АҢҒАРДАҒЫ АРПАЛЫС
Шадыман ауылдың ішіне енген кездегі бейқам тіршілік жалғаса берген-ді. Ешкім өзін елемеген соң ауылдың сыртындағы бір төбеге қарай бет қойған. Сол кезде ол бір жігіт пен қызды көрген. Оларға асыққан. Қыз Шолпаннан аумайтын еді. Қасындағы жігітті танымады. Ол екеуі қол ұстасып алып, бір-біріне әлденелерді көрсетіп тұрды. Шадыман алқынып қалған. Бірақ Шолпанның жүзін анықтап бір көру мақсатында ілгері қарай жүре түсті.
Төбеге жақындағанда қыз жүзін анық көрді. Бірақ олар мұны байқамаған. Шадыман сол төбеге еңбектеп көтеріліп, жігіт пен қызды анықтап көрді. Шолпанның өзі. Ойда жоқта пайда болған ауыл жөнінде бірдемелерді айтады. Енді біраздан соң қыздың сөздері де анық естіле бастады. Ол өзінің туған ауылына барғысы келетінін өтініп тұр. Қасындағы жігіт онысын мақұлдады. Соның артынша-ақ айнала-төңірек қараңғылана түсті. Енді бір сәтте бойын ерекше суық биледі. Бар әлем көз алдында жоғалды. Өзі де бір сәтке есінен айрылған. Тек бойы жыли бастағанда көзін ашып, айналаға қарады. Ешқандай ауыл да жоқ, Шолпан мен жігіт те жок. Шолпанның тымырсық ыстығы тұла бойын терлете де бастаған. Шадыман көрініске алданып қалғанын бірден білді. Өйткені, мұндай көрініс алғаш рет болып отырған жоқ. Тек оны таңдандырған нәрсе, аспаннан келіп қоныстанған ауылдың мына табиғатқа үйлесе қалғандығы. Бір заманда сол ауыл тап осы жерде болған да сияқты. Шадыман әрбір ақ киіз үйдің, мал жатқан жердің, жайылымның, ошақ орын- дарын барлап қарады. Ұқсастық көп. Әрі күмәнсіз.
Шадыман енді ештеме болмағандай жалаңаш қалған тас төбенің үстінен жайлап түсті. Содан соң оңтүстік шығыс тұстағы бір аңғарға қарай жүрді. Ол бір кезде арқырап- күркіреп ағып жатқан өзен болған. Жаңа ауыл қонған уақытта сонда шынымен-ақ су ағып жатты. Шадыман енді сол сәттегі аққан су орындарын анықтап көрмек болды. Жайымен аңғарға келді. Оның биіктеу бір жарқабағынан қарап біраз тұрды. Мұндай аңғар Шадыманға таңсық емес. Шолпандағы алып аңғар да баршаға белгілі. Ол енді аңғардың бір жайпауыт жерін тауып, ішіне түспек болды. Осы кезде тұрган жері опырылып кетіп, аңғар ішіне қарай домалап жөнелді. Қармап ұстайтын, аяқ тірейтін я тас, я ағаш болмады. Оның үстіне қалың комбинезон епсіздік тартты. Шадыманнын басы айналды. Дүние аударылып-төңкеріліп кеткендей. Шолпан үстіндегі атмосфералық қысым да аса жоғары. Егер өзі мына комбинезонның ішінде болмаса әп-сәтте мертігер еді. Жақсы болғанда арқа тұсындағы оттегі камераларына да зақым келмеді. Аңғар ішінде етпетінен біраз уақыт жатып та қалды. Тым-тырыс. Не жел жоқ, не дыбыс жоқ. Шолпан бетінде желдін мардымсыз екені өзіне әуелден белгілі. Ал дыбыстың жоқтығы мұнда тіршіліктің жоқтығын айқындайды.
Шадыман ойламаған жерден бұлай құлап түсемін деп күтпеген-ді. Мана үстінен Қарағанда аса терең сияқтанбаған аңғар да енді зындандай көрінген. Оны бір аунап, шалқалап жатқан кезде көрді. Аспандағы бұлттар неше құбылып, жөңкіп барады. Бар дүние сарғыш түске боянған. Мүлгіген тас пен тау Шадыманды бейне бір тыныштық дүниесіне тартып әкеткендей. Оның үстіне Күн көзін ылғи көлегейлейтін бұлттардан мына айнала-төңірек көлеңкелеп тұр. Оның өзі де адам көңілін құлазытпаса, көтере қоймайды. Шадыман өзінің кім үшін осындай жағдайға тап болғанын есіне түсірді де өкінбей тыныш жатты. Осы бір оңашалықта ол Шолпанның бүкіл бұлттарын анықтап көріп алғысы келді. Әншейінде теп-тегіс көрінетін Шолпан үсті де енді дөңестеніп, шар тәрізденіп кеткенде Шадымен ғаламшардың шар тәрізді екеніне енді көз жеткізгендей ұзақ қарады. Бойын ешқандай қорқыныш билемеді. Шолпаннан айрылғаннан кейін-ақ оған бұл дүниеде болу-болмау аса маңызды мәселе емес-ті. Барлық нәрсеге селқос қарайтын. Оны ұстап тұрған тең басшылығы еді. Бүгін онысынан да бас тартты. Мына тіршіліксіз айдалада, аңғар ішінде тек өзімен-өзі сырласқысы келді. Сол үшін де тып-тыныш жатыр. Аспандағы бұлттар ғана тынымсыз жөңкиді. Ара тұра жарқ-жұрқ етіп найзағай ойнайды. Тек жаңбыр жаумайды. Егер осы найзағай Жерде болса, әлдеқашан нөсер болар еді. Онда Шадымен дереу ық пен қалқа іздер еді. Енді ол жоқ. Тымырсы ыстық монша буында отырғандай буып барады.
Біраздан соң Шадыман шөлдей бастады. Сөйтіп ол қынындағы кішкене шөлмегін қолына алды. Шөлмек деп аталғанымен ол тоңазытқышты жүйемен жабдықталған. Егер олай болмаса, әп-сәтте су буға айналып кетер еді. Мұнда су ішудің өзі де бір мәселе. Шадыман кішкене түтікті ауызы тұсындағы тетікке жақындатты. Сол заманда сырт еткен дыбыс шығып, түтік шлем арқылы аузына жетті. Тағы да сырт еткен дыбыс қайталанды. Бұл түтік енген жердің тығыз жабылғаны. Шадыман енді шөлмектің бойын қысты. Су түтікпен көтеріліп аузына жетті. Салқын су бірден әл бере бастады. Ол тамсана жұтынып, судан көп ішті. Содан соң барып денесі ширады. Алғашқыдан гөрі әл де жинаған. Жаңағы істі тағы қайталады да, шөлмек-ыдысты қынына ілді. Енді көз жанары да әуелгіден жақсы көре бастағанда. Айнала тау-тас та “мені көр, мені көр” дегендей бадырайып- бадырайып жатыр.
Шадыман енді жайымен орнынан түрегемек болды. Бірақ сол кезде сол аяғы солқ етіп шаншып кетті. Жаңа құлап түскенде тасқа соғып алса керек. Комбинезонның іші болтан сон аса аңғармапты. Енді түрегелуге әрекет жасаған кезде ауырып жөнелді. Шадыман аузын ашып, онан қайта тістеніп, сол аяғының сыртын ұстап біраз отырды. Енді ғана өзінің аңғар ішінде ұзақ уақытқа қалғанын сезді. Жаңа ғана шығып кетуге оңай көрінген аңғар жарқабақтары да енді биіктеп кеткендей. Аспандағы бұлттар да өзін мазақ еткендей, жата бер дегендей көшіп барады. Шадыманның басы қайта айналғандай болды. Енді бір кезде аспандағы бұлттар емес, Шолпан ғаламшарының өзі жылдам айнала бастағандай сезілді. Қайсысы айналса да, Шадыман шынымен-ақ мерт болуы мүмкін. Сондықтан енді өмір сүруге тырысты. “Өмір сүргім келмейді, Өзімді-өзім мерт етем” деп айтатын сөз жай екен. Өмір мен өлім арпалысқан кезде адам бірден-ақ өмір жағына жылт етіп шыға келеді екен. Шадыман қазір өзі үшін болмаса да Шолпан үшін, достары үшін өмір сүрмекке тырысты. Көкірегі тұсындағы телевизиялық байланысты іске қосты. Бірақ ол Емшектаудағы достарынан жауап жеткізбеді. Енді бір өзі, бір табиғат. Шадыманның үмітін оятқан бір-ақ нәрсе бодды. Ол Шолпанның атпайтын таңы, батпайтын күні еді. Жер есебімен санағанда екі жүз қырық үш күнге созылатын тәулік қайдан өзгерсін. Сол бұлтты күн сияқтанып бірқалыпты тұрып алады. Сол жағынан келгенде Шадыманға әлі қанша уақыт арпалысса да қараңғыда қалмайтыны белгілі.
Бірақ тәулік ұзақ екен деп жата берудің жөні,тағы жоқ. Қандай да бір үңгір тауып, сол аяғындағы жарақатты таңу керек. Ал мына ашық жағдайда оны жасау мүмкін емес. Бес жүз градустық ыстық әп-сәтте қарып жібереді. Шадымен енді жайымен жылжып, аңғар ішіндегі бір жайпақ тастың үстіне шықты. Бір жақсысы, Шолпан үстінде осы сияқты тақта-тақта болып келетін тастар көп. Ол сонда барып шынымен-ақ қарайған бір шағын үңгірді де байқады. Үңгір аңғардың қабырғасында еді. Оның қалай пайда болғаны, қашан пайда болғаны Шадыман үшін белгісіз-тін. Шадыманға керегі ол емес, сол аяғындағы жарақатты тездетіп таңу болатын. Әйтпесе, қан көп кетеді. Ал сонан кейінгі жағдайы қиындайды. Тіпті, өміріне қатер төнеді.
Шадыман аяғын ауырлап басып, әзер дегенде сол қарайғанға да жетті. Расында да үңгір. Шағын. Іш жағы қапқараңғы. Егер мына тымырсық дала бұлтты болмаса, үңгір іші анығырақ көрінер еді, енді ол онан сайын қарайып тұр. Шадыман алғашында оған кіруге де батпады. Табиғаты бейтаныс Шолпан үстіндегі, аңғар ішіндегі үңгірдің неден пайда болғанын да біле алған жоқ ол. Мақсаты — шамалы болса да салқын жер іздеу еді. Жердегі үңгірлердің салқын болып келетіні белгілі. Ал Шолпан бетінде үңгір қанша терең болса да салқындамайды. Қайта тымырсықтанып кетеді. Шадыман соны білсе де, жайлап үңгірге кіре бастады. Өйткені, басқа жол жоқ еді. Егер үңгір іші кең, төбесі биік келсе, онда сол аяғындағы жарақатты комбинезонның сыртынан емдеп алмақ. Мұндай емдеу әдісі өздерінде алғаш қолданылмақ. Өйткені, Шолпан үстінде комбинезонды шешуге бол- майды. Шешу деген соз — қатерге тап болумен бірдей. Сол ескеріліп, комбинезонның ішінен емдеу әдісі алдын ала ойластырылған.
Шадыман үңгірдің ішіне кірген кезде өзінің аяқ дыбысы ерекше жаңғырықты. Бұл қолындағы қолшамын алып тетігін қосты. Алдыңғы жақ біршама жарықтанды. Енді оның қолшамы қаншалықты қуатты болса да жарығы әлсізденгендей көрінді. Соған қарамастан Шадыман ілгері жүре түсті. Ондағы ойы — әлі де болса салқын ортаға тап боламын ба дегені еді. Жоқ, қайта тымырсықтанып кеткен. Кейін қарағанда құбырдың бір ұшындай болып дөңгеленген үңгір аузын көрді. Ең бастысы — мұның ішінде ештеме болмауға тиіс деген ой бар еді. Сондықтан да Шадыман ештемеден сескенген жоқ. Үңгірдің ішінен жайғасып отырып, жарақатын лентамен жамайтын орын іздеді.
Тарс-тұрс еткен өзінің аяқ дыбысы күшейткіш арқылы құлағына анық жетті. Дыбысты күшейткені — үңгір ішінде оқыс дыбыс бола қалса, соны есту болатын. Әзірге ешқандай дыбыс шықпады. Бірақ табиғаты беймәлім Шолпан ғаламшарының үңгірінен ештеме шықпайды деп ойлаудың өзі де келте болары хақ. Шадыман тағы да ілгері жүре түсті. Қолындағы қолшамымен үңгірдің қабырғаларын анықтап көреді. Төбе тұсында емшектенген тастар көп-ақ. Олардан бір кездері су тамшылаған да сияқты. Шамның жарығы түскен кезде олар хрустальша жылтырап кетеді. Мұндай көрініс Шадыманға таңсық еместі. Өзі геолог болған соң Жерде жүргенде мұндайлардың талайын кезіктірген. Бірақ мына емшектенген тастар олармен салыстырғанда бөлекшелеу.
Шадыман жүре-жүре бір үлкендеу, кендеу орынды тапты. Осы жерге жайғаса отырып, сырқыраған сол аяғын ұстап біраз кідірді. Енді ол комбинезонның сыртынан сипау арқылы жабысқақ лентаны сол жарақатқа апаруға кірісті. Онан бұрын жарақат орнын тазалаудан өткізді. Сөйтіп, жабысқақ лентаны апарды. Сол кезде жарақаттың ашуынан даусы да шығып кеткен. Ол өзіне зиян болып шықты. Үңгір іші қаңғыр-күңгір жаңғырығып жөнелді. Кей жерлерінен тас та құлай бастаған. Енді бір кезде үңгірдің түкпір жағынан бірнеше майда көздер пайда болды. Шадыман тез есін жиды. Қолына қуатты тапаншасын алып үлгерді. Сол кезде әлгі бірнеше көз өзіне қарай жылжи берді. Алғашында Шадыман оның не екенін ажырата алмаған еді, енді байқады. Бірнеше басты айдаһар сияқты. Жылжығаны, ысылдағаны естіледі. Шадыман не істерін білмеді. Шолпанда мұндай құбыжық болады деп қайдан ойласын. Сол аяғының жарақатын таңып үлгергеніне қуанған ол ширақ түрегеп, кейін шегіне берді. Әлгі көздер жақындап қалған. Шадыман енді шыдамады. Қолындағы тапаншасынан оқ жіберіп барып тағы кейін қаш- ты. Әлгі көздердің бір-екеуі жоқ болды. ЬІсыл күшейе түсті. Шадыман да аяғының ауырғанына қарамастан қашып келеді. Әлгі қуып келеді. Үңгірдің аузына таяғанда байқады, шынымен-ақ бірнеше басы бар, торт аяғы бар құбыжық.
Шадыман оған қарай тағы да бірнеше оқ жіберді. Құбыжықтың даусы шықты. Бірақ соңғы көзі сөнбеді. Ол өзін үңгірден сыртқа шыққанша қуды. Шадыман үңгірден шыға бір тасқа сүрініп ұшып түсті. Сол кезде әлгі құбыжық та жетіп қалды. Ол жан даусымен ысылдап өзіне қарай тап берді. Шадыман тағы да оқ жіберді. Бірақ ол тимей кетті. Енді не де болса құбыжыктың жалғыз басымен алысуына тура келді. Егер қалың комбинезоны болмаса, сол жалғыз бастан жаландап шыққан тілдің өзі отша қарып түсер еді. Комбинезонның жылтыр тысынан тілі тайып, қайта өз аузына кіріп жатты. Тап ертегідегі көріністей. Қанша дегенмен көп басынан айрылған құбыжық әлсіреп те қалған. Бірақ жалғыз басы айнала қозғалып, жан тәсілім еткісі келмей-ақ жатыр. Алғашындай емес, оның жүрісі де әсер етсе керек. Тұла бойынан бұрқырап бу да шықты. Дем жетпегендей аузын аша берді, аша берді. Шадыман қолындағы қаруын мықтап ұстап, атқалы тұр еді. Кенет әлгі бастың өзінің денесіне сарт ете қалғанын бір-ақ білді. Анадай жерге ұшып кетті. Соған қарамастан тез түрегеле беріп еді, құбыжық басының өзіне төніп қалғанын байқады. Енді қару көздеуге де мүмкіндік қалмаған. Жуан басты құшақтай алды. Сол заман бас жоғары қарай көтеріліп барып тасқа соғылды. Бұл оның Шадыманды тасқа езіп өлтірмек әрекеті еді. Шадыманның бақытына қарай тас сәл шет келді. Құбыжық басының өзі соғылып, алғашқыдан есеңгіреп қалды.
Бірақ арпалыс жалғаса түсті. Құбыжықтың суық мойнынан мықтап ұстаған Шадыман онымен бірге айналып жүрді. Сонда да қолын ажыратпады. Тас қылып ұстап алды. Ажыратса, анадай жерге ұшып түсетін болды. Құбыжық та өзі күтпеген мұндай тіршілік иесінен құтыла алмайтынын сезгендей. Қайта-қайта сол тасқа басын ұра берді. Сөйтіп бір кезде әлсірей де бастады. Егер оның қалған алты басы аман болғанда, Шадыманның әлі түкке келмеген болар еді. Бақытына қарай қуатты карудың күшімен оларды үңгір ішінде жойып үлгерді. Енді соңғысын құрту қиынға түсті. Атудың реті де келмеді. Сөйтіп баспен бірге айнала берді, айнала берді. Уақыт өткен сайын құбыжықтың әлі кете бастады. Сырттағы ыстыққа ол үйренбеген тәрізді Шадыманның ойлауынша ол тек үңгір ішінде жататын бірдеме. Ал тамақты қайдан табатыны, суды қайдан ішетіні Шадыманға түсініксіз еді.
Енді біраздан соң Шадыманның қолы тала бастады. Оның үстіне жыландай суық құбыжықтың мойнын құшақтап тұру қандай тітіркенішті. Жанында жан баласы жоқ болғандықтан, жан керек болғандықтан бәріне барды Шадыман. Басқа амал қалмаған еді. Қалай да өзін сақтауы керек. Баспен бірге айналып жүріп Шадыман үңгір жақ тұстан шағын биік тасты аңғарды. Енді соған қарай секіріп кетпекті көздеді. Бас айналып солай қарай жақындаған сәтте ол сол жоспарын орындады. Бірақ тек қозғалды. Тас үстіне түскен бойды тапаншасымен құбыжыққа қарай бірнеше рет оқ атты. Құбыжық сол кезде қатты тітіркеніп, өзіне қарай бір-екі адым басты да, қозғалыссыз қалды. Әлгі басы да тас үстіне соғылды. Бірақ енді ол соңғы рет еді. Шадыман есін тез жиды. Үңгірдің ішінен тагы осындай бірдеменің шыкпасына кім кепіл. Тездетіп аңғардан шығуға талпынды. Оның жайпақтау келген жерін тауып, биікке көтерілді. Содан соң барып қана әлгі құбыжықты көрді. Денесі таспақаға ұксаған, бастары да сондай бірдеме екен. Өзі алып. “Қалай жеңдім оны” деп Шадымен бір ойлап қойды. Адам жанталасқанда күшті болып кетеді. Өзінен қанша есе алыпты женді. Бірақ ол қарудың да күші еді. Енді Шадыман Шолпан мүлдем тіршіліксіз деген ойынан қайтты. Қандай орта болмасын, онда қандай да бір тіршілік иесінің болатыны анық болып шықты. Көпке дейін көкейінен әлгі құбыжық кетпеді. Енді ол тіпті, ұйқтай алмайтын да халге жеткен. Тездетіп келген жолына түсті. Өзін достарының іздеп жатқанын да ойлады. Уақыттың біраз өткенін де электронды сағатына қарап білді. Сөйтіп, Емшектауға қарай жүрді. Бұлтты аспан сол қалпында еді. Тымырсық қысып барады. Шадыман қатты қалжырады. Енді далада жатудың да мүмкіндігі жоқ-ты. Тағы да жаңағы сияқты бірдеменің кездеспесіне кім кепіл. Осыны ойлаған Шадыман шамалы кідіріп-кідіріп айдалада келе жатты. Осыдан шамалы уақыт бұрын көрінген ауыл да жоқ. Оның нендей елес екенін де ажырата алмаған. Бірақ ауыл екені анық еді. Кәдімгі қазақ ауылы. Дархан далаға қонған тамаша ауыл. Ыстық ауыл. Шадыман біраздан соң өзімен-өзі күбірлеп сөйлесті. Сол аяғының жарақаты әлі де сыздап ауырып келеді. Сонда да дес бермеуге тырысты. Әншейінде жап-жақын көрінетін Емшектауда жарақаттанған соң алыстап кеткендей. Шадыман біраз жүрген соң тіпті қалжырады. Әр адымын санап басуға кошті. Сөйте-сөйте біраз жерді артқа тастаған еді. Жол жеткізбеді. Алғашында осылай қарай шыққанда денсаулықтың, қажырлылықтың күшімен көп нәрсені білмей қалған екен. Енді денесі ауырлап келеді. Үстіндегі комбинезоны да салмақтанып кеткендей. Тұла бойы терлеп, көз алды қарауыта бастады. Бірақ Шадыман оған да мән бермеуге тырысып еді. Жоқ кенет қос құлағы шыңылдап жөнелді. Қарсы алдындағы қызғылт-сарғыш әлем бірте-бірте ағарғандай болды. Содан соңғысы қалай болғаны белгісіз. Тақ жалпақ тастың үстіне қарай құлап бара жатқанын сезді.
АУЫЛДАҒЫ ДҮРЛІГУ
Шолпан мен бейтаныс жігіт ауыл көшесін аралап өтіп, үйіне келгеннен кейін тұрғындар дүрлігіп кетті. Әсіресе, бұл оқиға Шолпанның әкесі Ералыға, анасы Перизатқа, інісі Арғынғазы, ағасы Қажыбек, сіңлісі Айымгүлге жеңіл соққан жоқ. Сол күннің ертеңіне әкесі Ералы қалаға аттанбақ болған. Одан бұрын ауыл ақсақалдары болып орталық үйде жиын жасады. Сол жиында кешегі болған окиғаның не нәрсе екенін түсінуге тырысып бақты. Елес дейтін елес емес, галографиялық көрініске де келмейді. Егер олар елес болса, барлық тұрғын бірдей көрмес еді. Ендеше елес емес. Шолпанның өзі. Ауыл ақсақалдары Шолпанның жоғалғанын да енді білген. Ғаламшараралық сапарды басқару орталығындағылар үй-ішін әбіржітпеу үшін ол жайлы айтпаса керек. Мына оқиғадан кейін бәрі ашылды. Ол Шолпанның үй ішін онан сайын дүрліктірген. Тек бір әулет емес-ау, күллі ауыл дүрліккен жоқ па. Кім-кім де тек осы жайлы айтады. Сол туралы жазады. Енді өткен бірнеше күннің ішінде ауыл ішінде ол жайлы қаншама әңгіме тарады десеңізші.
Ақсакалдар можілісі полендей нэрсені түжырымдай ал- мады. Содан соң Шолпанның әкесі Ералы мен ағасы Қажыбек қалаға аттануға жиналды. Сол күні кешке Ералы ғалам- шараралық сапарларды басқару орталығына видеотелефон соқты. Ондағы кезекші пәлендей нақты жауап айтпады. Бірақ екі арадағы әңгіме біразға созылды.
— Бәлкім, ол елес болар? — деп сенгісі келмеді кезекшінің.
— Ешқандай да елес емес. Қызымның өзі. Олар бізді көрді. Бірақ тілдесе алмадық. Мұны ғалымдар уақыт пен кеңістіктің сәйкеспеуінен деп түсіндіруде. Сонда қалай болтаны, менің қызым сол уақыт пен кеңістіктің басқа бір қиылысына шығып кеткені ме?
— Олай болуы да мүмкін, — деді қияқтай мұрты бар, дөңгелек жүзді, қой көзді жас жігіт, — бірақ мен ондай көріністің тап сіздің аулыңызда болып отырғанына таңмын.
— Егер біздің үй-ішіміз ғана көрсе бір сәрі. Оны күллі ауыл болып көрдік. Шолпан тіпті, бізбен тілдескісі де келді. Бірақ ол да, біз де жақындай алмадық. Екі арамызды қандай да бір шыны қабырға бөліп тұрды.
— Шыны қабырға?
— Иә. Қандай да бір шыны қабырға. Кәдімгі ертегідегі дуаланға шыны қабырға тәрізді. Мұндай да болады екен. Содан қызым қасындағы бір жігітпен көше бойлап жүріп, ауылдан шығып кетті. Біз соңынан топ-топ болып жүгіріп едік, олар төбеге қарай өрледі. Содан соң тағы біраз уақыт өткенде екеуі де зым-зия болды. Бәрі де көзді ашып-жұмған- ша болды. Ештемені түсіне алмадық. Күні бойы сол көріністі қайта көрмекке дәмелендік. Бірақ онан ештеме шықпады.
— Біз Шолпандағы геологтармен сөйлестік, — деді жігіт қолына бір жапырақ ақ қағаз ұстап, — олар әлі қызды таппапты. Бірақ олар Шолпанның тірі екендігіне, бір кісілердің қолына түскендігіне шүбә келтірмейді. Бәлкім, сол жоғары дамыған адамдардың әрекеті болар, өткендегі көрініс деп те топшылап отыр шолпандықтар. Біз де қарап отырған жоқ- пыз. Ең жаңа деген, ең қуатты деген күрделі құралдарымызбен зерттеу жүргізудеміз. Әзірге жаңалық жоқ. Ең бастысы геологтар Шолпан бетінде қандай да бір өзгеше құбы- лыстың болып жүргенін бірнеше рет тіркеді. Олар да ауылды, қаланы, мұхитты көрген. Ал сол көріністерді жасап жүрген кімдер, қалай екеніне ешқайсысы көз жеткізген жоқ. Бүгінде геологтар Шолпанды қатты іздеу үстінде. Сондықтан сабыр етіңіздер. Бәрі де жақсы болады. Қыз табылады. Жерге де оралар. Сол кезде барлық құпияны білетін боламыз біз.
— Ләйім сол мақсатымызға жетейік, — деп Ералы көңілденіп қалды, — Шолпан қызымыздың мұндай күйге ұшырағаны бізге өте ауыр соғып отыр. Қайтеміз енді. Басқа салса, амал жоқ. Жерде жоғалса бір жөн. Ұлым Қажыбек екеуміз ертең қалаға аттансақ па деп отыр едік. Оның қажеті болмағаны ма сонда.
— Қалаға келіп шаршаудың қажеті жоқ. Біз бар жағдайды өздеріңізге дембе-дем хабарлап тұратын боламыз. Шолпан табылады деп сеніңіз. Cay болыңыз, — деді жігіт.
— Сау болыңыз, істеріңіздің сәтін берсін! — деді Ералы толқып.
Содан соң видеотелефонды сөндірді. Айналасында отырған жұбайы мен балалары, көрші-қоландары үйсіз отырып қалған. Бәрі де өзінше бір ойға батқан. Ералы кішкентайынан- ақ Шолпан жұлдызға құмар-тын. Өзі жұлдызшы болмаса да жұлдызды әлемге қарауды әуес тұтатын. Қазақ халқының ежелден танитын бес жұлдызың — ғаламшарын: Олпанды, Шолпанды, Қызыл ғаламшарды, Есеққырғанды, Қоңырқай ғаламшарды жақсы білетін. Мектеп қабырғасында жүргенде де сол ғаламшарларды шағын көру құралымен бақылайтын. Кейін үйленіп, үй болғаннан сон да жұлдызды әлем жайлы кітаптарды жиі оқып жүрді. Үлкен ұлынан кейін дүниеге келген қызының есімін Шолпан қойды. Өйткені, қызы Шолпанның таңғы шақта туатын мезгілінде дүниеге келген-ді. Сол Шолпан өсе келе геолог болды. Онан ғарышкерлер құрамына еніп, өзі есімдес Шолпан ғаламшарына аттанды. Бәрі де жақсы еді. Шолпан Шолпанға кетіпті деген жақсы сөз де елге тез тарап, оның бейнесі газет-журналдарға басылған. Стереотеледидарлардан, стереофильмдерден көрсетілген Шолпан қыздың есімі сөйтіп аз уақыттың ішінде Жер шарына тараған еді.
Отырғандар Ералыға қарап ештеме айта алмады. Бәрі де жауапты да, сөзді де өзінен күтіп отыр. Шолпанның әкесі отырғандарды көзімен тағы шолып өтті. Ештеме айта алмады. Көпке дейін аузына бір сөз де түспеді. Аз ғана уақыттың ішінде өзінің балалық шағын, Шолпан қызының балалық шағын, қалай оқығанын, қалай ғарышкерлер құрамына енгенін көз алдынан өткізді. Шолпанның ғарышкер болғанын да қалаған еді. Оның жолына кедергі де жасаған емес-ті. Енді мына оқиға өзін де, өзгені де сарсаңға салды. Ера- лының бір ойлағаны, Шолпанның ессіз қыз еместігі. Ол ешқашан да әкесін, шешесін, Жерін, туған жерін сатпақ емес. Ал өткендегі бірге жүрген жігіттің кім екенін, қай ғасырдың адамы екенін де біле алмаған. Қаладағы ғалымдар ажырата алмай отырғанды ауыл адамдары қайдан біле қойсын. Ералы соңғы күндері белін де жаза алмай қалған. Онысын түсінген көрші-қоландар сөзбен болса да демеу үшін осы үйден шықпайды. “Ғарышкер қыз Шолпанның үйі” деп атайды ауылдағылар. Бұдан бұрын осы үйде емен-жарқын әңгімемен шай ішіліп жататын. Енді көңілсіздеу. Бірақ сонда да болса үміт үзілген жоқ. Шолпанның жансыз денесін өз көзімен көрмейінше Ералы да, Перизат та сезбек емес.
Шолпанның анасы Перизат та үнсіз. Ол ішінен қатты толқып отыр. Бір сөз бастаса болды, көз шарасынан мөлт-мөлт жас төгіліп жөнелмек. Сонысын біліп, айналадағыларға көз қырын салып қояды. Мұндайда үлкендердің өз алғаны дұрыс. Кішіге ақыл, басу айтады. Бүгін де бұл үй бір адамынан айрылғанмен бірдей күйде. Ежелгі қазақ халқы адам қайғы-қасіретке ұшырағанда басу айта білген. Оны салмақты болу үшін үлкендер айтатын. Бүгінде адам қасіретке ұшыраса, бір сөз айтпайды, бар болғаны неше түрлі ине сұғып, дәрі жібереді. Сонымен тыныштандырғысы келеді. Ал ол адамның жан-дүниесіне терең бара алмайды. Денеге ғана, организмге ғана уақытша әсер етеді. Ал сөз сүйектен өтеді. Осыған сай мақал да халық арасында бекер тарамаса керек-ті. Перизаттың үлкендерге иек артып отырғанының да бір себебі сол дәстүрді жақсы білетіндігі еді.
Біраздан соң сөзді ауылдың ең үлкен ақсақалы Жақсыбек алды. Отырған дүйім жұрттың күткені де сол еді. Жақсыбек Ералының сөзінің соңын күтіп, сабырлылық сақтап отырған. Іштегілердің бәрі де іштерінен “Енді сіз бірдеме айтыңыз” дегендей өзіне қараған соң-ақ ол аппақ сақалын оң алақанымен бір сипап алып сөйлеп кетті.
— Үмітсіз сайтан, деген, — деп бастады ол сөзін қоңыр даусымен, — Шолпаннан күдер үзуге болмайды қарақтарым. Ештемеге көз жеткізбей тұрып қайғы-қасіретке салы- на бермендер. Кім біледі, ол Шолпан ғаламшарының бір жерінде адасып жүрген шығар. Ғаламшар бір ауылдың іші емес. Ұшы-қиыры жоқ дала. Сай да бар, құз да бар, шың мен шыңырау да бар. Тек құдай аман етсін жас қызды. Адамның мандайына жазған тағдырына ешкім де араша бола алмайды қарақтарым. Сондықтан Перизат, егіліп, езіле берме. Басынды көтер. Үміт ет. Балаларыңның амандығын тіле құдайдан. Ел аман болсын, ауыл аман болсын.
Жалпы, өзі Шолпан әйел есімімен байланысты ғой, деп сөзге араласты Жақсыбектен соң Шолпанның ағасы Қажыбек сол де болса көңілі орныққандай сергіп, — халқымыздың аңыздарына қарасаңыздар, ылғи қызбен байланыстырылады. Ғаламшардың Шолпан аталуының өзі де содан туындап жатады. Жерден кеткен Шолпан есімді қыздың есімі деп айтылады. Мұндай аңыз өзіміздің әжемізден де тараған. Оны білмейтініміз жоқ. Сол Шолпанға қарындасымның барғанына қуанышты едім. Енді оның жоғалуы ауыр соғып түр. Бірақ мен өзім қарындасымнан үмітімді үзбеймін. Табылады деп сенемін.
Үй ішіндегілер тағы бір сәтке үнсіз қалды. Шыбын ызыңы естілетін тыныштық. Аксақалдар да бастарын сол төмен беріп отырып қалған. Сонау Шолпан ғаламшарында жоғалған қызды табылады деп сендірудің өзі де оңай емес. Ақсақалдар оның үстіне сол саламен айналысқан жоқ-ты. Тіпті, Шолпан үстінде қандай жерлер барынан да аз хабар- дар. Шолпан түгілі мына Жердің бетіндегі адам баспаған жер аз ба. Табиғат құпиясы таусылмақ емес. Уақыт сияқты ұстатпай кете береді. Оған бір адамның ғана ғұмыры жетпейді, тіпті бүкіл адамзаттың ғүмыры да шеше алмай келеді. Бір Құпиядан екінші құпия туындайды. Сөйтіп жалғасып кете береді. Адам ғұмырын қызықты ететін де сондай таусылмас құпия сырлар. Әуелі аспанда қалай ұшуға болатынын армандаған адам баласы енді жұлдызды әлемге сапар шекті. Күн жүйесіндегі ғаламшарлар Жердегі ірі-ірі қалалар сияқты болып қалды. Олар туралы күнделікті стереотеледидардан хабарлар беріліп жатады. Бүгінде Жер шарындағы қалалар қол созым жерде тұрғандай әсер етеді. Қалалар түгілі көктегі әдемі Айдың өзі де жақын көрінеді. Өйткені, оған барып келіп жатқан ғарыш кемелері қаншама. “Айға барып келдім. Ананы көрдім, мынаны көрдім” дегенге енді ешкім де танданбайды. Өзі де ондағы көріп-білгендерін қоса әңгімелеп кетеді. Мұндағы елге таңсықтау болып тұрғаны ыстық Шолпан мен суық Қызыл ғаламшар екеуі. Ал Ай ғаламшарына осы ауылдың өзінен де барып келген бірнеше адам бар. Сондықтан да ауыл адамдарының әңгімелері арыдан басталады. Қазіргі әңгіменің төркіні де енді басқа ғаламшарларға ауған. Ол Есекқырғанның, Қоңырқай ғаламшардың төңірегіндегі жыпырлаған серіктер жайлы еді. Бүгінде олардың біразында ғарыш базалары орналасқан. Ганимед, Титан, Тритон сияқты серіктер Жер тұрғындарына жақсы белгілі. Оған да барып келіп жатқан ғарышкерлер қаншама. Олардың арасында қатерге ұшырап жатқандары да кездеседі. Бірақ әзірге тап осы Шолпандағыдай құпия оқиға болған емес-ті. ІІІолпанның әке-шешесін қинаған да сол еді.
Үй ішіндегілер түннің бір уағына дейін отырды. Әңгіме қызып, ұзаққа созылды. Осындай бір көңіл бөлетін бас қосу болмаса, бұл үйдің адамдары өздерін қоярға жер таппас еді. Ал адамдардың осылайша жиналып, әңгіме-дүкен құрып отыруының өзі көп нәрсені ұмыттырады, көп нәрсеге үміттендіреді. Жиналудың басты мақсаты да сол болатын. Отырғандар бірінен соң бірі әңгімені жалғап әкетіп, Күн жүйесіңдегі барлық ғаламшарларды, олардың серіктерін тілге тиек етті. Ақсақалдардың түрлі әңгімелері отырғандарға ой салған. Бүгінгі күні жүзеге асып жатқан ғарыштық ұшулардың ерте заманда-ақ қазақ аңыздарында айтылатындығы кім- кімді де қайран етпей қалған жоқ. Тіпті, басқасын былай қойғанда, мына Шолпанның атының шығуының өзі бір сәйкестік емес пе? Қазақтың шолпы деген сөзінен шығып отыр. Онан Шолпан, яғни шолпы таққан қыз мағынасын берсе керек. Ал аңыздағы Шолпанның сол ғаламшарға барып, оған Шолпан есімін беруі де бір ғажап іс. Барлық ғаламат адамзаттың аңызына тараған. Сол аңыздағы ойлардың арманның негізінде келіп жүзеге асып отырған. Бүгінгі күні де солай болып келеді. Шолпанға ғарышкерлердің баруы, ондағы аймақтардың бәрінің дерлік әйел есімімен аталуының өзі де сол аңыздың құдіреттілігі деу керек.
Таң атуға таяғанда үйдегілер тарауға бет алды. Бұл бір қайталана бермейтін отырыс еді. Мұндай отырыс ілгеріде, қазақ халқы көшіп-қонып жүрген заманда болатын. Сол та- маша дәстүрдін бүгінгі ғарыш заманында да қайталанып отырғаны бір ғанибет еді. Несі бар, қазақтың өз салт-дәстүрі қайта оралса, оған кім қуанбас. Бүгінде де айтылар аңыз бен әңгіме аз емес. Тек ағайынның басы қосылса, тату болса құба-құп. Бүгінгі бас қосу сондай бір туыстық дәстүрдің тамаша бастамасы еді. Күні кешегі ауылдағы дүрлігу де осы отырыстың арқасында басылды. Қайғырған адам есін жиды, ақылға тоқтады. Ауыл ақсақалдарының құдіреті де сол-тын. Енді Ералы да мұндай дәстүрді суытпай жалғастырып отыру керектігін ұсынған. Ақсақалдар жағы қуана құптап, бәрі сыртқа шықты.
Бұл кезде Шолпан күн батысқа қарайғы қозғалысын тоқтатып, енді Күнге қарай бет алған-ды. Бүгінде Шолпанның бұл қозғалысын екінің бірі біледі. Ол бірде Күннің батыс жағына, бірде шығыс жағына шығады. Сөйтіп, оның Күнді айналғаны білінеді. Оны кез келген адам аңғара бермейді. Ал бүгінде оған талай-талай ғарыш кемелері барып, келіп жатқандықтан әрбір адам Шолпанның қозғалысына назар аударады. Сыртқа шыққандар да Күнге қарай жылжи бастаған Шолпанға қарап тұрып қалған. Ол баяу қозғалады. Оның өзгерісін бір қарағанда ешкім де көре алмайды. Тек жарқыраған түрін ғана тамашалайды. Ал егер қуаты шағын бақылау құралымен қараса, оның орақтанғанын көреді. Ол орақтанудың өзгерістерін де бақылай алады.
Шолпанға бір топ адам табына қарап тұрды. Шолпанның анасы Перизат ішінен қызының аман-есен табылуын тілеп, күбірлеп те тұрды. Енді біраздан соң өзін-өзі ұстай алмаған ана көзіне жаста алған. Әкесі Ералы ғана қатайып, төңірегіндегілерге ішкі қасіретін сездірмей тұр. Ауыл адамдарына дәл қазір Шолпан жұлдызына қарап табынғаннан басқа ештеме де қалмаған еді. Әп-сәтте ұшып бара қоятын астарында ғарыш кемесі де жоқ. Оны кім берсін. Егер Ералы ғарышкер болғанда баяғыда Шолпанға аттанып кетер еді. Ағасы Қажыбек те ішінен сол Шолпанға ұшып жетуді армандап-ақ тұр. Бірақ ол да қарындасы Шолпанның ғарышкер дәрежесіне қаншама енбекпен жеткенін жақсы біледі. Ғарышкер болу да оңай емес. Тұрғандар Шолпан ғаламшарының ғажайып сүлулығына, аппақ лапылына тәнті болды.
Оган баруды, оның таулары мен тастарын шарлауды кім ар- ман етпеген. Шолпан сонда кеткенде ауылдың бәрі де тулеген еді. Енді сол сөздер күрт тиылды. Оның орнын аяушы- лық создері басты. Олай демеске шара бар ма. Ғаламшараралық кемелерді басқару орталығындағылар да ештеме жасай алмай отыр. Шолпандағылар болса да іздеуде. Оны Ералының үйіне жиналган көрші-қолаңдардың бәрі де біледі.
Олар ұзақ тұрды. Ежелгі қазақтардың жаңа Айға табынғанындай көрініс. Айға қазақ халқының бекер табынбайтыны да белгілі. Түсінбеген адамға ол бір қызық, күлкілі көрінуші еді. Ал ғылым оның дұрыстыгын дәлелдеп берді. Айға қарау да керек, табыну да керек. Өйткені, оның Жерге, жердегі тіршілікке беретін ықпалы ерекше. Ол адамга да, хайуанаттарға да, андарға да, өсімдік әлеміне де әсер етеді. Тіпті, ең ғаламат деген мүхит пен теңіздің өзін де тасытып, кайтармай ма? Қазақ халқы осыны ежелден білген. Тек кағазға жазбаған. Сондықтан да ол ауызға ғылым болып қала берді. Жалпы жүлдыздардың да ықпалы болмауы мүмкін емес. Мына жарқыраған Шолпанның да титтей де болса өзіндік үлесі бар шығар-ау. Тұрғандардың оған карап тәнті болуының да артық еместігі осыдан көрінеді.
Біраздан соң Ералы ішінен бірдемелерді күбірлеп, екі алаканын жайып, бетін жеңіл сипады. Таңғы суык тұрғандардың денелерін түршіктіре бастаған да еді. Ералы соны да түсінген. Ол енді “Үйге кірелік” дегендей жанындағыларына қараған. Тұрғандар бірден түсініп, үлкен үйге қарай бет алды. Бұл кезде үйдегі қуатты электр қондырғысында шайда сақырлап қайнап жатқан-ды. Шолпанға табынушылар төргі бөлмеге өтті. Тез арада дастарқан да жайылды. Ақсақалдар жағы бата жасап, Шолпан қыздың Шолпаннан табылуын, аман-есен оралуын тілеп бет сипасты. Осыдан соң шай ішілді! Тағы да Шолпан қыз жайлы әңгіме қозғалды. Енді шамалы уақыт аралығында Шолпан табылмаса, Ералы қалаға аттанбақ болды. Отырғандар осындай шешіммен тарасты.
Достарыңызбен бөлісу: |