Бағдарламасы шифр және мамандығы: 5В010400 «Бастапқы әскери дайындық»



бет6/21
Дата07.02.2022
өлшемі221,5 Kb.
#87342
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
БАҒДАРЛАМА 3 курс - копия (1)

Пәндік құзіреттілік:
Кәсіби іс-тәжірибені ұйымдастырудың мақсаты болашақ мамандарды дайындауда іс-тәжірибе роль мен маңызды оны процесіне енгізудің объективті қажеттілігі негізінде бастапқы іскери дайындық туралы ғылыми практикалық білімдерді меңгеру арқылы қоғамдық құбылыс ретінде тани отырып, адам өмірі мен қызметіндегі - білім, тәрбие, өндіріс, күнделікті тұрмыс, бастапқы әскери дайындық құндылығын арттыруға арналған өзіндік мәдениетін тереңдете және түседі.
Игеруі қажет:
Кәсіби құзыреттерге қойылатын талаптар
білімдік қызмет саласында:
- жан-жақты әскери-педагогикалық, арнайы-әскери дайындығының болуы және денесін шынықтыруы;
- үнемі әскери-педагогикалық және арнайы-әскери, кәсіби білім, білік, дағдыларын жетілдіріп отыруы;
- педагогикалық және ақпараттық технологияларды тиімді пайдалануды;
эксперименттік-зерттеу қызметі саласында:
- оқу-тәрбие процесін бақылау, бақылап отырған фактілер мен құбылыстарды талдау және олардың себеп-салдар байланыстарын анықтау, олардың дамуын болжауы; сынып ұжымының ерекшеліктерін, оқушылардың мүдделерін, олардың оқып отырға пәнге қатынасын талдауы;
- оқу материалын, оқыту құралдарын талдау, күтілетін нәтижелерді болжауы; өзінің кәсіби әрекетін, оқушылардың оқу әрекетін талдауы;
- барлық бақыланып және талданып отырған құбылыстарды белгілі теориялық-әдіснамалық тұрғысынан түсіндіру;
- процесс нәтижелерін анықтайтын негізгі факторларды бөліп көрсету;
- қол жеткен және тиіст нәтижелерді салыстыру, оның белгілі тұжырымдамалық негізде даму перспективасын болжауы;
- ғылыми ақпаратты іріктеу және сын елегінен өткізе отырып пайдалануы;
- жалпы ғылыми таным әдістерін меңгеруін талдау, жинақтау, индукция, дедукция, аналогия, ғылыми болжам, модельдеу және т.б.
- күрделі емес әдістемелік экспериментті жоспарлауы және өткізуі;
- зерттеудің дидактикалық тиімді нәтижелерін өзінің кәсіби-педагогикалық әрекетіне енгізуі;
- эксперименттік-зерттеу жұмысының позитивті нәтижелерін баяндама, хабарлама, ғылыми мақала, әдістемелік құрал түрінде әдеби рәсімдеу және насихаттауы;
ұйымдастырушылық-басқару қызметі саласында:
- оқыту әрекетін жоспарлау барысында бастапқы әскери дайындықты меңгерудің объективтік заңдылықтарын ескеруі;
- сабақтың нақты мақсаты мен міндеттерін анықтау, оқушылардың ортақ әрекетінің бағдарламасын белгілеуі;
- нақты сабақтың мақсаты мен түріне сәйкес оқу материалын жоспарлауы;
- өзінің кәсіби әрекетін бастапқы әскери дайындық пәні мазмұны мен оқу процесін ұйымдастыруға қойылатын талаптар тұрғысынан жоспарлауы;
- өз әрекетін және оқушылар әрекетін сабақтың белгілеген жоспарын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастыруы;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет