6. Іс-тәжірибе жетекшісінің бақылау әдістері Білім алушының жолдамасы практиканың барлық түріне, практиканың өту мерзіміне, іс-тәжірибенің жетекшісі және іс-тәжірибенің өту базалары жоғары оқу орнының басшысының бұйрығымен рәсімделеді.
Іс-тәжірибе жетекшілері ретінде профессорлар, доценттер, тәжірибелі оқытушылар, мамандықтың жақсы спецификасын білетін және іс-тәжірибе базасының қызметін білетін тағайындалады.
Іс-тәжірибе жетекшісі практика алдында білім алушыларды қажетті дайындыққа ұйымдастырады, іс-тәжірибе бағдарламасына сәйкес кеңестер өткізіледі, іс-тәжірибенің өтуілу барысына бақылау жүргізеді, іс-тәжірибе бойынша білім алушылардан есеп қабылдайды, кафедраға жазбаша түрінде пікір тапсырады, іс-тәжірибе жөнінде есепті қабылдау жүргізіледі.
Топ жетекшілерінің міндеттері:
- іс-тәжірибе барысында топ студенттерін іс-тәжірибе бағдарламасымен, әдістемелі
нұсқаулармен қамтамасыз етіледі;
- оқу процесін ұйымдастыруда «Бастапқы әскери дайындық» пәні бойынша кафедра бекіткен тапсырмалармен және жеке тақырыптармен жұмыс жүргізіледі;
- тәжірибе аяқталысымен іс-тәжірибе обьектісі жағынан бекітілген іс тәжірибе жетекшісі студенттің іс-тәжірибе өту кезіндегі жұмысын бағалап күнделікте толық сипаттама береді. Күнделік тәжірибе жетекшісімен бекітіліп мөр қойылуы керек.
- іс-тәжірибе нәтижесі бойынша есеп құжаттар комиссия отырысында талқыланып, қорғауға қатысады және т.б.