн деген жоқ. Тіршілік иесінің жүрегі қалай тынымсыз жұмыс істесе, олар да сол сияқты әрекет етеді. Таң қылаң бере қасқырлар тамағын іздеуге шығады, мал жайылымға өреді, құс біткен жем іздеп жер-көкті шарлайды. Осы көріністің бәрі де бір ғана ғаламат тау астына, Емшектаудың астындағы ойылып жасалған ортаға сиып кеткен. Емшектауды үстінен көрген адам оның астында осыншама ғаламат бар деп өсте ойламас еді.

Бірақ геологтар үшін бұл үйреншікті көрініс. Жақсы орта. Жер ғаламшарын сағынтпайтын аялы табиғат. Есұхан да арнайы жерден жіберілетін таза ауаны еркін жұтып, алшаң басып келеді. Бүгінгі күн демалыс күн болғандықтан асықпайды. Кешке дейін уақыты бар. Геологтар орындарынан тұрып, жуынып-шайынып, асханадан тамақтанған соң қандай да бір қызықты шара ұйымдастырады. Ал кім де кім уақытымды өзімше өткіземін десе, ол да еркі. Есмұхан бірінші орынбасар болғандықтан өзін жауапты сезінеді. Сол жауаптылық оған аптасына бір келетін демалыс күні де маза бермеген.

Ол енді Шадыманды оятпақ болды. Оятатындай уақыт та болған. Оның өзі де бұл кезге дейін жатпайтын. Осындай уақытта мына аллеяда, көл жағасында жүретін. Бүгін жоқ. Біраз қыдырған соң қайта келіп, Шадыман демалатын бөлменің есігінің оң тұсындағы сенсорлық түймеге саусағын тигізді. Ішкі жақтан бұлбұлдың үнін салатын қоңыраудан бұлбұл сайрап жөнелді. Бірақ ешкім жауап бермеді. “Шадыман шаршаған-ақ екен-ау. Бұлбұл үнін де естімеді. Мұнысы қалай? Ол өзі бұлбұл үнін тындау үшін ерте тұрып, аллеяны араламаушы ма еді деп бір ойлады. Содан сенсорлық түймеге саусағын екінші рет жақындатқан. Бұлбұл тағы сайрады. Жауап жоқ. Бейне бір бөлме ішінде ешкім жоқтай. Есмұхан біраз күтіп тұрды. Содан соң жылдам басып өзінің демалатын бөлмесіне келді. Бөлмесінде Шадыманмен тікелей байланыстырылған видеотелефон барды. Соның түймесін нұқып, қоңырау шалды. Тағы да жауап ала алмады. Енді Есмұхан басқа мәнерге көшті. Бұл аса қажет жағдайда қолданылатын байланыс құралытын. Соны қосты. Қарсы алдындағы кішкене экраннан Шадыман жатқан бөлменің іші айнадан көрінгендей ап-анық болып көз алдынан өтіп жатты. Жатын төсек, диван, жазу үстелі, стереотеледидар, ви-деотелефон... Бірақ Шадыманның өзі жоқ. Төсегі тап-тұйнақтай жиналған күйі тұр. Шадыманның түнеп шыққаны аңғарылады. Бірақ ары қарай не болғаны әзірге белгісіз. Бұл енді не істерін білмеді. Көрсеткіш экранды олай да жыл-жытты, бұлай да жылжытты. Шадыманның бөлмесін әбден шарлатты. Ол табылмады. Шадыманның асханада да, сыртта да жоқ екеніне жаңа өзі көз жеткізген. Енді іздейтін бір ғана жер қалды. Ол Емшектаудан сыртқа шығатын есік еді.

Есмұхан видеотелефонды да, көрсеткіш экранды да жедел сөндірді де, жылдам дәлізге шықты. Онда әзірге ешкім жоқ еді. Күн тал бойы көтеріліп қалса да, геологтар орындарынан тұра қоймаған. Оны Есмұхан жақсы біледі. Бұл бірішлі демалыс емес. Ал Шадыманның жоқтығы бойында үрей тудырды. Сасқаны соншалықты, қалай қарай жүрерін, кімге барып шағынарын білмеді. Қайта басқалар өзінен ақыл сұрамақ. Шадыман жоқ болғаннан-ақ бар жауапкершілік те өзіне бірден көше салғандай. Ендігі шешім де өзінен шықпақ. Ал өзі сасып-пысып жатса, басқалар не демек. Осы жағынан келгенде қанша толқыса да Есмұханға өзін-өзі ұстау керек болды. Ол енді жылдам басып қайтадан бөлмесіне енді. Сөйтті де Алдиярға видеотелефон соқты.

— Қайырлы таң, Алдияр! — деді ол Күн көтеріліп қалса да.

— Қайырлы таң! — деп Алдияр да жауап қатты.

— Қалай демалдыңыз?

— Жақсы. Рахмет. Тұрғаным жаңа. Қатты ұйықтаппын. Тіпті түс те көрген жоқпын. Шаршағаным шығар.

— Көрініп тұр, — деді Есмұхан күмілжіп, — Шолпанның тіршіліксіз даласы қалай қажытпасын. Бес жүз градус ыстық моншаның буы емес.

— Иә, — деді Алдияр көзінің екі жиегін оң қолының сұқ саусағымен уқалап қойып, — біз шаршамайтын күн бар ма. Бүгін демалыс болған соң асықпай тұрғаным ғой.

— Дұрыс, дұрыс. Оған сізді ешкім сөгіп жатқан жоқ. Қайта мен мазалап жібердім бе?

— Жо-жоқ! Ол не дегеніңіз. Күннің көзі анау, талтүске таяп қалған. Ендігі жарты күнде не үлгермекпіз.

— Қалып бара жатқан ештеме жоқ сияқты. Шектеулі табиғат. Жоспарлы жұмыс. Әбіржитін не бар.

— Әбіржитін демекші, өзіңіздің реңіңіз солғын, жай ма?

— деп Алдияр бір жайсыздықты сезгендей экранға жақындай түсті.

— Экранный түрлі-түстілігі, анықтығы расында да адамның бетпошымына дейін бадырайтып жібереді. Дұрыс аңғардың, Алдияр, — деп көңілі толқығандай Есмұхан кідіріп қалды.

Бірақ бұл кідірісті Алдияр үш ұйқтаса да Шадыманға байланысты деп ойламаған еді. Бірақ сол күтпеген хабар оның жүрегін зыр еткізді.

— Қашаннан бері жоқ? — деді ол қозғала түсіп.

— Менімше, таңалакеуімнен сыртқа шығып кеткен сияқты.

— Сырт болғанда аллеяға ма?

— Жоқ. Мен асханада да, аллеяда да болдым. Ол Емшектаудан шығып кеткен.

— Емшектаудан?

— Иә. Көрсеткіш экран соны байқатты.

— Оған не болды екен? Әлде тағы да Шолпан қыз түсіне енді ме?

Оны өзім де білмей тұрмын.

— Енді не істейміз? Геологтарды көтереміз бе?

Демала тұрсын, деді Есмұхан, — кішкене өз өзімізге келіп алайықшы.

Уақыт өтіп барады емес пе? — деді Алдияр дегбірсізденіп.

— Оның дұрыс.

Есмұхан видеоэкран алдында бір сәт үнсіз отырып қалды. Видеотелефонның ысылы ғана ол тыныштықты бұзып тұрды. Ал қалған геологтар бұл жағдайдан мүлдем бейхабар еді. Егер қазір дабыл берсе, мына дәліз біткеннің бәрі апыр-топырға айналмақ. Есмұхан оны да білді. Өзі демалмаса да достарының тыныш жатқанын қалады ол. Алдияр өзінің жақын көмекшілерінің бірі болғандықтан сөйлесіп отыр. Бірақ енді қалай болғанда да бұл істі жасырудың реті жоқ еді. Осындай шешімге келген Есмұхан Алдиярдың тездетіп киініп, өзінің бөлмесіне келуін өтінді. Бір бас екеу болды. Екеулеп шешкен істе қате аз болмақ. Есмұхан Алдияр келісімен-ақ асханаға қарай тартты. Ол жердегі арнайы орыннан геологтардың бөлмелеріндегі дыбыс күшейткіштен ұйқыдан түрегеп, жуынып-шайынып, асханаға келулерін өтініп сөйледі.

Шолпандағы жағдай Жердегі жағдай емес. Геологтар Есмұханның толқыған дауысынан-ақ бірдемені сезгендей орындарынан ширақ түрегелген. Алдияр екеуі көрсеткіш экран арқылы барлық геологтардың төсектерінен қалай түрегеп, қалай жаттығу жасап, жуынып-шайынғандарын бақылап көріп отырды. Олар ширақ қозғалды. Бірақ бірінің де ойына Шадыманның із-түзсіз жоғалғаны келмеген-ді. Оны Есмұхан мен Алдияр да сезіп отыр. Бірақ білдірмеді. Геологтардың тамақтанып, әлденіп алуын күтті. Сонан соң барып бір-ақ хабарлауды ойлаған. Геологтар көп кешікпей асханаға жиналды. Әркім өз орнына жайғасқан. Аспаз-роботтар зыр жүгіріп жүр. Әдеттегі көрініс. Ештеме болмағандай. Есмұхан мен Алдияр ғана бар жағдайды іштерінен біліп, сыртқа сыр білдірмей отыр. Тамақтан соң геологтар аулаға шығып, аллея бойымен қыдырып, қол мен басқадай орындарды қызықтап, демалыс күнгі шараға дайындалуы тиіс еді. Жағдай күрт өзгерді. Геологтар тамақтанып, ауыздарын шайып, сүрткішпен сүртінген соң арнайы күшейткіш арқылы Есмұхан:

— Құрметті геологтар! Бес минут уақытқа жедел хабар естіртетін бөлмеге жиналуларыңызды өтінемін! — деді.

Геологтар дабыр-дұбыр әңгімеге кірісіп кетті. Өзара бірдемелерді айтады. Кейбірі бір жағдайдың болғанын сезіп те үлгерген сияқты. Бірақ көбісінің ойына Шадыман түспеген еді. Елтай ғана айналада тұрғандарға қарап:

— Достар, басшымыз қайда? — деп қалды.

— Расында да. Ол қайда?

— Басшымызды тіпті, сұрамаппыз ғой.

— Мен оны демалып жатқан болар деп ойлағанмын.

— Мүмкін, хабар ол жөнінде емес шығар. Ол өзінің демалыс бөлмесінде болуы керек.

Не жаңалық болса да қазір Есмұхан айтады.

— Әйтеуір жақсы хабар емес бұл.

— Тездетіп жиналайық, жігіттер!

Деген сөздер мен бір-біріне керегар пікірлер айтылып үлгерді. Не болғанда да, геологтар мән-жайды анық біле алмады. Есмұхан да тіс жарған жоқ. Бөлмеге геологтар тездетіп кіріп, бір-бір орынға жайгасқанша Алдияр екеуі бірдемелерді күбірлесіп қойып жүрді. Күтпеген жиынға жедел жиналған геологтардың көздері Есмұхан мен Алдиярда еді. Есмұхан толқып сөйледі.

— Достар! Біз үш ұйқтасақ ойымызға келмеген оқиғаға тап болдық.Өзіміздің басшымыз Шадыман бөлмесінде жоқ болып шықты.

Отырғандар толқып қозғалып кетті. Кейбірлері орындарынан түрегеп те кеткен. Басшы жоғалса, іс не болмақ. Жүздерін үрей жайлаған геологтар Есмұханның әрі қарай не айтатынын андыды.

— Достар, — деп жалғады сөзін Есмұхан, — біздер әрі геолог әрі ғарышкерлер емеспіз бе. Ер жүрек азаматтармыз. Мұндай сапарға анау-мынау адамның аттанбайтыны өз өзінен белгілі. Сондықтан да арамызда су жүректер жоқ деп ойлаймын. Енді жағдайды қысқаша түсіндірейін. Мен бүгін ертелеу тұрдым. Содан асхананы араладым, аллеяда біраз қыдырым. Бір кезде Шадыманмен байланыс жасау ойыма келді.

Содан видеотелефон соқтым. Жауап бермеді. Көрсеткіш экранмен бөлмесінің ішін түгел шолдым. Сол кезде барып Шадыманның жоқ екенін көрдім. Алдияр екеуміздің пікірімізше, ол Емшектаудан сыртқа шығып кеткен. Ал қай бағытта кеткенін айырып-білу қиын. Біз сіздерді тамақтанбай жатып обіржітпейік деген оймен осылай жасадык. Әрине, мүндай жагдайда бәрі де жедел болуы тиіс еді. Бірак біз бүлай жүргенімізбен автоматты іздеу жүйелері тыныш кал¬ган жок. Ол күралдар аркылы қазір осы Емшектаудың жүз шакырым диаметрлік кашыктыктағы төңірегі барланды, суретке, киноға түсірілді. Енді іздеуге өзіміз кірісеміз. Бүгінгі демалысымыздың күнкестесі осыган байланысты амалсыз өзгереді. Әрбір топ өз кемесіне мінеді. Іздеу бағытын белгілеп койдык. Сұрақ бар ма?

Геологтар бір сәтке үнсіз қалған. Бөлме ішінде шыбын ызыңы естілердей тыныштық орнады. Шолпаннан кейінгі болып отырған бүл екінші жұмбақ оқиға қай-қайсысын да ойлантты. Қанша батыр болса да мынандай елсіз жапан далада біреуді іздеп табудың өзі де бір хикаяға айналмақ. Бір жоғалғанды таппай жатып екіншісін іздеу де геологтарға жеңіл емес. Бөлме ішіндегі тыныштық көпке созылмады. Отырғандардан ешкім пікір қоспаған соң Алдияр сөйледі.

— Достар, уақыт өткізбейік. Онсыз да кеш шыққалы отырмыз, — деді ол толқып, — жүздеріңізден барлық ішкі қасіреттеріңізді сезіп тұрмын. Ешқайсымызға онай соқпақ емес, бұл іздеу. Екі бірдей адамымыздан айрылдық. Себебін әлі білмейміз, қашан білеріміз де белгісіз. Бірақ “Үмітсіз — шайтан” деген. Үміт үзілмек емес. Біз Жерге Шадыман мен Шолпансыз қайтпауымыз керек. Осы сертімізге берік болайық, достар!

Отырғандардың арасынан “Сертімізге берік болайық!” деген дауыстар естілді. Оны қолдаған басқалар жұдырықтарын түйіп, жоғары көтерді. Кейбірі қос жұмырығын түйіп, екі қолын жоғары көтеріп-түсіріп жатыр. Геологтардың көбі ендігі іздеудің анау-мынау емес, шыңдап, жанпида болғанша жүргізілетінін де ішінен біліп отыр. Жиналыс осымен бітті. Геологтар дүркірей орындарынан түрегелді. Оның артынша Емшектау ішінде әбіржу басталды. Барлық автомат жүйелер сытыр-сытыр, тырс-тырс етіп, түрлі түсті шамдары жыпылықтап жанып-өшіп жатты. Кемелер шығатын орындардағы биороботтар да жылдам қозғалуда. Мұндай кезде тез ұшып кету үшін қосымша жүйелер де қосылған. Ол жүйелер ішкі есік пен сыртқы есік аралығындағы ауа температурасын бес жүз градусқа көтеруді тездетеді. Енді бір кезде геологтардың әрбір тобы өзді өздерінің кемелерінде ұшуға дайын отырды. Билікті Есмұхан алған. Бәрі де соның айтқанын орындайды. Қаншалықты карапайымдылық сақталса да, басшылық ететін бір адамның қажет екені белгілі. Ал мынандай жағдайда басшылықсыз іс нәтиже бермейді. Соны түсінген геологтар іздеуге аттанар алдында бір ауыздан Есмұханды басшы етіп сайлаған. Енді соның айтқандары бо- йынша іс-қимыл басталып кетті. Қарсы алдарындағы қақпа жайымен ашыла берді. Бірнеше барлау кемесі бірінен соң бірі тізіле ұшып шықты.

ТУҒАН АУЫЛҒА ОРАЛҒАНДА

Абзал мен Шолпан бүгін де табиғат аясында кездесті. Шолпан соңғы кездері Жерді, өзінің туған ауылын да сағына бастаған. Мұндағы достарының кейбір жұмыстарын сыр- тынан көріп алғандықтан ол аз да болса, көңілін орнықтыратын. Абзал Шолпан үшін бәрін де жасауға әзір. Оның үстіне оның колындағы құралдың күдіреттілігі сонша, Шолпан кез келген табиғат ортасында бола алады. Ауыл десе, ауыл, тау десе, тау, мұхит десе, мұхит. Бірақ оның бәрі де Шолпанға таныс емес еді. Жер шары қанша үлкен болса, оның құпиясы да соншалықты көп. Ол бүгінгі Күн жүйесін зерттеп-біліп жатқан заманда толық аныкталған емес. Шолпан жас кезінде әкесімен бірге біраз елді де аралаған. Білімі де мол. Бірақ қанша мол десе де, Абзалдың біліміне жетер емес. Абзал тек білімімен емес, өзінің құдіретті ісімен де Шолпанды баурап алған. Шолпанның да білгісі келетін нәрселері жеткілікті. Ол бұл жолы Абзалдың тағы бір Құдіретін көргісі келді.

— Мен көріп жүрген көріністің бәрі де Жердікінен аумайды, — деді ол Абзалға, — оны қалай жасайтыныңызды сіз әзірге маған толық түсіндірген жоқсыз. Жарайды, мен оны сұрамай-ақ та қояйын. Ал менің бір тілегімді орындай аласыз ба?

— Қандай тілек, Шолпан? — деді Абзал қолын ұсынып, Сіздің тілегіңізді орындамаған кезім болды ма? Рас, табиғатты пайда ету мен жойып жіберу құдіретін айтуға мүмкіндігімнің болмағанын мойындаймын. Ол сізге әзірге Қажет те емес. Оны уақыт келе түсінетін де боласыз. Тек асықпаңыз.

Мен ауылымды сағындым, — деді Шолпан сол кідірістен соң, — сол ауылым осы жерге орнаса деп армандаймын. Жерге барып әуре болмас едім. Мына ауылдағы сияқты өмір кешіп журе берер едім.

Абзал ойланып қалды. Ол өзінің ширек ғасыр өмірінде Жер ғаламшарына барып көрмепті. Ал ол жайлы мәліметті көп білетін. Шолпан айтқан жаңағы ұсыныс оған басқаша бір ой туғызды. Ондағы көзімен көруді де іштей мақсат тұтты. Аз кідірістен соң Абзал Шолпанға бұрылды.

— Ауыл сағынышын жақсы түсінемін, — деп Абзал күрсініп алды, туған ауыл менде де бар. Мен де сағынамын. Егер сіздің өз аулыңызды көруге деген ықыласыңыз болса, неге сол Жердің өзіне барып қайтпасқа?

— Онда кәне! Мен дайынмын. Бірақ оған қанша уақыт қажет болады?

— Біздің кемеміз үшін уақыт деген түк емес. Мен сізді Жерге әп-сәтте жеткіземін.

— Ендеше, нені күтіп тұрмыз? Сол кемеңізбен Жерге ұшалық?

— Тек бір ұана шартпен, — деді Абзал Шолпанның нәзік саусақтарын қысыңқырап, — Жерде қалып қоймайтын боласыз.

— Жарайды. Қалмаймын. Сіз қайда болсаңыз, мен де сондамын.

— Туған жер деген қашан да ыстық нәрсе. Барған соң сіздің жас жүрегіңіз елжірейді. Туған табиғатыңызды көресіз, ауыл адамдарын кездестіресіз.

— Сонда қалай? Біз ауылдың ішінде де боламыз ба?

— Иә, біз аулынызды аралаймыз.

— Онда тіпті жақсы ғой.

— Жақсысы жақсы. Бірақ сіз олармен тілдесе алмайсыз.

Осындағы табиғат көрінісі сияқты ма ол сонда?

— Мұнан басқаша. Біз ол ауылда адамдармен араласа алмаймыз.

— Ал олар мені көре ме?

— Көреді. Сөзіңізді де естиді. Ал сіз олардың сөздеріне жауап қатпайсыз. Өйткені, оңдағы уақыт пен кеңістік сәйкес келмейді. Олар бізді өткен шақтан көреді.

— Бұл қызық екен.

— Қызығы қызық. Бірақ ең бастысы, сіз туған аулыңызда боласыз.

— Жарайды, Абзал. Мен келістім. Қалай болғанда да туған аулымды бір көргім келеді.

— Ендеше, кеттік.

Абзал Шолпанның қолынан ұстаған бойда биік төбеге қарай жүрді. Содан соң омырауындағы кішкене дөңгелек бірдемені аспанға қаратып біраз тұрды. Бір кезде жарық сөніп, айнала дүние көрінбей бара жатты. Шолпан мұндай күйді бірнеше рет басынан өткерсе де Абзалға қарай тығыла түскен. Енді сәлден соң екеуінің де бойын суық биледі. Дүние қараңғылана берді. Бір кезде екеуі де өздерін қандай да бір ғаламат күштің шырмауында аспанға қарай көтеріліп бара жатқандарын сезді. Шолпан: “Әлгі кемең қайда? Осы ма?” деп те айғып үлгермеді. Оған шамасы да келмеді. Енді бір сәтте жас қыз өзінің Жер ғаламшарында, туған аулында тұрғанын бір-ақ көрді.

Бірте-бірте бойлары жыли бастады. Оған дейін екеуі ауыл маңындағы үлкен тас төбенің үстінде, Күн көзінде жатқанды. Оны да Шолпан енді білді. Бойын қатты суық алғандықтан ол Күн көзіне көзі уақыт өткен сайын қыздырып барады. Шолпан өз аулының жылы аймаққа орналасқанына қуанды. Әйтпесе, жаңағы қас-қағымдық сапардан кейін бой жылытудың өзі де қиынға соғар еді. Енді тек Күн, тек Күн болса екен деп тілеуде. Егер Күн бір сәтке сөнсе, мына тіршіліктің ешбір қосымша күшсіз-ақ жойылып кететінін бір ойлап қойды. Күнге ғалымдар о бастан назар аударып келеді. Ол осы Күн жүйесіндегі тіршіліктің бірінші тірегі еді. Жер ғаламшарындағы адамзат сол Күнді күнде көріп жүрсе де оған назар аудара бермейді. Таң атады, Күн шығады, түс болады, Күн батады. Осылайша қайталанып жатқан уақыт. Өмір. Ол көрініс күнде қайталанып, үйреншікті болып кеткен сон адамдар да оған назар аудармайды, өз тіршілігін ойлайды. Ауа-райы бұзылса ғана елендейді, күннің суығына қарап киімдерін ауыстырады. Сөйтіп өмір өте береді.

Шолпан бойы жылып, өз-өзіне келген соң осындай ойды да басынан өткерді. Енді-енді ол айналаға көз сала бастады. Не түс емес, не он емес сияқты дүние. Осыдан бірнеше Минуттар бұрын ғана екеуі де Шолпан ғаламшарындағы бір ауылда тұрған еді. Енді шынымен-ақ өз аулына келіпті.

Шолпанның есіне Абзалдың уақыт пен кеңістік сәйкес келмейді” деген сөзі түсті. Сөйтіп, туған ауыл тіршілігіне назар аудара бастады. Ойынша бәрі де біртүрлі, ерекше болып көріну керек еді. Жок, пәлендей нәрсе өзгермепті. Орталық жылыту жүйесіндегі алапат құбырлардан будақтап қара түтін аспанға қарай кетіп жатыр. Ауаға сіңіп тарауда. Қарсы тұстан қорғасын, тағы басқадай заттар шыққан, үңгіштелген тау көрінеді. Өзінің бала кезінде арқырап-күркіреп ағатын өзен де неден екені белгісіз тартылып, орта тұсында ғана кішкене бұлақтай болып ағып жатыр. Шолпан олардың бәріне бірнеше секундтан тоқталып өтті. Онан кейін ол ауыл аясының кеңейгеніне, асфальт жолдардың көбейгеніне ес болді. Сөйтіп, ұзак отыра берер ме еді, кенет Абзал өзіне қолын ұсынды.

Шолпан тіл қатқан жоқ. Нәзік саусақтарын Абзалдың қарымды қолына қарай созды. Абзал оны жайлап тартып, тұрғызып алды. Содан соң екеуі тас төбеден төмен түсіп, ауылға жақындады. Шолпан енді өз үйіне жетуді көздеді. Әке-шешесін, ағасын, інісі мен сіңлісін көрмек болды. Абзал да оның жан-дүниесін түсініп келеді. Бірақ Шолпанды туған аулында қалдыруға тағы қимайды. Абзал өзінің өмірінде мұндай қызды кезіктірген емес.

— Шолпан, — деді ол бір кезде, — мен айтқанымды орындадым. Енді сіз де сөзіңізде тұратын болыңыз. Аса елжіреп кетпеңіз. Туған ауыл кім-кімге де ыстық келеді. Өйткені, онда бақытты балалық шақ өтеді. Ал онан өткен әсерлі кезең бар ма еді. Мен де өзімнің туған ғаламшарымды, ауылымды сағынамын. Балалық шағымды аңсаймын. Сіз де солай. Тек маған ренжімеңіз. Сіз өкенізбен де, шешеңізбен де, аға, іні, сіңліңізбен де тілдесе алмайсыз. Оны мен Шолпан ғаламшарында тұрып-ақ ескерткенмін.

Шолпан үндемеді. Ол қазір жан-жағына жиі қарап келеді. Бота көздерінің шарасына молт-молт жас тығылған. Абзалға жауап бере алмады. Сөйлейін десе, көкейінен бір өксік келіп, еңіреп кетемін бе деп те қорықты. Қыз жаны қашан да нәзік. Абзал Шолпанның бұл көңіл-күйін іштей сезді. Көз жасын да байқады. Бірақ ол жас қызды мұндай күйге түсіріп аламын деп ойламаған еді. Енді жауап та ала алмай келеді. Шолпан қалай қарай жүрсе, өзі де солай қарай ереді. Сөйтіп екеуі ауыл көшесімен бір жүріп өтті. Бұларды көрген ауыл ақсақалдары, ересек балалар көше-көшенің шеттеріне тұрып қалған. “Шолпан үйіне барған кезде қандай көрініс болмақ”— деп бір ойлады Абзал. Бірақ енді кеш еді. Шолпан өз үйіне бармай қайтпайды. Барма деп айтуға да хақысы жоқ. Ендігі шарасы тек Шолпанға еркіндік беру.

Бұлар Шолпанның туған үйіне жақындағанда арпылдаған иттердің даусы шықты. Ол Шолпанның өзі кішкентайынан, күшік кезінен өсірген төбеттері еді. Шолпанды көрген бойда, қасындағы бейтаныс жігітке қарап шабалаған. Шолпан Абзалды арқа тұсына жасырып, иттеріне “Жат! Жат!” деп дауыстап еді, олар естімеді. Қайта онан сайын шабалана түскен. Соның артынша үйден әкесі, шешесі, онан кейін ағасы, інісі, сіңлісі шықты. Олар Шолпан ғаламшарына кеткен қызының бейтаныс жігітпен ауыл көшесін аралап жүргеніне таң болды. Бұлар әзірге Шолпанның Шолпан ғаламшарында жоғалғанынан бейхабар екен. Ойламаған жерден көше бойымен келе жатқан қызын көрген әкесі тұра ұмтылды. Бірақ оны қандай да бір шыны кедергі ұстап қалды. Ол әрі-бері тырмысып еді, ештеме шықпады. Шыны қабырға қызына жақындатпады. Әкесінен кейін анасы жүгірген. Ана көз шарасына мөлт-мөлт жас тығылды. Ойламаған жерден қызын көрген әке-шеше осылайша күңіреніп кетті. Агасы, інісі, сіңлісі де Шолпанға қол созып жатыр. Көз алдарында, бірақ қол жетпейді. Мұндай ғажайып, мұндай ауыр көрініс болған ба. Шолпанның үй ішінің мына жағдайын көрген көрші-қолаңдар да жиналып қалған. Абзал мен Шолпанды жан-жақтан қоршай бастаған ауыл тұрғындарының саны да көбейе берді. Тек ешқайсысы көрінбейтін құдіретті шыныдан әрі аса алмайды. Шолпанның бетін де ыстық жас жуып кеткен. Абзал оны басқысы келеді. Бірақ қыздың жаны нәзік емес пе. Әрбір туысын, танысын көрген сайын олармен амандасқысы келіп, әңгімелескісі келіп ойындағысын айтып жатыр. Бірақ екі жақ үйлеспейді. Олардың сөзін бұлар, бұлардың сөзін олар естімейді. Сөйтіп, бір- бірімен тілдесе алмаған адамдар біраз уақыттан соң тарай бастады. Тек Шолпанның әке-шешесі, ағасы, інісі мен сіңлісі қалды. Олар әлі де үміттерін үзбей тұрып алған. Шолпан да кетер емес. Бір кезде Абзал оның қолынан ұстап, ілгері тартты. Шолпанның кеткісі келмеді. Үй-ішінің мына әбіржуі өзіне ауыр соқты. «Мұнан да көрмегенім жақсы еді. Неге келдім, мұнда” деп бір ойлады. Абзалды кінәлаудың тағы реті жоқ-ты. Өзі сұранды. Ол тек айтқанын орындап келеді.

Біраздан соң Шолпан кетуді жөн көрді. Үй-ішін бұлай- ша қинап қоюдан ештеме ұтпайтынын түсінді. Нәзік саусақтарын Абзалға созды. Ол сол замат ілгері қарай тарта жөнелді. Шолпан өмірінде осындай қаталдыққа барды. Үй-ішінің қиналған жағдайын көріп тұрса да енді оларды одан әрі қарай қинамау үшін жүзін жалт бұрып, ілгері жүріп кетті. Қайтып бұрылып қарамады. “Кішкене шыдаңдаршы. Мен ораламын. Бәрі де жақсы болады” деп қойды ішінен. Абзал екеуі ауыл ішінен шыға берді. Жол-жөнекей кезіккен тұрғындар ысырылып жол беріп жатты. Күтпеген жерден көрген бұл құбылысқа ауыл адамдарының түсінігі жетпеді. Бірақ Шолпанды көргендері анық. Кейбір зиялылар ғана мұның қатар әлеммен кезіккендегі сияқты көрініс екенін айтып жатты. Бірақ ешқайсысы да нақты жауап таба алмады.

Абзал мен Шолпан ұзай берді. Енді екеуі ауылдың екінші жағындағы тауға қарай тартты. Шолпан көз шарасына мөлт- мөлт жиналған ыстық жасын қайта-қайта сүртіп қояды. Кәдімгі өмірдегідей Шолпанның жан-дүниесі де ыстық өртке шалынғандай болып келеді. Абзал да оны сезеді. Сондықтан да көпке дейін үндемеді. Тек тау басына шығып, саф ауадан жұтып, көңіл-күйі біршама түзелген кезде барып сөз бастады.

— Шолпан, ауылың қандай тамаша! — деді ол.

— Оған сөз жоқ, — деді Шолпан жалпақ тасқа жайғаса отырып, — бірақ үй-ішіммен, туған-туыстарыммен қол ұстаса алмағаным қиын болды. Мен қандай өмірге душар болдым?

— Кәдімгі өмір, — деді Абзал, — бұл да бір өмір өзінше. Тек уақыт пен кеңістік сай келмейді. Соның салдарынан қол ұстаса алмаймыз.

— Ал егер сол уақыт пен кеңістіктің нүктесін бір жерге түйістірсек ше?

— Ол менің қолымнан келмейді, Шолпан. Егер біз осы ауылдың өміріне тон уақыт пен кеңістікке көшсек, онда екеуміз өмір бойына осы ауылда қаламыз. Шолпанға ешқа- шанда бара алмаймыз.

— Қалайықшы, — деді Шолпан, — мен туған ауылымды қимаймын. Енді ешқайда да кеткім келмейді. Үйде мені әке-шешем, ағам, інім мен сіңлім күтіп отыр. Жаңа ғана өзіңіз көрдіңіз ғой жағдайды.

— Көрдім, — деді Абзал сел қос, — егер мен уақыт пен кеңістіктің осындағы нүктесіне ауыссам, сенен біржолата айрыламын. Бар қабілетімді жоғалтамын.

Шолпан үндемеді. Өзінің Шолпан ғаламшарына барамын деп қандай күйге түскенін де түсіне алмады. Бір уақыт пен кеңістіктің нүктесінен екінші уақыт пен кеңістіктің нүктесіне ауысудың мұншалықты киын болатынын да білмепті. Дегенмен, жас қыз үмітін үзген жоқ. Жер ғаламшарына, туған аулына біржолата оралудың да күні туар деп ойлады. Сол кезде Абзал да әңгімесін жалғап кетті.

— Сіздің аулыңыздағы табиғат негізінен өз қалпын сақтапты. Ләйім осы қалыптан аспау керек. Асса бәрі де бүлінеді.

— Оны түсінемін. Табиғатсыз адамның күні жоқ. Ол бүлінген жерде тіршілік иелерінің өмірі қысқарады. Ауру көбейеді. Менің аулымның табиғаты әзірге ондай дәрежеге жеткен жоқ.

— Иә, мен көріп отырмын. Қызығып тұрмын. Мұндай табиғат бүкіл Күн жүйесінде сирек шығар. Көздің қарашығындай сақтау керек мұны.

— Бірақ оның есесіне Жер ғаламшарындағы бүлінген жерлер ықпалын тигізеді. Атмосферадағы өзгерістер бүкіл Жер шарын айналып жүрмей ме? Қаншама көл мен теңіз тартылып қалып жатыр. Газ бен түтін қала үстінде қалыктап жүр. Ал қала саны Жер шарында адам таңғаларлық. Сол қалалардағы өндіріс орындарынан тараған зиянды газ бен түтін, қалдықтар мынандай тыныш жатқан тамаша табиғатқа да залалын келтіреді. Мұны тоқтату жөнінде айтылмаған кез болған жоқ. Бірак нәтиже шамалы. Мен соған қынжыламын. Біздін Шолпан ғаламшарынан су іздеп, тіршілік іздеу мақсатымыздың өзі де сонан-ды.

Абзал сәл кідіріп қалды. Мойнындағы қуатты дүрбісін қолына алып, көз алдына апарып, айналаға қарады. Шолпан оның не ойлап отырғанын түсіне алмады. Бірақ Абзалдың ойын бөлген жоқ. Абзал ауылдың барлық жағын шолып шықты. Содан сон аспанға да қараған. Абзалдың ғажайып дүрбісі Жер ғаламшарының атмосферасының құрамын, қаншалықты бүлінгенін де байқататын. Әп-сәтте оны да білді. Шолпан да бірдемені сезіп отыр. Абзал барлық нәрсені шолып шыққан соң аздап басын шайқап қойды. Жер табиғатының қаншалықты жарақаттанғанына көз жегкізген де сияқты. Содан соң дүрбіні Шолпан алды. Жас қыз да бұрын соңды көріп-білмеген небір ғажайып көріністердің куәгері болды. Сөйтіп, дүрбіні Абзалға қайтарды. Енді екеуі қол ұстасып, тау-тауды кезді, өзен жағалап жүрді. Шолпан өзінің балалық шағын есіне түсірді. Біраз ләззат алды. Тек содан сон барып қана көңілі көтерілді. Манағы күйінішін де ұмытқан. Абзал енді өзінің ойындағы ұсынысын айтты.

— Шолпан, біздің қайтар уақытымыз таяды. Жиналайық.

— Қайтадан Шолпанға ма?

— Иә. Онда сіздің достарыңыз бар емес пе?

— Иә, бар. — Шолпан күрсініп қойды.

— Ендеше, солай қарай ауысалық.

Шолпан басын изеді. Абзал оның ыстық алақанын қысыңқырап ұстады да, көкірегі тұсындағы кішкене түймені сол қолының сүк саусағымен сол ғана нұқыды. Әдеттегі құбылыс өтті. Бар дүние сөніп әп-сәтте басқа өлемдемін деп санады. Расында да солай еді. Айнала толған киіз үйлер. Таныс табиғат. Таулар, өзендер. Жанында Абзал. Шолпан өзінің шаршағанын енді сезе бастады. Абзалға қарады да:

— Мен үйіме қайтайыншы, Абзал, — деді.

— Шаршағанынды көріп тұрмын, — деді Абзал жымиып.

— Түсінгеніңізге рақмет.

Екеуі ақ киіз жабылған ақ киіз үйге қарай бет алды. Ол Шолпанға арнап тігілген үй еді. Жас қыз мұнда біраздан бері тұрып жатыр. Ол әрбір жаңағыдай саяхаттан кейін осында демалады. Ал Абзал болса, өзінің киіз үйіне кетеді. Саяхатқа шығар кезде осы төбе басында кезігеді. Осылайша өмір өтіп жатты. Шолпан үй алдына келгенде Абзалға қолын ұсынды. Ол бұл жолы жас қыздың желп-желп еткен кекіл шашын алақанымен бір сипап қойды. Сөйтті де кілт бұрылып кетті. Шолпан оған біраз қарап тұрып, ак үйге кірді. Біраз жер жүрген сон Абзал да соңына қараған. Бірақ бұл кезде қыз жоқ еді.



Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет