БАҒдарламасы шемонаиха қ. 2010 жыл Паспорт 3 2



бет13/22
Дата28.01.2018
өлшемі5,71 Mb.
#34261
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22

Күшті жақтары:

1. көршілес елдермен сауда және істер қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін географиялық орналасуы.



Әлсіз жақтары:

1. Инфрақұрылым және әлеуметтік салалар әлсіз дамуда.



Мүмкіндіктер:

1. Шекараға жақын туристік саланы және сауданың дамуы, тұрғындарға қайтарылған жер телімдерін ұсыну.



Қауіп:

1. Тұрғындар санының азаюы, ауылдық елді мекендердің құлдырауы.



2.2.4.3 Азаматтық қорғаныс жүйесінің дамуы

Шемонаиха ауданы аумағындағы әртүрлі табиғат, таулы-геологиялық және геодинамикалық жағдайлар оның табиғат апаттарына - жер сілкінісі, тасқын, сел, құйын, орман және дала өрттері, температураның күрт түсуіне және қарлы борандар, эпидемиялар және эпизоотиялар, ұшырағаштығын алдын ала анықтайды. Құралдардың және негізгі қорлардың, көліктегі қозғалыс құрамының және инфрақұрылымның тозуы мен ескіруі, табиғат ресурстарын дайындаудың үдеуі, оларды тасымалдау және өңдеу көлемінің ұлғайуы техногендік қауіптің өсуіне нақты алдын ала жағдай жасайды.

Аудандағы 13 қызмет етіп тұрған су құрылыстарының (1 млн м3 аса 2 ірі) 5 нысан коммуналдық меншік.

Осы заманғы сенімді талаптарға түгелімен сай емес және 2-уі төменде орналасқан елді мекендерге және нысандарға әлеуеттік қауіп туғызуда. Адамдардың денсаулығына және өмірлеріне қыз кезеңінің төтенше жағдайлары да туғызады. 2010 жылы қаңтар айынан наурыз айы аралығында жауған көп қардың және соққан желдің әсерінен мықты автомобиль жолдарының қорлары толығымен қирап және Шемонаиха – РФ шекарасы, Шемонаиха – Первомайский - Өскемен автомобиль жолдарында көлік қозғалысы тоқтады.

Жылда су апатына (көктемгі тасқандар, су басулар) байланысты төтенше жағдайлар қауіп тудырады. Ауданда су тасқындарын тудыратын 6 әлеуетті қауіпті телімдер бар, онда жалпы тұрғындар саны 8 мың адам 6 елді мекен орналасқан. 2010 жылғы көктемгі кезеңде қолайсыз апаттық ауа-райының жағдайына байланысты, наурыздың ортасында +17-ке дейін күрт жылуы жиналған қардың еру себебінен 3 елді мекендердегі 23 тұрғын-үйді су басқан.

2010 жылғы су басу кезеңінде болған төтенше жағдайлар салдарын жою тәжірибесі әлеуетті-қауіпті жерлерде инженерлік және жағалауды бекіту өте төмен деңгейді жүргізілгенін көрсетті, АҚ және ТЖ аумақтық құрылымдарды қажетті құралдармен және жабдықтармен нашар қамтылған.

Жылда жалпы шыққан өрт санының 75 пайызы құрайтын және жалпы қайтыс болғандар санының 90 пайызын құрайтын тұрғын-үй секторын өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз ету ауыр жағдай болып қалуда. Барлық өрттің 60 пайыздан көбі ауылдық жерлерде болады. Ауданда елді мекендерде орналасқан ҚР МСБ өртке қарсы бөлімдері 3 өрт сөндірудің пунктері қызмет етеді. Елді мекендерге міндетті қорғаумен қамтамасыз ету және ормандық далалық өрттерді сөндіру бойынша жұмыстар жүргізу үшін 2 елді мекенде (Большая речка ауылы, Убинка ауылы) қосымша база салып және оны өрт сөндіру техникаларымен жабдықтау қажет.

Қызмет істеп тұрған ауданның және тұрғындардың басқарушылар құрамымен орталықтандырылған жариялау жүйесі 30 жыл бұрын құрылған және осы заманғы цифрлік технолдогиялармен және волононналық-оптикалық байланыспен нашар ұстасады және түбірімен қайтадан құруды талап етеді. Соңғы 15 жылда бағдарламалық қамтамасыз ету және жүйелердің құралдарын ауыстыру жүргізілген жоқ. Электрліксиренамен жариялау жүйесінде пайдалынатын П-160 және П-164 аппаратуралары моральді және физикалық ескірген, оргтехникалар және басқа да құрылғылар тудыратын бөгеттерге мықтылығы төмен, ҚТЖ өткен жүйенің цифрлық байланысына бейімделмеген. Соңғы жылдары радитрансляциялық торптар толығымен жойылған және электрлік сиреналар саны екі есеге азайған (12 данадан 6 қолданыста). Ауданда телеканалдарды ұстау жүйесі жоқ.

Сейсмикалық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету проблемасы кешенді және мынадай бірқатар проблемаларды шешуді талап етеді, жер сілкінісі туған жағдайда мүмкін болатын материалдық зарарды болжау, сондай-ақ конструкцияны күшейту жолымен жоғалтулар санын біршама азайту. Сейсмологиялық күшейтуді инженерлік қорғау бойынша шараларды тексеру және өткізу аудан бюджетінде юоқ бірталай қаржыны талап етеді.

Шемонаиха ауданының негізгі аумағы 6 балдық жер сілкінулерінің аймағына келеді. 7 балдық жер сілкіну аймағына Первомайский ауылы жатады, бұл аймақта өнеркәсіптік кәсіпорындар, көпқабатты тұрғын-үйлер, 5 мыңнан аса тұрғындар бар.

Ауданда ғимараттар мен құрылыстардың консрукциялық жағдайы туралы арнайылындырылған ұйымдармен тексерілген нәтижелер жоқ. Елді мекендердің сейсмикалық шағынаудандау картасының болмауы сейсмикалық қауіпті бағалау жүргізуге және инженерлік қорғау бойынша шаралар қабылдауға және апаттық жер сілкінулердің салдары қаупін төмендетуге мұрсат бермейді.

Тұрғындарды, аудан экономикасын, материалдық және мәдени құндылықтарды дүлей апаттардан, жол апаттарынан және катастрофалардан туатын қауіптерден тиімді қорғау алдын ала дайындық, профилактика және табиғат және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту болып табылады.


Күшті жақтары:

1. 2008 жылдан бастап ауданға электрондық пошта арқылы табиғаттық өрт туған жағдайда және көктемгі су басу кезеңдерінде қар қорларының еруінің ұйларын ерте анықтау бойынша космитикалық мониторинг арқылы ақпарат түседі. Жыл сайын бектілген жоспар бойынша басқару органдарымен, аудандық қызметтермен, АҚ және ТЖ нысандық және аумақтық құрылымдармен командалық-штабтықоқытулар және жаттығулар жүргізілініп отырады. Төтенше жағдайлар қаупі туғанда бірігіп қызмет жасау және әрекет ету жоспарлары дайындалған. ГО және ТЖ мәселелері бойынша ауданның басқарушы құрамы облыстық және республикалық оқыту курстарында дайындықтан үнемі өтіп отырады. Орман дала өрттерін сөндіру және шалғайдағы елді мекендерді қорғау үшін ауданда 3 өрт сөндіруші пунктер ұйымдастырылған, адам саны 20-дан өз еріктерімен 8 өрт сөндіруші жасақ құрылған.


Әлсіз жақтары:

1. Жұмыс істеп тұрған тұрғындарға жариялау жүйесі табиғаттық және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар тууда және қаупінде тұрғындарға толық көлемде шұғыл ақпаратты жеткізуге қабылетті емес. Апат және жойқын апаттар болған аймақта шұғыл құтқару жұмыстарын жүргізу үшін ГО және ТЖ аумақтық құрылымының қажетті осы заманғы құралдармен, инструменттермен және құтқарушылық жасақтармен өте төменгі деңгейде жабдықталған. Әр түрлі табиғи, таулы-геологиялық жағдайлар күшімен қоса, аудан аумағында өзендер мен су қоймаларының көп болуы, тоқтаусыз қорғауды және жағалауды нығайту және басқа да жұмыстарды жүргізуді қажет ететін елді мекендерге және инженерлік құрылыстарға тікелей қауіп, су басуды тудыратын әлеуетті-қауіпті телімдер бар.



Мүмкіндіктер:

1. Төтенше жағдайлар туған және қауіп тудырған жағдайда мақсатқа жету сәттілігі көбінекей басқару органдарының, ГО және ТЖ күші мен құралдарының дайындық деңгейіне тәуелді. Тұрғындар арасында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ГО және ТЖ аумағының білімдерін насихаттау бойынша кең көлемдік жұмыстар, әр түрлі төтенше жағдайлар болған жағдайда іс-әрекет жасау ережелері бойынша көрнекілік құралдар тарату бойынша ТЖ залалдарын бірталай азайтуға мүмкіндік береді. Өрт сөндіруші тірек пунктерінің санын көбейту және дамыту табиғат өрттерінен болған зарады азайтуға, сондай-ақ аудан орталығынан шалғай жатқан елді мекендерді қорғаумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Аудан әкімдігінің материалдық-техникалық қорларының нығайуы төтенше жағдайлардан жапа шеккен тұрғындарды кепілді тіршілікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Қауіп:

1. Аудан және жер сілкіну аймағы 6 және одан аса баллды аймаққа жатқызылады, онда көпқабатты өнеркәсіп нысандары мен тұрғын-үй құрылыстары бар. Нысандарды тексеру және сейсмологиясын күшейту бойынша жобаны қаржыландырмау қатты жер сілкіністері болған жағдайда адам өліміне, сондай-ақ тұрғын-үйлердің, ғимараттардың, құрылыстардың көп бөлігінің қирауына, экономикаға маңызды зарарын тигізуіге әкеп соғады.

Ауданда негізінде алдыңғы ғасырдың 50-70 жылдары салынған, негізінде жөндеуден өтпеген және инструменталдық тексерілмеген әр түрлі меншіктік формадағы 13 су техникалық құрылыстары бар. Плотиналар жағдайын тексеру және күшейту бойынша шараларды қаржыландырмағандықтан кепілденген нығайтылған су құрылыстарын қамтамасыз ету бойынша кешенді кірісіудің болмауы техногендік апаттардың туған жағдайда адамдардың өмірлері мен денсаулықтарына қауіп төндіреді.



2.2.5 Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару жүйесі
Мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін басқару жүйесін жетілдіру, өкілетті және атқарушы органдар жұмысының тиімділігін және нәтижелілігін арттыру қажет.

Мемлекеттік басқару

Ауданның мемлекеттік органдар құрылымы: аудандық мәслихаттың аппараты, барлық деңгейдегі 12 әкімдік аппараттар (аудан әкімінің аппараты, 11 аудандық маңызы бар қалалар, кенттер мен ауылдық округтер әкімдерінің аппараты), аудандық бюджеттен қаржыландырылатын12 атқарушы органдар және 5 орталық органдардың аумақтық бөлімшелері.

2010 жылғы 1 қаңтарға барлық деңгейдегі әкімдер аппараттарында 152 мемлекеттік қызметкер, оның ішнде 12 саяси және 140 әкімгершілік қызметкерлер. Орташа мемлекеттік қызмет өтілі – 9,4 жыл. Қызмет өтілі 1 жылдан 5 жылға дейінгі қызметкерлер 20,3% , бұл жұмысқа жас мамандарды қабылдаумен байланысты. Ұлттық белгілер бойынша неғұрлым көп үлес салмағы орыс ұлтында (68,5%).

Мәслихат аппаратының саны 7 бірлікті құрайды.

Ауданның жергілікті өкілетті органдарындағы депутаттар саны 16 адамды құрайды, оның ішінде 2- облыстық мәслихат депутаттары.

Шемонаиха ауданы мәслихатының қызметі мелекеттік саясатты, мемлекеттік қызметтерді ұсынуды жақсартуға, қызметкерлердің мкәсіби деңгейін көтеруге, теориялық және тәжірибелік білімдерін жаңартуға, техникалық мүмкіндіктерін көтеруге бағытталған. Мәслихат қызметінде аса маңызды бағыт өздерінің сайлаушыларымен тығыз байланыс орнату болып табылады. Сайлаушылармен депутаттардың байланыстарын кеңейту, азаматтардың проблемаларын шешуге орай жедел әрекет етуге ақпараттық-коммуналдық технологиялар мүмкіндіктерін белсенді пайдалануды шамалайды.

Аудан әкімдігінің аппараты тек әкімдік, аудан әкімінің және оның орынбасарларының қызметін ақпаратты, аналитикалық, ұйымдастырушылық және басқа да қолдау түрлерімен қамтамасыз етуді шамаламайды. Қазіргі уақытта бірінші жоспарға жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін арттыру және координациясын жақсарту мәселелері кіреді.

Сапаны арттырудың инструменттерінің бірі және «бер терезеден» ұстаным бойынша мемлекеттік қызметтерді алудың қол жетімділігі неғұрлым көп тұрғындарға қызмет көрсету Орталығы болып табылады (бұдан кейін - ТҚКО).

Мемлекет басшысының 2005 жылғы 18 ақпандағы «Қазақстан тез экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңалау жолында» Жолдауын іске асыру мақсатында және Үкіметтің 2007 жылғы 5 қаңтардағы №1 Қаулысын орындауда, ҚР әділет Министрлігімен Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданында тұрғындарға қызмет көрсету орталығы (бұдан кейін - ТҚКО) – мемлекеттік мекеменің құрылуы және ашылуы бойынша шаралар өткізілді.

Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданының ТҚКО жеке мен заңды тұлғаларымен көрсетілген бекітілген мемлекеттік қызметтер реестіріне сәйкес баламалы және баламасыз негізде өтініштерді қабылдау және құжаттарды беру бойынша мемлекеттік қызметтердің 20 түрімен тұрғындарды қамтамсыз етеді.

Толығымен аудан бойынша ТҚКО-ның 1 филиалы және 2 өкілі қызмет етеді.

Шемонаиха ауданының ТҚКО филиалының қызмет ету кезеңінде 20300 қызмет көрсетілді.

Корпоративтік басқарма жүйесін дамыту және мемлекеттік қызметтер сапасын дамыту саласында аудан әкімдігі аппаратының негізгі проблемалары мен қажеттіліктері мыналар:

- БЭҚАЖ және бірыңғай көлік ортасының аудан және ауыл деңгейінде жеткілікті дамымауы;

- облыстық деңгейдегі тапсырманы орындаумен тіркеу және бақылау жүйесінің жетілмеуі;

- жоспарларды және басқа да әлеуметтік-маңызды жобаларды орындауға бақылау жүйесінің даму деңгейінің қызмет ететін осы заманғы ақпараттық-коммуналдық технологияларға сай болмауы;

- кешенді сратегиялық құжаттар дайындауда жергілікті мемлекеттік органдардың ведомоства аралық және салааралық бірігіп қызмет етудің жеткілікті жоғарғы деңгейінің болмауы;

- аудан әкімінің аппаратының шығарманормативтік қызметі сапасының деңгейін қолдауға қажеттілік, оның қатарында, қызметкерлердің құқықтық сауаттылығының көтерілуі арқасында және олардың жаңарған электронды заңнамалық базаға қол жетімділігін қамтамасыз ету қажет;

- жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтерінің сапасын бағалау және мониторинг жүйесін қайта өңдеудің жетіспеушілігі;

- ауданды дамыту және басқару бойынша шешімдер қабылдауда көзқарастарды тіркеуге алу және стратегиялық құжаттар дайындауға тұрғындарды және азаматтық қоғамдық институттарды тартудың жеткіліксіз деңгейі;

- Үкіметтің вересурстары және әкімдік порталы арқылы әлеуметті маңызды мемлекеттік қызметтерді ұсыну үдерістеріне қол жетімділігін және тиімділігн көтерудің қажеттілігі;

- ХҚКО қызметкерлерінің дайындықтарының жеткіліксіздігі, кәсіби түрдегі сияқты клиенттермен тұлғааралық қатынастарда да;

- облыстың ірі елді мекендерінде ХҚКО филиалдары жүйесін кеңейту қажеттілігі;

- Қазіргі күнде Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданында мынадай ақпараттық жүйелер қызмет істейді:

1. АЖ «Жеке тұлғаларды тіркеу»;

2. АЖ «Тапсырмаларды тіркеу»;

Қазіргі күнде мемлекеттік қызметтердің базалық санаттарын автоматтандыру аясында мынадай шаралар жүзеге асырылды:

Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданы әкімінің www.shemonaiha.vko.gov.kz Web – порталы құрылды, ауданның дамуы озық салалары бойынша сайтта 33 тақырыптық айдарлар ұсынылды. Айдарлар бойынша толығырақ ақпарат 46 шағын айдарларды жарыққа шықты. Жалпы беттердің саны 1905 құрады, оның ішінде 402 ақпараттық және 1503 жаңалық беттері. (істік-таныстыру, жедел-анықтамалық және интерактивтік) қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Ауданнның мемлекеттік мекемелерінің кеңейген электрондық қызметтерге қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 10 қоғамдық қол жеткізілімділік пунктері қамсыздандырылған



«е-үкімет» базалық бөлшектерімен шоғырлануы

Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданындағы жергілікті атқарушы органдары деңгейінде жұмыстар жүргізетін Е-үкімет базалық бөлшектері мыналар:



  1. ҚР электрондық құжаттар айналымының бірыңғай жүйесі (бұдан кейін ЭҚАБЖ).

  2. «Мекен-жайлық регистр» мемлекеттік ақпараттық жүйе.

  3. «Жеке тұлға» мемлекеттік деректер базасы.

Қазіргі күнде Шемонаиха ауданы әкімінің аппаратында IBM «Lotus Notes»

компаниясының бағдарламалық қамтамасыз етуі орнатылған. ЭҚАБЖ 4 жұмыс орнында енгізілген. 2010-20114жж. жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін арттыру үшін қалалар, кенттер және ауылдар әкімдерінің аппараттары ЭҚАБЖ-мен қамтуды талап етеді, ЭҚАБЖ-мен жұмыс істеуді оқыған қызметкерлер санын көбейту, ауданның әрбір мемлекеттік органның жергілікті желісіне қосылған автоматтандырылған жұмыс орнының үлесін өсіру қажет.

«е-әкімдік» ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету

2009 жылы аудан әкімінің аппаратымен «Мемлекеттік сатып алулар»

ақпараттық жүйесінде, электрондық құжаттар айналымы жүйесінде жұмыс істеу үшін USB интерфейсімен крепто-кілт алынды.

Осы кейіппен ақпараттық ресурстар қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауданның мемлекеттік мекемелер жүйелерінің салаларында қазіргі уақытта мынадай қажеттіліктер бар:

- мемлекеттік құпияны қорғау және ақпараттық қаіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы малакеттік қызметкерлерді даярлау және қайтадан дайындықтан өткізуге;

- мемлекеттік мекемелердің серверлік бөлмелермен қамтамсыз етілуі;

- аудан әкімдігінің ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу үшін мемлекеттік қызметкерлерді цифрлық куәліктермен және электрондық цифрлық таңбалармен қамтамасыз етілуі;

- жұмыскерлерге арналған инструкциялар дайындау және пайдаланушылардың оқытылуы.

Ағымдық жағдайдың SWOT-талдауы

Күшті жақтары:

1. Электрондық құжаттар айналымының бірыңғай жүйесінің болуы

2. ауданның елді мекендерінде 10 қоғамдық қол жетімділік пунктері қызмет етеді;

3. аудан әкімінің өз сайтының болуы.

Әлсіз жақтары:

1. электрондық мемлекеттік қызметтерді тұтынушылармен жауаты мемлекеттік органның бірігіп қызмет ету тәртібін реттеуге арналған нормативтік-құқықтық базаның жетілмеуі;

2. ведомства аралық сияқты электрондық мемлекеттік қызметті тұтынушылармен бірігп қызмет ету үшін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша нормативтік-құқықтық базаның жоқтығы;

3. ресурс басқармаларының негізгі бизнес-үдерістері автоматтандырылмаған;

4. мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін қарапайым етуге бағытталған АЖ жоқтығы;

5. мемлекеттік басқарма салаларының мониторингісіне бағытталған АЖ жоқтығы;

6. тек аудан деңгейінде ЕТС қамту;

7. «е-үкімет» базалық бөлшектерімен шоғырланудың болмауы;

8. тек облыстық деңгейде ЭҚАБЖ қамту;

9. қоғамдық орындарда ҚҚЖП қамту жеткілксіз деңгейі.



Мүмкіндіктер:

1. АКТ – салалар даытуға мемлекеттік қолдау;

2. аудан тұрғындарының мемлекеттік қызметтерді электронды алуға қызығушылықтары;

3. электронды түрдегі мемлекеттік қызметерді ұсыну үдерісін оңтайландыру және қарапайым қылу үшін ОМО АЖ пайдалану;

Қауіп:

1. е-үкімет базалық бөлшектерімен шоғырланудың жоқтығынан интерактивтік электрондық мемлекеттік қызметтерді ұсынуға ЖАО дайын болмауы;



2. аудан тұрғындарының нашар ақпараттандыруына байланысты электрондық мемлекеттік қызметтерді талап етпеулері;

3. көрсетілген электрондық мемлекеттік қызметтерге тұрғындардың қанағаттанбауы.



Жергілікті өзін-өзі басқару

Жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы жергілікті жағдайлар мен мүмкіндіктерді, жергілікті ресурстар мен басқару әдістерін бағалауды, кең демократиялық қарым-қатынас пен өзін-өзі басқару мәдениетінің дамуын, заңнамалық базаның жетілдіруін есепке алуды талап етеді.

Шемонаиха ауданында өзін-өзі басқарудың жұмыстары мынадай ұйымдарға ұсынылған: аудандық мәслихат, аудандық қоғамдық кеңес, аудандық ардагерлер кеңесі және алғашқы ардагерлер ұйымдары, ақсақалдар кеңесі, аудандық әйелдер кеңесі, үкіметтік емес ұйымдар. Сондай-ақ «Қазақ тілі» орталығы жұмыс істейді, құрамында 18 адам және 8 этномәдени қоғамдармен, оның қатарында: белорусский, татар, орыс, украйндық, неміс, армяндық, корейлік және польшалық 100 қатысушыларды бірлестіретін. Бұл ұйымдар Шемонаиха қ. Первомайский к., Усть-Таловка к.,толығымен 8 аудан және ауылдық округтерінің қоғамдық-саяси және әлеуметтік –экономикалық өмірлеріне белсенді қатысуда. Көп жылдан бері 3 елді мекендерде (Первомайский к., Шемонаиха қ., верх-уба а)көше комитеттері қызмет етеді. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары еңбек ұжымдарымен, кәсіпорындарымен, мекемелермен, учаскелік инспекторлармен жұмыс істейді. Ауданда ЖӨБ жүйесін ұйымдастыру мәселері бойынша үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жүргізуде. НПО бірігіп дөңгелек үстелдер, депутаттар, атқарушы биліктің өкілдері, азаматтық қоғамдастық ұйымдарының қатысуларымен семинарлар өткізіледі.

Ағымдық жағдайдың SWOT-талдауы



Әлсіз жақтары:

1. ЖӨБ саласындағы әлсіз құқықтық база («Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» жеке Заңның болмауы);

2. Жергілікті өкілетті органдардың ЖӨБ органы түрінде жеткіліксіз жұмыс тәжірибесі.

3. Ауылдық аймақтарда жұмыс регламенті анықталмаған.

4. ЖӨБ органдарын қаржыландыру жүйесі анықталмаған.

5. ЖӨБ және жергілікті өзін-өзі басқару органдары арасындағы нақты разграничения жоқтығы.

6. ЖӨБ органдпрына аударуға болатын уәкілеттің көлемі анықталмаған.

Мүмкіндіктер:

1. ЖӨБ органдарының заңнамалық анықталуы.

2. ЖӨБ дамуына аймақ тұрғындарының қызығушылықтары.

3. ЖӨБ дамыту бойынша басқа аумақтардың тәжірибесінің болуы.



Қауіп:

1. ЖӨБ туралы жеке Заңның қабылданбауы.

2. ЖӨБ саласында жүргізілген реформаларға тұрғындардың сенбеуі.
Гендерлік саясат

2009 жылы Шемонаиха ауданында 48,3 мың адам өмір сүрді, оның ішінде әйелдер саны 24,9 мың құрады, немесе 51,5%. 2010 жылғы қазанға ауданда 48,1 мың адам өмір сүреді, оның ішінде әйелдер - 24616 немесе 51,2%. Әйелдер еркектермен тең түрде экономикалық қызмет аумағындағы салалардың барлығына белсенді қатысады. Жалдамалы қызметкерлердің жалпы санының мөлшермен 50,0% олар құрады, яғни 2008 жылғы салыстармалы кезеңге 0,5% деңгейі жоғары. Кейбір экономикалық қызметтерде әйелдер үлесі басым. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет салаларында әйелдер 85,59% құрайды (2009 жылы – 85,17%), қонақүй бизнесінде, қоғамдық тамақтандыру саларында 76,0% (2009 жылы - 75,0%), білім беру саласында - 86,73% (2009 жылы – 86,73%) , қаржы қызметінде - 70% (2009 жылы – 68%), басқа да коммуналдық, әлеуметтік және жеке қызметтерде – 52 % (2009 жылы – 51%), сауда және үй шаруашылығын жүргізу бойынша – 54% (2009 жылы – 53%).

Талдау 2009 жылы экономикалық қызметте әйелдер үлесінің пайыздық қатынасы негізінде өзгермеген тек қаржы саласында, қонақүй бизнесінде, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында біршама ұлғайғанын көрсетті.

Сонымен қоса әйелдер мен еркектердің еңбек ақыларының айырмашылығы сақталуда. Орташа алғанда салалар бойынша сияқты әйелдерге қарағанда еркектердің еңбек ақыларының деңгейі 35,4% жоғары. Өнеркәсіпте, құрылыста, қпржы саласында және басқа да салаларда әйелдердің еңбек ақылары еркектерге қарағанда 8,7-29,2% төмен.

Одан басқа әйелдер бұрынғыдай еңбек нарығында бәсекеге қабылеттілігі аз бюолып қалады. Жұмыссыз әйелдердің жалпы саны 51,1%. Бірақ та 2008 жылмен салыстырғанда 3,4% төмендегені байқалады (аумақтық көрсеткіште жұмыссыз әйелдер 26,8 мың адамды құрайды немесе 56,9%).

2010 жылы еркектердің жалақысы 51562 мың теңгенң құрады (2009ж – 47857, 2008ж – 44299 теңге) және 7,74% өсім, әйелдерде 15,1% өсіп 4500 теңгені құраған. Әйелдердің көрсетілген орташа айлық жалақыларының еркектердің жалақысына қатынасы 73% құрайды (2008ж - 69%).

Ауданда әйелдерді саяси алға тарту бойынша жұмыстар жүргізіледі. 14 аудандық мәслихат депутаттарының 3 әйелдер, 11 ауылдық округтер мен кенттер әкімдерінің 4 әйелдер және 3 әкім орынбасарларының 1 әйел. Десе де әйелдер шешім қабылдау деңгейінде билікте жеткілікті қызмет етпейді. Осы ұсынылғандардан көрінген сияқты биліктің өкілеттік органдарында аудандық деңгейде әйелдер үлесі тек 2,2% құрайды.
Адам құқығы аумағында құқықтық мәдениетті көтеру мақсатында, құқық және бостандық мәселелерінде әйелдер мүмкіндігін кеңейту, олардың қол астында бар ресімдер мен олардың құқықтарын бұзушылықтармен кұресу құралдарымен соңғы үш жылда «Гендерлік теңдікті нығайту және дамыту, әйел мен еркек қатынасына теріс стреотиптерді артта қалдыруға жәрдемдесу» әлеуметтік жобаны іске асыру бойынша ҮЕҰ – мен жұмыстар аясында жұмыстар жүргізілуде (заңды және психологиялық қызмет, қоғамдық, ішкі саясат бөлімінің, ішкі істер, әлеуметтік салалар бөлімдерінің өкілдерін шақырумен ақпараттық-түсіндірме шаралары жүргізілуде).

Мемлекеттік органдардағы әйел-басшылардың үлесі тек 19% құрады.


Күшті жақтары:

- жалпы тұрғындар санының 51,2% әйелдер саны құрады

- кейбір экономикалық қызметтер бойынша әйелдер үлесі басым

- еркектерге қарағанда әйелдердің өмір сүру ұзақтығы жоғары



Әлсіз жақтары:

- жалпы санның 51,1% жұмыссыз әйелдер құрайды. Бірақ та 3,4% төмендегені байқалады.

- әйелдер билікте шешім қабылдау деңгейінде жеткіліксіз іс әрекет жасаған

- еркектер мен әйелдердің еңбек ақыларының айырмашылығы сақталуда



Мүмкіндіктер:

- әйелдердің саяси алға тартуы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтеді



Қауіп:

- әйелдер құқығының сақталмауы

- жыныс белгілері бойынша әйелдердің дискриминациясы
2.2.5.1 Аудан бюджеті

Аудан бюджеті барлық бюджеттік әкімшіліктің функциялары бойынша мемлекеттік қаржыландыру көлемінің маңызды өсуімен сипатталады.

Аудан бюджетінің көлемі 2009 жылы 2,024 млрд теңгені құрады, яғни 2008 жылдан 1,38 есе жоғары (2008 жылы 2007 жылға қарағанда 1,26 есе, 2007 жылы 2006 жылға қарағанда 1,39 есе жоғары құраған).

Мемлекеттік басқарманың жоғарыда тұрған органдарынан трансферттер:

- 2009 жылы 1,247 млрд теңгені құрады, (оның ішінде 774,6 млн теңге субвенция), яғни 2008 жылға қарағанда 1,8 есе көп;

- 2008 жылы - 704,6 млн теңге, (оның ішінде 622 млн теңге субвенция), яғни 2007 жылға қарағанда 1,44 есе көп;

- 2007 жылы - 488,0 млн теңге (оның ішінде 295,2 млн теңге субвенция), яғни 2006 жылға қарағанда 1,76 есе көп;

Өз кірістерінің үлесі мен жоғарғы тұрған органдар бюджеті трансфертерінің үлесі сәйкес болды:

- 2009 жылы - 37,7% немесе 62,3%;

- 2008 жылы – 54,2% немесе 45,8%;



- 2007 жылы - 63,6% немесе 36,4%. 2005 жылы трансферттер үлесі 43,7% құрады. (46 сур. қара)
2007-2009 жылдардағы аудан бюджетінің құрылымы

29 сурет
Үкіметтің 2007 жылғы 16 шілдедегі № 599 қаулысымен бекітілген жалпы сипаттағы трнсферттер есебінің Әдістемесіне сәйкес үнемі сипаттағы мақсатты трансферттер жергілікті бюджеттің базасына қосылған. Осыған байланысты 2007 жылға қатысты 2008 жылы мақсатты трасферттер көлемінің төмендегені байқалады.

Әлемдік дағдарысқа байланысты орын алған ауыр экономикалық жағдай аудан бюджетінің өз кірістері түсімдеріне әсер еткен жоқ. Бүтіндей алғанда аудан бюджеті 2009 жылға өз кірістері бойынша аудан бюджетінің өз кірістерінде салықтардың үлес салмағын экономикада жұмыс істейтін экономикалық белсенді тұрғындар 52% құрайды, бұл негізге еңбек ақының неғұрлым ең төменгі өсім деңгейі алынды және бірбеткейлікке әлеуметтік салық бойынша салықсалудың регрессивті шкаласымен өту есептелген. Дегенмен әлеуметтік салық бойынша жоғалтулар басқа кіріс көздері бойынша төлемдерді көтеру есебінен орны толтырылды, еңбекақы қорының ең төменгі өсімі бойынша болжау ақталмады. Сол себептен 2008, 2009 жылдарда базалыққа өз кірістеріні өсуі қамтамасыз етіліп 3,4% құрады.

Аудан бюджетінің шығындары соңғы үш жылда 1,6 есеге өсті және 2,024 млрд теңгені құрады.

Талдау кезеңінде шығындар бөлігінің құрылымында көрсеткіштерге катынасты өзгерістер болды. Аудан бюджетінің әлеуметтік бағытты неғұрлым жақсара түсті, әлеуметтік саланы қаржыландыруға бюджеттік қаржының үлесі 60% аса құрайды, 2005 жылға қарағанда қаржыландыру көлемі 2009 жылы 1,44 есеге өскен.

2008 жылдан бастап бюджеттің құрылуы әр түрлі аймақтардағы әр алуан шығындық сұраныстарды байланыстыратын нысаналы факторлардың есебінен және бюджеттік қызметтерді тұтынушылар санынан таралған шығындық сұраныстарды бағалауда жүзеге асырылды. Шығындар деңгейінің (демографиялық құрам, тұрғындар тығыздылығы, климаттық жағ,дайлар, көліктік қол жетімділік және т.б.) әр алуандығын байланыстыратын нысаналы факторлар есебінен формулалаық сызба бойынша бюджеттік қызметтерді тұтынушылар санынан таралған «сметалық» көзқарастан – ағымдағы шығындарды бағалауға ауысу жүзеге асырылды.

2009 жылы шығындарды оңтайландыру нәтижесінде қысқарған ағымдағы бюджет шығындары бойынша жобалардың басталғандарын аяқтау және жаңаларын көп ұзатпай іске асыру арқылы инвестициялық жобалардың іске асуын тәртіпке келтіру, соның қатарында әр түрлі бағыттар бойынша көптеген жобалар санын қаржыландыруға қабылдауы бойынша шаралар қабылданды.

Саланың бюджеттік саясаты саланың барлық алынған міндеттерін бірінші орында бұл әлеуметтік міндеттер, сондай-ақ жұмыспен қамту саласын қосқанда облыс тұрғындарын әлеуметтік қолдауға жанама әсер ететін шараларды толығымен және уақытылы жүзеге асыру үшін қаржылық ресурстарды жұмылдыруға және шоғырландыруға бағытталған.

Сонымен бюджеттің әлеуметтік бағыттылығы сақталуда, және шығындарды жоспарлауда негізгі басымдық денсаулық және білім беру, әлеуметтік қолдау, сондай-ақ облыс экономикасына дағдарыстан кейінгі сапалы өсуі үшін жағдайлар жасау болып табылады.

Осы бағыттың мақсаты – бюджетті орындау бөлігінде үдеріс мониторингісін жүргізу жолымен бюджеттік қызметтер сапасын, сондай-ақ мемлекеттік коммуналдық меншікті пайдаланудың тиімділігін көтеру.

Бюджеттің орындалу сапасын көтеру мақсатында мынадай іс-шаралар қарастырылған:

- түсімдер және шығындар бойынша бюджеттік мониторинг жүргізу;

- бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерінің және бюджетті орындаудың мониторинг үдерісінде бюджетке салықтық және басқа түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті органдарының өзара тиімді іс-қимылы;

- бюджеттік тәртіпті күшейтуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар әкімгерлеріне талаптарды күшейту;

Бюджетті орындау үдерісі бюджеттік бағдарламалардың іске асу тиімділігіне және нәтижелігіне бағыт көрсету қажет.

Қызметтердің сапасын және қол жетімділігін арттырудың негізі реттелген және жүиелі жиынтығы, міндеттердің өз уақытында қабылданбау себептерін және бюджеттік бағдарламалар бойынша жүргізілген төлемдерді анықтау мақсатамен жүзеге асырылған, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерінің стратагиялық жоспарларында анықталған нәтижелерінің көрсеткіштері бойынша деректер болып табылады.

2. Коммуналдық меншікті басқару жүйесінің тиімділігін арттыру.

Ауданның коммуналдық меншікті басқаруы бойынша жұмыстағы негізгі бағыттардың бірі 2007-2010жж. ағымындағы қызмет етіп тұрған иесіз мүлік заңнамасымен бекітілген талаптарды сақтаумен апуданның коммуналдық меншігіне қабалдау, анықтау бойынша іс-шараларды жүзеге асыру болып табылады, оның қатарында су құрылысы, әлеуметтік инфрақұрылым нысандары (мектеп, балабақша, және мәдениет үйінің ғимараттары) және спорт құрылысы.

2009 жылғы жағдай бойынша сот шешіміне сәйкес 8 нысан иесіз деп танылып және коммуналдық меншікке өткізілді, 2010 жылы – 1 нысан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет