13
Тимур.
Мамуля, не болып қалды?
Қамажай.
Соны жұбатам деп жатқанда ...
Тимур.
Түу, айтсаңшы
тезірек, менің бір минутта уақытым жоқ. Костюмді үтіктеп
қойдың
ба?
Қамажай.
Жоқ... иә... жоқ... Бүлдіріп алдым...
Тимур.
Бүлдіргені қалай?
Орындық арқалығынан костюмін алып, күйген жерін көреді.
Қамажай.
Солай болды. Есімнен шығып...
Тимур.
Көшеге киетін жалғыз костюмімді ақыры өртеп тыңдыңдар ма? Енді қайтемін?
Қамажай.
... Алармыз.
Тимур.
Алармыз, көрерміз, бір мәнісі табылар ...
Немен аламыз, немен көреміз, бір мәнісі
қалай табылады? Бір туфли ала алмай жүргенде...
Қамажай.
Қайтемін әдейі істеген жоқпын ғой...
Тимур.
Ал бүгін немді киемін? Жиынға майкамен бармақпын ба?
Қамажай.
Омардың костюмін кие тұр.
Тимур
. Сонда ол Ленинградқа майкамен кетсін бе?
Қамажай.
Құдай-ай! Енді не істесем екен? Білдірмей жамап берейін.
Тимур.
Жамап? Енді жамау костюм киюім қалған екен ғой. Түу, осы үйден
бір береке таппай-
ақ қойдым-ау.
Қамажай.
Неге олай дейсің?
Береке таптырмай жүрген кім саған? Аузыңа не келсе, соны
айта салатыныңды қайдан шығарғансың?
Тимур.
Жалғыз костюмім жанып кетсе, енді не демекпін?
Қамажай.
Жанбаса, құрып кетсін. Костюм, костюм деп төбемді оятын түрің бар ғой.
Мен бір
әдейі өртегендей... «Осылар ренжімесін», «Осылар қабақ шытпасын» деп жар құлағым
жастыққа тимей жүргенде естір сөзім осы ма? Даладан ашуланып келсеңдер,
маған
зіркілдейсіңдер, қуанып келсеңдер маған еркелейсіңдер. Ал мен кімге ұрсам, кімге
еркелеймін?
Достарыңызбен бөлісу: