Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



Pdf көрінісі
бет145/411
Дата19.03.2022
өлшемі4,34 Mb.
#136077
түріБағдарламасы
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   411
Байланысты:
2. Мұғалімге арналған нұсқаулық

тоғыз түйінді ұстанымы
сипатталған.
Білімді 
арттырады
Алдыңғы білім 
мен тәжірибеге 
негізделеді
Оқушының 
белсенді қатысуына 
ықпал етеді
Оқу үшін 
бағалау мен оқуды 
бағалауды 
қолданады
Мұғалім оқуға 
қолдау көрсетеді
Әлеуметтік және 
жеке үдеріске 
ықпал етеді
Бейресми оқу 
жүзеге асады
Мұғалім біліміне 
байланысты
Оқушыны бүкіл 
өміріне жеткілікті 
біліммен 
жабдықтайды
16-сурет.
 Оқу мен оқытудың түйінді тоғыз қағидаты
Жаратылыстану ғылымдарын оқыту төменгі сынып оқушыларының ғылыми идеялар-
ды қалыптастыруының ерекше тәсілін қажет ететіндігін айта кету керек, бұл білімдердің 
педагогикалық аспектісі болып табылады.
Пән бойынша педагогикалық білім (ПБПБ)
Пән бойынша педагогикалық білім 
мазмұнды педагогикалық ықпалы бар нысандарға 
айналдыру мүмкіндігін беретін құрамдас бөліктердің: оқу мазмұны мен педагогикалық 
білімдердің біртұтастығы болып табылады (Shulman, 1986). Жаратылыстану ғылымдарын 
оқыту тұрғысынан алғанда аталған біртұтастық оқытылатын ғылыми тұжырымдамаларды 
білікті түсіну оқушылардың оларды түйсінуі мен түсінуіне көмектесу қабілетімен ажырамас 
байланыста болуын көздейді. Осылайша, жаратылыстану ғылымдарының білікті мұғалімі 
абстрактілі ғылыми идеялар мен үдерістерді оқушылардың белгілі бір тобына бұларды өз 
бетімен зерттеу үдерісін қамтамасыз ете отырып ұсынатындай етіп, құрамдас бөліктерге бөле 
алуы тиіс.


74
ПБПБ оқушыларға ғылыми идеяларды ұсынудың тиімді, оңтайлы нысандарын, аса тиімді 
болып табылатын аналогия, суреттеу, мысал ұсыну, түсіндіру және көрсету әдістерін қамтиды. 
Шын мәнінде, ПБПБ оқушыларға ғылымды түсінікті жолмен көрсетудің әрі ұсынудың тәсілі 
болып табылады. Сонымен қатар пән бойынша педагогикалық білім мұғалімге оқушылардың 
жекелеген тақырыптарды оңай не қиын меңгеруінің себептерін түсінуге мүмкіндік береді. Бұл 
себептер кей жағдайларда оқушылардың ғылыми тұжырымдамаларды түсінбеуімен, ал кейде 
әртүрлі жастағы және білім деңгейі әртүрлі оқушылардың мектепке өз наным-сенімдерімен 
немесе теріс ұғымдарымен келетіндігімен түсіндіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   411




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет