«Әдебиеттік оқу» пәні – бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық және қатысымдық дағдыларын қалыптастыруға, олардың адамгершілік және әдеби-эстетикалық құндылықтар жөнінде түсініктерін кеңейтуге, сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, сөз өнерін сезінуге, көркем шығарманы оқуға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік беретін негізгі пәндердің бірі.
«Әдебиеттік оқу» пәнін оқу барысында бастауыш сынып оқушылары әлем туралы, жалпы адамзат туралы білім алады. Шығармадағы кейіпкерлердің іс-әрекетіне, мінез-құлқына, сөйлеген сөзіне талдау жасай отырып, адамдардың жан-дүниесін түсінуді және оған өз көзқарасын білдіруді үйренеді.
«Әдебиеттік оқу» пәні:
көркем шығармалар арқылы оқушының бойында ұлттық тәрбие мен адамгершілік қасиеттерінің үйлесімді дамуына;
халық ауыз әдебиеті үлгілері мен көркем әдеби шығармаларды оқып-талдау арқылы қазақ тілінің бай эстетикалық мұрасымен танысуына;
әдеби шығармалар арқылы қазақ ұлтының мәдениетін, тарихын меңгеруіне;