- үй жануарларын және олардың төлдерін атайды;
- кейбір жабайы жануарларды біледі;
- бөлме өсімдіктерін, балабақшаның ауласындағы өсімдіктерді, көкөністер мен жемістердің 4-5 түрін, ағаштар мен бұталарды атайды;
- табиғаттағы маусымдық өзгерістерде қарапайым байланыстар орната алады;
- өсімдіктер әлеміне қамқорлық танытады, қарапайым тәжірибеге қызығушылық танытады;
- табиғатта өзін ұстаудың қарапайым ережесін біледі.
ІІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Жиынтық
Жиынтық сапасы бойынша әртүрлі заттардан тұратындығы туралы түсініктерін жетілдіру.
Осы заттардың сыңарларын қою негізінде салыстырып, теңдігін немесе теңсіздігін анықтау іскерліне жаттықтыруды жалғастыру.
Сан және есеп
5-ке дейін тура және кері санауды жетілдіру.Теңдікті кем топқа үстемелей отырып немесе артық топтан бір затты алып тастай отырып, екі тәсілмен орнатуға, «Қанша еді?»,
«Қаншасы қалды?» сұрақтарына жауап беруге үйрету. Топтарды салыстыру негізінде сандық мәндерді дұрыс талдап қорыта білуді дамыту.
Әртүрлі сезім мүшелерінің көмегімен санау дағдысын дамытуды жалғастыру(көру, есту, иіс сезу).
Көлем
Ұзындығы, ені, биіктігі, жуандығы бойынша беттестіру және тұстастыру арқылы екі қарама-қарсы және бірдей заттарды салыстыру дағдысын бекіту.
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндерді; шеңбер, шаршы және үшбұрыш тану және атау, пішіндердің пішінін сипап-сезу және көру тәсілдерімен зерттеу.
Кеңістікте бағдарлау
Өзінің дене бөліктерінің орналасуын бағдарлау дағдыларын бекіту, өзіне тікелей жақын кеңістік бағыттарын анықтау.
Уақытты бағдарлау
Тәуліктің қарама-қарсы бөліктерін анықтау және тану дағдыларын қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |