мұндағы А – бөлініп шыққан заттың атомдық салмағы;
z – реакцияға қатысушы электрондар саны.
Егер q өлшем бірлігін «миллиграмм бөлінген кулонға» деп алсақ, онда (2) формула мынадай түрде жазылады
(3)
Реакцияға қатысатын заттардың мөлшерін олардың электрохимиялық эквиваленті бойынша есептеу электрохимиялық үрдістердің барлық түріне (катодтық және анодтық үрдістер) қолдануға жарамды: катод бетінде металдар мен газдар бөліну үрдісіне, анод металының еруі мен анодта электрохимиялық тотығу өнімдерінің бөлінуіне, жаңа фаза түзбей жүретін электрохимиялық үрдістерге және т.б. Нақты электрохимиялық үрдістердің көпшілігінде реакцияға қатысушы заттардың шын мәніндегі мөлшері теориялық жолмен есептеп табылған шамасынан өзгешелеу болады. Оның себебі басқадай электрохимиялық реакциялардың қосарласа жүруі (мысалы, мырышты электролиздік сығындылау кезінде катод бетінде мырыш пен сутегінің бір уақытта бөлінуі), катод пен анодтық өнімдердің өзара әсерлесуі, электролит бойында металдардың бірнеше дәрежелі тотығу беретін тұздарының болуы, электродтар аралығында қысқа тұйықталу болуы және т.б. Заттардың шын мәнінде реакцияға қатысқан мөлшерінің gфакт Фарадей заңы бойынша есептелген теориялық мөлшерінен gтеор ауытқу дәрежесі электролиз кезіндегі ток бойынша шығымы ШТ арқылы сипатталады. Бұл көрсеткіш әдетте пайызбен және сирегірек, бүтіннің бөлшегі түрінде беріледі:
(4)
Достарыңызбен бөлісу: |