Бағдарламасының титулдық пму ұс н



бет7/22
Дата06.02.2022
өлшемі0,53 Mb.
#77485
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22

Әдебитеттер тізімі:


Ұсынылған әдебиет:
1. Әбдіғалиева Б.Б., Жамалов Қ.Ж. Сатершинов Б.М. Саяси тарих. Алматы: Үш қиян, 2010.
2. История Европы с древнейших времен до наших дней. Т.1-4 – М., 2011.
3 тақырып 1815-1860 ж.ж. Еуропа мен Америка елдерінің халықаралық қатынастары.
Жоспар:
1 1848 ж. Еуропа елдеріндегі төңкеріс.
2 Еуропалық мемлекеттердің отарлы жаулап алудағы жаңа бағыттары.
Абсолютизм дағдырысы. Неоабсолютизм. Бонапартизм Ұлттық мемлекетер және ұлт. Капиталистік экономика және бір орталыққа бағынған мемлекеттер. Ұлыбритания. Чартистік қозғалыстар және әлеуметтік негізі.
Парламенттік кабинеттер. Виги және торилар-саяси партиялардың эволюциясы. Ағылшындар мен француздардың отар жаулап алуға байланысты бәсекелестігі. Австрия империясы. Португалия. Ресей. АҚШ. Революциялық азамат соғысы (1863-1865 жж.). солтүстіктің жеңісі. Президенттік биліктің күшеюі. Стюарттар абсолютті монархиясының кризисі
Ағылшын абсолютизмінің кризисі XVI ғ. 90 ж. Елизавета билігінің соңғы жылдарында байқалына бастады. Алайда бірінші Стюарттар кезінде ол ішкі және сыртқы саяси бағыттың анықтаушы факторына айналды. Абсолютизмнің формалары және билік тәсілдері неғұрлым әсерлі болған сайын, соғұрлым ол әлсірей бастады және Стюарттардың өзара бақталастығы өрістей берді. Яғни олардың тек корольдің ғана ешбір парламентсіз, сословиялық өкілдердің қатысуынсыз заң шығару тілегін жүзеге асыру әрекеттері абсолютті монархияның жүйесін реакционды сипатқа әкеліп біраз әлсіретеді. Ал неғұрлым таптық күрес өрістеген сайын, соғұрлым қоғам феодалдық құрылысқа біріге бастады: феодалды лордтар, шіркеулер, сарай қызметкерлері.
Ұсынылған әдебиет:
1. Әбдіғалиева Б.Б., Жамалов Қ.Ж. Сатершинов Б.М. Саяси тарих. Алматы: Үш қиян, 2010.
2. История Европы с древнейших времен до наших дней. Т.1-4 – М., 2011.
4 тақырып 1870-1918 ж.ж. Еуропа мен Америка елдері
Жоспар:
1 Капиталистік мемлекеттердің ХІХғ. Соңындағы экономикалық дамуы.
2.Азаматтық қоғамның дамуы. Партия және партиялар жүйелер.
ХІХғ. Сонындағы әлемдік өнеркәсіптік дағдырыстар. Капиталды шетке шығару және еуропалық державалардың отарлауды күшейтуі. Әлемдік шаруашылықтың капиталистік жүйесінің қалыптасуы. Даму әрекетілігінің күшеюі. Капиталистік дүниенің «кәрі» және «жас» елдердің арасындағы қарама-қайшылықтың экономикалық, геосаяси, әскери факторлары.
Жергілікті басқаруды реформалау. Саяси жүйенің әлеуметтік базасының кеңеюі. Саяси мәдениет деңгейінің өсуі. Сайлауға қатысушылардың көбеюі. Жұмысшы табының саяси аренаға шығыуы. Әлеуметтік реформизм. Әлемдік саяси кеңістіктің бірлігі және жетекші әлемдік державаладың қарым-қатынасындағы шиеленістің күшеюі. Дүниенің территориялық жағынан бөлістің аяқталуы және ықпал ету аймағы үшін күрестің басталуы.
Азаматтық қоғам және құқықгық мемлекет туралы теориялар Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет туралы толып жатқан ой-пікірлер, әр түрлі теориялар бар. Бұл ой-пікірлердің, теориялардың көп болатын себептері қоғамдағы барлық таптардың, ұлттардың топтардың мүдде-мақсатына қатысты болуы. Тағы да бұл мәселе әр түрлі идеологиямен, саяси партиялармен байланысты болуы.
Бұл жерде ескерте кететін бір мәселе Кеңес дәуірінде елімізде марксистік мемлекетгік теория тұрғысынан зерттеп, түсініп келдік. Ол кезде қоғам мен мемлекетті таптық тұрғыдан зерттеуге тырыстық, басқа теорияны, басқа бағытты сырып тастап отырдық. Қазір ол теорияларға көзқарас түзелді, дұрысталды. Тарих теориялардың бәрінде аздап болса да шындық және тарихи нақты дәлелдер болады. Сондықтан ол теорияларды білу, дұрыс жағын алу, пайдалану өте қажет. Сол деректерді ескере отырып жүргізілген зерттеудің ғылымға, қоғамға пайдасы мол.
Ұсынылған әдебиет:
1. Әбдіғалиева Б.Б., Жамалов Қ.Ж. Сатершинов Б.М. Саяси тарих. Алматы: Үш қиян, 2010.
2. История Европы с древнейших времен до наших дней. Т.1-4 – М., 2011.
5 тақырып ХІХғ. аяғында -ХХ басында халықаралық қатынастары.
Жоспар:
1 Капиталистік мемлекеттердің ХІХғ. Соңындағы экономикалық дамуы.
2.Азаматтық қоғамның дамуы. Партия және партиялар жүйелер.
Құқықтық мемлекет - тек парасаттылықтың, әділеттіліктің шынайы белгісі ғана емес, сонымен бірге адамның бостандығын, қадір-қасиетін, ар-намысын, теңдігін қорғайтын, демократияны қалыптастыратын күш. Міне қоғамның алдында тұрған осы мүдде-мақсатты орындау мемлекеттің міндеті, ал осы бағытта қалыптасқан құқықтық нормаларды орындау, сол арқылы заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтауға үлес қосу адамдардың міндеті. Құқыктық мемлекет екі жақты жауапты объективтік процесс.

Құқықтық мемлекетті қалыптастыру, дамыту адам қоғамының көне заманнан негізгі мақсаты болды. Көне дәуірдің ойшылдары: Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Цицерон құқық пен мемлекеттің өзара қатынасын инабаттылық, парасаттылық, әділеттілік жолмен дамуын армандады. Аристотель: Заң үстемдігі болмаса демократия жоқ - деді.

Азаматтық қоғам ғылыми тұрғыдан өте аз зерттелген, ол туралы қомақты бірде ғылыми еңбек жоқ. Оның себебі ғалымдар азаматтық қоғам мен мемлекеттің мазмұны ұқсас деп түсініп келді. Расында ұқсастық бар, бірақ та айырмашылық басым. Адам қоғамының қалыптасқанына 1,5 млн. жыл өтті, ал мемлекеттің өмірге келгеніне 6 мың жыл ғана болды. Мемлекет қоғамның санқырлы көрінісінің бір ғана нысаны. Қоғам туралы ой-пікірлер көне дәуірде де болды, ал " азаматтық қоғам " толық мағынада бұл ұғым өмірге тек XVIII ғасырда келді. Басында азаматтық қоғам деп меншік, отбасы, рынок, мораль салаларындағы қатынастарды түсініп келді. Мемлекет бұл қатынастарға толық бостандық берді. Гегельдің ойынша, азаматтық қоғам - жеке меншіктің, діннің, отбасының, моральдық т.б. талаптарын іске асырудың жүйесі . Азаматтық қоғамда әр адам өз мүддесін көздейді, басқаларды көрмейді.


Ұсынылған әдебиет:
1. Әбдіғалиева Б.Б., Жамалов Қ.Ж. Сатершинов Б.М. Саяси тарих. Алматы: Үш қиян, 2010.

Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет