Бағдарламасы мазмұнын түсіндіріңіз


Блум таксономиясы және бағалау критерийлері (блум танымдық саласының алты деңгейі) туралы деңгейлерді сипаттаңыз



бет7/68
Дата11.12.2021
өлшемі2,29 Mb.
#99363
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   68
Байланысты:
багалау отв.экз

Блум таксономиясы және бағалау критерийлері (блум танымдық саласының алты деңгейі) туралы деңгейлерді сипаттаңыз.

Блум таксономиясы — 1956 жылы американдық психолог  Бенджамин Блум (1913—1999) ұсынған танымдық өрістегі 6 педагогикалық мақсаттар таксономиясы.

Оқу мақсаттарының деңгейлері

Осы деңгейге жеткені туралы оқушының нақты іс-әрекеті

1. Білім. Бұл категория нақты фактілерден толық теорияға дейін еске сақтау мен оқыған материалды еске түсіру.

-терминдерді, нақты фактілерді, негізгі түсінікті, ереже мен ұстанымды, әдісі мен орындау түрін еске түсіру.

2. Түсіну

Түсінудің көрсеткіші - материалды бір формадан екінші формаға өзгертіп көрсету, материалды түсіндіру, қысқаша баяндау (интерпретациясы), құбылыс пен оқиғаның әрі қарай барысы туралы ой болуы мүмкін.

- фактіні, ережені, ұстанымды түсіндіру;

- мәтінмен берілген материалды математикалық шартты белгіге өзгерту;

- бар мәліметтен келешекте туындайтын болжамды ойды сипаттау.

3. Қолдану

Бұл категория оқыған материалдың жаңа ситуация мен нақты жағдайда қолдану іскерлігін көрсетеді.

- заңды, теорияны нақты тәжірибе жағдайында қолдану.

- жаңа жағдайда түсінік пен принципті қолдану.

4.Талдау

Бұл категория материалдың құрылымы анық байқалатындай, оны құрамды бөліктерге бөлу іскерлігі.

- бүтінді бөліктерге бөлу;

- олардың арасындағы өзара байланысты анықтау;

- бүтіннің түзілу принципін анықтау;

-пікір айтқанда кемшілік пен қателікті көру;

- факті мен салдар не нәтиже (следствия) арасындағы айырмашылықты анықтау;

- мәліметтің мәнділігін бағалау.

5. Синтез

Бұл категория жаңалықтың нышаны сезілетін элементтерді қиыстырып-құрастыру арқылы бүтінді алу іскерлігі.

- баяндама, шығарма, сөйлейтін сөз, мақала, реферат жазу;

- эксперимент жүргізу жоспарын немесе басқа іс-әрекетті ұсыну;

- міндеттің кестесін құру.

6. Бағалау

Бұл категория қандай да бір материалдың мәнін бағалау іскерлігі.

- жазбаша түрдегі мәтіннің құрылу логикасын бағалау;

- бар мәліметке қорытындының сәйкестігін бағалау;

- іс-әрекет нәтижесінің мәнділігін бағалау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет