Бағдарламасы пәндер бойынша: Тағам өнеркәсібі кәсіпорындарын жобалау Тамақ өндірістерінің жалпы технологиясы


Тағам өнеркәсібі кәсіпорындарын жобалау»



бет8/16
Дата23.05.2022
өлшемі110,42 Kb.
#144771
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Байланысты:
Кешенді емтихан БАҒДАРЛАМАСЫ 5В072700 ж. каз 1

2. Тағам өнеркәсібі кәсіпорындарын жобалау»
1. Ет саласы - бұл
А) термиялық өңдеуге (пісіруге, қуыруға) дайындалған ұшаның тиісті бөліктерінен белгіленген, өлшемі және формасы бар ет өңделетін сала
В) тамақ, техникалық және медициналық мақсаттағы өнімнің 1000-нан астам түрлерін шығаратын халық шаруашылығының жоғары дамыған саласы
С) 1 және 2 категориялы сиыр және қой (ешкі), 1, 2, 3 және 4 категориялы шошқа еті, бұзау еті, 1 және 2 категориялы құс ұшалары сұрыпталған және жартылай ішек-қарын түрінде шығаратын сала
D) консерві бұйымдарын өндіретін сала, банкаларға шикізатты салу, порциялау, банкадан ауаны шығару, банкаларды орау, герметикалығын тексеру, консервілерді зарарсыздандыру, сұрыптау, таңбалау, сақтауға дайындау
Е) 1-4 категориялы бұзау және шошқа етін, салқындатылған немесе мұздатылған сиыр және 1 және 2 категориялы қой етін шығаратын сала
2. Жобалау кезінде ескеру қажет:
А) өндірістік процесті басқарудың ең жоғарғы механизациясын және ең төменгі автоматтандырылуын
В) өндірудің жоғары өзіндік құны кезінде өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз ететін технологиялық процесті ұйымдастыруды
С) өндірістің мамандануы мен шоғырлануы, оның нашарлауы мүмкіндігін
D) әртүрлі өнімнің кең ассортиментін шығару үшін шикізатты барынша пайдалануды
Е) ғылым мен техниканың заманауи жетістіктерін
3. Ет өнеркәсібі кәсіпорындарының жіктелуі:
А) ет комбинаты, етті қайта өңдеу зауыты
В) ет комбинаты, жартылай фабрикаттар мен субөнімдер цехы
С) ет комбинаты және құс комбинаты
D) мал сою пункті, хладобойня, ет комбинаты, құс комбинаты, етті өңдеу зауыты, мамандандырылған кәсіпорын, қайта өңдеу зауыты
Е) мал сою цехы, тоңазыту орны, мамандандырылған кәсіпорын, қайта өңдеу цехы
4. Мал сою пункті дегеніміз не?
А) ет өнімдерін шығаруға арналған сою мен тоңазытқышты біріктіретін кәсіпорын
В) мұздатылған ет және ет өнімдеріне арналған тоңазытқыш
С) кешенді бөлу және сұрыптау кәсіпорны
D) мал мен құстарды алғашқы өңдеу кәсіпорны
Е) малды сою және мал азығына арналған жем өндіретін кәсіпорын
5. Ет өңдеу комбинаты - бұл ...?
А) кешенді бөлу және сұрыптау кәсіпорны
В) тоңазытылған немесе мұздатылған ет және ет өнімдеріне арналған тоңазытқыш
С) малды, сондай-ақ құстарды кешенді қайта өңдеу және тамақ, техникалық және медициналық мақсаттағы өнімдерді өндіру кәсіпорны
D) мал азығына арналған жем өндіретін кәсіпорын
Е) тек етке арналған сою мен тоңазытқышта біріктіретін кәсіпорын
6. Ет өңдеу зауыты - бұл
А) құс пен қояндарды кешенді қайта өңдеу және олардан азық-түлік және техникалық өнімдер алу кәсіпорны
В) тек ет шығаруға арналған мал сою мен тоңазытқышты біріктіретін кәсіпорын
С) тоңазытылған немесе мұздатылған ет және ет өнімдері мен ұшаларды және жартылай ұшаларды кешенді бөлу, етті сүйектен ажырату және сіңірсіздендіру кәсіпорны
D) мұздатылған ет және ет өнімдері және кешенді бөлу кәсіпорны
Е) жергілікті тұтыну үшін (шұжық және аспаздық өнімдер, ет жартылай фабрикаттар, өлшеп салынған ет) өнімдер шығару мақсатында етті кешенді бөлу және қайта өңдеу кәсіпорны
7. Мамандандырылған кәсіпорын - бұл
А) мал сою өнімдерінен бір немесе бірнеше өнім түрлерін өндіретін кәсіпорын
В) мал азығына арналған жем, техникалық май мен тыңайтқыштарды өндіретін кәсіпорын
С) кешенді бөлу және сұрыптау кәсіпорны
D) құс және қоян өнімдерін кешенді қайта өңдеу кәсіпорны
Е) тек ет шығаруға арналған мал сою мен тоңазытқышты біріктіретін кәсіпорын
8. Қайта өңдеу зауыты - бұл
А) құс пен қояндарды тамақ және техникалық өнімге кешенді қайта өңдеу кәсіпорны
В) кешенді бөлу және сұрыптау кәсіпорны
С) мал азығына арналған жем, техникалық май мен тыңайтқыштарды өндіретін кәсіпорын
D) ет және ет өнімдерін шығаруға арналған цех пен малды сою корпусы
Е) тек ет және ет өнімдерін өңдеу кәсіпорны, сондай ақ мұздатуға арналған тоңазытқыш
9. Ет комбинатының құрамына кіретін негізгі өндіріс?
А) құс пен қояндарды тамақ және техникалық өнімге кешенді қайта өңдеу кәсіпорны
В) мал азығына арналған жем, техникалық май өндіретін кәсіпорын
С) ет-май өндірісі, тоңазытқыш және ет өңдеу, құс пен қояндарды қайта өңдеу
D) ет өнімдерін кешенді бөлу цехы
Е) мал сою өнімдерінен бір немесе бірнеше өнім түрлерін өндіретін цех
10. Өндірілетін өнім (қуат) саны бойынша ет комбинаттары .... болып бөлінеді:
А) шағын және орта
В) шағын, орта, ірі
С) ірі, негізгі және кешенді
D) орта, ірі, кешенді
Е) қуаттылығы жоғары және орташа
11. Шағын ет комбинаттары ауысымына қуаты:
А) 10 т дейін ет және ет өнімдерін өндіреді
В) 60 т дейін ет және ет өнімдерін өндіреді
С) 30 т дейін ет және ет өнімдерін өндіреді
D) 50 т дейін ет және ет өнімдерін өндіреді
Е) 70 т дейін ет және ет өнімдерін өндіреді
12. Орташа ет комбинаттары ауысымына:
А) ауысымына 10-30 т ет және ет өнімдерін өндіреді
В) ауысымына 10-50 т ет және ет өнімдерін өндіреді
С) ауысымына 20-40 т ет және ет өнімдерін өндіреді
D) ауысымда 5-10 т ет және ет өнімдерін өндіреді
Е) ауысымына 50-100 т ет және ет өнімдерін өндіреді
13. Ірі ет комбинаттары ауысымына:
А) ауысымына 100 т ет және ет өнімдерін өндіреді
В) қуаттылығы ауысымына 10 т дейін ет және ет өнімдерін өндіреді
С) ауысымына 20-40 т ет және ет өнімдерін өндіреді
D) қуаты ауысымына 60 т дейін ет және ет өнімдерін өндіреді
Е) ауысымына 50-110 т ет және ет өнімдерін өндіреді
14. Ет өнеркәсібі кәсіпорны негізгі және қосалқы өндірістерден тұрады. Негізгі өндірістерге:
А) мал мен құстарды сою алдында ұстау орны, консерві өндірісі, құс пен қояндарды қайта өңдеу
В) мал мен құстарды сою алдында күтіп-ұстау орны, ет өңдеу өндірісі, консерві өндірісі, құс пен қояндарды қайта өңдеу
С) мал мен құстарды сою алдында ұстау орны және сою корпусы
D) мал азығына арналған жем, техникалық май мен тыңайтқыштарды өндіретін кәсіпорын
Е) мұздатылған немесе салқындатылған түрде сойылған ет пен ет өнімдерді шығаруға арналған малды сою және тоңазытқышты біріктіретін кәсіпорын
15. Ет-май өндірісіне келесі цехтар жатады:
А) мал сою және ұшаларды бөлу, тамақ қанын қайта өңдеу және техникалық өнімдерді қайта өңдеу
В) мал сою және субөнімдік, жем және техникалық өнімдерді қайта өңдеу, тері консервілеу
С) мал сою және ұшаларды бөлу, тамақ қанын, ішек-қарын, май, жем және техникалық өнімдерді қайта өңдеу, тері консервілеу
D) мал сою және жартылай ұшаларды бөлу, ішек, май цехы, тамақ қанын қайта өңдеу және техникалық өнімдерді қайта өңдеу
Е) мал сою және ұшаларды және жартылай ұшаларды бөлу, тамақ қанын, ішек-қарын, жем және техникалық өнімдерді қайта өңдеу
16. Тоңазытқыш - бұл
А) автомобиль және темір жол платформалары, автомашиналарды санитарлық өңдеу пункті
В) ішек, май, жем және техникалық өнімдер, эндокринді-ферментті шикізатты, етті және субөнімдік блоктарды мұздатуға және сақтауға арналған бөлме
С) мал мен құстарды сою алдында ұстау орны, ет-май, эндокринді-ферментті шикізатты, етті және субөнімдік блоктарды мұздатуға және сақтауға арналған бөлме
D) ет өңдеу өндірісі, консерві өндірісі, құс және қояндарды қайта өңдеу, тағамдық майларды салқындатылған түрде сақтауға арналған бөлме
Е) етті, субөнімдерді, ішектерді, тағамдық майларды салқындатылған түрде сақтауға арналған бөлме; мұздатылған түрде етті, субөнімдерді, эндокринді-ферментті шикізатты, етті және субөнімдік блоктарды мұздатуға және сақтауға арналған бөлме
17. Ет өңдеу өндірісінде өндірілетін өнімдерге ...... жатады:
А) ет өңдеу өндірісі, консерві өндірісі
В) шошқа етінен ысталған өнімдер, жартылай фабрикаттар, ет және жылдам тоңазытылған дайын ет тағамдары
С) шұжық өнімдер, шошқа етінен ысталған өнімдер, жартылай фабрикаттар, ет және жылдам тоңазытылған дайын ет тағамдары
D) субөнімдер, ішек өнімдері, тағамдық майлар, шошқа етінен ысталған өнімдер, жартылай фабрикаттар, ет және жылдам тоңазытылған дайын ет тағамдары
Е) эндокринді-ферментті шикізат, жартылай фабрикаттар, ет және жылдам тоңазытылған дайын ет тағамдары
18. Жылу энергетикалық жүйеге жатады:
А) конструкторлық бюро, рұқсаттама бюросы және қорғауға арналған бөлме, қазандық немесе жылумен жабдықтау жүйесі
В) кәсіпорынның орталық зертханасы, жиналыстар мен техникалық оқу өткізуге арналған бөлме
С) жұмысшылар үшін тұрмыстық бөлме, медпункт, әкімшілік және кәсіпорынның қоғамдық ұйымдары үшін асхана бөлмеы
D) қазандық немесе жылумен жабдықтау жүйесі, отынға, аммиак пен майларға арналған қоймалар, компрессорлық цех, трансформаторлық қосалқы станция
Е) жұмысшылар үшін тұрмыстық бөлме, отынға, аммиак пен майларға арналған қоймалар, компрессорлық цех, трансформаторлық қосалқы станция
19. Санитарлық-техникалық құрылыстарға жатады:
А) кәсіпорынның қоғамдық ұйымдары, жиналыстар мен техникалық оқу өткізуге арналған бөлме
В) кәсіпорынның орталық зертханасы және сумен жабдықтау және ғимараттар
С) жиналыстар мен техникалық оқу өткізуге арналған бөлме, өндірі ғимараттары мен құрылыстары
D) сумен жабдықтау және ғимараттар мен құрылыстар, сұйықтықтарды тазалауға арналған құрылыстар
Е) жұмысшылар үшін тұрмыстық бөлме, сұйықтықтарды тазалауға арналған құрылыстар
20. Әкімшілік-тұрмыстық корпусқа кіреді:
А) жұмысшыларға арналған тұрмыстық бөлме, медпункт, асхана, кітапхана, конструкторлық бюро, рұқсаттама бюросы және күзет бөлмесі
В) кәсіпорындар әкімшілігі мен қоғамдық ұйымдарға арналған бөлме, жұмысшыларға арналған тұрмыстық бөлме, медпункт, асхана, кәсіпорынның орталық зертханасы, жиналыстар мен техникалық оқу өткізуге арналған бөлме, кітапхана, конструкторлық бюро, рұқсаттама бюросы және күзет бөлмесі
С) кәсіпорынның әкімшілігі мен қоғамдық ұйымдарына арналған бөлме, кітапхана, конструкторлық бюро, рұқсаттама бюросы және күзет бөлмесі
D) кәсіпорынның орталық зертханасы, жиналыстар мен техникалық оқу өткізуге арналған бөлме
Е) жұмысшыларға арналған тұрмыстық бөлме, медпункт, асхана кітапхана, конструкторлық бюро, рұқсаттама бюросы және қорғауға арналған бөлме
21. Әкімшілік-тұрмыстық корпус басты өндірістік корпуспен қалай байланысады:
А) қосалқы және май корпустарымен
В) жұмыс орындарына барынша жақын
С) галерея немесе туннельмен
D) құжаттар және жұмыс орындарына жақын
Е) мал союымен және май корпусы арқылы
22. Инженерлік коммуникацияларға жатқызылады:
А) өнеркәсіптік тораптар мен кешендер
В) су, бу, суық, энергия, байланысқа арналған жол өтпелері
С) қазандық, инженерлік құрылыстар, коммуникация
D) суық ауа, энергия, байланыс
Е) гараждар және өзге де қосалқы қызметтер
23. Көлік жолдары - бұл
А) кешенді автомобиль жолдары
В) өнеркәсіптік тораптар мен кешендер, автомобиль және темір жолдар
С) тиісті платформалары бар автомобиль және темір жолдар
D) темір жолдар мен суыққа арналған жол өтпелері
Е) энергия мен байланысқа арналған автомобиль жол өтпелері
24. Негізгі өндірістік ғимараттарға жатады:
А) кәсіпорын әкімшілігі мен медпункт, асхана, кәсіпорынның орталық зертханасы
В) кәсіпорын әкімшілігі мен қоғамдық ұйымдарға арналған бөлме, жұмысшылар үшін тұрмыстық бөлме
С) май, консерві зауыты, құстарды өңдеу және сою алдында мал ұстау орны
D) ет-май және ет өңдеу корпустары, рұқсаттама бюросы және күзет үшін бөлме
Е) ет-май және ет өңдеу корпустары, тоңазытқыш, консерві зауыты, құстарды өңдеу және сою алдында мал ұстау орны
25. Қосалқы ғимараттарға жатады:
А) ұсталық-токарлық цех, гараж, қоймалар, электр жөндеу цехы
В) слесарлық-механикалық шеберхана, ұсталық-токарлық цех, гараж, қоймалар, тұрмыстық орындар, электр жөндеу цехы, зертхана
С) қоймалар, зертхана, тұрмыстық орындар
D) шеберхана, электр жөндеу цехы, ұсталық-токарлық цех
Е) зертхана, электр жөндеу цехы, ұсталық-токарлық цех
26. Энергетикалық ғимараттарда қандай станциялар орналасады?
А) қоймалар, қазандық, электр және трансформаторлық қосалқы станциялар
В) ЖЭС, қазандық, электрлік және трансформаторлық қосалқы станциялар
С) қазандық, электрлік және трансформаторлық қосалқы станциялар
D) электр жөндеу цехы, қазандық, трансформаторлық қосалқы станциялар
Е) электр және трансформаторлық қосалқы станциялар
27. Өнеркәсіптік ғимараттарға қойылатын талаптар:
А) технологиялық, техникалық, сәулет-көркемдік
В) технологиялық, техникалық
С) экономикалық, технологиялық, техникалық
D) көркем және экономикалық
Е) технологиялық, техникалық, сәулет-көркемдік және экономикалық
28. Технологиялық талаптар - бұл:
А) ғимараттың функционалдық бағытына сәйкес адамдардың эстетикалық сұраныстарын қанағаттандыратын, өнеркәсіптік ғимаратқа ішкі және сыртқы әдемі көрініс беру қажеттілігі
В) жобаланатын ғимаратты салу мен пайдалануға арналған қаражаттарды оңтайлы қолдану
С) өндірілетін кәсіпорын ғимаратында технологиялық процестің нормативтік талаптарға сәйкестігі қамтамасыз етілуі
D) өндірілетін кәсіпорын ғимаратында орналасқан технологиялық жабдықтардың қалыпты жұмыс жасауын және технологиялық процестің нормативтік талаптарға сәйкестігі қамтамасыз етілуі
Е) өндірілетін кәсіпорын ғимаратында орналасқан технологиялық жабдықтардың қалыпты жұмыс жасауын нормативтік талаптарға сәйкестігі қамтамасыз етілуі және құрылыс объектілерін жобалаудың автоматтандырылған жүйесін пайдалану
29. Технологиялық есептерге төмендегідей есептеулер жатады:
А) өндірістік және қосалқы бөлмелердің ауданын есептеу және таңдау, судың, будың, электр энергиясының, суықтың, ауа мен газдың шығынын есептеу
В) технологиялық жабдықты есептеу
С) өндірістік және қосалқы бөлмелердің ауданын есептеу және таңдау
D) шикізатты, дайын өнімді есептеу, су шығынын есептеу
Е) шикізатты, дайын өнімді, қосымша материалдар мен ыдысты есептеу, технологиялық жабдықтарды есептеу, жұмыс күшін есептеу және орналастыру, өндірістік және қосалқы бөлмелердің ауданын есептеу және таңдау, судың, будың, электр энергия, суықтың, ауа мен газдың шығынын есептеу
30. Ет комбинатын жобалауда қандай цехтардың есебі жүргізіледі, оларды атап өтіңіз:
А) мал сою және ұшаны бөлу цехының есебі, субөнімдік, ішек, май, жемдік және тері консервілеу, қан өңдеу цехтарының есебі
В) мал сою және ұшаны бөлу цехының есебі, ішек, май, жем және техникалық өнімдер цехтарының есептеу
С) мал сою және ұшаны бөлу цехының есебі, субөнімдік, ішек, май, жемдік және техникалық өнімдер цехтарының, тері консервілеу, қан өңдеу, май және ет өңдеу, консерві цехтарының есебі
D) мал сою және ұшаны бөлу цехының есебі, субөнімдік, ішек, май, жемдік және ет өңдеу, консерві цехтарын есептеу
Е) мал сою және ұшаны бөлу цехын есептеу, қан өңдеу, май және ет өңдеу, консерві цехтарының есебі
31. Ет-май корпусын жобалау кезінде жақын орналасатын цехтар немесе корпустар байланысын ескеру қажет, яғни олар қандай?
А) цехпен ет өңдеу корпусымен, қосалқы цехтармен, тұрмыстық бөлмемен
В) сою алдында малды ұстау цехымен, тұрмыстық бөлмемен
С) май цехымен, ет өңдеу корпусымен
D) сою алдында малды ұстау орны, ет өңдеу корпусымен, қосалқы цехтармен, тұрмыстық бөлмемен
Е) сою алдында малды ұстау цехымен, қосалқы цехтармен, тұрмыстық бөлмемен
32. Шикізатты есептеу кезінде (мал сою және ұшаны бөлу цехы) қандай арақатынаста болу өажет?
А) 55% - ірі қара мал, 30% - шошқа, 15% - ұсақ мал
В) 50% - ірі қара мал, 30% - шошқа, 20% - ұсақ мал
С) 60% - ірі қара мал, 30% - шошқа, 10% - ұсақ мал
D) 50% - ірі қара мал, 40% - шошқа, 10% - ұсақ мал
Е) 45% - ірі қара мал, 50% - шошқа, 5% - ұсақ мал
33. Азық және техникалық өнімдер цехы қайда орналастырылады?
А) мал сою немесе жартылай фабрикаттар цехында орналастырады
В) тұрмыстық корпуста және шұжық цехында орналастырады
С) консерві және шұжық цехында орналастырады
D) мал сою цехында орналастырады
Е) ет-май корпусында немесе ет комбинаты алаңындағы жеке ғимаратта орналастырады
34. Қанды қайта өңдеу цехында қандай өнімдер өңдеуге арналған:
А) негізгі және кешенді
В) шикізат және фракцияларға бөлу
С) тағамдық және техникалық мақсаттарға
D) тағамдық мақсаттарға, ұсақтауға және фракцияларға бөлуге
Е) техникалық мақсаттарға және фракцияларға бөлуге
35. Қанды қайта өңдеу цехында өндірілетін өнімдерді атап өтіңіз:
А) таблеткалар, тағамдық альбумин, қан ұны
В) альбумин, антибиотиктер және қан ұны
С) тағамдық альбумин, техникалық альбумин және қан ұны
D) өнімдер: альбумин және қан ұны
Е) антибиотиктер, техникалық альбумин және қан ұны
36. Тоңазытқыш бөлмесін жобалау кезінде не ескерілуі қажет?
А) температура режимі және ауа параметрлері
В) температура-ылғалдылық режимі және ауа қозғалысының жылдамдығы
С) температура параметрлері және ауа жылдамдығы
D) ауа қозғалысының температуралық режимі
Е) ауаның ылғалдық параметрлері, режимі, жылдамдығы және қозғалысы
37. Тоңазытқышқа негізгі шикізат қай корпустан келіп түседі?
А) сойыс алдындағы цех, сою цехы және ет-май өңдеу корпусы
В) сояр алдындағы цех және ет-май корпусы
С) мал сою цехының, ет-май корпусының және құс өңдеу корпустарының
D) ет және ет өңдеу корпустары
Е) ет-май, ет өңдеу корпустары мен қайта өңдеу цехы
38. Қосымша алаңдар (дәліздер, тамбурлар, қоймалар, экспедиция және т. б.) тоңазытқыштың өндірістік алаңының қанша пайызы қабылданады
А) 20 - 30%
В) 20-40%
С) 10 - 20%
D) 40 - 50%
Е) 50%
39. Шұжық өндірісінің қуаты және өндірілетін өнімнің ассортиментін қалай анықтауға болады?
А) өндірілетін өнімдерден
В) негізгі және қосалқы цехтардан
С) тұтыну аймағына және шикізатқа қатысты
D) шұжық өнімдерінің ассортиментінен
Е) шұжық өнімдерін тұтынушылардан
40. Пісірілген шұжықтар, сосискалар мен сарделкалар өндірісінің технологиялық процесі мынадай технологиялық операцияларды қамтиды:
А) жартылай ұшаны бөлу, сіңірсіздендіру, ұсақтау, тұздау, шпикті дайындау, рецептура бойынша тураманы дайындау, дайын тураманы қабықшаларға толтыру, термиялық өңдеу, камерада сақтау
В) жартылай ұшаны бөлу және бөліктерге бөлу, ұсақтау, тұздау, шпикті дайындау, рецептура бойынша тураманы дайындау, дайын тураманы қабықшаларға толтыру, термиялық өңдеу, салқындату, камерада сақтау
С) жартылай ұшаны бөлу, сіңірсіздендіру, ұсақтау, тұздау, шпикті дайындау, рецептура бойынша тураманы дайындау, дайын тураманы қабықшаларға толтыру, термиялық өңдеу, салқындату, камерада сақтау
D) жартылай ұшаны бөлу және бөліктерге бөлу, етті сүйектен ажырату, сіңірсіздендіру, тұздау, тураманы дайындау, дайын тураманы қабықшаларға толтыру, термиялық өңдеу, салқындату, камерада сақтау
Е) жартылай ұшаны бөлу және бөліктерге бөлу, етті сүйектен ажырату, сіңірсіздендіру, ұсақтау, тұздау, шпикті дайындау, рецептура бойынша тураманы дайындау, дайын тураманы қабықшаларға толтыру, термиялық өңдеу, салқындату, камерада сақтау
41. Жартылай ысталған шұжықтарды өндірудің технологиялық процесі мынадай технологиялық операцияларды қамтиды:
А) жартылай ұшаны бөлу, етті сүйектен ажырату, сіңірсіздендіру, тұздау, ұсақтау, араластыру, рецептура бойынша тураманы дайындау, дайын тураманы қабықшаларға толтыру, термиялық өңдеу, кептіру, сақтау
В) жартылай ұшаны бөлу және бөліктерге бөлу, етті ұсақтау, тұздау, араластыру, рецептура бойынша тураманы дайындау, дайын тураманы қабықшаларға толтыру, нығыздау, термиялық өңдеу, кептіру, сақтау
С) жартылай ұшаны бөлу және бөліктерге бөлу, етті сүйектен ажырату, сіңірсіздендіру, алдын ала ұсақтау, тұздау, екінші рет ұсақтау, араластыру, рецептура бойынша тураманы дайындау, дайын тураманы қабықшаларға толтыру, нығыздау, термиялық өңдеу, кептіру, сақтау
D) жартылай ұшаны бөлу және бөліктерге бөлу, сіңірсіздендіру, алдын ала ұсақтау, тұздау, екінші рет ұсақтау, араластыру, рецептура бойынша тураманы дайындау, дайын тураманы қабықшаларға толтыру, термиялық өңдеу, сақтау
Е) жартылай ұшаны бөлу және бөліктерге бөлу, етті сүйектен ажырату, тұздау, екінші рет ұсақтау, араластыру, рецептура бойынша тураманы дайындау, дайын тураманы қабықшаларға толтыру, термиялық өңдеу, кептіру, сақтау
42. Шикі қақталған және пісіріліп-ысталған шұжықтарды өндірудің технологиялық процесі мынадай технологиялық операцияларды қамтиды:
А) жартылай ұшаны бөлу, тұздау, ұсақтау, шпикті дайындау, рецептура бойынша тураманы дайындау, дайын тураманы қабықшаларға толтыру, батондарды нығыздау, термиялық өңдеу, кептіру, сақтау
В) жартылай ұшаны бөлу және бөліктерге бөлу, етті сүйектен ажырату, сіңірсіздендіру, тұздау, ұсақтау, шпикті дайындау, рецептура бойынша тураманы дайындау, дайын тураманы қабықшаларға толтыру, батондарды нығыздау, термиялық өңдеу, кептіру, сақтау
С) жартылай ұшаны бөлу және бөліктерге бөлу, ұсақтау, шпикті дайындау, рецептура бойынша тураманы дайындау, дайын тураманы қабықшаларға толтыру, батондарды нығыздау, термиялық өңдеу, кептіру, сақтау
D) жартылай ұшаны бөлу және бөліктерге бөлу, тұздау, ұсақтау, шпикті дайындау, рецептура бойынша тураманы дайындау, дайын тураманы қабықшаларға толтыру, батондарды нығыздау, термиялық өңдеу, сақтау
Е) жартылай ұшаны бөлу және бөліктерге бөлу, етті сүйектен ажырату, сіңірсіздендіру, тұздау, ұсақтау, тураманы дайындау, дайын тураманы қабықшаларға толтыру, термиялық өңдеу, кептіру, сақтау
43. Ливерлік шұжық өндірісінің технологиялық процесі мынадай технологиялық операцияларды қамтиды:
А) шикізатты дайындау, тураманы дайындау, тураманы қабықшаларға толтыру, термиялық өңдеу, салқындату, сақтау
В) шикізатты дайындау, бөлшектеу, пісіру, ұсақтау, тураманы дайындау, тураманы қабықшаларға толтыру, термиялық өңдеу, салқындату, сақтау
С) шикізатты дайындау, бөлшектеу, тураманы дайындау, тураманы қабықшаларға толтыру, термиялық өңдеу, салқындату
D) шикізатты дайындау, бөлшектеу, ұсақтау, тураманы дайындау, тураманы қабықшаларға толтыру, термиялық өңдеу, салқындату, сақтау
Е) шикізатты дайындау, бөлшектеу, ұсақтау, тураманы дайындау, тураманы қабықшаларға толтыру, термиялық өңдеу, сақтау
44. Ысталған өнімдерді өндірудің технологиялық процесі мынадай технологиялық операцияларды қамтиды:
А) ұшаны бөлу, ұстау, термиялық өңдеу, салқындату, кептіру, сақтау
В) ұшаны бөлу, бөліктерді тұздау, ұстау, термиялық өңдеу, салқындату, кептіру, сақтау
С) шикізатты дайындау, бөлшектеу, ұсақтау, тураманы дайындау, термиялық өңдеу, салқындату, сақтау
D) жартылай ұшаларды бөлу, алдын ала ұсақтау, тұздау, екінші рет ұсақтау, тураманы дайындау, термиялық өңдеу, кептіру, сақтау
Е) ұшаны бөлу, бөліктерді тұздау, ұстау, термиялық өңдеу, салқындату, тұндыру, кептіру, сақтау
45. Ет өнеркәсібінің арнайы кәсіпорны - бұл:
А) құс комбинаты
В) ет өңдеу зауыты
С) консерві зауыты
D) ет комбинаты
Е) ет-май зауыты
46. Негізгі өндіріске жатады:
А) градирня
В) әкімшілік-тұрмыстық корпус
С) қосалқы цехтар
D) тоңазытқыш
Е) әкімшілік корпус
47. Ет саласындағы кәсіпорындарды жобалау кезінде нені ескеру қажет:
А) өнімнің ең жоғары өзіндік құны
В) қалдықсыз технологияларды құру
С) шикізатты ең аз пайдалану
D) темір жолдардың болуы
Е) автомобиль жолдарының болуы
48. Цех жоспарында жабдықтарды орналастыруда нені ескеру қажет:
А) оған қызмет көрсетуге арналған шығындар
В) құрал-жабдықтар арасындағы ең аз қашықтық
С) шикізатты әртүрлі тәсілдермен беру
D) өндірістің технологиялық процесінің ағымдылығы
Е) қайталама шикізат өндіру процесінің ағымдылығы
49. Шұжық зауытының жылы бөлігінде қандай бөлімді орналастырады?
А) оқыту барысында
В) экспедиция
С) тұздықты дайындау бөлімшесі
D) шикізат жинау камерасына
Е) субөнім бұйымдарын өндіру
50. Ішек цехында қандай бөлімдер орналасады?
А) жем қоймасы
В) тұрмыстық бөлме
С) жинақтау камерасы
D) аппарат бөлімі
Е) тоңазытқыш




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет