90-100% - егер жұмыс қатесіз және жаңылысусыз орындалса немесе бір жаңылысу ғана болған жағдайда қойылады.
70-89%толық орындалған, бірақ бір өрескел емес қате және бір жаңылысу немесе екіден аспайтындай жаңылысқан жағдайда қойылады.
50-69%жұмыстың жартысынан астамын орындап, немесе - өрескел қатесі екеуден аспаса; - бір өрескел қате жіберіп және бір рет жаңылса, - 2-3 өрескел емес қате,- бір өрескел емес қате және үш жаңылысу; - қате жоқ, бірақ 4-5 жаңылысу
0-49%қате мен жаңылысулар саны 50-69% жағдайына қарағандағы нормадан асып кетсе, немесе жұмыстың жартысынан көбі дұрыс орындалмаса.
2
Мәнжазба
90-100% - келесі талаптарға сәйкес келеді
Мәнжазба мәтінінің жаңалығы (19-20 балл) – тақырып пен мәселе өзекті, жаңалық бар, автордың өзіндік ой қосуы;
Мәселе мәнінің ашылу деңгейі (28-30 балл) – тақырып, жоспар және мазмұн сәйкестігі, мәселенің ашылу толықтығы мен тереңдігі, әдебиетті пайдалану және материалды жүйелеу, әртүрлі көзқарастарды салыстырып, өз тұжырымын беруі;
Көздерді таңдау негізділігі (19-20 балл) – әдебиет көздерін толық пайдалану, мәселеге қатысты өте жаңа материалдарды қолдану
- тақырып жан-жақты ашылған (18-20 балл); - материал түсінікті түрде жазылған (8-10 балл); - өздері дайындаған кесте мен сызбалар (8-10 балл); - слайдтар мазмұны жағынан дәйекті орналастырылған (4-5 балл); - түйіні мен ұсыныстары бар қорытынды слайд (8-10 балл); барлық қолданылған ресурстары тізбеленген әдебиеттер (4-5 балл)
Таныстырылымды қорғау (9-10 балл): - нақты және қисынды баяндау (4-5 балл); өзі айтып тұрған материалын толықтай меңгеруі (5 балл)
70-89% - келесі талаптарға сәйкес келеді
Таныстырылымның безендірілуі (21-26 балл); Мазмұны (42-53 балл)
Таныстырылымды қорғау (7-8 балл)
50-69% - келесі талаптарға сәйкес келеді:
Тақырыпқа қатысты білімі аз және таныстырылымды рәсімдеуі талапқа аздап қана сәйкес келеді.Таныстырылымның безендірілуі (15-20 балл); Мазмұны (30-52 балл)
Таныстырылымды қорғау (5-6 балл)
0-49% - келесі талаптарға сәйкес келеді:
Нақты материал мазмұндауда, оны рәсімдеуде және қорғауда өрескел қателіктерге жол берілген жағдайда қойылады.
- теориялық материалды білуі және түсінуі (18-20балл): түсініктерге нақты және толық анықтамалар беріліп, сәйкесті мысалдар келтірілген, қарастырылған түсініктер тақырыпқа сайма сай, өз бетінше орындау ынталылығы; - ақпаратты талдау және бағалауы (36-40балл): талдауға сауатты, түсініктер мен құбылыстарды салыстыру мен талдап қорытуды тиімді қолданады, қарастырылып отырған мәселеге балама көзқарастарды түсіндіре кетеді, мәтіндік ақпарат негізделіп, тұжырымдалады, мәселеге өз бағасын береді; - өз пайымын құруы (36-4балл): анық және нақты мазмұны бар, келтірген дәлелдемелері қисынды, ұсынылған тезистердің сауатты уәждемелері бар, әртүрлі көзқарастарға өз көзқарасы келтірілген, алынған нәтижелердің мазмұндалуы және жасалған тұжырымдар қойылған мәселеге сәйкес келеді.
70-89% - келесі талаптарға сәйкес келеді:
Эссені орындау және қорғауға қойылатын негізгі талаптар орындалған, бірақ жеңіл-желпі кемшіліктер кеткен.
50-69% - келесі талаптарға сәйкес келеді:
Эссені орындау мен қорғауға қойылатын талаптардан елеулі жаңылыс бар.
90-100 балл оқу материалын жан-жақты жүйелі және терең білетін, тапсырмаларды оңай орындайтын, формула мен суреттің қисынын түсінетін білім алушыға қойылады. Кәсіптік қызметіне пәннің маңызын түсінген, нақты мысалдар келтіре алатын білім алушы жоғары бағаға лайықты.
70-89баллоқу материалын толық білетін, тапсырмаларды дұрыс орындаған жауапта формула не суретті қарастырмаған білім алушыға қойылады. Қағида бойынша емтихан сұрақтарының мәнін түсінетін, бірақ олардың мазмұнын ашуы толық емес жағдайда қойылады.
50-69 балл оқу материалын меңгеруі жақсы баға алған деңгейдің жартысындай болғанда қойылады. Мұндай баллды формула мен графиктік суреттерді қолдана алмайтын, сол қалыс қалуын жоюға қажетті білімі жоқ білім алушы алады.
0-49% емтихан сұрақтарының мәнін түсінбейтінін көрсеткен, оқу материалын меңгеруде олқылықтары көп, тапсырмаларды орындағанда елеулі қателер жіберген білім алушыға қойылады.
70-89% білім алушы дұрыс жауап ала алмаса да оны алу әдістері мен тәсілдерін көрсете алғанда қойылады.
50-69% білім алушы есепті жартылай шешіп, аралық нәтижелерді алғанда қойылады. 4. 0-49% білім алушы дұрыс жауабын алмаған, шешу әдістері мен тәсілдері дұрыс емес болған, яғни есеп шешілмеген жағдайда қойылады.