БАҒдарламасы бойынша шығарылды шолпанға көшкен ауыл Жетінші роман



бет4/17
Дата31.01.2018
өлшемі3,73 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

ҚАРА ДЕНЕ ҚҰПИЯСЫ

Шолпан бүгін ерте оянды. Төсегінен жайымен түрегеп, жеңіл киініп, терезеге жақындады. Онан лапылдап көгілдір жұлдыз көрініп тұр еді. Ол — Жер болатын. Шолпан өзінің туған ғаламшарын бірден таныды. Терезе алдында тапжылмай қарап тұрып, көзіне жас та алды. Осыдан шамалы уақыт бұрын ғана сол ғаламшарда өмір сүрді. Мұндай жағдайға тап боламын деп ойламады. Енді бері де түс көргендей. Тұрған елі де, жатқан үйі де ертегідегідей құбылыс. Не сенерін, не сенбесін білмейді. Сенбейін десе, бәрі рас. Сенейін десе, мына құбылыстың бәрі де ғайыптан пайда болған сияқты. Емшектаудан қолдан жасалынған табиғат ортасы жай нәрсе екен. Ал мұнда табиғатты да, әлемді де өзгерте салу қолда сияқты. Шолпан соған қайран болып жүрді. Әсіресе, оны соңғы кездері ойландырған бір нәрсе еді. Ол қара дене болатын. Қара ойық дегенді бұрыннан біледі. Шолпан мұны сол қара ойықтың қолға түсірілгені деп түсінді.

Терезеден әлгі көгілдір жұлдызға — Жерге ұзақ қарап отырып, өзінің осы жерден көргендерін есіне алды. Қара дененің не үшін қажет екенін түсіне алмады. Абзалдан да сұрамаған. Ол екеуі күндіз кездеседі. Қыдырады. Түрлі әңгіме айтады. Бір ауылдың еркесі ретінде емін-еркін жүреді. Тек кете алмайды. Қайда, қалай қарап кетерін де түсінбейді. Әйтпесе, баяғыда-ақ Емшектауға қарай кетіп қалар еді. Бүгінде Шолпан Емшектаудың қайда қалғанын да білмейді. Әйтеуір түсініксіз бір әлем. Бірде былай өзгереді, бірде олай өзгереді. Мұндағы адамдарға қыс мезгілін жасау да, жаз бен күз, көктем мезгілін жасау да оңай. Ол ол ма, күллі табиғатты өзгерте салады. Шолпан сол құдіретке ақыл жеткізе алмады. Ауа-райын, табиғаттың кейбір жерін өзгертуге адам баласының ақыл-ойы баяғыда жеткен. Ал мынандай өзгеріс жасау таңғаларлық нәрсе. Абзалмен әңгімелескен күндері Шолпан біраз нәрсені білді. Бірақ осыны түсіне алмады. Қазір терезе арқылы сыртқа қарап тұрып, өзінің қай ортада, кеңістік пен уақыттың қай нүктесінде екенін де ажырата алмаған.

Шолпан терезенің сол шетіндегі кішкене түймені сұқ саусағымен басты. Сол замат терезе жайымен ашыла берді. Таңғы самал соқты. Тынысы кеңіп сала берді. Мұндай ғажапты ол бала кезінде ауылда жүргенде көруші еді. Ал мына Шолпан ғаламшарында мұндай көрініс болады деп ұш ұйқтаса ойына кіріп пе? Енді аң-таң. Көңілі де сергіп, ұйқысы шайдай ашылып кетті. Содан келесі бөлмеге еніп, ондағы жағдайластырылған ортада беті-қолын жуды, біраз жаттығу жасады. Егер достарым бірге болса, осы ғажаптың бәрін көрсеткен болар едім деп бір армандап қойды Шолпан. Бірақ қолынан келер ештеме жоқ. Ал онан да бұрын мына құпия әлемді түсініп алсын да. “Қандай бақытты адамдар бұлар, — деп ойлады бір кезде, — қалаған әлемін жасап алады. Қолдары бос. Емін-еркін жүреді”. Ал біздің тіршілік қандай. Мұнымен салыстырғанда күйкі тірлік екен ғой. Шолпан енді сыртқа шыққысы келді. Қазаққа тән әдемі киім киіп, бірнеше бөлмені аралап өтіп, сыртқа да шықты. Айнала осем табиғат. Абзал екеуі қыдырған қыр да, тау да, ойпат та өзгермеген. Салқын самал соғады. Ауаның тазалығы сондай, көкжиекке жақын жұлдыздар лап-лап етеді. Шолпан өзін басқа бір ғаламшарда тұрғандай сезінді. Содан ілгері қарай жүре берген. Бір кезде ол жұлдыздардың арасынан қарайған бірдемені байқады. “Қара ойық деген осы ма?” деп кілт тоқтап тұрып қалды. Сырын білмеген нәрсеге жақындауға болмайды. Шолпан сақтық жасап, кідіріп, әлгіге қадала қарады. Енді оған жетпей тұрған нәрсе Абзалдың қасына келуі еді. Ол да болды. Бәрі де адамдар қиялдап айтатын жұмақтағы оқиға тәрізді. Не ойласа болды, сол бола қалады. Қандай да бір техникалық жүйені ми биотогымен басқару бұрыннан бар нәрсе. Тіпті өздерінің геологиялық қондырғыларының біразы да сондай әдіспен басқарылатын. Аа мына құбылыс тіпті басқа. “Қасыма Абзал келсе екен” деген титтей ғана ой келіп еді, ол естіп қойғандай қасынан табылды. Шолпан онымен жылы амандасты. Қыздың ішкі мақсаты бұл ғажайып адамдар мен елдің бар құпиясын ашу болғандықтан өзін-өзі ұстап бәрімен де жылы сөйлеседі. Абзалмен де туысындай амандасты. Ол Шолпанның нәзік саусақтарынан ұстады. Қыз қараған жаққа бұрылды.

Шолпан, сен неге ерте тұрдың? — деді ол қоңыр даусымен.

— Мына табиғат мені қатты қызықтырады, — деді Шолпан, — бәрі де менің балалық шағымдағы көріністен аумайды. Тек мұнда Шолпан ғаламшарының орнында Жер ла- пылдап тұр. Жұлдыздардың да орындары өзгерген сияқты.

— Сен ғажап қызсың, Шолпан, — деді Абзал оның бота көзіне қадала қарап тұрып, — бірақ әлі бала сияқтысың.

— Бала болып не істеппін? — деп бұртия қалды Шолпан.

— Әлемдік дамудағы балалық кезенді айтып тұрмын.

— Оны қалай түсінуге болады.

— Сендер ата-бабамыздың дана жолынан тайып, басқа адамдардың қате жолына түсіп кеттіңдер. Соның салдарынан көп қателікке тап болдындар. Табиғатты сақтаудың орнына оны құртуға асығасыңдар.

Сонда не істедік? — деді Шолпан Абзалға тік қарап, — не бүлдірдік?

— Ана лапылдап көрініп тұрған көгілдір жұлдыз — Жердің бетінде бүлінбеген не қалды? Жер қазір қақ айрылардай қатер алдында. Оны қоймай, енді мына Шолпан бетін де бұрғылауға кірістіңдер.

— Осы Шолпан ба? Біз Шолпанның бетінде тұрмыз ба?

— Әрине, — деді Абзал.

Бұл қалайша Шолпан болады. Мұнда мынандай табиғат ортасы жоқ қой?

— Бұл көріністі жасап тұрған біз.

Сонда сіздер кез келген ғаламшарға тіршілік орната саласыздар ма?

— Тіршілік дегеніміз жарық.

— Оны бәріміз де білеміз.

— Күллі тіршілік тек сол жарықтың ішінде ғана өте алады.

— Бұл да түсінікті. Қараңғыда ештеме көрінбейді.

Жарық жоғалса, күллі тіршілік қоса жоғалады.

Мұны түсінбедім, — деді Шолпан, — тіршілік қалай жоғалады?

Жоғалады. Ана Күн болмаса... Сен де, мына мен де ғайып боламын.

— Біз сәуле емеспіз ғой, жоғалатын. Тірі адамбыз.

— Түсінбедің, Шолпан, — деді Абзал айналаға қарап, — ал мына табиғат ше? Ана таулар, өзен, өсімдіктер әлемі, жануарлар, құстар мен көбелектер?

— Олар да сәуле емес.

— Жарайды, — деді Абзал, — сенің басыңды қатырмай- ақ қояйын. Бәрін де кейін түсінесің. Онан да жүр. Серуендейік.

— Жүр, — деді Шолпан да балалығы ұстап, — ана таудың басына шығайықшы.

— Шығайық.

Екеуі қол ұстасып жүгіре жөнелді. Таза ауа, салқын самал көкіректерін ашып, жүгірген сайын жігер қоса түскендей. Айнала табиғат та жандана берген. Құстар сайрап, талдан талға ұшып-қонып жатыр. Жігіт пен қыз алысқа көз тігеді. Таудың биік жартастарынан одырайып-одырайып тұрған арқарлар көзге шалынады. Абзал да, Шолпан да кідіре қалып, сол арқарларды барлап қарайды. Бәрі де шын. Бәрі де болып жатқан оқиғадай. Шолпан бұл табиғаттан ешбір жасандылықты таба алмады. Тасты да, өсімдікті де ұстап көрді. Бәрі де шын. Абзал гүлдерден екі-үшеуін жұлып алып қызға ұсынды. Шолпан рахметін айтып, гүлдерден иіскеп қойды. Екеуі де ғажайып бір заманға келгендеріне мәз. Абзал жоғары дамыған елдің өкілі болғандықтан бар құбылысты түсініп, түйсініп тұр. Шолпан ғана сәл күмәнданатын сияқты. Осыдан біраз уақыт бұрын ғана тымырсықтанып қайнап тұрған, ешбір тіршіліктің нышаны білінбеген Шолпанның жалаңаш даласының мынандай күйге көшіп кетуі шынында да сенуге қиын еді.

— Сіз мені дала табиғатына әкелдіңіз. Бұл тамаша. Ал енді қалаға апара аласыз ба? — деді бір кезде Шолпан.

— Қаланы көргіңіз келе ме?

— Иә, — деді Шолпан қызға тән еркелігі ұстап.

— Қаладан жалықпаған екенсіз ғой.

Туып-өскен ортам сол болса, қайтейін. Ауыл демалуға жақсы. Қала өмір сүруге көңілді. Онда бәрі бар.

— Оған әкем рұқсат етпейді, — деді Абзал, — ол қаланы қаламайды. Одан жалыққан. Көргісі де келмейді. Мынандай дархан даланы, таза ауаны жақсы көреді. Атқа мініп алып құйындата шапқанды қалайды. Қазір де әкем өзінің замандастарымен бірге атқа мініп тау кезіп кетті. Өмірдің ең қызығы да сондай серуен деп санайды.

— Сонда сіздер мұншалықты жоғары даму дәрежесіне қалай жеттіңіздер?

— Ғылымның дамуымен. Біз де қалада тұрдық. Бірақ оның шектен тыс жайылуы ғаламшарға қатер туғызды. Сондықтан онан бас тарттық.

— Сонда не істедіңіздер?

— Жойып жібердік.

— Соншама елді қалай жойып жіберуге болады?

— Жойып жіберу сіз түсініп тұрған мағынадағыдай емес. Мына табиғатты өзгерткендей құбылыс.

Шолпан тағы түсінбеді. Ойланып тұрып қалды. Содан соң аспанға қарап, осыдан біраз бұрын көзі шалған қара денені іздеді. Ол жарқырап көтерілген күннің сәулесінен шамалы ғана көрініп тұр екен. Былайша қарағанда, Жердің серігі Айдың күндізгі солғын көрінісін көзге елестетеді. Ал түнде ол қарайыңқырап, қызарыңқырай көрінеді. Оның жанынан өткен ақпа жұлдыздар қызарып бары сөнеді. Бұл құбылыс қара ойыққа тән еді. Бірақ қара ойық бұл маңға қайдан келсін. Шолпан ғаламшары маңында қара ойық пайда болса, мұнан ештеме қалмайды. Барлық дене соған жұтылып жоқ болмай ма? “Қолдан жасалынған дене болмасын бұл деген ойға тірелді Шолпан. Сөйтіп іштегі сұрақтарын да жүйелей бастаған еді. Абзал өзіне ұнайтын бір ұсыныс айтты.

— Шолпан, жаңа сіз қалаға барғыңыз келді ғой?

— Иә, — деді Шолпан, — қаланы да бір көрсек.

Біздің қаламыз өте үлкен болған. Онда жүретін жер де аз. Сіз онан адасып кетесіз. Онан да сіздің достарыңыз жұмыс істеп жүрген аймаққа ауысайық. Қалай қарайсыз?

— Өте тамаша! Мен замандастарымды көремін. Мүмкін солармен бірге қаламын. Ал сіз осында ораласыз.

Ол енді қиын, — деді Абзал жеңіл күрсініп, — біз оларға тек елес болып көрінеміз.

— Елесі қалай.

Қалай десем болады. Елес те емес. Кәдімгі экрандағы құбылыс сияқты. Біз оларды, олар бізді ұстап көре алмайды. Сөйлесе алмайды. Тек көреді.

— Онда қызық емес, — деді Шолпан тегіс жаққа қарап,

— онда тек оларды жұмыстарынан қалдырамыз.

— Менің қолымнан басқа шара келмейді, Шолпан. Табиғаттағы адам билігі қашан да шектеулі. Бір жағын жеңсе, екінші жағынан ұтылады. Әйтеуір жеңе алмайтын бір нәрсесі болады.

Шолпан біраз ойланды. Өзі зым-зия кеткелі біраз уақыт өткендіктен достарын сағынып та қалған-ды. Әсіресе, өзіне ерекше қамқоршы болған Шадыманды жиі есіне алады. Оның өзі үшін қалай қам жейтінін де біледі. Ал жаңағыдай байланыссыз көрініс оны онан сайын күйіндірмей ме? Шолпан осыны ойлады. Бірақ оларға көрінбеуге тағы шыдамады. Ұстап көру міндет пе? Осы теледидардағы көріністерден адам қаншама ләззат алады. Онда өтіп жататын ұрыстан сескенсе, ән мен күйден көңілденеді, өзінің жақсы көретін артисін, не танысын көргенде онымен тілдескендей болып көңілі орнығады. Шадыман да сондай бір күйге бөленбей ме? Шолпанының тірі екенін, осы ғаламшарда елес болып жүргенін біледі ғой еш болмаса. Осы жағы Шолпанга ерекше жігер берді. Абзалға бұрылды да.

— Келістім. Кеттік. Мені көрсетші достарыма. Қол ұстасып, құшақтасып амандаспасам да, бірге араласып жұмыс істемесем де, бірге өмір сүрмесем де, оларға корінейін. Білсін менің тірі екенімді.

— Жарайды, — деді Абзал Шолпанның қолынан ұстап,

— сен үшін әкемнің рұқсатынсыз бір іске барайын.

Шолпан Абзалдың қимыл-қозғалыстарын бағып тұрды. Ол он саусағына түгелдей бір-бірден тағылған жүзіктеріне қарады. Содан соң естілер-естілмес бірдемелерді күбірледі. Ештеме өзгерген жоқ. Содан соң Абзал оң қолының сұқ саусағындағы кішкене жүзікті сипады. Сол кезде аспан айналып, жер қозғалып кеткендей күй орнады. Шолпан қорық- қанынан дауыстап жіберіп, Абзалдан мықтап ұстап алды. Ол қолындағы жүзікті қалай қарай сипаса, күллі табиғат солай қарай жылжитын сияқты. Шолпан түк түсінбеді. Өзі табиғат үстінде емес, қандай да бір алапат телеэкранный үстінде тұрғандай сезініп кетті. Сөз сөйлеуге де мұршасы жоқ. Сөйлесе, өзі күлап түсетіндей. Содан бір кезде қыздың көзі аспандағы солғын денеге түсіп кетті. Одан өздеріне қарай сәуле түсетін сияқты. Бірақ оған қарап тұру мүмкін емес еді. Бекер қарапты. Шолпанның көз жанары қарауытып кетті. Бір сәтке ештемені көрмей де қалған. Абзал өзінің қиын міндетін атқару әлемімен Шолпанныц бұл әрекетін байқамаған. Кенет екеуі де біреу жіппен көтергендей жоғарылап жөнелді. Айнала дүние аласапыран. Біресе тамаша табиғат, біресе бұлттар, енді бірде Шолпанның жалаңаш даласы көрінді. Шолпан ештемені түсіне алмады. Бар болғаны Абзалдың қолтығынан қыса ұстап тұр. Дүние қозғалып барады. Тау да, тас та, өзен де оп-оңай жылжып жөнелді. Осының алдында ғана Шолпан табиғатты қалай жылжыттуға болады деп сенбеген. Енді өз көзімен көріп тұр. Аспандағы солғын денеден жарық қалай құбылса, Шолпан үстіндегі табиғатта солай өзгереді. Тап кәдімгі телеэкрандағы табиғат көрінісі секілді.

Сәлден соң Шолпан өзінің Жердегідей табиғат ортасында тұрғанын көрді. Айнала жыпырлаған үйлер. Көшелер. Зырғып жүріп жатқан түрлі көліктер. Көшелерде ерсілі-қар- сылы ағылған тұрғындар. Шолпан өзінің басқа ғаламшарда тұрғанын ұмыта бастады. Көңілі сергіп, Абзалдың қолынан ұстап, қала көшелерінін біріне түсті. Енді өзіне үйреншікті ортаға қайтып оралғандай. Абзалдың күдіретті күшіне қайран болды. Екеуі енді бейтаныс қаланы қызықтау үшін асыға басып жөнелді.

АСПАННАН КEJIГЕН ҚАЛА

Геологтар бүгін өздерінің істеріне ерте кіріскен-ді. Шолпан табиғаты үшін су бірінші қажет нәрсе. Жер ғаламшарындағы сияқты шалқып жатқан теңіз де, мұхит та жоқ. Су біткеннің бәрі қою ақ бұлттарында. Буланып солай қарай шығып кеткен. Бұл Шолпанға келген әрбір ғарышкерге түсінікті нәрсе. Шадыман бастаған топ әдеттегідей Кең тегіске келіп, бұрғы қондырғыларын орнатты. Содан соң су бұрғылауды жалғастырды. Бұрғылардан шыққан бу бірнеше минут бойы айнала-төңіректі тұмандандырып жібереді де, сәлден соң-ақ түк болмағандай тап-таза болып шыға келеді.

Шадыман жұмысты қаншалықты қадағалап, техникалардың жұмысын қаншама тексеріп жүрсе де, ойының бәрі жоғалған қызда болатын. Ол әрбір келген сайын Шолпанды кезіктіремін бе деп ұміттенеді. Айналадан көрінген қандай бір құбылыс болмасын оның көзіне Шолпан болып елестейтін. Қазір де айналаны бақылаумен болды. Ол тіпті үйшіктегі экрандарды да қостырып қояды. Телекамералар айнала төңіректі үздіксіз фильмге түсірумен болады. Ол бүгінде үйреншікті іске айналған. Телеоператорлар келген бойдаақ камераларын дайындайды. Бұрғышылар бұрғылауға кіріскен кезде олар сол жерді, оның төңірегін лентаға түсіруге кіріседі. Қызу еңбек қайнап жатады. Шадыманның көңілі жұмыс қаншалықты қызса да бір толған емес. Оның көкейінде бір нәрсе жетпей тұрады. Ол — Шолпан. Кең тегістен геологтар мандыртып су да алып жүрген жоқ. Бірақ соған қарамастан Шадыман осында орала береді. Көзі жетіп тұрмаса да “Бұл бір кездегі теңіздің орны. Су болған. Ол ыстық атмосфераға қарай буланып ұшып кеткен” деп батыл болжам айтады. Жанындағы достары иланса да, иланбаса да Шадыманның сөзін жықпайды. Сөйтіп, бұрғылау ісі жалғастырылады. Уақыт өткен сайын бұрғы да терендеп барады. Кейде тіс сынады, кейде техниканың басқа детальдары желінеді. Әйтеуір бір кілтипан болып жатады. Техника болған соң сол.

Жер тәулігімен, уақытымен есептегенде сәске түс мезгілі болған сон геологтар барлық техникаларды тоқтатты. Олардың бұрғыларын суыту үшін тоңазытқыш жүйелердің жұмы- сын күшейтті. Әйтпесе, мына тымырсық ыстық темір екеш темірді де тұншықтырып жібереді. Геологтардың өздері паналайтын үйшіктердің қалың қабырғаларының араларында да тоңазытқыштар орнатылған. Ал тамақ пісіру жағы мұнда оңайдың оңайы. Жарқырап тұрған Күн көзі болмас да, ыстықтың өзі кез келген тамақты әп-сәтте дайын етеді. Ол үшін үйшіктің үстіне тамақ пісіретін жүйелер орнатылған. Олардың өздері де тоңазытқыш арқылы салқындатылады. Қысқасы, мұнда тоңазытқышсыз өмір жоқ. Тамақ жасаумен айналысатын биороботтар үйшіктің арнайы құбыры арқылы жоғары көтеріледі. Асханадан қажетті тағамдарды алғаннан соң лифтімен төмен түседі. Ал сол түсетін тұста дастархан тұрады. Дастарханды айнала геологтар отырады. Әрқайсысының алдында қол жуғыш тетік, тарелка, шанышқы, қасық, шай қасық жатады. Геологтар уақыт жоғалтпау үшін сол орындарына келін отыра-отыра қалады. Биороботтар да сол замат лифг арқылы тағамдарды тез-тез қояды. Сырттан қараған адамға бұл қимыл-қозғалыстар тап сол биороботтардың әрекетіндей көрінер еді. Бірақ оған ес аударатын ешкім де жоқ. Бұл — Жер емес. Мұндағы әрбір уақыт санаулы. Және қатерлі. Техникалардағы тоназытқыштың біреуі істен шықса болды, бүкіл геологтардың өміріне қатер төне бастағандай оқиға басталады. Сол үшін осы тамақ ішетін асхананың ішінде де айнала-төңіректі барлап отыратын экрандар орнатылған. Оның кезекшісі де биоробот. Биоробот геологтардың ең жақын көмекшілері, қиналғанда қол ұшын беретін де солар. Сондықтан биороботтар өздерінің қатарында тұрған топ мүшелері іспеттес. Геологтар олармен адамша сөйлесіп, адамша пікірлеседі. Биороботтардың бір ерекшелігі анау-мынау ішкі жаман ойды білмейді. Олардың миында барлық нәрсе алдын ала жазылған. Тек соны біледі. Біреуге жамандық жасау, жолына кедергі болу дегенді сезбейді де. Адамдардың бәрі де тап солардай болса, әділдік көбірек жеңер еді. Шадыман кейде сондай оймен биоробттарға ризашылық та білдіреді.

Жер уақытымен түскі сағат бір болған кезде бәрі өздерінің орындықтарына отырды. Соның арғынша төбеден тағамдар түсіп, әрқайсысының табақтарына қойылды. Ет- сориамен қатар қияр, қызымық, алма және тагы басқа көкөністер жайнап кетті. Адам денсаулығының басты арқауы да тамақ. Адам баласы басқаны ұмытса да тамақты ұмыта алмайды. Оның билігі асқазанда. Ал Шолпан ғаламшарының жағдайында тамақтан гөрі сусын қажеттілеу. Адам аштыққа шыдайды бірнеше тәулік, ал суға төзген емес. Шолпандағы тымырсық ыстық адам баласын қажытады. Жұмысты былай қойғанда сол ыстықтың өзі-ақ ғаламшарда тәуіліктеп жұмыс жасаған адамдай халге жеткізеді. Мұндағы өмір — тоңазытқыш. Геологтар тек сол тоңазытқыштардың жұмысының бұзылмауын тілейді. Басқаны қадағаламаса да содан көз жазбайды. Өйткені — тоңазытқыш Шолпанда бірнеше кезектегі қажеттілік.

Геологтар ет-сорпадан ала отырып, бір сәт демалу үшін әңгіме-дүкен де құрды. Әркім өзінің жағдайын айтады. Негізгі әңгіме Шолпанның болашағы жайлы. Адамзаттың арманы біткен бе. Осы ғаламшарды қаншама уақыттан бері зерттеп келеді. Мұның құпиясы ашылып біткен жоқ. Қазіргі кезең Шолпаннан су іздеу кезеңі. Егер Шолпан қыртысының астында мол су қоры болса, онда мұнда азды-көпті елдің орнауына мүмкіндік бар деген сөз. Геологтар сол суды, яғни жаңа өмірді іздеушілер. Сондықтан да бұл мамандықтың иелері адамзат алдында сыйлы.

—Шадыман тамақтан ала отырып, төңірегіндегі достарына ара-тұра әңгіме де қозғап қояды. Негізгі өкініші Шолпан есімді әдемі қыз болғандықтан әңгіменің негізі де сол төңіректе болады. Достары да Шадыманның көңілін аудару үшін, орнықтыру үшін сол қыз жайлы естеліктерді жиі айтады. Шадыман бастап берсе болғаны. Ол бұл жолы да әңгімені содан бастады.

Шолпан жоғалмағанда, бұл маңнан баяғыда кететін едік,— деді ол жеңіл күрсініп, — енді қарашы. Біз қиын жағдайда қалдық. Не ол қыздың сүйегін де таппадық. Ең жаманы осы екен. Көз алдында денесінің жатқаны да жұбаныш екен ғой. Мұндай оқиға болады деп кім ойлаған.

— Менімше, ол қыз қандай да бір жоғары дамыған ел өкілдерінің қолына түскен сияқты, — деді Алдияр.

— Бұл пікірді басқа жігіттер де айтпап еді. Шолпан сияқты ғаламшар бетінде тек солай ойлауға болады. Басқа не шара.

— Жалпы, Күн жүйесіндегі ғаламшардың қай-қайсысынан да күтпеген жағдайды кезіктіру тек қиялмен жүзеге асатын нәрсе деп ойлаймын, — деді Есмұхан Алдабергенұлы.

Ләйім солай болсын! — деп Шадыман көңілденіп қалды.

— Біз Шолпанды таппай Жерге оралмаймыз! — деп күрсінді Алдияр.

Содан шағын асхана ішін тыныштық басқан еді. Есмұхан терезеден сыртқа қарады да, бір ғажайып нәрсені көріп орнынан ұшыптүрегелді. Шадыманның басына бірден “Шолпан емес пе екен” деген қуанышты ой келген. Ол алдындағы тостағанын сол кейін ысырып тастап, терезеге ұмтылды. Түк түсінсе бұйырмасын. Жаңағы ыстық, тымырсық орта жоғалып, айнала төңіректе қала орнапты. Геологтар түс көргендей ан-таң. “Бәлкім, бұл елес шығар деп” ойлап үлгерді Шадыман. Әзірге ешкім сөз айтқан жоқ. Бәрі де бір-біріне қарасып қояды. Елес дейін десе, көше-көшелерде өздеріне таныс емес неше түрлі көліктер ағылып жатыр. Ерсілі-қарсылы жүріп жатқан сан-мың адам. Қала шуылы ап-анық естіледі. Ал өздерінің бұрғы қондырғылары қаланың ашық бір алаңында қалыпты. Геологтар сөзді неден бастарларын да білмеді. Тамақтары жайына қалды. Шадыман өзінің алдындағы кішкене түймені нұқыды. Сол замат дастархан жоғары қарай көтеріліп жөнелді.

— Бұл не нәрсе Шадыман? — деп Алдияр оған бұрылды.

— Өзім де түсінбей тұрмын.

— Елес деуге тағы келмейді. Дыбыс та естіліп тұр. Шолпанның жаңағы тіршіліксіз табиғаты қайда жоғалды? — деді Есмұхан.

— Жоғалғаннан бұрын мына қала қайдан келіп пайда болды?

— Бәлкім, бұл бір замандағы Шолпанда болған қаланың кеністіктен қайтқан жарығы болар? — деді Шадыман.

— Ол жарық қалай қайтпақ?

— Мүмкін кандай да бір ғаламшарға шағылысып кері қайтқан шығар?

— Менімше, бұл кеңістіктен қайтқан жарық емес, біреу әдейі әкеліп қоя салғандай қала, — деді Алдияр.

— Сыртқа шығып көрелік достар, — деп ІІІадыман есікке қарай ұмтылды.

— Сабыр етіңіз, — деді оның жеңінен тартып қалған Алдияр, — өзімізге түсініксіз ортаға қарай асығуға болмайды.

— Бұл өзі қалай пайда болды? Соны аңғардыңдар ма? — деді Шадыман есік жанында тұрып.

— Мен ет-сорпадан алып жатқанда бір сәтке көз алдым қарауытып кеткендей болған, — деді Алдияр, — бірақ мен оны өзімнің денсаулығымнан шығар. Шаршағандықтан ба деп ойладым да қойдым.

— Ендеше, мен ыстық шайдан ұрттай бергенімде дәл сондай көз қарауыту болды. Мен де оны өзімнің денсаулығымнан көргенмін, — деп Есмұхан да сырын ақтарды.

— Дәл сол жағдай өзімде де болды, — деп Шадыман сөзді жалғастырды, — оны шаршағандықтың белгісі, қанның азайғанының белгісі деп түсінгенмін. Шолпан жайлы көп ойлағаным рас. Демалыс уақыттарында дөңбекшіп ұйқтай да алмаймын. Сол шаршаудың соңы көз қарауытуға жеткізген шығар деп ойлап едім. Сонда бұл не болған. Шолпанға бізсіз- ақ, ешбір еңбек-күшсіз-ақ қала орнағаны ма?

— Көріп тұрғаныңыздай, Шадыман, — деді Алдияр қолымен терезенің арғы жағындағы көріністі нұсқап.

— Дегенмен, қаланы аралауымыз керек. Үйлерді қолмен ұстап, тұрғындарымен тілдескеніміз жөн болар. Қорыққанда не, қорықпағанда не? Болар нәрсе, болды. Біз ғарышкер емеспіз бе? Барлық үйшіктегілер сыртқа шықсын. Содан кейін әрі қарай әрекет жасаймыз.

Бұдан кейін Шадыманға ешкім қарсы болған жоқ. Қолдарына шағын-шағын қаруларын алып, жылжымалы есік ашылысымен тепкешек арқылы сыртқа шықты. Қала шуылы бірден құлақты тұндырды. Жаңа қалың, ыстыққа төзімді терезеден дыбыс оншалықты естілмей тұр екен. Енді Жердегі үлкен қаланың ортасында тұрғандай күй басталды. Зырғыған көліктер, тұрғындардың абыр-сабыр жүрістері, тық-тық еткен әйел туфлилерінің дыбыстары етене таныс нәрсе еді. Геологтарды тандандырған осының алдындағы тіршіліксіз ортаның күрт өзгергені. Мұндай ғажайып құбылысқа кезігемін деп қайсысы ойлапты. Енді өз көздеріне өздері сенбейді. Шадыман әлі де болса, қандай да бір алдамыш көрініс емес пе? — деген ойдан арылмай келеді. Қала әсем салынған. Үйлерінің пішіндері де киіз үй сияқтанып келеді. Бірақ зәулім. Көшелері кең, жиектерінде жасыл шөп, биік өскен ағаштар. Аллеялар да жеткілікті. Бұлар бәрін қойып, тапаншаларын қыса ұстап, сол аллеялардың бірімен жүріп келеді. Тұрғындар бұларға назар аударар емес. Әркім өзінін бағытымен кетіп барады. Кейбірі бұларға бір қарап қояды. Шадыман ондайда ол адаммен тілдесіп қалуға асығады. Бірақ болмайды. Жақындай бергенде қандай да бір түсініксіз, көрінбейтін кедергі өзін ұстап қалады. Ертегідегі дуаланған шыны қабырға тәрізді. Қалған геологтар да әрдемеге бір жақындайды. Олар да тап сондай кедергіге тап болады. Ал қаланың шуылы, адамдарының түсініксіз тілде сөйлеген сөздері анық естіледі. Жалған көрініс дейін десе, бәрі де ап- анық көз алдарында.

Шадыман біраз жүрген соң комбинезонынан терлей бастады. Бірақ оны шешуге қорықты. Егер шешсе, ауа жетпей мерт болуы да ғажап емес. Сол үшін сақтық жасады. Бірақ ондайда сыртқы ортаны білдіретін өлшеуіштер де жеткілікті еді. Шадыман комбинезонының жеңіндегі термометрге қарағанда ол жиырма бес градус жылылықты көрсетіп тұрды. “Ендеше, мұндағы жылылық Жердегімен бірдей” деп ойлады Шадыман. Содан кейін өлшеуіштер арқылы атмосфераның құрамын да білді. Оттегі де жеткілікті екен. Шадыман аллея бойымен келіп шет-шетіндегі орындықтардың біріне жайғаспақ болды. Содан отыра беріп еді, тағы да бір кедергі ұстап қалғандай сезілді. Ол қайтадан түрегеп кетті. Бірақ енді комбинезонды шешпеудің жөні жоқ еді. Ол аса ыстық жағдайда киюге арналған. Ал мынандай жиырма бес градуста ол өзінің жұмыс ретінен ауытқиды. Біресе ысып, біресе суиды. Өзімен келе жатқан достары да сондай күйді бастан көшіріп келеді. Бір кезде Шадыман комбинезонын шешуге бекінді. Достары оған көмектесіп жатыр. Комбинезонның соңғы түймесін ағытқан кезде ол адам денесі төзгісіз ыстықты сезді.

— Ой, жанып барамын! Қайта кигізіндер! — деп дауыстап қана үлгерді.

— Қайта кигізіндер! — деп Есмұхан да дауыстап қалды.

Геологтар жылдам қозғалды. Шадыманды қайта киіндіріп, есінен танған оны тездетіп, үйшікке жеткізді. Ешкім ештемені түсінбеді. Тездетіп дәрігерлік көмектер көрсетілді. Комбинезонның соңғы түймесі ағытылған сол білегі күйіп қалыпты. Аса ыстықтан болғанын қай-қайсысы да сезді. Комбинезонның ішкі жағындағы температура өлшегіш құрал бес жүз градусты тіркеп алыпты. Мән-жай геологтарға енді түсінікті бола бастаған сияқты. Шолпан бетіндегі температура өзгермеген. Ендеше, мына көрініс жалған. Геологтар осындай ойға келді. Ешкім де комбинезонын шешпек емес енді. Шадыман тез қалпына түсті. Жедел дәрігерлік көмек өз нәтижесін берді. Күйген жер тез жазылды. Шадыман үйшік ішінде комбинезонын да ауыстырды. Алғашқысы жарамай Да қалған еді. Ол енді терезеге қайта жақындады. Қала сол күйі тұр. Көзбояушының көрсеткеніндей көрініс деп әсте ойлауға болмайды. Тіршілік қызу жүріп жатыр. Көше-көшелерде соқтығысып қалып жатқан көліктер де кездеседі. Қала өте үлкен болғандықтан оның басқа жағын жаяу аралап шығу мүмкін емес еді. Шадыман енді бұл қаланы өздерінің барла- уыш кемелерімен аралауды жоспарлады. Бір ғана түсінгені, Шолпан бетіндегі ыстықтың өзгермегені. Атмосфераның да сол қалпында екені. Ендігі нәрсе, қала өмірін сырттан бақылау. Кинолентаға түсіріп алу. Содан соң Емшектауға барып, асықпай зерттеу жасауға болады. Шадыманның ұсынысын достары бірден құптады. Содан соң-ақ бәрі де барлаушы кемелерді ұшуға дайындады. Бұрғылау қондырғыларын жинастырып, тоңазытқыш жүйелерінің жұмысын бақылады. Сөйтіп қызықты сапарға дайындалды. Қала кенеттен ғайып болып кетпей тұрғанда бірден мынандай жағдайға көшуітін. Қаланың пайда бола қалуы да геологтарды таң қылды. Бірақ қанша таңқалса да, оның сырын ашу керек еді. Адам баласы қаланы жүздеген жылдар бойы салады. Ал мына көрініс кинодағыдай әп-сәтте орнады. Тағы бәрі де табиғи қалыптағыдай. Тек адамдары бейтаныс. Үйлерінің пішіндері Жердікіне ұқсамайды. Геологтар қолдарындағы тапаншаларын мықтап ұстап, байқап басып келеді. Бірақ бұларға назар аударып жатқан, я сөздеріне құлақ асып жатқан жан баласы жоқ. Енді алдарынан кезіккен кедергілер де азая бастағандай. Тек қаланың күрделілігі біршама шаршатты. Қандай да бір көлікке мінейін десе, ол да зыр деп өте шығады. Олардың жүріс жүйелерін түсіну де қиын. Сонда да геологтар күдерлерін үзбеді.

Біраз жерді артқа тастады. Бейтаныс адамдардың өздеріне назар аудармауы қызық жайт еді. Шадыман түсіне алмас бұл көріністен қатты әсерге қалды. “Шолпанның жоғалғаны мы на көрініске Қарағанда ештеме емес екен” деп бір ойлады ол. Жанындағы достарына қарап-қарап қояды. Енді бірде “Осы қаладан Шолпанды кезіктіріп алмайын” деген де үміт ойы жылт етті. Кенет сол ойын біреу естіп қойғандай құбылыс пайда болды. Тағы бір көшеге бұрылған кезде шынымен-ақ Шолпан мен бейтаныс бір жігіттің қатарласып кетіп бара жатқанын көрді.

— Жігіттер, әне, Шолпан! — деп дауыстап жіберді Шадыман.

— Көне?


— Шынымен сол қыз ба?

— Ол бұл қалада қайдан жүр?

— Бәлкім, сізге жай елестеген шығар?

— Жігіттер, шынымен-ақ сол сияқты! — деген сөздер бірінен соң бірі шықты. Шадыман сол кідіріп, көзін уқалап- уқалап жіберіп, достарына қарады да:

— Мүмкін, менің көзіме елестеген шығар ол. Сіздерге көрінді ме, бірдеме? — деді.

— Маған да елестеді, — деді Алдияр.

— Тағы кім байқады?

— Менің көз алдымнан да сондай бір елес жылт етіп өтті, — деді.

— Ендеше, жігіттер, тезірек жүрелік, сол жаққа! Қуып көрелік, бәлкім, жетерміз! Айқайлармыз!

— Олар айқайымызды естімейді! — деді Алдияр.

— Естімесе, көреді?

— Ендеше, жүгірелік! — деп Есмұхан екі жұдырығын бауырына алды.

Қалғандар да қарсы болған жоқ. Әлгі елес ұзамай тұрғанда анықтап қалу үшін жігіттер жылдам жүгіре жөнелді. Комбинезон болғандықтан, оттегі камерадан келіп тұрғандықтан жүгіру оңайға соқпады. Бәрі де сәлден кейін-ақ алқынып қалды. Ал қала көшелерінде әрі-бері жылдам басып, кейбірі жүгіріп жүрген адамдар шаршауды білмейтін тәрізді. Бұлар олармен теңесе алмады. Біраз жүгірген соң кейбір жігіттер кібіртіктеп те қалды. Шадыман бәрін түсінді. Өзінің достарын қинап алғанын сезіп, жүгірісті саябырсытты. Сөйтіп барып тоқтады. Егер денелері комбинезонның ішінде болмаса, алқынғандарын айналадағы тұрғындар да байқар еді. Бірақ ол білінбеді. Алқыныстан, ыстықтағаннан тұла бойлары терлеп, мандай терлері суша ағып, иектерінің астындагы шлемнің тыныс алар тесігіне кұйылды. Кәдімгідей лікілдеп те калды. Шадыман ондай тер суын тез жоғалтып жіберетін бүйіріндегі түймені басты. Шлем іші қүрғап сала берді. Содан соң ол сол шлемнің ішіндегі микрофонға:

— Достар, кері қайталық! Кемеге! Біз елеске алдандық! Мен өзімді кінәлі санап тұрмын! — деді.

— Кінәлі санайтын ештеме жоқ! — деді оған Есмұхан, — біз жұмбақ дүниеде тұрған жоқпыз ба?

— Иә, өлем құпиясы біткен бе? — деп Шадыман күрсініп қойды.

Ешкім үндемеді. Сәл кідірістен кейін геологтар кейін қарай қайтты. Шадыман да, басқалар да ештемені түсіне алмады. Қала өз тіршілігімен болып жатты. Геологтар жыл- дам басып кейін қайтты. Қала шетіндегі бұрғы қондырғылары сол қалыптарында тұрған еді. Келе салысымен тез жиналуға кірісті. Барлық іс әдеттегідей өтті. Енді біраздан соң бірнеше кеме аспанда Емшектауға қарай қалықтап ұшып бара жатты.



Казахстан республикасы мәдениет, ақпарат және спорт министрлігін
Елеске ілескен қыз
Мұхиттағы қорқыныш
Емшектаудағы әбіржу
Аңғардағы арпалыс
Тұтқынға түскен кеме
Жерден келген көмек
Арғы ауылдан оралғандар
Той алдындағы кездесу
Күн тұтылған соң
Көрші ауылдағы той

Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу